АҚШ баспасөзінің фотожурналистер ұйымы 1946 жылы АҚШ-та Ұлттық баспасөз фотосуреткерлер ұйымы
(NPPA) дүниеге келді. Оның 10 мыңнан астам мүшесі бар. Ал Ресейдегі
алғашқы кәсіби Pressunion фотоодағын Мәскеу қаласында құру туралы
шаралар 2008 жылы басталғанмен, тек 2009 жылы ғана жабық қоғамдастық
ұйымдастырылып, одан әрі аса алмады. Өзге елдердегі фотоұйымдарға келер
болсақ: 1984 жылы Британияда, 1989 жылы Гонконгта, 2000 жылы Солтүстік
Ирландияда
және
Норвегияда
фотокорреспонденттер
бірлестіктері
жұмыстарын бастады.
Журналистиканың мектептері және жаңалық жасаушылар өзгелер
тарапынан көптеген фотожурналистерге тағайындалатын жүлделермен
мараппатталған. 1968 жылдан бастап, Пулитцер сыйлығы фотожурналистика
бойынша мынадай талаптарға сай беріле бастады: «Көркем фотобаян»
(Feature Photography), «Кешіктірілмей түсірілген жаңалықтар фотосуреттері»
(Spot
News
Photography)
және
«Сәтін
пайдаланған
дәлме-дәл
суреттер»(Capture the Moment). Одан басқа сыйлықтарды – World Press Photo
байқауларында және жылдың үздік фотожурналисті мен фотосурет
иемденетін болды.