Аталып өтілетін даталар



бет14/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Бұл күнде мәуелі бәйтеректей қанатын кеңге жайып, қазақ өнерінің өсіп-өркендеуіне, кемелденуіне зор еңбек сіңіріп, еліміздің алдыңғы қатарлы кәсіпқой театрларымен “иық тірестіріп” қасиетті “Қара шаңырақ” атанды. Сонау “Нәубет” кезі атанған 1932 жылы қазан айында Атығай Шанин мен Қанабек Байсейітовтің “Зәуре” пьесасымен шымылдығын айқара ашып, кеншілер мен қызметкерлерді, қала халқын зор қуанышқа бөледі. Негізінен театр арнайы ашылғанға дейін Қарағанды қалалық партия және комсомол ұйымдарының ынтасымен ұйымдастырылған бұл ұйым (1932 жылы сәуір) алғашында көркемөнерпаздар үйірмесі деп аталды. Кеншілер қаласында ашылған өнер ордасы сәл-пәл кейін жұмысшы-жастар театры (ТРАМ) атанды.

Бұл театрда алғашқы іргетасын қалаушы, өзіндік жастық жігірімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, кейін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атанған Зейнел Көшкімбаев, театрдың ең алғашқы директоры, әрі режиссері Жәужанов, Н.Жабаев, талантты актер М.Шалов, Қазақстанның халық әртістері М.Сүртібаев, Р.Қойшыбаева, Ж.Шашкина, ақтаңгер актер С.Жүнісов, ғаламат та ғажайып актриса Ү.Әбеуова, Т.Ілиясов, М.Баязитова, Р.Жұматаев, Ө.Мананбаев, халық әртісі А.Мұсабекова, К.Байбеков, Атақанов, Е.Мұқсынов, Қ.Түлкібаев сынды дарынды тамаша актерлер жұмыс істеген.

1934 жылы жұмысшы-жастар театрына бір топ талантты жастар келіп қосылды. Білікті де білгір маман-режиссер Р.Ильматов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Ә.Шәймерденов, Т.Жабаев, М.Бектенов, Р.Бектенова сынды халық мектебінен сусындап, нәр алған тамаша актерлер театр шоқтығын биіктете түсті.

Жас коллектив кәсіпқой өнер табалдырығын Н.В.Гогольдің “Үйлену” комедиясымен аттады. Бұдан кейінгі Б.Майлиннің “Майдан”, “Талтанбайдың тәртібі”, “Шұға”, “Тартыс”, С.Сейфуллиннің “Қызыл сұнқарлар”, Шаниннің “Шахтада”, И.Жансүгіровтың “Кек”, А.Шаниннің “Арқалық батыр” атты пьесалары – кәсіпқой театр репертуарының алғашқы тізімі.

1936 жылы Қарағанды қазақ жұмысшы жастарының қалалық театры Қарағандының жеке облыс болуына орай, облыстық музыкалық драма театры болып қайта құрылды. Театрдың шығармашылық құрамы Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері М.Әбдікәрімов, Ж.Шаймерденова, Т.Жабаев, М.Бектенов, Н.Атаханова, әртістер Р.Жұматаев, Н.Қамалов, және режиссер Гатауллин сияқты жас талаптармен толықтырылады. Осы жылы Москвада өткізілген Қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігіне республикалық музыкалық драма театрының құрамында Қарағанды театрының жетекші әртістері де өз өнерлерін көрсетті. Бұл жылдарда М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек”, “Шекарада”, Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Аманкелді”, Ә.Әбішевтің “Отан үшін” т.б. пьесалардың сахнадан қойылуы, шығармашылық ұжымының марқайып, көркемдік шеберліктің біраз сатыға көтерілгендігін байқатады. Қарағанды театрының өсу жолындағы елеулі бір кезең - қырқыншы жылдар. Ұлы Отан соғысы жылдары театр творчестволық ерлік еңбектің үлгісін көрсетті. Театр репертуары халықтар достығын, бірлігін, бостандығын жырлайтын идеялық мәні зор спектакльдермен байытылды. М.Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Сын сағатта” және Ә.Әбішевпен бірге жазған “Намыс ұлы”, Л.Леоновтың “Шапқыншылық”, К.Симоновтың “Орыс мәселесі”, “Орыс адамдары”, А.Островскийдің “Жазықсыз айптылар”, Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат” сияқты пьесаларының қойылуы сонау ауыр жылдары театр коллективі тарапынан Отан игілігіне бағыштаған үлкен үлес еді.

70 жылдары театр репертуары идеялық және көркемдік мазмұны жағынан құнды М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек”, А.Островскийдің “Найзағай”, М.Кәрімнің “Ай тұтылған күн”, Қ.Мұхаметжановтың “Бөлтірік бөрік астында”, К.Бекхожиннің “Ұлан асу”, С.Жүнісовтың “Тырау-тырау тырналар”, Б.Тілегеновтің “Аяқталмаған ән”, Е.Уахатовтың “Алтын көрсе періште...”, С.ІІІаймерденовтің “Қайдасын Зурина”, Ә.Әбішевтің “Белгісіз батыр” сияқты түрлі жанрдағы пьесалармен байытылды.

1982 жылы С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрына 50 жыл толды. Осы мүшел тойына байланысты СССР Жоғары Советінінң Президиумы театрды “Халықтар достығы” орденімен марапатталды.

Кейінгі жылдары театырдың бас режиссері Әлімбек Оразбеков келгеннен бері театр репертуарындағы көптеген спектакльдер талай сынақтар мен фестивальдарда жүлделі орындар жеңіп алған. Жезқазған қаласында өткен Ж.Жабаевтың мерейтойы құрметіне өткізілген байқауда «Бір түп алам ағашы» (авторы Ә.Оразбеков) бірінші орынды жеңіп алса, М.Әуезовтің мерейтойы құрметіне арналған 17 театр қатысқан халықаралық фестивальде «Қорғансыздың күні» екінші орынды жеңіп алды. Ал Қарағандыда өткен VI республикалық фестивальде Г.Гориннің «Атың шықпаса…» спектаклі гран-прийге ие болды.

2000 жылы Ғ.Ғаппаровтың «Қиямет–қайым Киота» спектаклімен Каир қаласына өнер сапарымен болып қайтты. Шетелді көрермендер спектакльдің қойылу шеберлігіне, режиссердің тапқырлығына тінті болды, үлкен абырой – атақпен оралды. Осы спектакль Павлодарда өткен VII өнер фестивалінде 1 орынды жеңіп алды. Соңғы жылдары ішінде қол жеткізген мұндай табыстар, әрине, мақтауға тұрарлық..

Өнерін ел мойындаған, жылдан –жылға шеберлігін шыңдап, республикалық деңгейге көтеріліп келе жатқан дарынды Д.Еспаев, Б.Мақсұтова, Б.Әукешова т.б. сияқты жастар өсіп келе жатыр.

Өзіндік дәстүрлі, өнер мектебі қалыптасқан киелі шаңырақ тоқсаныншы жылдар, осы жаңа ғасыр тоғысындағы шығармашылық ізденістеріне ой көзімен қараған көзі қарақты көрермен театырдың сахнадағы салиқалы болмыс–бітіміне тәнті болмай қоймайды. Осы жылдар ішінде ол жеті рет республикалық фестивальдің жүлдегері атанды. Р.Баймағамбетов, Қ.Кемелов, М.Қисықов, С.Жұмағалиев, Ж.Жансүгірова секілді сахна саңлақтарының есімі бүгінде республика жұртшығына кеңінен мәһүр. Олардың соңынан келе жатқан жас толқын Б.Киікбаев, Д.Еспаев, Б.Сүлейменовтердің де өнердегі өзгеше ізденістері көңілге шуақ ұялатады.

Осы театрдағы бас суретші Қанат Мақсұтов республикадағы ең маңдайалды суретші. Оның алтын саусағынан шыққан туындылары кез-келген қойылымға жан бітіріп жібереді. Сонымен қатар театрда көрерменге жасаған еңбегі көріне бермейтін, бірақ олардың қызметінсіз қойылымның сәні кірмейтін қызметкерлер бар. Олар: музыка, жарық беруші, киім тігуші, әбзелдер әзірлеу, ағаш өңдеу цехында еңбек етушілер.

Қасиетті қара шаңырақ, шежіреге толы Сәкен театрының қысқаша тарихы осындай.


Әдебиеттер:
“Алдағы толқын - ағалар...”: С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының 60 жылдығы қарсаңында. // Орт. Қазақстан. - 1992. -7 ақпан

Алпысов С. Қодар мен Бекежан сауға сұрайды: /С.Сейфуллин атындағы обл. драма театрында қойылған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" спектаклінен кейін туған ойлар. //Орт. Қазақстан. - 1991. - 18 желт.

Алпысұлы С. Мерейтой жақындап қалды: /С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының 60 ж-ғы қарсаңында/ //Орт. Қазақстан. -1992. - 17 қазан

Алпысұлы С. Мысырдан марқайып оралдық: Сәкен театры Каирде // Орт. Қазақстан.- 2000.- 27 қырк.

Алпысұлы С. Сахна суреткері: Режиссер Әлімбек Оразбеков 50 жаста // Орт.Қазақстан.- 2003.- 26 маусым.-5 б.

Аманбаева Ж. Саңлақ: өнер жұлдыздары// Орт.Қазақстан.- 2006.- 26 қаңтар.-16 б.

Асанов Қ. Шаңырақ шайқалмайды.- дейді, С.Сейфуллин ат-ғы обл. қазақ драма театрынын директоры А.Сыздықов. //Замандас. -1991. - 6 желт.

Асқаров Т. Өнерлі өрге жүзеді: Қазақ театрына – 60 жыл. // Орт. Қазақстан. - 1992. - 12 ақпан

Әйнекбайұлы С. Өнер адамына құрмет: жақсының аты өлмейді// Орт.Қазақстан.- 2006.- 16 ақпан.-10 б.

Әйнекбайұлы С. Талантқа тағзым - парыз: Актер Аманжол Сәлімбаевтың туғанына-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2006.- 9 ақпан.-11 б.

Әлімбайқызы Қ. Көрермен ықыласы ерекше еді: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрына – 60 жыл/ // Орт. Қазақстан. - 1992.-30 қырк.

Әшляев С. Театр туралы толғаныс: Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеттің назарына: // Халық Кенесі. - 1992. - 29 қант.

Әшімұлы Б. Қос театрымыз топ жарды: Биылғы VII респ. театрлар фестивалі 1-8 қазан аралығында Павлодар қаласында өткізілді // Орт. Қазақстан. – 2000.- 11 қазан

Балташұлы Е. Санасына сергектік ұялаған: өнер саңлақтары// Орт.Қазақстан.- 2005.- 31 наурыз.-16 б.

Бәйішева Л. Театр - тәрбие мектебі: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрына 50 жыл/ // Орт. Қазақстан. - 1982. - 8 март

Биіктер әлі алда: /Қарағанды обл. қазақ драма театрының творчествосы жайында/ // Қазақ әдебиеті. - 1986. - 27 июнь. -14-15 б.

Буданова А. “Арқадағы киелі өнер шаңырағы”: /С.Жұмағалидың кітабы С.Сейфуллин атын. театр тарихына арналған/ // Орт. Қазақстан.- 1998.- 24 қазан

Бұлғақпаев Б. Жаңалыққа бетбұрыс: /Қарағанды обл. С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрының коллективі жайында/ // Орт. Қазақстан. - 1987. - 27 март

Бұлғақбаева Б. “Зәуреден” – “Медеяға” дейін: /Қарағанды обл. қазақ драма театрының творчестволық жолы/ // Қазақ әдебиеті. -1986. - 23 май. - 13 б.

Вахтер және шахтер: /Қарағанды театры жөнінде/ // Ара. -. 1983. - №2. - 6-7 б.

Ғабдуллина К. Киесі бар қара шаңырақ // Орт.Қазақстан.-2002.- 19 маусым

Есмағанбетқызы Б. Ұлт рухының алтын сандығы: /Қазақ театры - 60 ж./ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 21 наурыз

Есмұханбетов А. Қара шаңырақ: /Обл. қазақ драма театрының 60 ж-на/ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 18 тамыз

Есмұханбетов А. Сахна өнерпаздарына көмек: /С.Сейфуллин атын. театр жайлы/ // Орт. Қазаңстан. - 1979. - 5 март

Жақан Ә. Сахна сардары: Сан қырлы өнер иесі, Қазақстанға еңбегі сіңген артист Зейнолла Қаппарұлы Жақыпов туралы мөлтек сыр // Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.- N5.-48-49 б.

Жанғожин А. Кенді өлкенің сәні болған актер // Орт.Қазақстан.-2002.- 7 қыркүйек.-13 б.

Жанғожин А. Мәдениет пен өнер көгінде: Қазыналы қарашаңырақ / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2004.- 22 қаңтар.-6 б.

Жанғожин А. Мәңгі жас өнер: С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры өзінің 70 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті // Орт.Қазақстан.- 2002.- 26 маусым

Жанғожин А. Қарағанды сәнді қала болуы тиіс: [облыс әкімі Нығматулин Н. Қазақстан Суретшілер одағы облыстық ұйымында болды]// Орт.Қазақстан.-2006.- 31 қаңтар.-1 б.

Жұмабеков К. Әйел ақылымен көрікті: Актер, ҚР Мемл. сыйлықтың лауреаты К.Жұмабековпен әңгіме / Әңгімелескен Д.Мақаш// Орт.Қазақстан.- 2003.- 8 наурыз.-4 б.

Жұмабеков К. Қайран біздің ағалар: Сағыныш сезі // Орт.Қазақстан.- 2002.-19 маусым

Жұмабеков К. Мәуелі бәйтерек: Қазақстан Республикасының халық әртисі Жәмила Шашкина - 90 жаста// Орт.Қазақстан.- 2004.- 2 наурыз.-8 б.

Жұмабеков К. "Сәкен театры самғау үстінде: С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының директоры К.Жұмабековпен әңгіме / Әңгімелескен Ж.Тойбек// Орт. Қазақстан.- 2005.- 26 наурыз.-16 б.

Жұмабеков К. Шырақты әуелі адамдардың жүрегіне жақ: Театр// Орт.Қазақстан.- 2001.-30 маусым

Жұмабекұлы К. Өнер бесігінде тербетілген жан: С.Сейфуллин атын. театрдың дир. К.Жұмабекұлымен сұхбат / сұхбаттасқан А.К.Пазылов// Взгляд на события.- Қарағанды, 2005.- 6 сәуір(N13).-18 б.

Жұмағалиев С. Әр кезеңнің өз жемісі бар: /С.Сейфуллин атын. обл. қазақ драма театрына - 60 жыл/ // Орт. Қазақстан. - 1992. -28 наур.

Жұмағалиев С. Сахнагер сомдаған сексен қыз: /Зейнеткер, Қазақстан Респ. енбек сіңірген әртіс Қайныкен Әлімбаева туралы/ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 14 шілде

Жұмағалиев С. Ұлттық өнеріміздің өрісі: Театр. // Орт. Қазақстан. - 1992. - 4 наур.

Жұмағалиев С. Ерте үзілген ғұмыр: /Немесе сахнагер К.Қыстаубаева туралы бір үзік сыр: С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрына - 60 ж./ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 2 қазан

Жұмағали С. Алғашқы актерін еске алды: мәдени мұра// Орт.Қазақстан.- 2005.- 13 желтоқсан.-6 б.

Жұмағали С. Ақжайықтың кер маралы: 27 наурыз-театр күні// Сыр мен сымбат.- Қарағaнды, 2003.- N3.-10 б.

Жұмағали С. Арқадағы киелі өнер шаңырағы: (Сәкен театрының тарихы) - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 198 б.

Жұмағали С. Ақтоғайдың ақтаңгер актері: Сәкен театрына-70 жыл / С.Жұмағали// Орт.Қазақстан.- 2002.- 30 тамыз.-13 б.

Жұмағали С. Алғы шепте - актерлер: Ұлы Жеңіске - 60 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 12 мамыр.-8 б.

Жұмағали С. Ардагер Ағдекең: Өнер саңлақтары // Орт.Қазақстан.- 2003.- 3 сәуір.-8 б.

Жұмағали С. Бір шаңырақ аясындағы қос жұлдыз: С.Сейфуллин театрына - 70 жыл// Орт.Қазақстан.-2002.-16 ақпан

Жұмағали С. Дарабоз: Республикаға еңбек сіңірген артисі Рамазан Баймағанбетовтың сахнада ойнағанына 35 жыл // Орт.Қазақстан.- 2003.- 29 қараша.-13 б.

Жұмағали С. Жарты ғасыр өмірін өнерге бағыштады: Батима Қоскеқызы- 80 жаста// Сыр мен сымбат.- Қарағaнды, 2003.- N1.-6 б.

Жұмағали С. Қазақ театры кімге телміреді?.: С.Сейфуллин атын. обл. драма театры // Орт. Қазақстан. - 2001. - 17 наурыз

Жұмағали С. Қазақ өнерінің қос шынары: Сәкен театрына - 70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2002.-3 сәуір

Жұмағали С. Өнер еш уақыт ұмыт болмайды: С.Сейфуллин театрына - 70 жыл// Орт. Қазақстан.- 2002.-2, 6 наурыз

Жұмағали С. Өнердің өмірде сыналған жылдары: Сәкен театрына - 70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2002.-27 наурыз

Жұмағали С. Өнер оты өшпейді: Театр маусымы алдында// Орт.Қазақстан.- 2004.- 7 қыркүйек.- 12 б.

Жұмағали С. Өнер шаңырағы соғыстан кейін: С.Сейфуллин театрына - 70 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 11 мамыр

Жұмағали С. Өрелі, өнерлі актриса: Ш.Нукина елу жаста// Орт.Қазақстан.- 2002.-13 наурыз

Жұмағали С. Сәкен театрының тарихы: [С.Сейфуллин атын. театр туралы]// Азия Транзит.- Қарағанды, 2000.-N9 (желт.).-11-22 б.

Жұмағали С. Сәкен театрының тарихы: /С.Сейфуллин атын. театр туралы/ // Азия Транзит.- 2000.- №9.- 11-22 б.

Жұмағали С. Тарлан: Өнер саңлақтары //Орт.Қазақстан.- 2004.- 24 қаңтар.-16 б.

Жұмағали С. Театрдың данағой қариялары / Орт.Қазақстан.- 2002.- 28тамыз.-13 б.

Жұмағали С. Театр да тәлім-тәрбие шаңырағы // Орт. Қазақстан.- 2004.- 17 ақпан.-9 б.

Жұмағали С. Театр жылды табысты аяқтады // Орт.Қазақстан.- Қарағанды, 2003.- 1 қаңтар.-9 б.

Жұмағали С. Театр тұңғыштарының бірі: зерде// Орт.Қазақстан.- 2005.- 12 ақпан.-13 б.

Жұмыш Қ. Сахна еркесі: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрына - 60 ж./ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 22 қазан

Жұмышев Қ. Өнер жолы: /С.Сейфуллин атын. обл. қазақ драма театрына - 50 ж./ // Шұғыла. - 1952. - 20 февр.

Қауысов Б. Артистеріміз Мысырдан оралды // Орт. Қазақстан. – 2000. – 16 қырк.

Қауысов Б. Сахна шеберлігі сайысқа түсті // Орт. Қазақстан. – 2000. - 9 желт.

Қуандықов Қ. Отыз жылдың жемісі: /Қарағанды обл. театрынын өсу жолы/ // Театрда туған ойлар. -Алматы. - 1972. - 169-204 б.

Құндақбайұлы Б. Заман және театр [Мәтін] - Алматы: Өнер, 2001.- 520 б.: сур.-(Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл

Лұқпан Е. Өнер өрінде: Қарағандының өнер жұлдыздары// Орт.Қазақстан.- 2006.- 13 мамыр.-14 б.

Майбас Т. Облыс әкімі өнердің қара шаңырағында болды// Орт.Қазақстан.- 2006.- 6 мамыр.-1-16 б.

Мақаш Д. Театрды төрге шығарған: /С.Сейфуллин атын. обл. драма театрының бас режиссері Ә.Оразбеков туралы/ // Орт. Қазақстан.- 2001.- 14 ақпан

Мамыр Б. Каир фестиваліндегі көрнекті табыстардың бірі // Сана.- 2000.- 21 қырк.(№36). - 1б.

Мамыр Б. Қайрекең аудармасымен–Каирға // Сана.-1 маус. (№21).-6 б.

Мұстафа Б. Кемеңгер бейнесі келісті сомдалған: Премьера // Орт. Қазақстан. - 1998. - 1 шілде

Мұстафа Б. Сахна санаткері атанған еді: /Респ. еңбек сіңірген әртісі Ө.Асылбеков туралы/ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 9 шілде

Омарбекова Р. Ғасыр шежіресіндей өнер ордасы // Орт.Қазақстан.- 2002.- 19 маусым

Оразалиева Г. Ардагер, аяулы ағалар хақында: /С.Сейфуллин атын. театр жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1982. - 23 апр.

Оразалиева Г. Көрермен көңілін таппай жүрміз: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театры туралы/ // Қазақ әдебиеті. - 1989. -22 желт.(№51). - 13 б.

Оразбеков Ә. Адамға ең әуелі ниет керек // Орт. Қазақстан. - 1994. - 5 қараша

Оразбеков Ә. Бүгінгі тіршілігіміздің көлеңке жағы көбірек: С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрдың бас режиссері Ә.Оразбековпен сұхбат /Сұхбаттасқан Т.Тілеубай // Сана.- 2000.- 7 желт (№46).-6 б.

Оразбеков Ә. Жанашырлықтың өзі жауапкершілік жүктейді: С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрдың бас режиссері Ә.Оразбековпен сұхбат /Сұхбаттасқан Б.Мамыр // Сана.- 2000.- 27 сәуір (№16).-5 б.

Оразбеков Ә. Сахна – өмір айнасы // Шипагер. - 1997.- 27 наурыз

Оразбеков Ә.Т. Табыстан таймайтын театр: С.Сейфуллин атын. обл. драма театрының дир. Ә.Т.Оразбековпен әңгіме / Әңгімелескен С.Алпысұлы// Орт.Қазақстан.- 2003.- 15 қараша.-9 б.

Оспанов Ж. Сахнада – “Қос мұңлық”: Театр. // Орт. Қазақстан. - 1992. - 21 ақпан

Өмірді өнермен өрнектеген: /Қарағанды обл. қазақ драма театрының 60 жылдығы қарсаңында/ // Замандас. - 1992. - 18 қырқ.

Райымбекқызы Ж. Жерлестеріміз - Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері: Бәрекелді // Орт.Қазақстан.-2003.- 20 ақпан.-8 б.

Райымбекқызы Ж. Сахнаның сыртында да өнер бар... // Орт.Қазақстан.- 2002.- 19 маусым

Рахтайұлы А. Әкем "Каздрамның әртісі еді...": Қарағанды қаласына - 70 жыл / А.Рахтайұлы// Орт.Қазақстан.- 2004.- 12 ақпан.-9 б.

Рахымберлин С. Ізденіс толғаныс үстінде: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрына 50 ж./ // Орт. Қазақстан. - 1982. - 20 март

Сағымбеков Р. Уақыт талабына үн қосқан: /Қарағанды С.Сейфуллин атын. драма театры туралы/ //Қазақ әдебиеті. - 1983. - 29 апр. - 13 б.

Сағынаев О. Құдіретті өнер: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрына 60 ж./ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 5 қыркүйек

Сағынаев О. Отты жылдар елесі: /Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры туралы/ // Қазақ әдебиеті. - 1970.-31 янв.

Сағынаев О. Ұлттық өнер ордасы: /С.Сейфуллин атын. облыстық қазақ драма театрынын құрылғанына 60 ж./ // Қазақ әдебиеті. -1992. - 27 қараша

Салықұлы А. Ардагермен сүхбат: Қазақ театрының алғашқы артистерінің бірі Қ.Нығманов жайында/ // Орт. Қазақстан. - 1992. -8 шілде.

Салықұлы А. Өнерімізді саудаға салмайық немесе мүшелтой алдындағы ойлар: /Обл. қазақ драма театрына- 60 ж./ // Орт. Қазақстан.-1992. - 22 сәуір

Салықов А. Самғаумен қатайған қанаттар: Театр Ұлы Отан соғысы жылдарында // Орт. Қазақстан. -1980. - 15 тамыз

Самғаумен қатайған қанаттар: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрының 50 жылдығы қарсанында/ // Орт. Қазақстан. – 1982. -5, 6 қантар

Сексенұлы С. Ботбай бопиды, Сопытай сопиды: Премьера // Орт. Қазақстан. - 1998. – 9 желт.

Сексенұлы С. Жүлденің жүгі ауыр: Театр фестиваль жеңімпазы // Орт. Қазақстан. - 1999. - 4 желт.

Сексенұлы С. Зимияндықтың терең тамыры: /”Атың шықпаса…” пьесасының премьерасы/ // Орт. Қазақстан.- 1999.- 6 ақпан

Сексенұлы С. Көрерменнің көңілін табу оңай ма? // Орт. Қазақстан.- 2000.- 25 наурыз

Сексенұлы С. Қазақ театрының Анасы: Жәмила Шашкинаның 90 жылдығы салтанатпен атап өтілді // Орт.Қазақстан.- Қарағанды, 2004.- 6 наурыз.-2, 3 б.

Сексенұлы С. “Қиямет – қайым Киото”: Премьера // Орт. Қазақстан.- 2000. – 10 маусым

Сексенұлы С. “Қорғансыздың күні” немесе Жарық пен Түнектің арпалысы: Премьера // Орт. Қазақстан.- 1997.- 25 қазан

Сексенұлы С. “Соңғы үйленудің” қызықтары: Премьера // Орт. Қазақстан. – 1999.- 9 маусым

Сламбек Ж. Аты аңызға айналған актриса // Орт.Қазақстан.- 2004.- 11 наурыз.-7 б.

Смағұлов Ж., Мақашев Д. “Елеусіз қалған есіл ер”: /Қарағанды С.Сейфуллин атын. театрда/ // Қазақст. жаршысы. - 1994. - 14 маусым

Смағұлов Ж. Театр – тәрбие мектебі: С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрының бас режиссері Ә.Оразбековпен сұхбат // Орт. Қазақстан.- 1997.- 12 ақпан.

Сыздықов А. Асулар: С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры тарихынан. // Орт. Қазақстан. -1992. - 22 қаңтар

Сыздықов А. Біз құдіретті өнердің құлымыз: С.Сейфуллин атын. тетрдың дир. А.Сыздықовпен сұхбат /Сұхбаттасқан Е.Балташұлы // Орт. Қазақстан. - 2000.- 3 мамыр

Сыздықов А. Сәкен театрының жылдық түсімі 1 миллион теңгеден асып жығылады // Орт. Қазақстан.- 1999.- 29 желт.

Сыздықұлы А. Оңды өзгерістер толы он жыл: С.Сейфуллин атын. театрдың көрк. жетекшісі А.Сыздықұлымен сұхбат / Сұхбаттасқан А.Сейхуни // Азия Транзит.- 2000. - №9. - 9-10 б.

Сыздықұлы А. Өнер коллективінің творчестволық кездесуі: /С.Сейфуллин театрына – 50 ж/ // Орт. Қазақстан. - 1982 . - 16 февр.

Сыздықұлы А. Театр - халықтың рухани байлығы: Сәкен театрына - 70 жыл // Орт. Қазақстан.-2002.- 5 маусым

Тәпенов Е. Артистер сапарға шықты. Театр маусымның жабылуына орай: /С.Сейфуллин атын. театр/ // Орт.Қазақстан. - 1984. -30 май

Тәпенов Е. “Зәуреден” – “Медеяға” дейін: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрының 50 ж-на орай “Халықтар достығы” орденімен марапатталды / // Орт. Қазақстан. - 1932. - 11 апр.

Темірбеков О. Көрермен көзімен: Театр // Орт. Қазақстан. -1992. - 9 қаңтар

Теміров X. Өнер жолындағы алғашқы қадам: /Обл. С.Сейфуллин атын. драма театрының артистері туралы/ // Орт.Казақстан.-1966. - 1 сент.

Тойбекова Ж. Жастықты жаза бастаған жөн: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрында/ // Орт. Қазақстан. – 1996.- 23 қараша

Тойбекова Ж. Жасыл шырша жанында: /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театрының ұжымы алғаш рет ұйымдастырған қазақша шырша туралы/ // Орт. Қазақстан. - 1994. - 31 желт.

Тойбекова Ж. Шындыққа оқ өтпейді. /С.Сейфуллин атын. қазақ драма театры жайында/ // Орт. Қазақстан. - 1991. – З0 қаңт.

Тойбек Ж. Кейінгі толқын театр туралы // Орт.Қазақстан.- 2002.- 19 маусым

Тойбек Ж. Өнер шеберлеріне құрмет көрсетілді: өнер күнделігі// Орт.Қазақстан.- 2005.- 29 наурыз.-6 б.

Шашкина Ж. Елбасына бата беріп едім// Орт.Қазақстан.- Қарағанды, 2001.-15 желтоқсан

Шашкина Ж. Бұл театр - менің бақытым // Орт.Қазақстан.- 2002.- 19 маусым

Шашкина Ж. «Қарағанды - менің қара орманым ғой, қарағым...»: Әртіс Ж.Шашкинамен сыр-сұхбат /Сұхбаттасқан С.Ақсұңқарұлы// Орт.Қазақстан.-2003.- 18 қаңтар.-7 б.



1972 – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ашылуына 35 жыл
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне отыз бес жыл толды. Униврситет 1972 жылы педагогикалық институттың негізінде құрылды. Университетті ашу салтанаты педагогикалық институттың /Ерубаев көшесі, 16 үй/ акт залында өтті. Алғашқы ректоры болып Е.А.Бөкетов сайланды. 1972 жылдын бірінші қыркүйегінде университет жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі алғашқы жұмыс күні басталды. Сол жылы жаңа білім ұясының күндізгі бөліміне 625 студент, ал сырттай 375 студент оқуға қабылданды.


Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Қала және қылқалам шеберлері Қарағанды қаласына – 70 жыл
Kraeved -> О, туған жер, тулап аққан қанымсың
Kraeved -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Kraeved -> «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деп басталатын ақынның өлеңі қай тауға арналғанын білесіз бе?!
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Ақынның Ақжайықта ізі қалған «САҒындым сені, оралым»
Kraeved -> «Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»
Kraeved -> Балажан ақын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет