112
Объективтің сапалы-сапасыздығын қалай ажыратамыз? Бұл – оп-оңай.
Тек объективке үңілсеңіз болғаны. Сапалы объективтің түсі аздап көгілдірлеу
немесе күлгіндеу тартып тұрады. Егер әйнек объектив көзге көрінбей тұрса,
сапасы жақсы болғаны. Сондай-ақ объективтің іші терең құдықтың түбіндей
қап-қара болып тұруы шарт. Сапасыз өнімнің объективінің іші бұлыңғыр
тартып тұрады. Бұған сіз бірнеше фотоаппаратты
салыстыру арқылы оңай
көз жеткізесіз.
Бұдан кейін қолдану тәртібіне көз салыңыз. Абыройын ойлаған фирма
техникалық мінездемесіне фотоаппарат объективінің жарық күшін өткізу
мүмкіндігін міндетті түрде көрсетеді. Мәселен, F3,5 деген сияқты.
Математикалық формуламен басыңызды қатырмай-ақ қояйық, объективтің
жарық күші – аса маңызды бөлшек.
Объектив жарықты қаншалықты
өткізеді? Жарықтың көп өткені дұрыс па, әлде... Жарықтың барынша аз
өткені жөн. Бұл формуланың ең дұрыс нұсқасы – F=1. Яғни объектив өткен
жарықты
жоғалтпай, толық қамтып үлгереді деген сөз. Сондықтан
фотоаппараттың F формуласының саны мейлінше аз болғаны дұрыс.
Сапалы өнімнің арзан тұрмайтынын жоғарыда айттық. Фотоаппаратта
объективтен басқа да маңызды құрылғылар болады. Мәселен, жарық
түсіргіш, ЖК-индекатор, зум (zoom),
фокустық арақашықтық, TTL-замер,
тағысын-тағылар. Бұларға да көңіл аударуды ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: