Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет55/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
49 
Кейіпкердің характері мен көзқарасы һәм психологиясын жеткізетін амалдар тек 
жүзі ғана емес, оның барлық қимылы мен әрекеттері бейвербалды әдістерді пайдалану 
шығармаға шырай үстеп, экспрессивті-эмоционалды реңк береді. 
Қаламгер әйел портретін ерекше кинемалармен өзіне тән шебер әрі үйлесімді түрде 
бейнелей білген. Сонымен қатар әйелді табиғатын, ішкі сырын өзі терең сезініп қана 
қоймай, оқырмандарға жеткізудегі кез келгеннің қолынан келе бермейтін қажыр-қайрат 
пен табандылық танытты. Қаламгердің бір дастарханда кейуана мен бүлдіршін қыз бала 
қалжыңдасып, әрқайсысына өзінің жасы мен табиғатына тән сөзбен көңілін тауып, 
еркелетіп, сол арқылы өзінің де еркелеп отырғанынан, оның табиғатын, 
шығармашылығының сырын түсінгендей боламыз. Мұның өзі жасанды емес, туа біткен 
қасиеті екендігін ұғынамыз.
Қаламгер өз әңгімелерінде әйел табиғатының тылсым тұсын қылығы немесе бір ауыз 
сөзінен-ақ тани алатын сұңғылалығы әр кейіпкерге қайталанбас даралық береді. Етегіне 
сүріне-қабына жүріп, отбасына береке- татулық ұялатып, шалының қабағын бағумен 
өткен өміріне мақұл мейірімді Бәтжан апа, кең ойлап, мол пішіп, алды-артын түгендеп 
отыратын Ілескүлдей ақылды әйел, 
«Беу қадірін білмеген қыз дәуренім-ай» деп өзегі 
өртене күрсінген жартыкеш көңіл Гүлбаршын сияқты әрі сезімтал әрі ұяты мол 
кейіпкерлері – құрымтай сомдалғандай – салиқалы тұлғалар. Әйел өзін сынаған, түсінген 
жанға қашанда адал дос, қамқор әпке, ілтипатты қарындас қалпын сақтап қала алады. 
Бексұлтан – өзгелер жасырып-жауып, қымтаймын деп жүргенде тұншықтырып 
алғандарын сезбей қалатын асыл сезімдерді жарқыратып, жайып салып, «бәрі өткінші, 
өнер ғана мәңгілік» деп түсінетін пайымы. Бексұлтанның әр әңгімесінде әйелді жаңа бір 
қырынан танып, өзінің де жаңа бір қасиетін де танытып, тапқанынын тапқандай 
оқырманға ұсынумен келеді» 
[3, 176 б.], - деген ой түйеді.
Осы орайда Бексұлтан Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр» романына 
тоқталайық. Автор бұл романға махаббатты негізгі өзек етеді. Арсыздық пен ар, 
жауыздық пен адалдық, өнер мен қараулық арасындағы қақтығыстар мұнда күштеп 
үстемдік етумен тәмәмдалады. 
«Көкірегінде қыз күнінде қылтиып өнген сол көктесінді 
ешбір күш әлі күнге жұлып тастай алмай келеді. Әтіке екеуінің арасындағы қатынастар 
айтылып бітпеген тәрізді; арада қырық жылға жуық уақыт өтсе де, көңілі шіркін 
алаңдап, соның соңын әлі іздейді» 
[3, 209 б.]

 
Қайныкештің арада бақандай отыз тоғыз жыл өткеннен соңғы жағдайы осылай 
суреттеледі. Талайлы тағдырын өзінің шешімімен өзге арнаға бұрып, үлгілі отбасының 
ұйытқысы болып отырса да, Қайныкештің көңіл жайы әлемет. Ай бетінде де дақ бар 
дегенмен, Әтікенің Әуеспен ойынынан тұтанған өрттің жазықсыз құрбаны болған 
Қайныкеш жайлы өзмшіл жігіт көңіліне қобалжу түсіргені анық еді. 
Бірақ аярлық пен жауыздық бәрі де «Баркөрнеудей» ән қасында түкке тұрмай 
қалады. Теріс пейіл уақытша үстемдік құрғанымен, әділет пен оң қадам түптеп келгенде 
басым боларына сенімділік туындайды. Автор осылайша «жүрегінің түбіне терең бойлай» 
отырып, қаламгерлік қарымы мен түсінік-танымын сергек сезімге суарып, тапқан 
жауһарын жарқыратып ұсынумен келеді. Жазушы әдебиеттің екі негізгі мақсаты 
саналатын шындық пен адам жанына үңіле зерттеуді айнымас темірқазық қып, міндетті 
толыққанды орындаған. Себебі шындық қашанда өз орнын тауып, өтімділігін еш уақытта 
жоғалтпақ емес. Автордың сюжетті боямасыз жеткізуінің де сыры осында жатыр. Ал 
ондағы қорытынды мен соңғы шешім қашанда оқырмандардың өз ырқына берілген. 
Қаламгердің шындығы оқырманға да аңғарылып, өтімді болуы және оқырман ілтипанына 
бөленінің себебі де осында. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет