Аталып өтілетін даталар



бет6/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Әдебиеттер:
Попов Ю. Ақын атына байланысты кейбір деректер: [Қ.Аманжоловтың туғанына 75 жыл] //Орт. Қазақстан.- 1986.- 2 желтоқсан.

Попов Ю. Алғашқы комсомолецтер: Қарқаралының 160- жылдығы қарсаңында // Коммунизм таңы.- 1983.- 22 қыркүйек.

Попов Ю. Александр Чижевскийдің Қарағандыдағы жылдары // Орт. Қазақстан.- 1989.- 1 наурыз.

Попов Ю. Армандай кент таулары /Ю.Попов, Т.Жүсіпов.: Қарқаралы таулары// Орт.Қазақстан.- 1983.- 9 қыркүйек.

Попов Ю. Аудан тарихының қилы кезеңдері// Балқантау.- 1994.- 1 қазан.

Попов Ю.Г. Әлімхан Ермековтың айтқандары // Қарқаралы.- 1994.- 30 шілде.

Попов Ю. Әртіндегі және бертіндегі жүздесулер.// Қарқаралы.- 1999.- 13, 20, 27 қараша, 4,16 желтоқсан.

Попов Ю. Әртіндегі және бертіндегі жүздесулер.// Қарқаралы.- 1999.- 7, 21, 28тамыз, 4, 18 қыркүйек.

Попов Ю. Біздің мәңгілік серігіміз: Мәди Бәпиұлының туғанына - 125 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 2 шілде.-9 б.

Попов Ю. Ғалым саяхатшы Сарыарқада: [Г.Потанин туралы] // Орт.Қазақстан.-1993.- 18 қараша.

Попов Ю. Ержүрек чекист: [Қарқаралық чекист латыш А.Х.Чировичтің өмір баяны] // Коммунизм таңы.- 1987.- 15 тамыз.

Попов Ю. Зоолог Салевин: Қарқаралының 160 жылдығы қарсаңында //Қарқаралы.- 1983.- 14 шілде.

Попов Ю. Жәмилә Бектемисова: Қарқаралы қаласының 175 жылдығына орай// Қарқаралы.- 1999.- 23 қазан.

Попов Ю. Жылдар мен адамдар: [Қарқаралы қаласына – 170 жыл] // Қарқаралы.- 1994.- 16 шілде.

Попов Ю. Затаевичтің Қарқаралыда болуы //Қарқаралы.- 1992.- 15 тамыз.

Попов Ю. Кенесары Қасымұлы тағдырының беймәлім тұстары: тарихи хикаят // Қарқаралы.- 1996.- N11-12.- 58-60 б.

Попов Ю. Кент – аңыз аймағы // Орт.Қазақстан.- 1994.- 19 қараша.

Попов Ю. Константин Ботов: Қарқаралы қаласының 175 жылдығына орай// Қарқаралы.- 1999.- 6 қараша.

Попов Ю. Комиссар шатқалы: [Қарқаралы тарихы] // Орт.Қазақстан.- 1986.- 30 қараша.

Попов Ю. Көл неге «Пашенное» деп аталған?: Қарқаралының көрікті жерлері // Коммунизм таңы.- 1988.- 17 қыркүйек.

Попов Ю. Кім болған Ақайдың Қасені?: [Қ.Ақаев 1857-1929] // Орт.Қазақстан.-1994.- 4 тамыз.

Попов Ю. Қаланың бұрынғы кәсіпорындары: [Қарқаралы қаласына – 170 жыл] // Қарқаралы.- 1994.- 18 маусым.

Попов Ю. Қарқаралыны зерттеушілер: Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына //Коммунизм таңы.- 1981.- 31 қазан.

Попов Ю. Қарқаралы - достық қаласы //Шұғыла.- 1982.- 6 сәуір, Коммунизм таңы.- 1982.- 30 наурыз.

Попов Ю. Қарқаралы Семей музейінде: Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына //Шұғыла.- 198124 желтоқсан

Попов Ю.Г. Қарқаралы: Тарихи-географиялық очерк.- Алматы: Қайнар, 1983.- 184 б.: ил.

Попов Ю. Қарқаралы табиғатын бағалаушы: [В.А.Крюгер туралы] // Коммунизм таңы.- 1985.- 31 тамыз

Попов Ю. Мағат қажы //Балқантау.- 1994.- 28 мамыр.

Попов Ю Пришвиннің Кентке сапары: Біздің өлкеміздің шежіресіне // Шұғыла.- 1981.- 27 маусым.

Попов Ю. Пришвиннің қазақ серіктері: өлкетанушының күнделігінен // Орт.Қазақстан.- 1994.- 29 қыркүйек, 1 қазан.

Попов Ю. Сарыарқадағы көне қала: [Қарқаралы қаласына – 165 жыл] // Коммунизм таңы.- 1989.- 6 шілде.

Попов Ю. Сарыарқаның білгірлері: [Пришвин М. тб. туралы] // Орт.Қазақстан.-1993.- 28 мамыр.

Попов Ю. Тас қабырғаның сыры. Туған өлке тарихы: [Қарқаралы ауданы] // Коммунизм таңы.- 1989.- 19 қаңтар.

Попов Ю. Үлкен көл деректері: Қарқаралының көрікті жерлері // Коммунизм таңы.- 1988.- 7 қазан.

Попов Ю. Фельдшер Мұхамедия Оспанов: [1937 жыл: Тағдыр тауқыметі] //Орт. Қазақстан.- 1991.- 2 ақпан.

Попов Ю. Халық бақыты үшін күрескен ардагер ағалар: [Қарқаралы қаласында бандалармен күрескен чекистер туралы] // Орт.Қазақстан.- 1987.- 6 тамыз.


Ол туралы:
Ләмбеков С. Қарқаралы ғажайыптары: [Ю.Поповтың «Қарқаралы» атты кітабы туралы] // Шұғыла.-1982.- 17 сәуір, Коммунизм таңы.- 1982.- 30 наурыз.

Ләмбеков С. Көрікті өлке өрнектері // Орт.Қазақстан.- 1982.- 14 мамыр.

Ләмбеков С. Сарыарқамен жүздесу: [Ю.Поповтың кітабы туралы] //Коммунизм таңы.- 1981.- 29 қаңтар.

Мұстафин Е. Қарқаралы тарихын талмай зерттеген // Қарқаралы.- 2002.- 14 қыркүйек

Оспанов С. Әлихан және Қарқаралы: Ә.Бөкейхановтың туғанына - 140 жыл// Орт.Қазақстан.- 2006.- 23 мамыр.-6 б.

Өскембаев Қ. Жақсының жақсылығын айт: құрмет//Орт.Қазақстан.- 2005.- 13 тамыз.- 6 б.



Шыныбектегі Қ. Сарыарқаның сүйікті ұлы: құрмет//Орт.Қазақстан.- 2005.- 4 тамыз.-7 б.

15 қазан 1907 – Жазушы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 100 жыл
Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург Ә.Әбішев 1907 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының бұрынғы Жамбыл атындағы шаруашылықтың Аспантау деген жерінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Мектеп есігін кешірек ашқан Ә.Әбішев 19 жасында ғана бірінші басқыш ауыл мектебін бітіріп, жиырма жасында яғни, 1927 жылы үш айлық мұғалімдер қурсында оқиды.

Одан кейінгі жазушы жолы өз бетімен оқып білім көтеру, үздіксіз қажымай-талмай еңбектену, іздену арқылы бойындағы әдеби дарынын ұштау, жетілдірумен жалғасты. Бұл шын мәнінде ерлік еді.

1927 жылдан бастап Ә.Әбішев сауатсыздық жою курсының мұғалімі болып істейді. Жазушылық қызметін Қарағанды кен орындарында шахтер болып істеп жүрген кезінде бастайды. Шахтадан кейін «Қарағанды пролетариаты» газетінде әдеби қызметкер болып істейді де белсенді тілшісі атанады. Ә.Әбішевтің «Үйінді» атты бірінші әңгімесі мен очерктер жинағы 1936 жылы басылып шықты. Бұл шығарма Қарағанды шахтерлерінің қажырлы еңбектеріне арналған.

1935 жылдан бастап Ә.Әбішев «Лениншіл жас» /қазіргі «Жас алаш»/ газетінің бөлім меңгерушісі, «Әдебиет және искусство» /қазіргі «Жұлдыз»/ журналында жауапты хатшысы, редактордың орынбасары болды. Сол кезде жазушы «Отан үшін» (1937 ж.), «Отан атынан» (1938 ж.), «Жолдастар» (1940 ж.) атты бірнеше пьесалар жазып драматург ретінде көзге түсті. Оның 1938 жылы жазған «Армансыздар» атты пьесасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісіке арналған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында «Төлеген Тоқтаров» (1942 ж.), «Саржан» (1945 ж.) әңгімелерімен бірге «Ана» атты бір актілі пьеса жазды. 1945 жылы жазған «Жас түлектер» атты романында Қарағанды кеніштеріндегі соғыс кезіндегі жастардың өмірі мен қажырлы еңбегі суреттеледі. 1942 жылы жазган «Бір семья» деген пьсасында жазушы совет адамдарының семья құру және адамгершілік мәселесін көтереді.

Сол қырқыншы жылдардан бастап жазушы проза және драматургия жанрында жемісті еңбек еткен. Ә.Әбішевтің өз сөзімен айтқанда: «Өмірінің соңғы жылын арнаған» және бір кесек шаруасы бар. Ол–қазақтың белгілі композиторы, әнші–ақыны Мәди өмірін зерттеу, сөйтіп, әдебитімізде, өнерімізде, Мәдиге лайық ескерткіш жасау. Қазір әуелде жоспарлаған трилогияның екі кітабы «Найзағай» (1969 ж.), «Мәди» (1977 ж.) жарық көрді. Сол романдар негізінде «Мәди» және «Мәдидің соңғы шайқасы» атты пьесалары республикалық және облыстық театрларда ұзақ жылдар бойы қойылып келеді. Жерлес жазушының шығармашылығында драматургия саласы орын алды, ол 30-дан астам пьеса жазды. Олар республика театрларының репертуарларынан көп жыл түспей келді. Ә.Әбішев кейінгі жылдары «Айтпай кетті демеңдер», «Аманат» деген естеліктерін кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде жазып кетті.

Ә.Әбішев осыдан төрт жыл бұрын, 90 жасқа толғанда Елбасының тікелей тапсырмасымен өзінің туған жері Қарқаралы өңірыне келіп, елдің жағдайын коріп, біліп, кіндік тамған Аспантаудың баурайындағы ата қонысына аунап, анасының басына құран оқытып қайтқан еді.

Жазушы «Октябрь революциясы», Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

Республикамыздың тәуелсіздік алған соң Президентіміздің пәрменімен Ә.Әбішев алғашқылардың бірі болып «Халық жазушысы» (1985) құрметті атағына ие болды.

Қазіргі қазақ әдебиетшілерінің аға ұрпағының игілікті еңбектері көңілге жылы сезім ұялатады. Дәл осы ағалардың жуан ортасында, бәлкім, алғы шебінде халқының танымал талантты Әлжаппар Әбішевтің жүргені, оның есімі ілтипатпен аталары ақиқат.

24 тамыз 2001 жылы Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиеті ақсалдарының бірі, жерлесіміз Ә.Әбішев 94 жасқа қараған шағында фәниден бақиға өтті.
Ә.Әбішевтің шығармалары:
Әбішев Ә. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1981.- 1983

I том. Пьесалар. 1982.- 480 б.

II том Сәуленің күлкісі: Повесть. Жас түлектер: Роман. 1981.-486 б.

III том. Пьесалар. 1982.- 464 б.

IV том. Пьесалар. 1982.- 460 б.

V том. Найзағай: Роман. Жаралы сұңқар: Повесть. 1983.- 476 б.

Әбішев Ә. Айтпай кетті демеңдер: Естеліктер // Орт.Қазақстан.- 2000.-17, 20, 24, 27, 31 мамыр, 3, 7, 10, 14 маус.

Әбішев Ә. Үш томдық таңдамалы. Т.3. Повестер,эсселер.- Алматы: Жазушы, 1997.- б.

Әбішев Ә. Үш томдық таңдамалы. Т.2. Романдар.- Алматы: Жазушы, 1997.- б.

Әбішев Ә. Үш томдық таңдамалы. Т.1. Роман,повесть,әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1995.- б.

Әбішұлы Ә. Аманат // Орт.Қазақстан.- 1997.- 10 желт.

Әбішев Ә. Армансыздар: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ, 1964.- 136 б.

Әбішев Ә. Атыңнан айналайын: Роман, повесть, эсселер.- Алматы: Жазушы, 1988.- 384 б.

Әбішев Ә. Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1950.- 110 б.

Әбішев Ә. Белгісіз батыр: Пьесалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1967.- 228 б.

Әбішев Ә. "Бұл не деген ғажайып ертегі адам?": /Иса Байзақовтың туғанына 100 жыл/// Қазақ әдебиеті.- 2000.-3 наурыз (N9).-10 б.

Әбішев Ә. Достық бәрін де жеңеді: /Қарағанды туралы киносценарийден үзінді/ // Сов.Қарағанды.- 1960.- 26 қазан.

Әбішев Ә. Заман перзенттері: Таңдамалы шығармалар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.- 510 б.

Әбішев Ә. Заңғар: Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 110 жыл// Азия Транзит.- Қарағaнды, 2004.- N6.-15-19 б.

Әбішев Ә. Құдырет: Очерк // Советтік Қарағанды.- 1959.- 16 мамыр

Әбішев Ә. Мен кешкен тайғақ кешулер: Эссе // Қарқаралы.- 1991.- №4.- 31-51 б.

Әбішев Ә. Найзағай: Роман.- Алматы: Жазушы, 1975.- 328 б.

Әбішев Ә. Өмірі мен өнерін халқына арнаған // Орт.Қазақстан.- 1980.- 26 желт.

Әбішев Ә. Сәкеннің аманаты: Пьесалар жинағы.- Алматы: Өнер, 1990.- 288 б.

Әбішев Ә. Шерлі шежіре: /1931-1932 жылдар туралы/ // Қарқаралы.- 1992.- №7-8.- 23-30 б.

Әбішев Ә. Шындықты айналып өтуге болмайды: /Жазушымен әңгімелескен Ә.Мендікеев/ // Қазақ әдебиеті.- 1987.- 23 ақпан

Әлжаппар Әбішевтің қанатты сөздері // Сарыарқа.- 1997.- №6.- 5 б.
Әбішевтің шығармашылығы туралы:
Ақсұңқарұлы С. Хош, ата!// Орт.Қазақстан.- 2001.-29 тамыз

Әлжаппар Әбішев// Қазақ әдебиеті.- 2001.- 31 тамыз(N35).-3 б.

Жазушы жайлы басқалар айтады: /Қазақстанның халық жазушысы Ә.Әбішев-90 жаста/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 6 тамыз

Жанғожин А., Лұқпан Е. Бассейнмен бірге өскен басылым // Орт.Қазақстан.- 2001.- 1 мамыр

Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. Сын мақалалар мен зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1992.- б.

Қирабаев С. Тоқсанның толғауы: /Қазақстанның халық жазушысы Ә.Әбішев 90 жаста/ // Қазақ әдебиеті.- 1997.- №40.- 10-11 б.

Құндақбаев Б. Қаламгер мерейі // Қазақ әдебиеті.- 1987.- 23 қазан

Лұқпан Е. Ғабиденнен Ғаббасқа дейін: Орталық Қазақстан 70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2006.- 8 маусым. -5 б.


Мендеке Ә. Әлжаппар Әбішев: «Айтпай кетті демеңдер» /сұхбат/ // Қазақ әдебиеті.- 2000.- 7 көкек (N14).- 5 б.

Мұхамеджанов К., Медиев Қ. Алыптар шоғырының соңғы тұяғы еді: /Ә.Әбішев туралы/ // Орт.Қазақстан.- 2001.- 29 тамыз

Омарбеков М. Мәуелі бәйтерек: /Ә.Әбішев-80 жаста/ // Коммунизм таңы.- 1987.- 15 қырк.

Омарбекұлы М. Мәуелі бәйтерек: 2007 жылы Халық жазушысы Әлжаппар Әбішев 100 жасқа толады// Қарқаралы.-2005.- 21,28 мамыр.-4 б., Орт.Қазақстан.- 2005.- 3 қыркүйек.- 9 б.

Омарбеков М. Өжет ақын туралы өрелі туынды: / Ә.Әбішевтің «Найзағай» романы туралы/ // Коммунизм таңы. – 1978. – 6 июль

Сағымбеков Р. Елу жылға созылған ерлік: /Ә.Әбішевтің-80 жасқа толуына орай/ // Орт.Қазақстан.- 1987.- 15 кырк.

Сағымбекұлы Р. Қазақстанның халық жазушысы Әлжаппар Әбішев // Қарқаралы.- 1992.- №7-8.- 12-22 б.

Сәкен сері Тоқсандағы тұйғын: /Қазақстанның халық жазушысы Ә.Әбішев-90 жаста/ // Егемен Қазақстан.- 1997.- 9 қазан

Сексенұлы С. Туған жермен қауышу: /Ә.Әбішевтің облысымызда болған сапырынан алған әсерлер/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 23 тамыз

Сексенұлы С. Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы: Тәуелсіздік жылнамасы-1997// Орт.Қазақстан.- 2001.-22 тамыз

Сембай М. Мәди рухтандырған жазушы тойы: /Ә.Әбшев-90 жаста/ // Егемен Қазақстан.- 1997.- 19 тамыз

Серғалиев М. Қажымас талант: /Ә.Әбішев туралы/ // Жұлдыз.- 1987.- №10.- 193-196 б.

Смағұлов Ғ. Халық күйінішінің жоқшысы: Мәди Бәпиұлының туғанына - 125 жыл// Орт.Қазақстан.-2005.- 11 маусым.-9 б.

Тайтөлеу Ж. Туған жердің түтіні ыстық: /Ә.Әбішевтің Қарқаралыға келген сапарынан фоторепортаж/ //Қарқаралы.- 1997.- 30 тамыз

Тоғжанов Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- б.

Тоқсанға келген тарландар: Әлжаппар Әбішев // Сарыарқа.- №6.- 4 б.

Шаймерденов С. Әдеби толқындар: Қазақ әдебиеті жайлы ойлар - Алматы: Жазушы, 1986.-320 б.: портр.

Шылдықпаған шабыт, қажымас талант; Өмірбаян беттерінен: /Ә.Әбішев-90 жаста/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 6 тамыз


5 қараша 1917 – Қазақ ССР-інің халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың

туғанына 90 жыл
Мүлік Сүртібаев 1917 жылы 5 қарашада Қарағанды облысы, Бұқар жырыу ауданының 5-ауылында дүниеге келді. 1933 жұмысшы жастар театрына жұмысқа кірген ол 1936 – 1938 жылдары Қазақтың ұлттық академиялық драма театры жанындағы студияны бітірді.

М.Сүртібаев Қарағанды облыстық драма театрын ұйымдастырушы және керегесін көтерушілердің бірі болып табылады.

С.Сейфулин атындағы қазақ драма театры үшін М.Сүртібаевтың орны бөлек, аса қадірлі. Өмірлік серігі Қазақстанның Халық әртісі Әйкен Мұсабекова екеуі соғысқа дейін осы театрда еңбек етіп, сахнада қайталанбас керім образдар сомдады.

Актерлік алғашқы дәрісті М.Сүртібаев театр жанындағы театр студиясынан алған-ды. Осы театрда еңбек еткен жылдары ол орыс, шет ел және қазақ классикалық шығармаларында бірнеше айшықты, өзіндік ерекшелігі мол, тамаша әрі қызықты да қызғылықты, айыз қанатын бейнелер жасады. Гогольдің «Ревизорындағы» Хлестаков, Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметшісіндегі» Труфальдино, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуындағы» Қозы,, «Абайдағы» Абай, «Қыз Жібектегі» Төлеген бейнелері М.Сүртібаев қолынан шыққан асыл зерделі бұйым секілді керемет сомдалған дүниелер.

Сәкен театрында қойылған М.Әуезовтің «Абай» трагедиясы театр үшін қол жеткен үлкен бір творчестволық табысы еді. Спектакльдің осындай үлкен дәрежеге көтеріліп, қомақты табысқа қол жеткізуінің басты себебі – М.Сүртібаевтың Абай образынөте шебер орындап шығуының арқасында болатын. Алматылық әріптестер де тамаша жемісіті еңбегіне қуанып қана қоймай оны Алматы театрына шақыртқан. Кейін Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрына еңбек етті.

1956 жылы М.Сүртібаев Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына ауысты. Содан бері өмірінің соңына дейін осы қара шаңырақтың өсу-өркендеуіне теңдессіз үлес қосқан, табиғатынан дана, ұлттық діңгегі мықты, хас өнер иесі сахнада екі жүзге тарта бейнелерді сомдады. Ол орындаған Абай (М.Әуезов, «Абай»), Арыстан (М.Әуезов, «Айман-Шолпан»), Құдайменді (Ә.Нүрпейісов, «Қан мен тер»), Әбілқайыр (Т.Ахтанов, «Ант»), Момын шал (Ш.Айтматов, «Ақ кеме»), полковник (Б.Томас, «Мен сіздің әпкеңізбін»), Шмага (А.Островский, «Жазықсыз жапа шеккендер»), Жарылқап (М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды»), Атой шал (А.Сүлейменов, «Жетінші палата»), Шыңғысхан (И.Оразбаев, «Шыңғысхан»), Қараменді (М.Әуезов, «Еңлік – Кебек»), тағы да басқа көптеген рөлдері қазақ театры тарихында алтын әріппен жазылып калған бейнелер екені даусыз.

М.Сүртібаев театр мен қатар кино өнерінде де табысты еңбек етіп, қазақ кино өнерінің өсу жолына сүбелі үлес қосты. Ол «Ән қанатында», «Қыз бен жігіт», «Біздің сүйікті дәрігер», «Ботакөз» фильмдерінде ойнады.

1987 жылы ақпан айында Қарағандыға келіп, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері- Ақтоқты» спектакліндегі Жалмұхан бейнесін С.Сейфуллин атындағы театр актерлерімен бірге ойнаған.

М.Сүртібаев қазақ өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақстанның халық әртісі атағын алды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Парасат» ордендерімен марапатталды.

М.Сүртібаев қазақ совет актері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері.

Қазақ сахна өнерінің көрнекті қайраткері, адамгершілік жолымен де, өнерімен де тағлым берген қадірлі де аяулы ақсақалымыз Мүлік Сүртібаев 1997 жылы 24 мамырда 80 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

М.Сүртібаев сынды дара да сирек алып тұлға, саурынына салдырмас желмаядай дарабоз актерының сіңірген еңбегі өлшеусіз.


Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Қала және қылқалам шеберлері Қарағанды қаласына – 70 жыл
Kraeved -> О, туған жер, тулап аққан қанымсың
Kraeved -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Kraeved -> «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деп басталатын ақынның өлеңі қай тауға арналғанын білесіз бе?!
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Ақынның Ақжайықта ізі қалған «САҒындым сені, оралым»
Kraeved -> «Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»
Kraeved -> Балажан ақын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет