Аталып өтілетін даталар


Ж.Қашқыновтың шығармалары



бет2/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Ж.Қашқыновтың шығармалары:
Қашқынов Ж. Апайтөс батыр - Жалаңтөс// Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.-N2.-39-42 б.

Қашқынов Ж. Арман асуында: Өлең-очерк // Орт. Қазақстан.- 1967.- 1 қазан

Қашқынов Ж. "Бұл ғасыр менен екі-ақ жас үлкен": Ғабит Мүсіреповтің сөзі// Қазақ әдебиеті.- 2002.- 14 маусым(N24).-5 б.

Қашқынов Ж. Дала данышпандары // Қазақ батырлары.- 2003.- желтоқсан(N12).-6 б.

Қашқынов Ж. Диқан мерейі: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.- 72 б.

Қашқынов Ж. Елу ерім: Жыр–байғазы // Орт. Қазақстан.- 1995.- 28 қырк.

Қашқынов Ж. Еңбек торысы: Ғалым-геолог Т.Ақышев туралы// Орт.Қазақстан.- 2000.- 6 қыркүйек

Қашқынов Ж. Қасиетті, киелі Қарқаралы// Орт.Қазақстан.- 2000.- 8 қаңтар

Қашқынов Ж. Найзатас: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.- 72 б.

Қашқынов Ж. Оның сүрлеу соқпағы: Жазушы С.Сматаев - 60 жаста// Орт.Қазақстан.- 2001.-16 маусым

Қашқынов Ж. Соқпақтар: Өлеңдер, толғаулар, балладалар.- Алматы: Жазушы, 1973.- 64 б.

Қашқынов Ж. Тастанбек: [Дастан]// Орт.Қазақстан.- 2001.-17 қаңтар

Қашқынов Ж. Темеш – Дәмеш: Дастан: /Т.Жүргенов пен Д.Ермековаға ескерткіш/ // Орт. Қазақстан.- 1995.- 14 қаңт.

Қашқынов Ж. Туған жер – Атамекенім: Жыр дәптерінен // Орт. Қазақстан.- 1998.- 3 ақпан

Қашқынов Ж. Туған жерге ту тіктім: өлеңдер// Жұлдыз.- 2002.- N3.-3-4 б.

Қашқынов Ж. Хан Кене, Ер Ағыбай, Батыр Науан: дастан// Қазақстан сарбазы.- 2002.- 12 наурыз.-6 б.,Орт.Қазақстан.- 2001.-1 қыркүйек, Азия Транзит.- Қарағанды, 2001.-N11.-19, 20 б.

Қашқынов Ж. Шайтанкөл, Қасым ақын - егіз ұғым: Жыр дәптерінен// Орт.Қазақстан.- 2002.-5 қаңтар

Қашқынов Ж. Шашасына шаң жұқпаған Шашекең: Ақынның 135 жылдығына// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 шілде

Қашқынов Ж. Шежіре бауырмалдыққа баулиды// Орт.Қазақстан.- 2000.-2 тамыз
Ж.Қашқыновтың шығармашылығы туралы:
Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жаста // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 13 наур.

Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жасты // Орт. Қазақстан.- 1992.- 28 ақпан

Әлімбаев М. Бала танымдылығын арттырады: Жаңа кітап // Орт.Қазақстан.-2004.- 15 қаңтар.-8 б.

Жанысбай С. Ақынын ардақ тұтты: Ж.Қашқынов - 60 жаста / С.Жанысбай// Орт.Қазақстан.- 2002.- 7 қыркүйек.-9 б.

Жеңіс Қашқынов: некролог// Орт.Қазақстан.- 2006.- 3 қаңтар.-7 б., Қазақ әдебиеті.- 2006.- 6 қаңтар(№1).-15 б.

Кептербаев С. "Ауылым - арман әнім": Өнер күнделігі // Орт. Қазақстан.-2003.- 25 желтоқсан.-6 б.

Қасым тойында қанат қаққан жұлдыздар: [Өлеңдер]// Қарқаралы.- 2001.- 29 қыркүйек

Қашқынов Жеңіс // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 185 б.

Қашқынов Жеңіс // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 347 б.

Қирабаев С. Балажан ақын: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста// Орт.Қазақстан.- 2002.-2 наурыз

Негимов С. Елдік пен ерлікті жырлаған: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста// Орт. Қазақстан.- 2002.-2 наурыз

Негимов С. Жырлары жанды баураған: Ақын Ж.Қашқынов–50 жаста // Орт. Қазақстан.- 1992.- 11 ақпан

Негимов С. Қасымды ұстаз санаған: Ақын Ж.Қашқыновтың туғанына – 50 жыл // Қарқаралы.- 1991.-21 желт.

Негимов С. Құнды туынды // Орт.Қазақстан.- 2002.- 21 желтоқсан.-10 б.

Негимов С. Оқырманын қуантатын туынды: Жаңа кітап// Орт.Қазақстан.- 2003.- 6 қараша.-8 б.

Омарұлы Ә. Жеңіс ақынның жыр кеші // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 24 шілде



Оспанов С. Ақжарма жырлар: [Ж.Қашыновтың "Алыптар мен арыстар" кітабы туралы]// Орт.Қазақстан.- 2002.-2 ақпан
23 наурыз 1927 – Қазақ совет әдебиет зерттеушісі, сыншы, профессор Серік Қирабаевтың туғанына 80 жыл.
Серік Қирабаев 1927 жылы, 23 наурызда қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында туған. 1951 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін, аспирантурада оқи жүріп, қазақ көркем әдебиет баспасының аға редакторы, «Әдебиет және өнер» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып істеген. 1952 жылдан 1955 жылға дейін С.Қирабаев – «Пионер» журналының редакторы, одан кейін «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. 1957 жылы кандидаттық диссертация, ал 1964 жылы филология ғылымының докторы ғылыми атағына диссертация қорғаған. Кейін Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып, Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік университетінде көп жылдар бойы дәріс оқып, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарған.

1988-1995 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып қызмет атқарған.

С.Қирабаевтың шығармашылық қызметі студенттік жылдарынан басталған. 1948 жылдан бастап баспасөзде оның сын мақалалары жиі басылды. 1956 жылы «Ғабиден Мұстафин» атты монографиясы жарық көрді, екі жылдан кейін бұл кітап орыс тілінде шықты. Содан кейін «Спандияр Көбеев» (1958), «Өнер өрісі» (1968), «Сәкен Сейфуллин» (1973), «Әдебиет және дәуір талабы» (1976), «Революция және әдебиет» (екі томдық, 1977), «Шындық және шығарма» (1981), «Шындық және шеберлік» (1983), «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», «Жүсіпбек Аймауытов» (1990) және тағы басқа көптеген зерттеулер мен монографиялардың, әдеби процестің әртүрлі жақтарын әралуан қырынан сөз ететін көптеген мақалалардың, әсіресе, бірталай мектеп окулықтарының авторы ретінде қалың оқырман қауымға, әдеби-мәдени қоғамдық жұртшылыққа кеңінен танылды. Ол – Қазақ әдебиеттану ғылымы саласындағы жетекші ғалымдарымыздың бірінен саналады.

С.Қирабаев «Еңбек Қызыл ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған.

1996 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Филология ғылымының докторы, профессор, КСРО педагогика ғылымдары академиясының кореспондент-мүшесі, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әдебиет сыншысы Серік Қирабаев - әдебиетке жан – жақты, білімімен, мол дайындық пен келген сыншы.
С.Қирабаевтың шығармалары:
Қирабаев С. Айтыс асыл қазына // Егемен Қазақстан.- 2003.- 18 наурыз.-3 б.

Қирабаев С. Ақын, қайраткер: К.Салықов - 70 жаста// Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 26 қыркүйек

Қирабаев С. Асқар: /Ақын Асқар Егеубаев туралы/ // Егемен Қазақстан. – 2000. – 28 наурыз

Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. Сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 300 б.

Қирабаев С. Балажан ақын: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста// Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2002.-2 наурыз

Қирабаев С. Біздің Мәлік // Егемен Қазақстан.- 2003.- 16 қазан.-4 б.

Қирабаев С. Ғабиден туралы сөз: Мұстафин-100//Егемен Қазақстан.- 2002.- 24 желтоқсан.-4 б.

Қирабаев С. Елдік пен ерлік жыршысы // Егемен Қазақстан.- 2003.- 12 тамыз.-3 б.

Қирабаев С. Естеліктер // Жұлдыз.- 2003.- N8.-103-121 б.

Қирабаев С. Елуінші жылдардың бас кезінде..: Қ.Аманжоловтың туғанына-90 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.- 8 қыркүйек

Қирабаев С. Жаны нұрға бөленген: (М.Әуезов туралы эссе)// Парасат.- 2002.- N5.-4-8 б.

Қирабаев С. Жырдың жарық жұлдызы: Тұманбай Молдағалиев 70 жаста// Егемен Қазақстан.- 2005.- 20 наурыз.-8 б.

Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов: Өмір мен шығармашылығы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 222 б.

Қирабаев С. "Кәдімгі Сәбит Мұқанов" // Егемен Қазақстан.- 2002.- 9 қазан.-4 б.

Қирабаев С .Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: Қысқаша очерк / С.Қирабаев.- Алматы: "Білім", 2003.- б.

Қирабаев С. Қазақ әдебиеттану ғылымы: бүгіні мен ертеңі: академик Серік Қирабаевпен сұхбат / әңгімел. Г.Пірәлиева// Егемен Қазақстан.- 2006.- 22 сәуір (№87-88).-6 б.

Қирабаев С. Қайта құру және әдебиеттану // Қазақ әдебиеті. – 1989. – 18 авг. – 6-7 б.

Қирабаев С. Қыран қанатты ақын: Қ.Аманжоловтың туғанына-90 жыл// Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2001.- 21 шілде

Қирабаев С. "Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген...": /Жыр жампозы Жұбан Молдағалиевтің поэзиясы осындай өшпес рухпен асқақтап тұрады/// Егемен Қазақстан.- 2000.- 4 қазан

Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті: Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы. 1968. – 288 б.

Қирабаев С. Өлең - жыр – Фаризаның өмірі: /Фариза Оңғарсынова туралы/ // Ана тілі. – 2000. – 28 маусым(N15).-7 б.

Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 272 б.

Қирабаев С. Өрлеу жолында. Әдеби-сын мақалалар. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1960. – 290 б.

Қирабаев С. Революция және әдебиет. Екі томдық. – Т.2. – Алматы: Жазушы, 1977. – 376 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. Өмірі мен творчестволық жолы. – Алматы: Жазушы. 1974. – 432 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. Творчестволық жолы. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. – 442 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. (Туғанына 70 жыл толуына). – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1964. – 80 б.

Қирабаев С. Спандияр Көбеев. Өмірі мен жазушылық қызметі. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1958. – 160 б.

Қирабаев С. Сырғаңды сағынамыз: Сырбай Мәуленов туралы естелік // Қазақстан ZAMAN.- 2002.- 11 қазан.-13 б.

Қирабаев С. Сырдың соны сүлейі: [ақын Асқар Тоқмағамбетов туралы]// Қазақ әдебиеті.- 2005.- 19 тамыз.-3 б.

Қирабаев С. Талантқа құрмет: Мақалалар, зерттеулер, портреттер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 248 б.

Қирабаев С. Шығармалар жинағы: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1991.

Т.1: Сәкен Сейфуллин. Монография.- 448 б.

Т.2: Сын мақалалар мен зерттеулер.- 544 б.

Қирабаев С. Телесынның сұлтаны: /Сұлтан Оразалинов- 60 жыл/// Қазақ әдебиеті.- 2001.- 27 сәуір(N17).--8 б.

Қирабаев С. Талантқа құрмет: Мақалалар, зерттеулер, портреттер .- Алматы: Жазушы, 1988.- 248 б.: портр.

Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен: Зерттеулер, мақалалар, естеліктер - Астана: Фолиант, 2002.- 504 б.: портр.

Қирабаев С. Шындық және шығарма: Сын мақалалар, зерттеулер. Портреттер. – Алматы: Жазушы, 1981. – 252 б.

Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет: Зерттеулер мен мақалалар / С.Қирабаев.- Алматы: Ғылым, 2001.- б.

С.Қирабаевтың шығармашылығы туралы:
Ақын А. Дүлділі дархан даланың: Классик жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл / А.Ақын, Е.Балташұлы, С.Алпысұлы, Т.Майбас, С.Жанысбай// Орт. Қазақстан.- 2002.- 20 қараша.-1-7 б.

Әбілев Д. Сенемін: /Серік Қирабаевқа арналған өлең/ // Қазақ әдебиеті – 1997.-18 наурыз (№11).-12 б.

Әдеби әлемдегі шырағы сірә да, сөнбес-ау!..: Тахауи Ахтанов-80 / М.Әуезов// Таң-Шолпан.- 2003.- N5.-42-60 б.

Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына арналған жинақ / Жауапты ред. З. Ахметов, С. Қасқабасов.- Алматы: Комплекс, 2002.- б.: сур.

Ғылыми коференция тақырыбы да, құрмет иесі де – С.Қирабаев // Қазақ әдебиеті. – 1997.-21 наурыз (№12).-2 б.

Ергөбек Қ. Бақытты ғұмыр: Академик Серік Қирабаевтың шығармашылығы жайында кейбір ойлар // Қазақ әдебиеті. – 1997.-18 наурыз (№11).-12 б.

Ергөбеков Қ. Серпінді ой, сергек сыр: /С.Қирабаев туралы/ // Қазақ әдебиеті. – 1987. – 20 наурыз. – 10 б.

Жазушылардың ХІІ құрылтайы// Қазақ әдебиеті.- 2002.- 3 мамыр(N18).-10-11 б.

Жүсіпова Ә. Қазақ әдебиеті сынының тарихын жасаудағы ғылыми ізденістер// ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы.- 2001.- N15.-14-20 б.

Қазақ әдебиеті: Хрестоматия : 10 сыныпқа арналған/ Құраст. Ә.Шәріпов, С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев.- 3-і бас.- Алматы: Мектеп, 2002.- б.

Қаратаев М. Қазақ совет әдебиеті: студенттерге арналған оқулық. 1-бөлім. (1917-1941 жылдар) / М. Қаратаев, Т. Нұртазин, С. Қирабаев.- Өңд., толықт., 3-ші басылуы.- Алматы: Мектеп, 1987.- 296 б.

Қирабаев Серік //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 184 б.

Қирабаев Серік // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анытамалық.- Алматы, 1987.- 348 б.

Өнер алды- қызыл тіл: Мақалалар жинағы / Құраст. О. Сәрсенбаев.- Алматы: Жазушы, 1986.- 206 б.

Раев Қ. Ұлағат: Мақалалар, зертеулер, эсселер / Қ.Раев.- Алматы: Білім, 2001.- б.

Сыдықов М. Ұстаз туралы сөз: /С.Қирабаев туралы/ // Жұлдыз. – 1987. - №4. – 201-202 б.

Субханбердина Ү. Қазақ, Алаш, Сарыарқа: Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш / Ү.Субханбердина, Ред.С.С.Қирабаев.- документті ғылыми басылым.- Алматы: Ғылым, 1993.- 200 б.[8] бет портр.

Тоғжанов, Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов,Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- б.



Ыбырайым Б. Академик Серік Қирабаев:"Дәуір шындығынан тыс әдебиет жасалмайды"// Қазақ әдебиеті.- 2005.- 25 ақпан.-6 б.

11 сәуір 1937 – Балқаш қаласының құрылуына 70 жыл.
2007 жылдың 11 сәуірінде Балқаштың ірге тасы қаланғанына 70 жыл толады. Тарих шежіресі осылай деп сыр шертеді.

Балқаш қаласының ресми туған күні 1937 жылдың 11 сәуірі, бір күнде қала салынбайтыны белгілі, сондықтан өткенге көз жіберіп, 70 жылдық тарихты ақтарсақ, біз өмір сүріп отырған қаланың салыну жолында нелер қиын асулар бар.

Балқаш 70 жаста! Қала да кен-металлургия комбинаты да көшпелілердің көне тарихи отанында тұрғызылды.

Шөл далада сол кездегі соңғы техникамен жабдықталған аса қуатты ірі өндіріс орнын салуға небәрі оншақты жыл қажет болды.

Балқаш… осы қысқа ғана сөз бүгінгі күндері Республикамызда, ТМД елдерінде, әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан жүз мыңдаған адамдардың тағдырын мәңгілікке байланыстырды, 70 жыл ішінде үлкен құрылысқа жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері: қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, корейлер, өзбек, украиндер, қатысқаны мәлім.

Балқаш – индустриялы қала, еңбеккер – қала. Балқаш көлі қалаға әсемдік пен қайталанбас реңк беріп тұрады. Жартылай тұзды-тұщы болып келетін теңдесі жоқ табиғи суайдыны, өзінің сұлулығымен тек балқаштықтарды ғана емес, соңдай-ақ басқа қалалардан келген қонақтарды да еліктіреді. Тамаша демалыс орны болып табылады.

1928 жылы Қоңырат кеніші ашылып, оның мыс байлығы бүкіл кеңес үкіметінің халық шаруашылығының мыстан қажетін ашатыны, мысты сырттан тасудан құтқаратыны дәлелденді.

1929 жылы 29 сәуірде Қоңырат кенін пайдалануды жүзеге асыру «Казмедьстрой» деп аталған қазақ даласында мыс, қорғасын зауыттарын,кеніштерді, байыту фабрикаларын салуды басқаратын мемлекеттік басқармаға жүктелді.

1931 жылы 17 тамызда «Казмедьстрой» өзгертіліп, «Прибалхашстрой» орталық қазақ мыс балқыту зауытын құрылысы бойынша басқармасы қайта құрылыды.

Балқаш құрылысы кеңес одағы бойынша бірінші бесжылдық жоспарына енген 42 жаңа құрылыстың ең ауыры, ең қиыны болған. Мемлекет дәрежесінде оның маңызды орын алғаны сонша, мұрағат деректерінде: «Прибалхашстрой» объявлен сверхударной комсомольской стройкой» деген анықтама бар. «Балқаш үшін күрес!» деген ұранмен қалың ел салған құрылыс.

Қаланың алғашқы уақытша жобасын Мәскеудің жобалау-конструкторлық бюрасы жасап, 100 барактан үш қоныс тұрғызылды. Бірінші құрылысшылардың оған дейінгі баспанасы 1000-ға тарта киіз үйлер, жертөлелер, палаткалар болды. 1934 жылы 26 қазанда Балқаш мыс зауытының жобасы бекітілді. Ал болашақ қаланың жобасын жасауды ленинградтық архитекторлар қолға алды. Білімді архитекторлар Балқаш бойының климатын, табиғатын, географиялық, тарихи ерекшеліктерін ескеріп, ыстық-суыққа, қатты желге төзімді қалың қабырғалы, кірпіштен көпқабатты үйлерді кең әрі түп-түзу көшелерге қуалай текшелеп салған. Сол үлгімен салынған ескі орталық Ағыбай батыр – Қарамаенде би, - Уәлиханов – Ленин көшелерімен тұйықталған көпқабатты үйлер осы күнге дейін ең жағдайлы аудан. Сол кезде бұл орталық «Квартал А» деп аталған.

1952 жылы қаланың жаңа жобасын жасады. Ол бойынша Металлургтер мәдениет сарайы, Қазбекова- Бейбітшілік, Бөкейханов көшелерін бойлай көпқабатты үйлер бой түзеді. 60- жылдарың аяғында барактар жойылып, орнын темір бетонды тар бөлмелі үйлер басты, мөлтек аудандар салынды. Соңғы құрылыстағы жаңалық «Мобиль» үлгісіндегі биік үйлер.

Балқаштың тарихы даңқты адамдар есімдеріне толы. Солтүстік Балқаш өнірінің байлығын игеруге мыңдаған адамдар, әсіресе жергілікті тұрғындар, кешегі көшпенділер аянбай араласып, барлық өмірлерін арнады.

Солардың ішінде ағайынды Мусиндердің тағдырын ерекше атаған жөн: Есімқан, Әділқан – айтулы металлургтер болса, Әлихан қазақтың тұңғыш инженер – металлургтерінің бірі, профессоры ретінде белгілі.

Халқымыздың біртуар ұлы, адал перзенті, ірі мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың да еңбек жолы осы жерден басталған.

Сондай-ақ Қоңырат кен орнының алғашқы кіндігін кескен ленинградтық геолог М.П.Русаковтың, «Балқаш өнірі құрлысының» бірінші директоры В.И.Ивановтың, Балқаш мысы мен молибденін алуды ашқан бірінші инженер, Мемлекеттік сыйлықтың тұңғыш лауреаты Е.И.Антоновскийдің, Социалистік Еңбек Ері Ю.К.Победоносцевтің, Республика еңбегі сіңген дәрігер М.Қазбекованың, Кеңес Одағының Батыры, №1 орта мектептің түлегі О.Щербаковтың, халық ақыны Ш.Қошқарбаевтың және басқа да ел азаматтарының сіңірген еңбектері мен көрсеткен батырлықтары жадымызда мәңгі сақталды. Әйгілгі жерлестеріміздің аттары қаланың көшелеріне, мектептеріне, кітапханаларына берілген, ескерткіш тақталарына қашалған.

1987 жылы сәуірде Балқаш қаласы, шаруашылық пен мәдениет ахуалындағы жетістіктер үшін Халықтар Достығы орденімен марапатталған. Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Балқаш қаласына көп көңіл бөледі. Балқаштағы қазіргі жағдайды жете түсініп, Балқаш кен-металлургиялық комбинаты «Самсунг» оңтүстік-корей фирмасының басқаруындағы «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кіруге көмектесті.

Н.Ә.Назарбаев Балқаш қаласының активімен кездесуіндегі сөйлеген сөзінде: «Самсунг» фирмасы бұл жерде енді іске кірісуде. Шартқа сәйкес ол өндірісті дамытады және жетіліруде қаражат бөледі. Бірақ бұл кәсіпорын жұмысының нәтижесіне тіклей байланысты болада. Қазіргі уақытта мыс өндірісінің тұрақтылығы келешекте кәсіпорынның жетілуіне сенімділік туғызады». – деді.

Балқаштықтар, өздерінің достық, кішікпейілділік, халықтық және ұлттық дәстүрлерді сыйлау, құрметтеу, мақтан ету секілді жақсы әдетғұрыптарын да сақтай біледі. «Наурыз», «Жаңа жыл», «Республика күні», «Қала кұні» сияқты жалпы қалалық мерекелер қызықты да көңілді өткізіледі. Көпұлтты және әр тілдес Балқаш тұрғындары «Орыстың масленицасын», татарлардың «Сабантойын», корейліктердің Жаңа жылын тамашалап өткізеді.

2005 жылы «Балқаш-Универсал» ЖШС құрылды. Оның қарамағына қаладағы 450 тұрғын үйдің 325-і қарамағына өтті. Яғни тұрғындарды жылу, ауыз су, ыстық су жалпы үйлерді қысқа дайындаумен осы серіктестік шұғылданып, көптеген пәтер иелерінің міндетін мойнына алды.

Балқаш қаласы – жастар қаласы, өйткені мұнда екі жоғары оқу орны, бірнеше колледж, лицейлер бар. Онда еліміздің жас буын, болашағы – қыз-жігіттер білім алып, тәрбиеленуде.

Мысшылар мекені алдағы уақытта, дәулетті, сәулетті, сәнді, мәдени орындарға бай жинақы шаһарлардың біріне айналатын болады.


Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Қала және қылқалам шеберлері Қарағанды қаласына – 70 жыл
Kraeved -> О, туған жер, тулап аққан қанымсың
Kraeved -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Kraeved -> «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деп басталатын ақынның өлеңі қай тауға арналғанын білесіз бе?!
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Ақынның Ақжайықта ізі қалған «САҒындым сені, оралым»
Kraeved -> «Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»
Kraeved -> Балажан ақын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет