Әдебиеттер:
Башар Ж Кеш өтті дүбірлетіп дүйім елді...// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-18 шілде
Бекенов У. Күй керуені: Оқу құралы Алматы: Өнер, 2002.- б.
Ермағанбетова Г. Шертпе күйдің атасы// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-11 шілде
Домбай Н. Мағауия мақамы: /Шерпе күйдің шебері, Казақстанның халық әртісі М.Хамзин туралы/ // Егемен Қазақстан.- 1994.- 3 тамыз
Жармағанбетов Б. Хамзинді Алаш мәңгі құрметтейді // Балқаш өңірі.- 2001,-9 қаңтар, 27 желт.
Жұмағали С. Саусағынан күй саулаған: замандас// Орт.Қазақстан.- 2005.- 27 тамыз. -
10 б.
Қашқынов Ж. Бір қоңыр қаз жүзіп жүр жайлап қана // Қазақ әдебиеті. – 1998.- 27 қаңтар
Қашқынов Ж. Дәулескер күйші // Орт. Қазақстан.- 1997.- 6 желтоқсан
Мереке: Күйлер жинағы [Нота] / Құраст. Д.Мүсіров.- Алматы: Өнер, 1993.- б.
Рахимов Т. Қос ішектің күмбірі: /М.Хамзин туралы/ // Мәдениет және тұрмыс.- 1982.- N7. - 14-15 б.
Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- б.
Тоқтамысов Т. Әшімтайдың «Қоңыр қазы» // Орт. Қазақстан.- 2001.- 27 қаңтар.желт.
Тоқтамысов Т. Тәттімбет және оның мұрагерлері // Орт. Қазақстан.- 2000.- 27 желт.
Хамзин Д. Дарабоз күйші: Дерек // Орт.Қазақстан.- 2002.- 2 қазан.-12 б.
Хамзин М.: /Некролог/ // Егеменді Қазақстан.- 2000.-21 сәуір
Желтоқсан 1922 – Саран педагогикалық колледжінің ашылуына 85 жыл
Арқа өңіріндегі ең алғаш рет ашылған атақты Абай атындағы педагогикалық училищесінің құрылғанына биылғы жылдың желтоқсан айында 85 жыл толғалы отыр. Осы ұзақ жылдар ішінде оқу орны ұлан байтақ республикамыз үшін мыңдаған мамандар - ұстаздар мен тәрбиешілер дайындап шығарды.
Байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен оқуға түскендер есебінен бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлаумен жетпіс жылдан астам бері шұғылданушы Қарағандының әртігі оқу орындарының бірі кеншілер мен заводшылар қаласы – Саранда орналасқан. Еліміздің бұл ежелгі ағарту мекемесінің шежіресі отызыншы жылдардан - Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов сынды ұлт мақтаныштары сабақ берген Қарқаралы педтехникумінен басталады.
Қазақ халқы ауыр бір белесті бастан кешірген енді-енді есін жия бастаған 1922 ж. Қазақ АССР үкіметінің ұсынысымен республикалық халық ағарту комиссариаты Қарқаралы қаласында уездік қазақ педагогикалық техникумын ашты.
Бұрынғы патша дәуіріндегі реалдық училищенің екінші қабатында ұйымдастырылған небәрі үш бөлімде алғашқы шәкірттер жиналып, білім бұлағынан сусындауға белді бекем буды. Техникумның ірге тасын қалауға ат салысқан оның тұңғыш директоры халықтың аяулы ұлы болған азамат Р.Сапақов еді. Білім ордасының қаз тұрып, қанатын кеңге жаюына жергілікті қазақ халқы орасан зор көмегін тигізді.
1923 жылы Қарқаралылықтар мен техникумның драма үйірмесінің мүшелері бірге отырып С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарын”, М.Әуезовтің “Еңлік-Кебегін” сахнаға шығарды.
Бұдан кейін араға төрт жыл салып оқу орнының алғашқы түлектері туған жерде қажырлы енбек етуге бел буып, ұстаздық ете бастады. Училищенің алғашқы түлектерінің арасында А.Ахметов, А.Баймаханов, М.Беков, А.Жәкіманов, З.Пушков, Р.Ғылымбеков, Р.Омаров, Н.Түсіпов, Р.Тұрғанбаев, А.Юсупбаев сияқты азаматтар болды. Олар көпшілікке жақсы белгілі жиырмасыншы, отызыншы жылдардың ауыр кезенін басынан кеше отырып, халық көкірегіне білім сәулесінің жарық нұрын шашу сияқты абыройлы істі жоғары жауапкершілікпен атқарды.
Ел басына түскен ауыр нәубетті техникум ұжымы да ұйымшылдықпен көтеріп, кездескен қиындықты жеңе білді. Аштықтың ауыр жылдарында техникумға жетекшілік еткен Құрман Хамитов деген азаматтың жоғарғы адамгершілігі көпшіліктің есінде. Ол педагогикалық техникумды 1929 ж. үздік бітіріп, өз білімін Мәскеу қаласында одан әрі жалғастырды. 1931 жылы техникумға қайтадан оралып, ұстаздық одан соң директорлық қызметтерді абыроймен атқарды. Әсіресе ел басына төнген ауыртпалық, аштық жылдары ол оқушылардың сапалы білім алуына бар күш–жігерін жұмсап, өз қамқорлығын көрсете білді.
Педагогикалық техникум 1937 жылы Қарқаралы қазақ педагогикалық; училищесі болып қайтадан құрылды. Жеңіс жылы Абай бабамыздың 100 жасқа толу мерекесі ұлан-байтақ республикада кеңінен аталып өтіп, училищеге ақын есімі берілді. 1950 жылы училище қасиетті Қарқаралы жерінен Қарағанды, одан кейін Саран қаласына көшірілді.
Училищедегі оқу-тәрбие жумысы уақыт өткен сайын одан әрі жетілдіріле, терендетіле түсуде. 1986 жыл бұл оқу орнының ұжымы атқарылған осындай игілікті істердің нәтижесінде Бүкілодақтық байқаудың екінші дәрежелі дипломын жеңіп алды. Ал 1972 жылы училиищенің кұрылғанына 50 жыл толу мерейтойында Қазақ ССР Жоғарғы Кенесінің Құрмет грамотасын, 1977 жылы ССРО Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасын және де басқа құрметті атақтарды лайықты түрде жеңіп алып, өз мәртебесін көтере түсті.
Қазіргі таңда бұл училищеде алты мамандық бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерде мамандар даярлануда. Оқу орнында қазақ, орыс бөлімдерімен қатар неміс бөлімі де бар.
Училищенің қазақ бөлімінде сегіз топ - екі жүзден астам оқушы білім алуда. Бұл орайда олардың іскер маман атанып, өздері қалап алған мамандықтарын жетік менгеруіне ұстаздар қауымы лайықты үлес қосуда.
Еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік денгейге көтерілген осындай уақытта училище үстаздары өз шәкірттеріне салалы білім, саналы тәрбие беру мәселесінде үлкен жауапкершілік, қажырлық танытуда.
Сан мыңдаған білім беріп, үлкен өмір жолына аттандырған Абай атындағы Саран педагогикалық колледж ұжымының келешекке деген сенімі мол.
Аталмыш қалада әртіне химик-технологтар даярлап келе жатқан өзі құралыптас Саран химия-технологиялық техникумын құрамына қосып алған соң тіптен нығайып, гуманитарлық-техникалық колледж атанды. Колледждің қазіргі директоры – Закамолкин Владимир Анатольевич деген кісі.
Қазір колледжде тарихшы Ш.А.Тұрғамбаева, химик-технолог С.М.Төлегенов, Б.А.Тоқбергенов, филолог К.Өмірәліқызы атындағы дәрісханалар бар.
Саранның мақтанышы әрі өнердегі намысын жыртушы қазақ, орыс ұлт-аспаптар оркестерлері, үрмелі-эстрада ансамбльдері сонау 50–ші жылдардан техникум мен училище студенттерінен жасақталатын болса, сол дәстүр сол күйінде қалыпты: аспаптық өнер ұжымдарының дені қазір де Саранның Абай атындағы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерінің интеллектуалдық қажырымен жұмыс жасайды.
Сексен бес жыл уақыт айтуға жеңіл болғанмен, оның астарында өткен жылдардың үлкен ізі жатқан сияқты. Мұның өзі үлкен ғұмыр кешкен адамның өмірі де тәрізді.
Әдебиеттер:
Ақбаев С. Ұстаз атындағы дәрісхана: қалдырған ізің мәңгілік// Орт.Қазақстан.- 2006.- 9 ақпан.-8 б.
Асқаров Т. Училищеге - 70 жыл // Орт. Қазақстан. - 1992. -15 шілде
Асқар Н. Өнегелі дәстүр// Сыр мен сымбат.- Қарағанды, 2006.- N1-2.-2,3 б.
Әбікенов Қ. Алмақтың да салмағы бар: /Абай атындағы пед. училищесі/ //Орт. Қазақстан. - 1977. - 26 июль
Әбікенов К. Шеберлігі жоғары ұстаздар даярлаймыз: /Саран пед. училищесінін реформаға сай жұмысы/ // Орт. Қазақстан. -1986. - 11 ноябрь
Балашова Н. Сызу пәні бойынша сынға түсті: оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 11 маусым.-13 б.
Дүйсенбеков А. Училище мақтаны: /Саран қаласындағы пед. училище/ //Орт.Қазақстан. - 1968. - 24 апр.
Естаев Е. Ұстаз әрі басшы: /Қарағанды обл. Саран пед. училищесінің директоры туралы/ //Қазақстан мұғалімі. - 1987. -22 май.
Жанғожин А. Байырғы оқу орыны: /Саран қаласындағы пед. училище жайлы/ //Орт. Қазақстан. - 1980. - 8 авг.
Жанысбай С. Орталық Қазакстандағы тұңғыш оқу орны: Саран педагогикалық колледжіне – 75 жыл /ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Әбікеновпен сұхбат/ // Орт. Қазақстан.- 1997.- 18 қазан
Жарылғапова Б. Еңбегімен елге - үлгі, көпке - сыйлы... // Орт.Қазақстан.-2003.- 28 қаңтар.-6 б.
Жарылғапова Б. Еңбекшіл ұстаз - ел құрметтісі // Орт.Қазақстан.- 2002.- 23 қараша.-7 б.
Қарқаралы тарихына да қатысы бар: Орталық ақпарат// Орт.Қазақстан.- 2003.- 1 ақпан.-8 б.
Мақашев Ж. Нарком сыйлығы: /Саран қаласыдағы пед.училищесінің құрылу тарихы/ //Орт. Қазақстан. - 1967. - 8 ноябрь
Мақаш Д. Тіл үйретудің тәлімді үрдісі: Облыс колледждерді оқытушыларының игі бастамасына жан-жақты қолдау қажет // Орт.Қазақстан.- 2002.- 23 қаңтар
Мұстафа Б. Бала жанының бағбаны: [Ұстаз Қ.Ә.Әбікенов туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-14 қазан
Нұрпейісов Н. Өсу-өркендеу кезеңі: /Саран педагогикалық училищесіне - 70 ж. //Орт. Қазақстан. - 1992. - 23 желт.
Сембаев М. Жас қанат: /Абай атындағы Саран педагогикалық училищесінің коллект. декабрь айында 60 жылдығын атап өтеді/ //Орт. Қазақстан. - 1982. - 19 март
Тағдырлас қалам - Саран [Мәтін]: 1954-2004 / ред.Л.Н. Ким.- Қарағанды: ТаиС, 2004.- 260 б.: сур., фото
Желтоқсан 1937 – Қарағанды
облыстық мұрағаттың
құрылғанына 65 жыл.
Қарағанды облаткомы Президиумының 1937 жылғы 10 желтоқсандағы «Қарағанды облыстық архив басқармасынын ұйымдастыру мен облыстық және аудандық мекемелдердегі, кәсіпорындардағы, колхоздар мен совхоздардағы, МТС пен сельсоветтердегі архив материалдарын тәртіпке келтіру туралы» Қаулысымен облыстық мұрағат басқармасы және облыстық мемлекеттік мұрағат құрылды. Мұрағат мекемесі облаткомның подвалына орналастырылды. Мұрағат мекемесі облаткомның подвалына орналастырылды.
Мұрағат ашылған кезде сол подвалда жатқан шамалы ғана ескі құжаттар қабылдалған еді.
1938 жылғы мамырда Қазақ КСР Халкомсовының «Қазақ ССР-інде архивтерді ұйымдастыру туралы» қаулысы шықты. Облыста жеті аудандық, қалалық мұрағаттар: Ақмола, Нұра, Қарсақпай, Қарқаралы, Тельман, Корғалжын, Жаңаарқа мұрағаттары кұрылды. 1939 жылы тағы төрт аудандық, қалалық және Балқаш қалалық мұрағаты ашылды.
1949 жылы бөлім мен мұрағат Үлкен Михайловкадағы жалпы аумағы 97 шаршы метр, жеті бөлмеден тұратын жаңа тұрақжайға қоныстандырылды.
1 қаңтар 2000 жылы мұрағатта 4798 қор бойынша 1591259 сақталу бірлігі қалыптасты. Бұл – совет құрылысын, Кеңестердің, ұйымдық-бұқаралық жұмысын, өндірістің, ауыл шаруашылығының, құрылыс, көлік, байланыс, денсаулық сақтау, халыққа білім беру, әлеуметтік қамсыздадырудың жағдайын бейнелейтін құжаттар.
Жеке адамдар қорларының ішінде Қарағанды тас көмір орнының «атасы», профессор-геолог А.А.Гапеевтың, академик Е.А.Букетовтың, жазушы М.Е.Зуев-Ордынецтің, гидрогеолог В.А.Курдюковтың, өлкетанушы Ю.Г.Поповтың, жазушы Н.А.Пичугинің және Қарағанды облысының басқа да көрнекті қайраткерлерінің қорлары бар.
Қазақстан тарихы, қазақ және басқа халықтардың дәстүрі туралы қазақ және орыс тілдерінде материалдар жинақталған.
Бұл материалдар зерттеушілердің, аспиранттардың, кәсіпорын, мекеме қызметшілерінің, жоғары оқу орындары студенттерінің назар аударатын объектісі саналады. Мұрағат қүжаттары негізінде жыл сайын әлеуметтік-библиографиялық сипаттағы 10000 анықтама беріледі, осы заманғы актуальды тақырыптар бойынша бұқаралық ақпарат құралдары жариялымдарының құрамы мен мазмұнын ашатын ақпараттық құжаттар дайындалады, ал облмеммұрағат пен оның филиалдарындағы құжаттардың құрамы мен мазмұнынның бағытын айыруға қорлар бойынша жол көрсеткіштер, колхоздар мен совхоздардың, Қарағанды облысының әкімшілік-аймақтық бөлінісінің тарихы жөніндегі анықтамалықтар, халық ағарту саласының дамуы, Қарағанды және қарағандылықтар 1941-1945 ж. ж. Ұлы Отан соғысы дылдарында, коммунистік еңбек қозғалысы туралы тақырыптық және қорлар бойынша шолулар, жүйелік каталог, тақырыптық картотекалар көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 19.061996 жылғы «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі архив мекемелерінің қызмет мәселелері бойынша кусталдық және республикалық семинар – кеңестер өткізілді.
Қарағанды мұрағатшылары қоғамдық ғылымдарды дамыту, сондай-ақ мұрағат ісінің проблемалары тәрізді одақтық, республикалық, және облыстық ғылыми-техникалық конференцияларға әлденеше рет қатысты.
АҚШ-тың ақпараттық агенттігінің (ЮСИА) шақыруы бойынша АҚШ мұрағатының жұмысымен танысты, Пекиндегі мұрағатшылардың XIII Бүкілдүниежүзілік Конгресінің жұмысына қатысты, Барселонадағы мұрағатшылардың Европалық конференциясына шақырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |