Аталып өтілетін даталар


желтоқсан 1912. Аудармашы Әбітай Атығаевтың туғанына 95 жыл



бет8/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

5 желтоқсан 1912. Аудармашы Әбітай Атығаевтың туғанына 95 жыл
Әбітай Атығаев 1912 жылы 5 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ақадыр ауданында туған. Қарқаралы қалысында орта мектепте оқыған.

Одан соң Алматы қаласына келіп, «Социалистік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, әдеби хатшы, аудармашы болып сегіз жылдай жұмыс істеген.

Ал 1959 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейінгі аралықта «Жазушы» баспасында аға редактор болған. Осы баспада істеген жылдарда Ә.Атығаев оннан аса роман, повестерді қазақ тіліне аударды.

Л.Соболевтің «Үшінші лек» деген әңгімелер жинағын, француз жазушысы Л.Буссенардың «Қаһарман капитан» атты романын, неміс жазушысы Г.Белльдің «Қайда едің, Адам?» деген романын, татар әдебиетінің ірі өкілі Ғ.Ибрагимовтың «Біздің күндер» атты романын, А.Мұсатовтың «Дөң басындағы үй», О.Ковяковтың «Тұнжыр Вангур», Клушанцевтің «Айға сапар», М.Зверевтің «Ақ марал» атты повестерін аударған.

Бұл шығармалармен бірге Ә.Атығаев шетел жазушыларының, орыс классиктерінің т.б. бір талай өкілдерінің әңгіме, очерктерін қазақшаға аударып, бірнеше жинақтарды жеке-жеке кітап етіп шығарған.

Ә.Атығаев 1985 жылы қайтыс болды.


Әдебиеттер:
Атығаев Әбітай // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 40 б.

Атығаев Әбітай //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 32 б.


12 желтоқсан 1942 – Жазушы Ақселеу Сейдімбековтің туғанына 65 жыл


Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты бұрынғы «Дружба» ауылында 1942 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген.

1959 жылы Жаңаарқа ауданының В.И.Ленин атындағы №1 қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы комсомолдық жолдамамен «Атасу» колхозының мал жайылымына (қазіргі «Қызылтау» совхозы) шопан болып келеді. Бұл жұмысты үш жыл атқарып, 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. 1963 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылады. Әскери міндетін өтеп қайтқан соң, оқуды әрі қарай жалғастырып, 1968 жылы университетті бітіріп шығады. Сол жылы республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетіне әдеби қызметкер болып қабылданады да, кешікпей Орталық Қазақстан облыстары бойынша осы газеттің меншікті тілшісі болады. Мұнан әрі Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1983-1988 жылдары республикалық «Білім және Еңбек» ғылыми көпшілік журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1987-1997 жж. Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1997-1998 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998-1999 жж. ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Астана қалалық студенттер мен жастардың «Аудитория» газетінің Бас редакторы.

Ақселеу Сейдімбеков 1971 жылдан КПСС мүшесі. 1972 жылдан СССР Журналистер одағының мүшесі. 1988 жылдан ҚазССР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, «Әлем» альманағының бас редакторы. «Ақиық» (1972), «Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Күңгір-күңгір күмбезедер» (1983) ғылыми-көпшілік очерктер кітабы, «Кеніш» (1979), «Серпер» (1982) атты очерктер жинағы, қазақтың қара өлеңіне арналған «Мың бір маржан» монографиясы (1989), «Қазақ әлемі» атты оқу құралы (1997) жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде «Аққыз» (1986) деген атпен басылды.

Гомердің әйгілі «Илиада», «Одиссея» (1974) поэмаларымен қазақ оқырмандары Ақселеу Сейдімбековтың аудармасы арқылы танысты. Оларды қара сөз жүйесіне келтіріп аударған. «Алпамыс» (1979) эпосын қара сөзбен жазып шықты.

Ақселеу Сейдімбековтың әңгіме, повестері орыс, қырғыз, өзбек, венгр, неміс тілдерінде жарық көрді.

Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Қала және қылқалам шеберлері Қарағанды қаласына – 70 жыл
Kraeved -> О, туған жер, тулап аққан қанымсың
Kraeved -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Kraeved -> «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деп басталатын ақынның өлеңі қай тауға арналғанын білесіз бе?!
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Ақынның Ақжайықта ізі қалған «САҒындым сені, оралым»
Kraeved -> «Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»
Kraeved -> Балажан ақын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет