Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы тақырыбында кластер жасап, қорғады.Құлагер және Домбыра тобына Ілияс Жансүгіровтың “Күзгі гүлге” және “Біздің жазда” атты өлеңдері таратылып, оқушылар өлеңді оқып, түсінгені бойынша сурет салды. Соңында суреттерін сөйлетіп, қызықты етіп әңгімеледі.
12 кыркүйекте Астрахан №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зейнелхан Қ. 5 «б» сыныбында «Тіл-ұлттың жаны» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақтың басында оқушыларды тілге деген құрметтері мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі нақыл сөздермен, өлеңдермн бастады. «Тілдер» патшалығынан келген патшаның қызықты әрі тартымды тапсырмаларын орындаумен жалғасын тапты. Сабақ соңында тілге деген құрметтеулерін арттыру жүктеліп, ұлттық ойындар ойнаумен, видоеролик көрсетумен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |