114
Қазір суретке түсіру барлығымызға бірдей қолжетімді дүниеге айналды.
Алайда, фотосурет – ол өзінше бір әлем, үлкен өнер. Кештің батысын, күннің
атысын, инеліктің ұшқанын, кемпірқосақты әдемі көрініс ретінде әркім де
түсіре алады. Бірақ, оны сезініп, түйсініп түсіру – мүлде басқа дүние.
Сонымен, фотоға дұрыс түсіруді қалай үйренеміз?
Әуелі фотоға
түсіретін аппаратыңыздың қандай екенін анықтап алуға тиіссіз. Ол қандай
болса да, таңдау өз еркіңізде. Кәсіпқой мамандармен ақылдасу да артықтық
етпейді. Үйренудің екінші сатысы –
арнайы оқулықтар арқылы
шеберлігіңізді шыңдау. Фотосурет өнері жөнінде көбірек ақпарат алуыңыз
керек. Дәл сіздің камераңыз арқылы қалай үздік фотосурет түсірудің
әдістерін сол оқулықтардан қарап немесе кәсіпқой маманнан кеңес алған
жөн.
Тынымсыз еңбек пен талпыныс арқылы сіз
фотосурет өнерін кәсіпқой
маманнан кем емес дәрежеде үйреніп алуыңызға болады. Енді біз сізге
мамандар ұсынған бірнеше кәсіби құпияларды ашып берсек. Жарық әрқашан
молынан болған жөн: күн, жарық түсіргіш құрылғылар, тағы да басқа барлық
мүмкіндіктерді пайдалануға тиіспіз. Бірақ, фото табиғи,
нәзік жарықты
жақсы көреді.
Тепе-теңдік сақтаңыз. Кадрдың сол жағы оң жағымен бір қалыпта
болуға тиісті.
Егер жеке адамның портретін түсірер болсаңыз,
оның оңға немесе
солға қарап тұрғаны маңызды емес, бастысы – оның алдыңғы жағынан
кеңістік қалдыру керек.
Сіз фотоға түсіріп
жатқан адамыңыз жақын құрбыңыз, досыңыз
немесе туысыңыз болса, онда ол әлбетте, қысылмайды. Камера алдында өзін
табиғи әрі еркін ұстайды. Фотосурет те ерекше әрлі шығады. Сондықтан
бейтаныс әрі жақын таныстығыңыз жоқ адамды фотоға түсірместен бұрын,
оны сөзге тартқаныңыз жөн. Сонда ғана сәтті фотолар шығары анық.
115
Адамды толық бойымен фотоға түсірген кезде оның еш дене мүшесін
кадрдан қалыс қалдыруға болмайды. Аяқ қысқа көрініп қалмау үшін оны
көкірек тұсынын түсірген абзал.
Байқампаздыққа үйреніңіз. Өзіңізге
әрқашан сыни көзбен қарап,
келесі кадрыңыздың алғашқысынан артық болуын қадағалаңыз. Тек сонда
ғана өз шеберлігіңізді арттыруға болады. Әрқашан ізденісте болыңыз. Жаңа
әрі қызықты кадрларды іздеуден жалықпаңыз.
Фотоаппаратыңыз әрқашан өзіңізбен бірге болғаны жөн. Соны әдетке
айналдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: