Аталып өтілетін даталар



бет4/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Әдебиеттер:
Жұмаділдин А. Рухани ұстаз болған "Орталық"// Орт.Қазақстан.- 2000.-14 қазан

Жұмаділдин А. Тәуелсіздікке тарту// Жаңаарқа.- Атасу, 2001.-22 желтоқсан

Жұмаділдин А. Ақжол [Мәтін] : Жанжал шаққан қажы: [роман] / А. Жұмаділдин.- Алматы: KenіePress Medіa, 2004.- 276 б.-(Сәкен Сейфуллин - 110)

Жұмаділдин А. Байдалы би.- Алматы: Кенже Пресс, 1999.

Жұмаділдин А. Жаңаарқа: Дерекнама Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003.

Жұмаділдин А. Инемен қазған құдық (келбеттеме хикая) - Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2002.- б.-(Өмір журналының кітапханасы)

Жұмаділдин А. Битабар балуан: Әңгіме // Жұлдыз.- 2002.- N9.-131-142 б.- ISSN 0134-3580

Жұмаділдин А. Абылай мен Уәли хандардың өліміне көңіл айту: Байдалы бидің туғанына - 275 жыл // Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.- N7.-13-15 б.

Жұмаділдин А. Аманат // Орт.Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 8, 12, 15, 19, 22 маусым

Жұмаділдин А. Оралған// Азия Транзит.- Қарағанды, 2003.- N12.-6-9 б., 2004.- N2,N4.-14-18 б.


Ол туралы:
Асан Жұмаділдин //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 137 б.

Асан Жұмаділдин: некролог// Жаңаарқа.- Атасу, 2004.- 3 сәуір.-3 б.

Асан Жұмаділдин // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анытамалық.- Алматы, 1987.- 259 б.

Бексейіт С. Ғасырластарым [Мәтін]: Әр жылдардағы жазбалар.- Қарағанды: ТОО "Арко", 2005.

Мұқышұлы Ұ. "Орталық Қазақстан" - ақпарат құралдарының алдыңғы легінде// Жаңаарқа.- Атасу, 2001.-24 қараша

Мұқышұлы Ұ. "Жаңаарқа" дерекнамасы - мағұлматы мол туынды: Жаңа кітап / Ұ.Мұқышұлы// Орт.Қазақстан.- 2003.- 23 желтоқсан.-6 б.



Мұқышұлы Ұ. Жарқын бейнесі жадымызда: жақсының жақсылығын айт...// Жаңаарқа.- Атасу, 2005.- 9 сәуір.-2 б.
10 маусым 1912 Жазушы Жайық Бектұровтың туғанына 95 жыл.
Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров 1912 жылы 10 маусымда Ақмола уезінің Моншақты болысында (қазіргі Астана облысы, Алексеев ауданы, “Үрпі” ауылы) туған.

1928 жылы ҚАССР-нің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген соң, Атбасар қаласында мұғалім болған.

Ол 1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген.

Ж.Бектұров 1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған, 1937-1939 жылдары республикалық “Лениншіл жас” жастар газеті редакторының орынбасары, “Социалистік Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған.

1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, ал соғыс басталғанда дивизиялық газетінің редакторы болған.

1942 жылы мамыр айында Ж.Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РФСР Қылмысты істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды.

Жайық Кәгенұлы елеуінші жылдары педагогикалық қызметте болды. 1958 жылдан бастап 1989 жылғы қыркүйекке дейін ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қарағанды облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды.

КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Бүкілодақтық географиялық қоғамының мүшесі, партия мен еңбек ардагері Ж.К.Беқтұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі.

Публицист Ж.К.Бектұров өзінің ауқымды да бейнелі сөздерімен Орталық Қазақстанның көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадында қалдырды.

Ол республиканың әдеби ортасында кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі.

Ж.К.Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясын жасаушылардың бірі болды.

Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы “Жол жоралғысы” деген кітабы шықты. Бұл жинаққа қаламгердің Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Г.Потанин, қобызшы-жыршы Н.Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап, бастырудағы еңбегі өз алдына бір сала. Ж.Бектұров Абай, Сәкен, Бейімбет, Саттар, Әбділдә, Тайыр, Ғабиден, Зейін және өзге де қазақ ақын-жазушылары жайында көптеген сын мақалалар жазған. Жазушы басқа ұлттар әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Ж.Бектұровтың өрнекті тілімен қазақшаланған Г.Серебрякова, Петефи, Дефо, Гашек, Л.Пантелеевтің шығармаларын оқырмандар жылы қабылдаған. Облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің бетінде жазушы Азия, Африка елдері қаламгерлерінің бірнеше әңгімелерін аударып бастырған. Кейінгі жылдары, яғни 1991 жылы “Өткел” өлеңдер жинағы, ал 1997 жылы “Қазақстан” баспасынан “Таңба” атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап еліміздің шежіресіне қара таңба болып басылған отызыншы-қырқыншы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің алапат ашы шындығы жайында, сол нәубеттің құрбаны болған тұғырлы тұлғалар, талайлы тағдырлар жайында баян ететін туынды. Мұның жарық көруінің арасы 40 жылдай уақыт созылған екен… Сол қырғынның өзі де куәсі болған, кезінде жазықсыз танылған кесірінен жапа шегіп, жалынды жастық жылдарын айдауда, азап лагерьлерінде өткізген ардагер жазушының аталмыш романы авторы іспеттес қилы қияметтерді бастан кешіріп барып, кейінде ғана оқырмандарға жол тапқан. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнелеген тұңғыш еңбек. Сол жылы Медицина ғылымының докторы, профессор М.Әлиакпаровтың “Жайық мінген қайық” кітабы Қарағанды қаласының “Қазақстан” баспасынан шыққан. М.Әлиакпаровтың бұл кітабы Ж.Бектұровтың тар жол, тайғақ кешулерге толы өмір өткілдеріне арналған. Автор мен кітап кейіпкері арасындағы сырлы сұхбатта зұлмат жылдардың зобалаңы, қазақ халқының басына қолдан жасалған нәубет зардабы бүкпесіз баяндалады. Сонымен қатар кітапқа жасы сол кезде сексен беске келсе де қаламы қолынан түспеген Ж.Бектұровтың сталиндік зұлматты ашық әшекерелейтін бірқатар поэмалары мен өлеңдері енгізілген.

1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасқа қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Ж.К.Бектұров өмірден өтті.
Ж.К.Бектұровтың шығармалары:
Бектұров Ж. “Абайға толғау” // Орт.Қазақстан. - 1981. - 4 сәуір

Бектұров Ж. Абайдың белгсіз шұмақтары: / “Абай сөзі” жайында/ // Жұлдыз. - 1991. - №5-7.- 194-196 б.

Бектұров Ж. Ағайнға ашық хат // Орт.Қазқстан. - 1996. - 30 қаңт.

Бектұров Ж. Ақан арқада: /А.Байтұрсынов туралы және “қырық мысалы”/ // Орт.Қазақстан. - 1989. - 29 қаңт.

Бектұров Ж. Ақ бұлты бар басында…Қазақ ССР-інің 70 ж-на // Орт.Қазақстан. - 1990. - 2, 4, 5 қырк.

Бектұров Ж. Ақ кітап: /М.Әлиакпаровтың “Ахат” атты кітабы туралы/ // Орт.Қазақстан. - 1997. - 8 ақп.

Бектұров Ж. Ақ теректің арызы: Фельетон // Орт.Қазақстан. - 1968. - 20 маус.

Бектұров Ж. Ақын Қасым жаттаған 1916 жылғы бәйіт: /Арабша қолжазбадан көшірілген/ // Орт.Қазақстан. - 1992. - 19, 20 ақпан

Бектұров Ж. Ақын Қасым Сырымбетұлы: /1904-1990/ // Орт.Қазақстан. - 1992. - 19 ақпан

Бектұров Ж. Ақынның бір арызы: /Қ.Тоғызақовтың “Абақтыдан арыз” өлеңі жайында/ // Орт.Қазақстан. - 1994. - 4 қазан

Бектұров Ж. Алыс жылдардың дерегі: /1930-1937/ // Жалын. - 1989. №4.- 70-75 б.

Бектұров Ж. Алыстағы ауылдарда: Жолжазба // Шұғыла. - 1978. - 7 қырк.

Бектұров Ж. Аңғал: Әңгіме // Орт.Қазақстан. - 1969. - 28 мамыр

Бектұров Ж. Арманда кеткен қайран ер: Кенесары-200// Ақиқат.- 2002.- N11.-36-43 б.

Бектұров Ж. Асуларда: Тарихи дастан // Орт.Қазақстан.- 1989.- 15, 16, 17 қырк.

Бектұров Ж. Асыл азамат: /Қазақ революционерлері жайлы/ // Орт.Қазақстан.- 1977.- 14 қаңт.

Бектұров Ж. Аурухана ауласынан: Өлеңдер // Орт.Қазақстан.- 1993.- 11 мамыр

Бектұров Ж. Әдептен де, әдеттен де озбайық // Орт.Қазақстан.- 1991.- 1 қар.

Бектұров Ж. Әзілханның әзілі мен ақылы // Орт.Қазақстан.- 1987.- 29 қар.

Бектұров Ж. Ән қанатында: Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1983.- 18 қырк.

Бектұров Ж. Бақыт жолында: Әңгіме // Орт.Қазақстан.- 1966.- 17 сәуір

Бектұров Ж. Балуан Шолақ: Әңгіме // Қазақ әдебиеті.- 1986.- 12 желт.

Бектұров Ж. Баянауыл басында. Мәшһүр-Жүсіптің аруағына бағыштаймын өлең-очерк // Орт.Қазақстан.- 1991.- 12, 15 қаңт.

Бектұров Ж. Боран; Қысқы ағаш: /Өлеңдері/ // Орт.Қазақстан.- 1984.- 5 наур.

Бектұров Ж. Біржан сал және оның ұрпақтары // Орт.Қазақстан.- 1979.- 31 наур.

Бектұров Ж.К. "Бір борышымды өтегендей болып отырмын..." // Егемен Қазақстан.- Алматы, 2002.- 31 шілде

Бектұров Ж. Ғалым-жазушы: /С.Талжановтың туғанына 80 жыл/ // Орт.Қазақстан.- 1986.- 13 қар.

Бектұров Ж. Ғуламамен сұхбат: /Ә.Марғуланнан сыр сандық/ // Орт.Қазақстан.- 1991.- 21, 28 желт.

Бектұров Ж. Дәлел мен дерек: /Кенасары мәселесі/ // Жұлдыз.- 1990.- №10.- 188-196 б.

Бектұров Ж. Дәнекер: Әдебиет беті // Орт.Қазақстан.- 1988.- 24 тамыз

Бектұров Ж. Енеден ерте айрылған төл секілді... Алматы: Қазақстан, 2002.- б.: Фотосуреттер

Бектұров Ж. Екі сөз: Жаңғырық // Орт.Қазақстан.- 1995.- 12, 14 қырк.

Бектұров Ж. Ел мен жер: Пікір // Замандас.- 1994.- 14 қаңт.

Бектұров Ж. Ескінің ізі: Мұра // Орт.Қазақстан.- 1990.- 29 шілде

Бектұров Ж. Жақсыға “әркімнің-ақ бар таласы”: Ескі күнделік беттерінен // Орт.Қазақстан.- 1991.- 2, 5, 6 наур.

Бектұров Ж. Жамбыл жотасынан: /Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына/ // Орт.Қазақстан.- 1996.- 9 шілде

Бектұров Ж. Жас шыбық: Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1982.- 31 шілде

Бектұров Ж. Жаттап алған, хатта қалған..: /Мұқаш молланың Садық қажыдан қой сұрағаны және қажының жауабы/ // Орт.Қазақстан.- 1995.- 23, 25 ақпан

Бектұров Ж. Жоқтау-толғау: /Балуан Шолаққа, Шоқанға/ // Орт.Қазақстан.- 1993.- 11 қар.

Бектұров Ж. Жоқтау-толғау: /Кенесарыға, Махамбетке, Исатайға, Мәдиге/ // Орт.Қазақстан.-1993.- 30 қаз.

Бектұров Ж. Жоқтау-толғау: /Құдайбергенге, Берниязға, Омарға, Ыбырайға/ // Орт.Қазақстан.- 1993.- 21 желт.

Бектұров Ж. Жол жоралғысы: Очерктер.-Алматы:Жазушы, 1977.-88 б.

Бектұров Ж. Жұлдызы жарық та, жоғары жазушы: /І.Есенберлин туғанына 80 жыл/ // Орт.Қазақстан.- 1995.- 14 қар.

Бектұров Ж. Жүсіпбек Аймауытов және “Қартқожа” // Орт.Қазақстан.- 1989.- 17 ақпан

Бектұров Ж. Жыраулар дәстүрі: Қазақ поэзиясының үлгі-нұсқаулары // Орт. Қазақстан.- 1977.- 10 ақпан

Бектұров Ж. Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1991.- 14 желт.

Бектұров Ж. Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1992.- 16 қаңт.

Бектұров Ж. Кенекем кернеуінде: /Кенесары туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1993.- 4 қар.

Бектұров Ж. Көбікауыз: Памфлет // Орт.Қазақстан.- 1990.- 16 желт.

Бектұров Ж. Көз алдымда көп адам: Өлең // Орт. Қазақстан. - 1991. - 25 желт.

Бектұров Ж. Көзбен көріп, көңілге тоқығандарымнан // Ақиқат.- 1996.- №8.- 76-78 б.

Бектұров Ж. “Көкпар” емес – “көк бөрі” және осыдан туындайтын бірер пікір: /Ескерткіштерді сақтау туралы/ //Орт.Қазақстан.- 1993.- 5 наур.

Бектұров Ж. Көкше: Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1982.- 3 сәуір

Бектұров Ж. Көп қырылған ағайынның бірі: /Т.Бұқарбаев жайында/ // Орт.Қазақстан.- 1990.- 19 қаңт.

Бектұров Ж. Қажымұқан қадірі: Деректер // Орт.Қазақстан.- 1978.- 16 мамыр

Бектұров Ж. Қайраткерлік қасиет: / Қазақ елінің ақсақалы Б.Әшімұлы-80 жасқа толды/ // Орт.Қазакстан.- 1997.- 2 тамыз

Бектұров Ж. Қаныш қаққан қияда: Очерк // Орт.Қазақстан.- 1966.- 22 шілде

Бектұров Ж. Қарағанды қазақ совет әдебиетінде // Орт.Қазақстан.- 1987.- 22 қазан

Бектұров Ж. Қараторғай: Әңгіме // Сов. Қарағанды.- 1963.- 7 ақпан

Бектұров Ж. Қармақ: Өлең // Орт.Қазақстан.- 1994.- 18 қазан

Бектұров Ж. Қарындасқа хат: /Жазықсыз жазаланып, Тағайдан елге оралғанда/ // Орт.Қазақстан.- 1998.- 1, 4 шілде

Бектұров Ж. Қозы Көрпеш–Баян сұлу: Аңыз соңы // Орт.Қазақстан.- 1992.- 16 қар.

Бектұров Ж. Құран Шәриф // Орт.Қазақстан.- 1990.- 27 маус.

Бектұров Ж. Мәдидің мерейін мерт етпейік // Орт.Қазақстан.- 1992.- 26 маус.

Бектұров Ж. Мырзажанды алдымен менен сұра: Жаңғырық // Орт.Қазақстан.- 1995.- 4 қаңт.

Бектұров Ж. Міржақып туралы. // Орт.Қазақстан.- 1989.- 3 тамыз

Бектұров Ж. Орынборға саяхат: Әңгіме // Орт.Қазақстан.- 1972.- 25-27 қазан

Бектұров Ж. Өлеңдер // Орт.Қазақстан.- 1981.- 31 желт.

Бектұров ж. Өмір көріністері: Кысқа әңгімелер // Орт.Қазақстан.- 1963.- 3 қар.

Бектұров Ж. Өрт пен дерт: Эссе // Орт.Қазақстан.- 1989.- 25-28, 30 мамыр, 1-3 маус.

Бектұров Ж. Өткел: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1991.- 80 б.

Бектұров Ж. Сабыр түбі-сары алтын..: “Осы біз қандаймыз” атты мақалаға («ZAMAN-Қазақстан» 21.03.97) орай жолдаған хат // Орт.Қазақстан.- 1997.- 9 шілде

Бектұров Ж. Сәкеннің соңғы сәттері // Жалын. - 1988. - №3. - 39 б., №4.- 33-39 б.

Бектұров Ж.К. Сәкеннің соңғы сәттері: "Енеден ерте айрылған төл секілді..." кітабынан үзінді// Орт.Қазақстан.- 2004.- 9 қазан.-7 б.

Бектұров Ж. Сәкен Сейфуллин // Орт.Қазақстан.- 1973.- 5 сәуір

Бектұров Ж. Сәкен Сейфуллиннің “С.А. ауылы” қай ауыл? // Қазақ әдебиті.- 1974.- 28 маус.

Бектұров Ж. Сүрен: Өлең // Шипагер.- 1997.- 29 мамыр

Бектұров Ж.Сурет сырсыз, үнсіз бе? // Ана тілі.- 1994.- №10 (наур)

Бектұров Ж. Суреттерді сөйлеткенде: Мұра // Орт.Қазақстан.- 1990.- 18 тамыз

Бектұров Ж. Сурет сыр шертеді // Орт.Қазақстан.- 1982.- 21 маус.

Бектұров Ж. Сыр сандықтан: Әр жылдардың жырлары // Орт.Қазақстан.- 1996.- 6 сәуір

Бектұров Ж. Сібірде: /30-шы жылдары сұрапыл аштықта шұбырып, Сібірде топырақ қапқан қазақ елі құрбандарына арналады/ // Орт.Қазақстан.- 1995.- 3 маус.

Бектұров Ж. Тағы да Олжабай туралы: /Олжабай ақын/ // Орт.Қазақстан.- 1990.- 14 маус.

Бектұров Ж. Тайбурылдың өлімі: Романнан үзінділер // Орт.Қазақстан.- 1992.- 7, 9, 12, 14, 16, 19, 21 мамыр

Бектров Ж. Таңба: Роман.- Алматы: Қазақстан, 1997.- 304 б.

Бектұров Ж. Таңба: Роман // Жұлдыз.- 1989.- №7.- 3-69 б.

Бектұров Ж. Тауқымет: Памфлет // Орт.Қазақстан.- 1990.- 26-28 қазан

Бектұров Ж. Тұлғалы қайраткер: /Х.Жүсіпбеков, Н.Нұрмақов жайында/ // Орт.Қазақстан.- 1980.- 26 тамыз

Бектұров Ж. Тұрлыбектің тығырығы: Хикая // Орт.Қазақстан.- 1995.-5-7, 8-9 желт., 1996.- 18, 20-22 маус.

Бектұров Ж. Түйін: Толғау // Замандас.- 1994.- 24 маус.

Бектұров Ж. Түн басқанда төбеңнен: Мұң мен сыр // Замандас.- 1991.- 28 маус.

Бектұров Ж. Түрлі-түрлі құстар бар: Өлең // Орт.Қазақстан.- 1981.- 19 қараша

Бектұров Ж. Түсімде де, өңімде де: Толғау // Орт.Қазақстан.- 1992.- 27 наур.

Бектұров Ж. Тығырық // Орт.Қазақстан.- 1996.- №7.- 31-66 б.

Бектұров Ж. Тілмаш // Орт.Қазақстан.- 1993.- 26, 27 қазан

Бектұров Ж. Тілім менің: Поэма // Орт.Қазақстан.- 1991.- 20, 23 шілде

Бектұров Ж. Хан мен қайыршы: Аңыз-ертегі // Орт.Қазақстан.- 1991.- 20 сәуір

Бектұров Ж. Ілекең ілегінде: І.Жансүгіровтің туғанына 95 жыл толуына орай // Орт.Қазақстан.- 1989.- 16, 17 желт.

Бектұров Ж. Шалдауыр шариғат: Сықақ әңгімелер // Орт.Қазақстан.- 1968.- 19-22 желт.

Бектұров Ж. Этап: /Өлең сөзбен жазған естелік: 1962 ж./ // Орт.Қазақстан.- 1994.- 29 қазан., 1 қараша


Ж.К.Бектұровтың шығармашылығы туралы:
Ақсұңқарұлы С. Бір өзі ұлыстың зердесі еді: /Ж.Бектұровтың қабірі басында сөйлеген сөзі/ // Орт.Қазақстан.- 1998.- 2 сәуір

Ақсұңқарұлы С. "Қара шал, тізгін тартып, бөгел бері...": Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 11 желтоқсан.-1, 8 б.

Ахметов Қ. Тар жол, тайғақ кешу: руханият// Балқантау.- Қарағанды, 2006.- 8 маусым.-9 б.

Ахмет Ө. Ылдидан шауып, төске озған // Орт.Қазақстан.- 1992.- 29 мамыр

Әбікенова С. Арқаның ардақты ақсақалы: Тәуелсіздікті аңсаған ағалар: [Ж.Бектұров туралы]// Орт.Қазақстан.- 2001.-5 желтоқсан

Әбікенова С. Бір шұмақ жыр бойына бүккен сыр, немесе Аруақ алдындағы парыз қоғам мойнына қашанғы қарыз боп қалмақ?: [Ж.Бектұров туралы] / С.Әбекенова, Е.Еленбестегі// Азия Транзит.- Қарағанды, 2001.-N12.-39-41 б.

Әбікенова С. Парызын адал атқарған қаламгер: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл// Орт.Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-8-10 б.

Әбдікеева Ж. Жайық Бектұров тағлымы// Ақиқат.- 2005.- N11.-36-38 б.

Әдекенов М. "Таңбаның" тағлымы: Жайық Бектұровтың туғанына 90 жыл // Ақиқат.- 2002.- N11.-63-65 б.

Әдекенов М. Тәрбиелік мәні зор шығарма: /Ж.Бектұровтың “Таңба” кітабы хақында/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 27 желт.

Әлиақпаров М.Т. Жайық мінген қайық (Жайық Бектұровтың өмір шежіресінен) [Мәтін] 1997.- 202 б.

Байкенжина Л. Заман сипаты - мұрағат құжаттарында: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні// Орт.Қазақстан.- 2006.- 30 мамыр.-8 б.

Бекенов Қ. Жеті атаны тергеткен Жәкең еді: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 2 қазан.-13 б.

Бексейіт С. Ғасырластарым [Мәтін]: Әр жылдардағыжазбалар / Қарағанды: ТОО "Арко", 2005.

Бектұров Ж. // Қарағанды. Қарағанды облысы Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 131 б.

Бектұров Ж. // Советтік Қазақстан жазушылары. Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 131 б.

Бектұров Ж. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық.- Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 80 б.

Бектұров Ж. // Орталық Қазақстан жазушылары.- Қарағанды, 1990.- 16-17 б.

Бокаев Н. Ой өрнектері. Замандастарыма арналады: Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1998.- 27 қаңт.

Егеубаев А. Хат. Талант: тақсыреті мен қасіреті: [Жайық Бектұров туралы]// Егемен Қазақстан.- 2005.- 22 маусым.-8 б.

Ермекбаев Т. Бір суреттің сыры: /Ж.Бектұровтың естелігінен/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 9 сәуір

Ермекбаев Т. Жазушы Жайық Бектұров // Орт.Қазақстан.- 1991.- 31 тамыз

Ермекбаев Т. Соңғы сөз немесе Қарағандының қазына қартымен қоштасу: Өлең // Орт.Қазақстан.- 1998.- 28 наур.

Жазушы Жайық Бектұров 70 жаста // Қазақ әдебиеті.- 1983.- 10 маус.

Жазушы жинағын шығарды: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл// Орт.Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-8 б.

Жанғожин А. Еңбекпен көтерілді ел еңсесі: 50 жылдар: "Орталық Қазақстан" газетіне-70 жыл /А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2001.-27 маусым

Жакина Ж “Жәкеңдей” жазушыға жар болдық қой”: Сұлушаштың қонағы // Орт.Қазақстан.- 1999.- 18 желт.

Жанысбай С. Жәкең туралы толғаныс: /Ж.Бектұров туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 9 сәуір

Жевлаков А. “Ұлтшылдар” дейтін құйтырқы құпия іс: /Ж.Бектұров өмірбаянынан, 1942/ // Орт.Қазақстан.- 1990.- 18 қар.

Жұмағали З. Мықтылардың мектебінен тәлім алдық: профессор З.Т.Жұмағалимен сұхбат / сұхбаттасқан С.Жұмағұл// Орт.Қазақстан.- 2006.- 4 ақпан.- 8 б.

Жұмай С. Жәкеңнің жоқтау - толғаулары: мәдени мұра// Орталық Қазақстан.- Қарағaнды, 2005.- 15 қазан.-8 б.

Жұмашев Р. Ұлттық дипломатиямызың жеңісі: жер тағдыры - ел тағдыры / Р.Жұмашев, Қ.Өскембаев// Орт.Қазақстан.- 2006.- 28 ақпан.-5б.; 2 наурыз.-11б.; 4 наурыз.-10 б.; 9 наурыз.-7б.

Ж.К.Бектұровтың тарихи-әдеби мұрасын облыстық мемлекеттік мұражайға өткізу туралы: Қарағанды облысы әкімінің өкімі // Орт.Қазақстан.- 1999.- 23 маус.

Жүніс Қ. Алапат жылдардың ақиқаты: Ж.Бектұровтың “Таңба” атты кітабы туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 10 қырк.

Кәкішев Т. Шындықпен шындықпен шыңдалған: Лауреат туралы лебіз // Орт.Қазақстан.- 1990.- 5 қаңт.

Көккөзова Г. Жайық Бектұровқа! /Өлең/ // Народная трибуна.- 1997.- 22 наур.

Құлқыбаев Ғ. Жазушы жолы: /Ж.Беқтұров жайында/ // Орт.Қазақстан.- 1973.- 21 ақпан

Құлқыбаев Ғ.Ә. Рухани аға әрі сырласым болатын: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.-11 желтоқсан.-9 б.

Ләмбеков С. Жәкеңнің жетектеуімен жеттік: Ж.Бектұровтың 80 ж.-ғы қарсаңында // Орт.Қазақстан.- 1992.- 5 мамыр

Ләмбекұлы С. Жәкеңнің жетектеуімен жеттік: Жайық Бектұровтың туғанына - 90 жыл / С.Ләмбекұлы// Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.- N4.-41-43 б.

Мақанқызы Г. Жәкең мені Жауһар деп атады: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына 90 жыл толуы қарсаңында // Орт.Қазақстан.- 2002.- 3 тамыз.-9 б.

Мақашев Д. Шежіре жүрек шерткен сыр: Жазушы Ж.Бектуров 80 жаста // Халық кеңесі.- 1992.- 28 мамыр

Мақаш Д. Қарағандылықтар Жайығын еске алды // Орт.Қазақстан.- 2002.- 14 желтоқсан.-5 б.

Мақаш Д. Тағылымына тамсанумен өттік: Жайық Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 28 тамыз.-8 б.

Мақаш Д. Тірлік тегеуріні тұқыртса да жазушы мен академик рухани достықтан танған жоқ: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-10 б.

Мансұрұлы Т. Абыз ақсақал еді: Ардагер, Қарағандының көрнекті қаламгері, марқұм Ж.К.Беқтұров жайлы// Азия Транзит.- Қарағанды, 2000.- N1(наурыз).-18 б.

Мұсабеков Б. Жазулы хатым: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл / Б.Мұсабеков// Орт.Қазақстан.-2002.- 11 желтоқсан.-8, 9 б.

Несіпбай А. Бір өзі – бүкіл шежіре // Егемен Қазақстан.- 2001.- 22 наурыз

Оразбеков Н., Ермекбаев Т. Жойқын жігер, қажымас қайрат иесі: /Саяси қуғын-сүргін құрбаны, жазушы Ж.Бектұров-85 жаста/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 12 наур.

Оразбеков Н., Ермекбаев Т. От өрім өмір: /Ж.Бектұров/ // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 мамыр

Оразбек Н. "Жазып қойған хатпен тең" Жайық еді // Орт.Қазақстан.- 2003.- 26 шілде.-8, 9 б.

Оспан Ж. Шежіре қарттың шерлі туындысы: /Ж.Бектұровтың «Таңба» атты кітабы жарық көрді/ // Орт.Қазақстан.- 1998.- 17 ақп.

Самрат Ж. Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе... немесе Жайық Бектұровтың есімін ардақтауға кейбір жерлестері неге қарсы// Егемен Қазақстан.- 2005.- 9 ақпан.-5 б.

Сексенұлы С. Жазушының мұражай кабинеті ашылды // Орт.Қазақстан.- 2001.- 15 желтоқсан

Сексенұлы С. "Кітабым - асыл бұйым төрімдегі" дейтін жазушы Ж.Бектұровтың аты кітапханаға берілді// Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 1 қаңтар

Семқұл Б. «Таңба» – Ақтаңдақтар ақиқаты // Абайский вестник.- 1998.- 4 шілде // Қарқаралы.- 1998.- 11 шілде

Смағұлова Т. Халқына арнап өткен жас ғұмырын: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Н.Нұрмақовтың туғанына - 110 жыл// Азия Транзит.- Қарағaнды, 2005.- N4 (сәуір).-4-8 б.

Смағұлова Т. Есімі әспеттейтін кез келді: Нығмет Нұрмақовтың туғанына - 110 жыл / Т.Смағұлова, Ғ.Смағұлов// Орталық Қазақстан.- Қарағaнды, 2005.- 10 қараша.-4 б.

Смаханұлы О. Мерейтойға тарту: /Ж.Бектұровқа-80 жыл/ // Сарыарқа.- 1992.- 4 маус.

Сұлтанов Қ. Жәкеңнің әңгімесі // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 22 мамыр // Орт.Қазақстан.- 1992.- 4 маус.

Тайшыбаев З. Жазушы Жайық жетпісте // Орт.Қазақстан.- 1983.- 29 мамыр

Темірбайұлы А. Мұғалім мен жазушы: Ж.Бектұровтың туғанына 90 жыл толуына / А.Темірбайұлы// Орт.Қазақстан.- 2002.- 17 тамыз.-14 б.

Тойымбекұлы Т. Әз ағаның алдындағы парыз: /Ж.Бектұров туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1999.- 26 маус.

Тойбек Ж. Жазушы Жайық және ақын Базарға ашылған мұражай: өнер саңлақтары// Орт.Қазақстан.- 2005.- 2 сәуір.-13 б.

Рухани өміріміздің өрісін кеңейте берейік: /Ж.Бектұровтың бай кітапханасы мен құнды архивін мұқият сақтайтын арнаулы жеке үй бөлінуі қажет/ // Орт.Қазақстан- 1993.- 11 наур.

Халиолла, М. Таңбалы тарлан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында //Орт.Қазақстан.- 2003.- 27, 29 мамыр.-5 б.

Хасенұлы С. Тозақтан да қасқайып тұрып тік өткен // Орт.Қазақстан.- 1992.- 26 мамыр

Хасенов М. “Ұлтшылдар” дейтін құйтырқы құпия іс: /А.Жевлаковтың мақаласына аудармашыдан қосымша/ // Орт.Қазақстан.- 1990.- 18 қар.



Шәріпқызы М. Хикаялы тағдыр: /М.Әлиакпаровтың “Жайық мінген қайық” кітабы туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 1 қазан
6 шілде 1927 – Жазушы Әмен Әзиевтің туғанына 80 жыл.


Журналист, жазушы, ғалым Әмен Махатұлы Әзиев 1927 жылы 6 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданынданындағы бұрынғы “Оян” дейтін ауылда дүниеге келген. Оның балалық шағы, есейіп ер жетуі атақты Сарқұлжа мен қара орманды Кент тауларының маңдарында Жамбыл және Қ.Аманжолов атындағы ауылдардарда өткен. Қарағандыда, Қарқаралыда. Ақтоғайда оқыған. 1950 жылы Қазақстанның мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, республикалық “Лениншіл жас” /қазіргі “Жас алаш”/ газетінде, Ұлттық ғылым академиясының тіл және әдебиет институтында қызмет істеген. 1952 жылы Қарағандыға ауысып, еңбек жолын облыстық “Советтік Қарағанды” /қазіргі “Орталық Қазақстан”/ газетінде бастайды. Жалын атқан жиырма бес жасында жұмысқа құлшына кіріседі. Өндірісті өлке туралы өндірдіп мақала, очерктер жазғаны да осы тұс. Қатардағы тілшіден редакцияның жауапты хатшысына дейін көтеріліп, 1961 жылдан Қарағанды телевизия студиясының директоры болып қызмет атқарып, журналистік, қаламгерлік өнерін шындайды. Күнделікті өмір құбылыстарына, әсіресе, жастар тәрбиесіне жете қөңіл аударған Ә.Әзиев кейінгі жылдарда бірқатар әңгіме-очерктер жазды. Жазушының “Достық күші”, “Құтқару”, деген әңгімелері “Жұлдыз” журналына басылды. Милиция өміріне арналған “Алтыншы операция”, “Ошаған”, “Ар оянасы” очерктері облыстық газетте жарияланды. Бұл очерктер 1965 жылы “Өтелген өкініш” деген атпен жеке кітап болып шықты. Міне, журналист енбегінің күрделі де қым-қуат қиыншлықтарына қарамстан осы жылдары көркем шығармалар жазып, қазақ повесі туралы филология ғылымдрының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғайды. Кейін ҚарМУ-де, ҚаПТИ-де доцент, профессор міндеттерін атқара жүріп, шығармашылық жолындағы басты еңбегі–Орталық Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің пайда болуы және даму тарихын зерттейді. Бұл еңбекке ол өзінің жиырма жылын сарп етеді. Соның лайықты жемісі ретінде қазақ және орыс тілдерінде “Қазыналы Сарыарқа” “Сокровища Сары-Арки” деген құнды монографиялар жариялап, докторлық диссертация жазады, профессор ғылыми атағын алады.

Ә.Әзиевтің әдеби қызметі елуінші жылдардың аяқ шенінде басталды. Жазушы қазақтың ұлттық парасаты, интернационализм және халықтар достығы жайында көп жазды. Ол он бес кітаптың авторы.

Қырық жыл созылған шығармашылық қызметінде Ә.М.Әзиев “Өтелген өкініш” (1965 ж.), “Шапақ (1968 ж.), “Оянған ар” (1972 ж.), “Шұғыл тапсырма” (1980 ж.) повестері, “Жез таулар” (1977 ж.), “Мыс ошағы” (1980 ж.), “Медный пояс” (1991 ж.), “Жер жарасы” (1994 ж.) романдары, “Есіл ару” пьесасы (1983 ж.), “Қазыналы Сарыарқа” (1978 ж.), “Сокровища Сары-Арки” (1986 ж.), “Қазақ повесі” (1989 ж.) атты монографиялары жарық көрді. Ол әдебиет және тарих ғылымдарымен де жеткілікті айналысты. Көп жылдар студенттерге дәріс оқыды.

Ә.М.Әзиев жиырма бес жыл бойы зерттеген “Орталық Қазақстанда түсті металлургияның пайда болуы және дамуы” атты докторлық диссертациясы оған тарихтың көптеген құпиясын ашты. Соның нәтижесінде ол өзінің ең күрделі де көлемді екі туындысы – “Мыс ошағы” және “Жер жарасы” романдарында отызыншы жылдарда өріс алған ауыр индустрияның қазақ даласына тигізген кесапатын асқан шеберлікпен, тарихи тұрғыда, барынша нанымды бейнелеп шықты.

1968 жылы «Есіл ару» атты пьесасы Қарағандының облыстық драма театрының сахнасында қойылды.

1997 жылы ол өзінің жетпіс жылдық мерейтойында туған жері Қарқаралыға сапармен келді. Бұл сапарда жазушыға қаланың құрметті азаматы атағы берілді.

Әмен Махатұлы Әзиев 2003 жылы 4 сәуірде қайтыс болды.


Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Қала және қылқалам шеберлері Қарағанды қаласына – 70 жыл
Kraeved -> О, туған жер, тулап аққан қанымсың
Kraeved -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Kraeved -> «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деп басталатын ақынның өлеңі қай тауға арналғанын білесіз бе?!
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Ақынның Ақжайықта ізі қалған «САҒындым сені, оралым»
Kraeved -> «Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»
Kraeved -> Балажан ақын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет