Аталып өтілетін даталар



бет13/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Мұражай осыдан 75 жыл бұрын құрылған кезде Ленинград политехникалық мұражайы тарапынан мол жәрдем алған. Алғашқы экспонаттарды іріктеу, жұмысты жоспарлы түрде жүйелеп жүргізу бағытында біршама тәжірибесі бар аталмыш мұражай қызметкерлері білгендерін үйретуден әсте жалықпаған.

Мұражайдың алғашқы директоры - М.Бекметов деген азамат. Жылдар өткен сайын Қарағанды мұражайының экспонаттары көбейіп, штаты толығьш, жұмысы өрге жүре бастаған. Қазір қолда бар дерекке қарағанда, 1936 ж. мұнда 712 экспонат болыпты. Мұнымен қоса мұражай қорында фотолаборатория, киноапарат, диапроектор және патефон болыпты.

Мұражай қызметкерлері Ұлы Отан соғысының қарсаңында облыс территориясында археологиялық экспедициялармен сапарға шығып, тынымсыз ізденіс үстінде жүріпті. Соның нәтижесінде өте ескі қорымдардан аса бай тарихи жәдігерлер табылып, олар мұражайдың ең қымбат экспонаттарына айналған.

Осы кезеңде мұражай қызметкерлері республика Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтымен тығыз байланыста жұмыс жүргізген. Жүйелі түрде тарих тұрмыстық экспедицяларды жолға шығарып, ел арасынан қолы епсекті шебер адамдарды іздестірген. Өздері де қазақтың ою-өрнек үлгілерін кеңінен зерттеп, жергілікті халықтың салт-дәстүрін жан-жақты қамтитын алуан түрлі экспонаттарды мұражай қорына тынымсыз іздестіру үстінде жүрген.

1950 жылдың ішінде Сарыкеңгір, Қаракеңгір, Сарысу өзендерінің бойына бірнеше мәрте арнайы экспедициялар ұйымдастырылды. Облысымыздың жерінен палеолит және неолит дәуірлерінің ондаған көне ескерткіштері табылды.

1970 жылдан бастап біздің осы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғылыми-ағартушылық жұмыстарға да бет бұрды. Бұқаралық жиындар өткізіп, өлке шежіресінен жетік білетін адамдармен кездесу кештерін өткізу жақсы дәстүрге айналады. Мұнымен қатар такырыптық кештер мен лекторийлер де мұражайдың осы бағыттағы жумысының өзекті бір саласы ретінде қалыптасып қалады. Сол жылдары мұражайда бұрынғы Одақтас республикалардың көшпелі көрмесін ұйымдастыру да жарқын жаңалықтың бірі ретінде қабылданған.

1982 жылы мұражайда Қазақстан Ғылым академиясының тарих, археология және Қарағанды мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, Беғазы-Дәндібай мәдениеті мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Қазіргі кезде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында материалдық және рухани мәдениеттің 125887 ескерткіші жинақталған. Мұнда археологиялық, этнографиялық коллекциялар да мол. Жыл сайын өлкетану тақырыбына арналған тұрақты және көшпелі көрмелер ұйымдастырлады.

1977 жылы Қарқаралы қаласында мұражайдың филиалы ашылды. Қазір ол өз алдына жеке мұражайға айналып, аудан халқына қалтқысыз қызмет көрсетуде. Сол сияқты Абай қаласы мен Осакаров ауданданында мұражайымыздың филиалдары жұмыс істейді. 1992 жазда мұражайдың тағы бір филиалы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанынан ашылған. Ол халқымыздың аяулы азаматы, жерлесіміз Е.Бөкетовқа арналған мемориалдық мұражай.

Бүгінде облыстық мұражай қоғамдық негіздегі 50-ден астам мұражайдың әдістемелік орталығына айналған.
Әдебиеттер:
Асайынова С. Тарихтың әсерлі беті: /Қарағанды өлкелік музейі/ // Орт. Қазақстан. - І989. - 16 апр.

Ауғаныстан – жан жарасы: /Обл. тарихи-өлкетану мұражайында көрме ұйымдастырылды/ // Орт. Қазақстан.- 1999.- 10 ақпан

Әшімұлы Б. Тарихты түгендеу - тағылымды іс: Қарағанды облысына - 70 жыл// Орт.Қазақстан.-2006.- 25 мамыр.-4 б.

Безносова Н. Тәбәрігі көп көрме // Орт. Қазақстан. – 2000.- 15 қаңт.

Васильева В. Облыс тарихының айнасы: /Обл. мұражай жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1979. - 18 май

Әбдіғалиева В. Жасампаз өмір шежіресі: /Обл. мұражай/ // Орт. Қазақстан. - 1983. - 18 май

Жанғожин А., Решеткина Е. Өлке тарихымен таныстырушылар: /Музейлер жұмысы/ // Орт. Қазақстан. - 1990. - 30 маусым

Коровкина Л. Мұражайдағы фотокөрме күйінішті ойға жетелейді… // Орт. Қазақстан.- 1997.- 31 мамыр

Қиқымов Т. Екі ұрпақтың кездесуі: Обл.тарихи-өлкетану мұражайында// Орт.Қазақстан.-2000.- 11 наурыз

Қиқымов Т.Ж.. Көне кезеңнен сыр шертеді: Обл. тарихи-өлкетану мұражайының дир. Т.Ж.Қиқымовпен әңгіме / Әңгімелескен Ж.Райымбекқызы// Орт.Қазақстан.-2002.- 21 желтоқсан.-9 б.

Қиқымов Т. Өндірісті өлкенің шежіресі: /Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына - 60 жыл/ // Орт.Қазақстан. -1992. - 25 қараша

Лойтр А. Қарағанды музейі халық қызметінде: /Музей жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1972. - 2 февр.

Мерейлі мәдени шара: Мәди Бапиұлының туғанына -125 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 6 қазан.- 12 б.

Могильницкий В. Кемел ғалымға арналған көрме: /Қар. обл. тарихи-өлкетану мұражайында Қ.И.Сәтбаевтың 100 ж-на арналған “Ғасыр ұлы” атты көрме ашылды/ // Орт. Қазақстан.- 1999.- 1 мамыр

Оразалиева Г. Қаламызбен біте қайнасқан: /Қар. Облыстық ұйымының көрме залында Р.Есіркеевтің творчествосына арналган көрме ашылды/ // Орт. Қазақстан. - 1981. - 30 дек.

Оразалиева Г. Музейдің жаңа экспонаттары: /Обл. тарихи-өлкетану музейінде/ // Орт. Қазақстан. - 1987. - 8 нояб.

Оразалиева Г. Өткеннің өнегесін насихаттайды: /Халықаралық музей күніне арналған хабар/ // Орт. Қазақстан. - 1987. - 17 май

Решеткина Е. Көненін көзіндей қастерлі ескерткіш - халық қазынасы: /Обл. мұражай жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1984. - 2 июнь

Решеткина Е. Музей - өткен жолымыздың айнасы // Орт. Қазақстан. - 1973. - 30 март

Семенов Л. Облыстық музейге 40 ж. // Орт. Қазақстан . - 1987.-11 март

Тебаева З. Тарих қойнауы: Обл. тарихи-өлкетану мұражайының 70 жылдығы қарсаңында // Орт.Қазақстан.- 2002.- 25 қыркүйек.-10 б.

Тойбек Ж. Шертпе күйдің атасына арналды: Тәттімбеттің туғанына - 190 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 3 қараша.-11 б.



Тұрғынбайқызы А. Мұражай - көне ескерткіштердің қоймасы // Орт.Қазақстан.- 2003.- 22 мамыр.-8 б.
1932 – С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының құрылғанына 75 жыл
Қазақ сахарасында драма өнері кең қанат жайып, қазақ драма театрлары әр-әр жерлерде ашыла бастады. Сол алғашқылардың бірі болып уығын қадап, шаңырағын көтерген өнер ордасының бірі, қасиетті де киелі Сарыарқа өңірінде қоныс тепкен Қарағанды шаһарындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет