110
Осы тәсілмен суретке түсіру – сахарамен жарасым тапқан ақбоз үй, мал-
жануар, адамдар қимылы шығарманың композициясына немесе құрылымына
тіл бітіріп, сахараның сәні мен мәнін де нұрландыра түседі. Ал қыс
айларында фотоға түсіру жаз айларына қарағанда тым күрделілеу келеді.
Бірақ фотография саласын таңдаған соң, түрлі
қиыншылықтарды жеңе
отырып, қыстыгүні де бейнелі, көрікті туынды жасай білуіміз керек. Қар
жауып, күн көзі ашылған сәт-сағаттарды дұрыс таңдап, желсіз тымықтағы
орман, ағаш бұтақтарын, олардың ақ қардан сәлде оранған кезін
не болмаса
қырқадағы ақ шашу бұрқасын ішіндегі көші-қонды, мал-жануардың желге
қарсы жүргендегі әрекет-қимылын әсерлі түсіру қажет. Таңертеңгілік қатты
суықта өзен жағасындағы тоғайлы өңірлерден
нағыз қыс келбетін көре
аласың. Себебі, ондай жер өзеннің жағасы болғандықтан, әдеттегі қырлы
өңірден әлдеқайда суық болады да, қарасу бойлары буланып, тал түске дейін
ғажайып көріністер көз алдыңнан экраннан көрінген көрінісше сырғып өтіп
жатады. Мұндай сәтте фотограф ықшам киініп, мүмкіндігінше аппаратының
сыртын
мақталы сырмамен орауы, қуат көзін артығымен алып жүруі керек.
Өйткені қатты суықтан қуат көзі де тоңады. Осындай сәтте образдан ой
туындату, фотосуретті жандандыру, шырайын кіргізу үшін адам, құс,
хайуанат сияқты тіршілік иелеріне де назар салған жөн. Кейде ұзын көзді
бағалы
аппарат қолыңда болғанмен, уақытты орынды пайдалана білмесеңіз,
фотоңыз құжатқа арналған сурет сияқты әсерсіз шығады. Ал ақыл-ой мен
фототехниканы үйлестіре алған шебер фотосуретші мықты туынды
жасайтыны даусыз.
111
Табиғат құбылысы
сәт сайын сан алуан құбылып, адамның ақылы
жетпейтін керемет көріністерді көз алдыңа әкеледі. Мұндай ғажайып
құбылыстарды кездестіре қалсаңыз, жұлдызды
сәтіңіздің жанғаны деп
сеніңіз. Тәңірдің сыйлаған сыбағасынан енші алу әркімге бұйыра бермейді.
Осындай көркем құбылыстар фотоөнер саласында сізді телегей табысқа
жеткізіп, халықаралық туынды жасауыңызға жол ашады.
Бағдәулет БАТЫРБЕКҰЛЫ,
ҚХР ШҰАР фотосуретшілер Одағының мүшесі.
Достарыңызбен бөлісу: