Аталып өтілетін даталар



бет15/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Өткен күнге көз жіберіп, уақыт елегінен өткізу көңілге үлкен тебіреніс әкелері сөзсіз. Білім ұясындағы алғашқы жылдарда қиындықтар да, күрделіліктер де кездесті. Университеттегі алғашқы оқу жылында мұнда 280 оқытушы еңбек етті, олардың арасыда 82 ғылым кандидаты, төрт доктор болды.

Болашақ мамандарға терең де сапалы білім беру жолында көпшілікке аты жақсы таныс Т.Әбдіразақов, Б.А.Клещева, С.П.Кравицкая, Г.Мейрамов, Қ.Жуасов, А.Игіліков, Т.Қамзабаев, Д.Шаймүқанов, К.Қаракесеков сияқты педагог ұтаздар үлкен еңбек сіңірді, жоғары жауапкершілік танытты.

Өткен отыз бес жыл уақыт ішінде Қарағанды университеті республикадағы ірі жоғары оқу орындарының біріне айналды. Мұнда жоғарғы білім алушы студенттер қатары өткен уақытпен салыстырғанда екі есеге дейін өсті.

Қазірде олардың саны 953І адамға жетті, ал оқуға жыл сайын қабылданатын жастар қатары 900 адамнан І800 адамға дейін көбейді. Университеттің сегіз факультетінде он бес түрлі мамандық бойынша мамандар даярлайды. Атап айтқанда, математика, физика, химия, биология, география, психология, тарих, орыс тілі мен әдебиеті, ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, неміс тілі, финанс және кредит, бухгалтерлік есеп, материалдық ресурстарды басқару сияқты мамандықтар бар.

1997 жылы университетке бұрынғы Қарағанды педагогикалық институты қосылды. Бүл да ірі оқу орны болатын. Педагогика институтында 8 факультет бар еді, оларды ірілендіріп, төрт факультет құрды. Ендігі жерде Қарағанды университетінің 14 факультетінде 109 мамандық бойынша жоғары білімді мамандар даярлайды. Ал мамандықтар ішінде мамандану түрлері одан да көп. Жекелеп айтқанда: математика факультетінде қолданбалы математика, физика факультетінде жылу физикасы мен электроника, интроскопияның физикалық тәсілдері мен аспаптары, химия факультетінде өнеркәсіп экологиясы деген мамандықтар бар, биология факультетінде биология мен географиядан басқа экология мамандығы ашылды. Философия және психология факультеттерінде философия, саясаттану, әлеуметтану, психология мамандықтары бар.

Әдістемелік-оқу және ғылыми-зерттеу шығармашылығымен айналысатын 1000 –нан астам оқытушылар, яғни 65 кафедрада жұмыс істейді. Оның ішінде 400 – ден астамы ғылым докторлары мен кандидатары.

Сонымен қатар Қарағанды Мемлекеттік университетінің құрамына облыстағы сегіз колледж берілді. Осы коллелждерді бітіргендер тестілеу сынағынан өтсе университеттік екінші курсына кабылданады.

Орталық Казақстандағы іргелі оқу орны болып саналатын ҚарМУ-де жан-жақты, тиянақты білім алуға барлық мүмкіндіктер жеткілікті. Университеттің профессор оқытушылары көп жыл бойы қалыптасқан дәстүрді одан әрі байыта, дамыта отырып, заман талабына сай мамандар даярлайды. Әлемдік білім кеңістігіне үмтыла отырып, қандай жақсы тәжірибе болса, соны өнеге етіп алуға ықыласты.

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ бірнеше жылдар аралығында жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациядан өті тәжрибесін мақсатты бағытта пысықтап, аккредитациялық құрылымдар нарығын ұзақ уақыт зерттеп, мониторинг жүргізді.

Орта Азия бизнес білім жүйесі сапасы Аккредитациялық ұйымы (CAMEG) аудит материалдарын қарастыра келе Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің экономикалық мамандықтарын халықаралық сапа сәйкестігі туралы №1 дипломды 2005 жылы сәуір айының 18 күні Алматы қаласында салтанатты жағдайда тапсырды.

Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігінің арнайы қаулысымен ҚарМУ аккредитациялық шаралар жөнінде әдістемелік құралдар әзірлейтін еліміздегі кешенді жоғары оқу орны болып бекітілді.

2005 жылдың 16 қыркүйегінде Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Ұлы Хартияның толық құқылы мүшесі атанды.

ҚарМУ-дың Ұлы Хартияның құрамына енуі университет дамуының барлық деңгейі мен бағыттарында жүргізіле бастаған жаңарту үрдісінің қисынды жалғасы болып табылады. Сонымен бірге отандық білім беру жүйесіне халықаралық сапа стандартын енгізу бойынша жүктелген міндеттеме ретінде қабылдайды.


Әдебиеттер:
Абдрахманов О. Табиғат жанашырлары даярланды // Орт.Қазақстан.- 2003.- 30 қаңтар.-8 б.

Ақылбаев Ж. Арманның кепілі – Ағалардың адалдығы // Жас Алаш.- 1997.- 7 тамыз

Ақылбаев Ж. Болашаққа бағдар – білікті маман: ҚарМУ ректоры Ж.С.Ақылбаевпен сұхбат /Сұхбаттасқан Д.Танатұлы // Орт. Қазақстан. -1997. - 17 қырк.

Ақылбаев Ж. Білім мен біліктілік – бүгінінен: ҚарМУ ректоры С.Ақылбаевпен сұхбат /Сұхбаттасқан Д.Мақаш // Орт. Қазақстан. - 1998. - 3 наур

Ақылбаев Ж. Жастарымыз білімді еңбекқор, ақжүрек болса екен: ҚарМУ ректоры С.Ақылбаевпен сұхбат /Сұхбаттасқан М.Сембай // Орт. Қазақстан. - 1998. - 25 шілде

Ақылбаев Ж. Жыл ішіндегі жетістіктер: ҚарМУ ректоры Ж.Ақылбаевпен әңгіме / Әңгімелескен Д.Мақаш// Орт.Қазақстан.- 2002.- 29 мамыр

Ақылбаев Ж. ҚарМУ-дың болашағына сенеміз: Талапкер – 99 // Орт. Қазақстан.- 1999.- 2 маусым

Ақылбаев Ж. Қарағанды университеті шақырады // Орт. Қазақстан. - 1996. - 20 шілде

Ақылбаев Ж. Тәуелсіздік жауапкершілік жүктейді: ҚарМУ ректоры Ж.С.Ақылбаевпен сұхбат /Сұхбаттасқан Б.Есмағамбетқызы // Орт. Қазақстан. -1992. - 5 маусым

Ақылбаев Ж. Университет зиялы қоғамға қызмет етеді: ҚарМУ ректоры Ж.С.Ақылбаевпен сұхбат /Сұхбаттасқан З.Тайшыбаев // Орт. Қазақстан. -1996. – 19 қараша

Ақылбаев Ж.С. Университет сөзсіз қалыптасты // Орт.Қазақстан.- 2002.- 18 қыркүйек.-8 б.

Ақылбаев Ж. Халықпен бірге тыныстау: /ҚарМУ ректоры Ж.С.Ақылбаевпен сұхбат /Сұхбаттасқан Д.Мақашев // Орт. Қазақстан. - 1993. - 27 наур.

Ахметов Ө. Университет құрылысында: /ҚарМУ ірге тасын қалануы жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1974. - 9 авг.

Әбдіманапов С. ҚарМУ-де оқуға ниет білдірушілер қашанда көп: ҚарМУ-нің проректоры С.Әбдіманаповпен сұхбат/ Әнгімелескен С.Алпысұлы // Орт.Қазақстан. – 2000. – 26 сәуір

Әбдіразақов Т.Ә. Азамат ажары немесе танымал тұлға Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев жайында бір үзік сыр: Сүйер ұлың болса, сен сүй... / Т.Ә.Әбдіразақов, Е.С.Смаилов, А.Х.Хамзин, А.Д.Кагарлицкий, М.П.Тонконогов// Орт.Қазақстан.- 2004.- 24 қаңтар.-6 б.

Әбдірахманов О. Жоғарғы білімге тура жол: ҚарМУ // Орт. Қазақстан. - 1979. - 13 авг.

Әбілдина С.Қ. Ұстаздардың қара шаңырағы: ҚарМУ-дің "Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" кафердасының меңгерушісі С.Қ.Әбілдинамен әңгіме /Әңгімелескен С.Сексенұлы// Орт.Қазақстан.- 2003.- 13 желтоқсан.-3 б.

Әжин Д. Жаңа сипаттағы мамандар даярлауда: Жоғары мектеп тынысы// Орт.Қазақстан.- 2001.-18 сәуір

Әжин Д. Ертеңіне бек сенімді: ҚарМУ ұжымы жыл ішіндегі жұмыс қортындысын шығарды // Орт. Қазақстан.- 1999.- 5 маусым

Әжин Д. Университеттегі Білім күні //Орт.Қазақстан.- 2002.- 4 қыркүйек.-6 б.

Әшімұлы Б. Жоғары білімнің жаңа қағидалары: Талапкер – 99 // Орт. Қазақстан.- 1999.- 23 маусым

Балташұлы Е. Ел бойынша екінші: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де журналистика кафедрасының құрылғанына - 10 жыл // Орт.Қазақстан.- 2004.- 15 қаңтар.-9 б.

Баязитова А. Тағылымды тұлғаға тағзым: жоғары оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 26 шілде.- 8 б.

Бейсенбекова Н. Ғылым докторы - Жыл адамы// Орталық Қазақстан.- Қарағaнды, 2005.- 29 қаңтар.-14 б.

Бөжигұлы Ж. Орталық Қазақстандағы дене тәрбиесінің қара шаңырағы: Оқу орындарында / Ж.Бөжигұлы// Орт.Қазақстан.- 2004.- 15 маусым.-12 б.

Бөкетов Қ. Тылсыммен тілдесу: Қарағанды мемлекеттік университетіне - 30 жыл // Орт.Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 17 сәуір

Букетов Е.А. Жиырма деген жасында... /КарМУ-дің ректоры Е.А.Букетовпен /Әңгімелескен А.Сейдімбеков // Лениншіл жас.-1975. - 22 март

Букетов Е.А. Жоғарғы талап тұрғысында: /Университет жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1973. - 21 сент.

Досмағамбетов С.Қ. Университет қалай ашылды? // Орт.Қазақстан.- 2002.- 18 қыркүйек.-9 б.

Екінші университет есік ашты: /Қарағандыдағы жаңа университет жайлы/ // Лениншіл жас. - 1972. - 31 март

Ержанов Н. ҚарМУ ертеңіне сеніммен қарайды: [Е.Бөкетов атын. ҚарМУ туралы]// Орт.Қазақстан.- 2001.-14 сәуір

Ержанов Н.Т. ҚарМУ - элиталық университет мемлекеттік аттестациялық комиссия осындай баға берді: ҚарМУ бірінші проректоры Н.Т.Ержановпен әңгіме / Әңгімелескен Д.Мақаш// Орт.Қазақстан.- 2003.- 21 маусым.-10 б.

Ержанов Н. Тарихымыз әріден басталады: Қарағанды мемлекеттік Е.Букетов атындағы университет қалыптасуының 65 жылдығына орай// Орт.Қазақстан.- 2003.- 27 желтоқсан.-11 б.

Ержанов Н. Түлектеріміз - еліміздің ертеңі // Орт.Қазақстан.- 2002.- 3 сәуір

Ермекбаев Т. ҚарМУ-дегі өнер мерекесі талай таланттардың тұсауын кесті: /ҚарМУ студенттерінің айтысы/ // Орт. Қазақстан. - 1988. - 13 апр.

Есмағамбетқызы Б. Өзекті мақсат: Қарағанды мемлекеттік университетіне - 20 жыл // Орт. Қазақстан. - 1992. - 19 маусым

Жамбеков М. Республикадағы екінші университет // Орт. Қазақстан. - 1980. - 30 июль

Жұмаділов Т. Үлкен болашақ ұясы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне - 30 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 21 тамыз.-9 б.

Жұмашев Р.М. Түлектерге сұраныс мол: ҚарМУ-дың бірінші проректоры Р.М.Жұмашевпен сұхбат / Сұхбаттасқан Е.Қалымбай// Орт.Қазақстан.- 2006.- 5 қаңтар.-7 б.

Исағұлов З. Кафедра – ғылымды қозғаушы күш: Университетке – 25 жыл // Орт. Қазақстан. – 1997. – 3 мамыр

Каренов Р. Талапкерлер ҚарМУ-ді таңдайды. Өйткені мұнда білім беру қызметі нарығын қалыптастыру мәселелері оңды шешілген: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ге - 30 жыл// Орт.Қазақстан.- 2002.- 15 мамыр

Кәрібаева Б. Жан жарасы жалқы ма? /ҚарМУ-да қоғамдық пәндерді, әдебиет пен тіл пәнін оқыту мәселесі қалай жолға қойылған?/ // Соц. Қазақстан. - 1991. - 13 мамыр

Кострекина Н. Тағы да кәсіптік дағдар туралы: /Реформа бағытымен – ҚарМУ-де оқу-тәрбие жөнінде/ // Орт. Қазақстан. - 1986. - 12 ноябрь

Көбеев Е.Ғ. ҚарМУ-ды әлемдік білім беру кеңістігіне таныту- басты мұратым: ҚарМУ-дың ректоры Е.Ғ.Көбеевпен сұхбат / Сұхбаттасқан Д.Мақаш// Орт.Қазақстан.-2004.- 20 наурыз.-6 б.

Көбеев Е. ҚарМУ - халықаралық аккредитацияның көшбасшысы: Елбасы Жолдауы: ел бірлігі, халық қамы// Орт.Қазақстан.- 2005.- 17 мамыр.-2 б.

Көбеев Е. ҚарМУ Ұлы Хартияға қол қойды: жоғары оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 13 қазан.-2 б.

Көбеев Е.Қ. Сот билігінің талаптары жоғары: Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры Е.Қ.Көбеевпен сұхбат / Сұхбаттасқан С.Ақбаев// Орт.Қазақстан.-2006.- 21 қаңтар.-7 б.

Көкетаев Т. Кристалдар заманы: ҚарМУ - дің 25 ж-на қатты дене физикасы бойынша респ. 4-ші ғылыми конференция өтеді // Орт. Қазақстан. – 1996. – 14 қараша

Қағазбаев Ж. Шет тілін шектеусіз үйретуде: Қарағанды мемлекеттік университетіне - 30 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 13 шілде

Қалымбай Е. Аккередитация - білім жемісі// Орт.Қазақстан.- 2005.- 2 шілде.-1 б.

Қалымбай Е. Университет күні тойланды: жоғарғы оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 4 маусым.-13 б.

Қарағанды мемлекеттік университеті // Мәдениет және тұрмыс. - 1974. - №11.

Қауысов Б. Қарашаңырақ қуаныш құшағында: Оқу орындарында // Орт.Қазақстан.-2004.- 1 маусым.-4 б.

Құрманғалиқызы А. Әділ бағаланғаны ақиқат: Талапкер – 99 // Орт. Қазақстан.- 1999.- 31 шілде

Құрманғалиқызы А. Университет күні – жастық шақ мейрамы: /ҚарМУ/ // Орт. Қазақстан. –2000. – 3 маусым

Меңлібаев Қ. Мамандарымызға сұраныс артып келеді: ҚарМУ-дің әлеум. фак. деканы Қ.Меңлібаевпен сұхбат / Сұхбаттасқан Д.Мақаш// Орт.Қазақстан.- 2002.- 17 сәуір

Молдахметов 3. Білім шыңдап, ғылымға өріс берген: /ҚарМУ/ // Орт. Қазақстан. - 1984. - 29 апр.

Молдахметов 3. Қазақстандағы екінші университет. // Орт. Қазақстан. - 1982. - 19 май

Мұғалімжан С. Әдебиет әлемі фольклордан басталған: білім ордасы// Азия Транзит.- 2004.- N10.-28-29 б.

Мұғалімжан С. Болашақ журналистер қалай даярлануда?: Төртінші билік / С.Мұғалімжан, А.Бейбітханқызы// Азия Транзит.- Қарағaнды, 2004.- N1.-38- 39 б.

Мырзаханұлы Н. "Ұжым ізденіс үстінде": биология ғылымының докторы Н.Мырзаханұлымен сұхбат /сұхбаттасқан С.Жанысбай// Орт.Қазақстан.-2005.- 24 қыркүйек.- 9 б.

Несіпбай А. Заманды білім /Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ туралы/ // Егемен Қазақстан. – 2000. – 28 қаңт.

Нүсіпбеков Б. Жылу физика кафедрасына 25 жыл: жоғарғы оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 28 мамыр.-6 б.

Рақымов Б. Білікті маман келешекке негіз: ҚарМУ – дың қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Е.Рақмовпен сұхбат /Сұхбаттасқан Д.Мақаш // Орт. Қазақстан. - 1996. - 11 желт.

Рамашов Н.Р. Саңлақтарды ұшырған төл ұя: Дене тәрбиесі және спорт факультетінің деканы Н.Рамашовпен сұхбат / Сұхбаттасқан Г.Қанат// Орт.Қазақстан.- 2002.- 7 қыркүйек.-16 б.

Рахымов Б. Сарыарқаның кіндігі - қазақ өнерінің түндігі: мәдени мұра// Орт.Қазақстан.- 2005.- 23 сәуір.-10 б.

Рүстембеков К. Мәңгі жас ғылым: Қарағанды мемлекеттік университетіне - 30 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 14 тамыз.-13 б.

Сағынаев О. Тойдың болғанынан боладысы қызық: /Е.Букетов атындағы ҚарМУ-га 20 жыл/ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 5 мамыр

Сарбасова Қ. Бала жүрегіне жол табу - мақсатымыз: жоғарғы оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2006.- 11 ақпан.-9 б.

Сәдуақасова А. ҚарМУ студенттері жүзден жүйрік шықты: бәрекелді!// Орт.Қазақстан.- 2006.- 16 ақпан.-3 б.

Сәдуақасұлы Е. Бұрынғы басшыны қошаметтеген ҚарМУ, жаңа ректорымен қауышты: Білім ордасы// Азия Транзит.- Қарағанды, 2004.- N29.-13 б.

Сәрсенбекова А. Интернет туралы не білесіз? /ҚарМУ-де “Интернет” телекоммуникация орталығы құрылды/ // Орт. Қазақстан.- 1997.- 12 қараша

Сәулебектегі А. "ХХ ғасыр адамы" атанған қазақ: Е.Бөкетов атын. ҚарМУ профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Т.Ә.Көкетаев туралы// Жас Алаш.- Алматы, 2001.-27 қараша

Сексенұлы С. Білім шаңырағының шапағатты шағы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне - 30 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 25 қыркүйек.-5 б.

Сейсенбаев Т. Гүл дәурен - жастық белгісі /ҚарМУ/ // Лениншіл жас. - І98З. - 5 февр.

Сейтқасымов Ғ. Ғылым жолы - қиын жол: /ҚарМУ-ға 20 жыл/ // Орт. Қазақстан. - 1992. - 18 маус.

Серікқызы А. Журналистиканың түбегейлі мәселелері талқыланды // Орт.Қазақстан.- 2002.- 1 мамыр

Сматов Т. Іргелі ғылыми орталық: Қарағанды мемлекеттік университетіне - 30 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 12 маусым

Тахан С. Білім сапасы - заманға сай..: Оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2004.- 10 шілде.-9 б.

Тойбекова Ж. Әкім студенттермен әңгімелесті // Орт. Қазақстан.- 1996. - 7 желт.

Төлек Қ. Ғылым жолындағы биік баспалдақтар: мерейтой// Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- N5(мамыр).-42 б.

Тұнғышбаев Қ. Студент жастардың эстетикалық талғамы: /ҚарМУ жұмысынан/ // Қазақстан коммунисі. – 1975. -№11. - 47-49 б.

Тілеубай Т. Дәстүрлі күн өзенше дараланды: ҚарМУ-дың құрылғанына 28 жыл толған мерекеден репортаж // Сана. – 2000. – 1 маусым (№21). – 2 б.

Уәлиев Д. Ата қоныс құшақ жая қарсы алды: елге ел қосылса - құт// Орт.Қазақстан.- 2006.-14 ақпан.-5 б.

Уәлиев Д. Аудиторияға аты берілді: оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 1 ақпан.-4 б.

Уәлиев Д. Дәстүрлі ғылыми конференция// Орт.Қазақстан.- 2006.- 20 мамыр.-2 б.

Уәлиев Д. ҚарМУ - Университтер Ұлы Хартиясының мүшесі: бәрекелді!// Орт.Қазақстан.- 2005.- 7 маусым.-2 б.

Уәлиев Д. Еңбекпен есейіп, біліммен кемелденген// Орт.Қазақстан.- 2006.- 11 мамыр.-4 б.

Университет салтанатты ашылды: /ҚарМУ жайлы/ // Октябрь туы. - 1972. - 3 сент.

Халықаралық конференция. Фоторепортаж: /ҚарМУ/ // Орт. Қазақстан.- 24 қырк.

Хамзин М. Өрлеуге толы отыз жыл: ҚарМУ-ға - 30 жыл// Орт.Қазақстан.- 2002.- 22 мамыр

Храпченкова Н. Сабақтастығы үзілмеген дәстүріміз бар: Қарағанды мемлекеттік университетіне - 30 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 24 сәуір

Шаймуханов Д. Ильясов Т. Қайта құрудың қадамдары: /ҚарМУ-де/ // Орт. Қазақстан. – 1986. - 10 дек.

Шаймуханов Д. Студенттер арасындағы тәрбие: /ҚарМУ жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1973. - 28 дек.

Шежіре сыр шертеді// Орт.Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 18 қыркүйек.-8 б.

Шешенбайұлы С.Т. Мықты маман - келешектің кілті: Филология ғылымдарының докторы, профессор С.Т.Шешенбайұлымен әңгіме / Әңгімелескен Е.Қалымбай// Орт.Қазақстан.- 2005.- 19 мамыр.-16 б.

Ысқақов Ғ. Тың туынды, зерделі зерттеу: жоғары оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 2 тамыз.-4 б.

Юсупова С. Студенттерге - жүйелі білім: /Университеттің баспаханасы жайлы/ // Орт. Қазақстан. - 1975. - 23 нояб.



Анықтамасыз және тізімсіз қосымша даталар





15 қаңтар 1937

Қарағанды облыстық әскери комиссариаттың құрылғанына 70 жыл

25 қаңтар 2002

Орталық әскери округының әскери прокуратурасының құрылғанына 5 жыл

27 қаңтар 2002

Тау - шаңғы базасының ашылғанына 5 жыл

22 наурыз 1902

Жазушы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 105 жыл

1 сәуір 1977

Қарметкомбинатының 7-ші кокс батареясының және Қарағандыдағы 3 ЖЭӨ 1-энергоблогының іске қосылуына 30 жыл.


6 қыркүйек 1962

«Отты тракторшылар» ерлікпен опат болуына 45 жыл.


6 қараша 1967

Қарағандыда алғашқы троллейбус жүргеніне 40 жыл

19 желтоқсан 1942

Кеңес Одағының Батыры Н.Әбдіровтың ерлікпен опат болуына 65 жыл

Желтоқсан 1967

Қарметкомбинаттың «1700» табақ болаты I-ші прокатын шығаруына 40 жыл.


1912

Ақын Ықлас Адамбековтың туғанына 95 жыл


1932

Ақын Жақан Смақовтың туғанына 75 жыл

1952

Қарағанды аяқ киім фабрикасына 55 жыл.

1952

Қарағанды көмір ғылыми зерттеу институтының құрылғанына 55 жыл (ҚКҒЗИ)







Құрастырған: Телпекбаева С.О.

өлкетану бөлімінің меңгерушісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет