Аталып өтілетін даталар



бет11/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Әдебиеттер:
Амантаев Ө. Мұрағат - деректер көзі: Обл. мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің меңгерушісі Ө.Амантаевпен сұхбат / Әңгімелескен Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2001.-18 шілде

Амантаев Ө. Мұрағат істері мұқият жүргізіледі: облыс әкімінің есебі қарсаңында// Орт. Қазақстан.-2006.- 28 қаңтар.-3 б.

Арқаның ардагер ақындарының бір тобы: Қарағанды облысына - 70 жыл// Абай-Ақиқат.- Абай, 2006.- 1 шілде.-1 б.

Архивистердің мерейтойы: /Қарағанды облыстық архивінің құрылғанына 60 жыл толды/ // Орт. Қазақстан. – 1997. – 20 желтоқсан

Байкенжина Л. Заман сипаты - мұрағат құжаттарында: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні// Орт.Қазақстан.- 2006.- 30 мамыр.-8 б.

Байкенжина Л. Құжаттар - өткен күннің шежіресі: /Облыстық мемлекеттік архив/ // Орт. Қазақстан. – 1996. – 12 қазан

Жанғожин А. Тарих құжаттарын сақтаушылар кеңесті//Орт.Қазақстан.- 2001.-21 шілде

Имаш Е. Жол құрылысы жанданды // Орт.Қазақстан.- 2002.-27 сәуір

Исақызы Т. Архивке – 60 жыл // Қарқаралы. – 1997. - 20 желтоқсан

Кисилева Л. Аймак өмірінің шежіресі: // Қарағанды облыстық архивіне - 60 жыл/ // Орт.Қазақстан. – 1997. – 10 желтоқсан

Құжаттарды сақтай білейік: /Обл. мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің кеңетілген алқа мәжілісі туралы/ // Орт.Қазақстан.– 1998. – 14 наурыз

Лұқпан Е. Ардагерге құрмет: мерей// Орт.Қазақстан.- 2006.- 29 сәуір.-4 б.

Лұқпан Е. Құжаттардың жоғалуына жол берілмесін//Орт.Қазақстан.- 2001.-22 қыркүйек

Лұқпан Е. Мұрағаттар – ел мұрасы // Орт. Қазақстан. – 1999. – 8 желт.

Михеева Л. Азаматтар өтінішіне сергек қараймыз: /Облыстық мемлекеттік архиві туралы/ // Орт.Қазақстан. – 1996. – 1 тамыз

Михеева Л. Құжаттар бетінде қалған шындық// Орт.Қазақстан.- 2001.-27 қазан

Сексенұлы С. Халық қалай «Халық жауы» атанды: «Дөңгелек столға» қатысқандар осы сұрақ төңірегінде әңгіме өрбітті // Орт.Қазақстан. – 2000. – 7 маусым

Тілеубай Т. Ашық мұрағаттар - қоғам мүддесі үшін: [Қар. мемл. мұрағат туралы]// Сана.- Қарағанды, 2000.-7 қыркүйек (N34).-2 б.

Хасен М. Инемен құдық қазғандай: /Облыстық мемлекеттік архивтер дирекциясының басшысы Ә.Әбдікімовпен сұхбат/ // Орт. Қазақстан. – 1997. –5 шілде

Шаймарданов М. Архивтердің халықаралық конгресі // Орт. Қазақстан. – 1996. – 10 қазан

Шаймарданов М. Құжаттар – ұлттық игілігіміз: /Облмемархивтің ғылыми - техникалық құжаттамалар филиалы/ // Орт. Қазақстан. – 1997. – 10 желтоқсан

Шегенова Б. Кинофотодыбыс құжаттары сыр шертеді: Қарағандыға - 70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2006.- 15 маусым.-4 б.



1882 – Ақын Ғаббас Айтбаевтың туғанына 125 жыл

Ғаббас Айтбаев 1882 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы (бұрынғы Егіндібұлақ ауданы) К.Маркс атындағы колхозында дүниеге келген. Ол қазақ халық ақыны, композитор. 1920 жылдан КОКП мүшесі. 1922 жылы Қарқаралыда өткен халық ақындарының айтысында бірінші орынды жеңіп алған. Әкесі Айтбай–Арқаның белгілі әнші-композиторларының бәрі. Айтбаевтың әншілігіне испанның гитаршысы Андрея Сеговия тәнті болып, оның орындаушылық өнерін жоғары бағалаған. Ол 1927 жылы Москвада Советтердің төртінші съезі делегаттарына ұйымдастырылған концерттерде жұртшылық назарына ілігеді. Сол жылы өлкен театрда этнографиялық концертке қатысып, зор абыройға ие болады. Александр Затаевич Айтбаевтан он екі ән жазып алған. «Ғаббастың «Ардағының» өзі поэзия. Ол қиялыңды шарқытатын жазғы кештегі ай сәулесінің, Сахараның тылсым тыныштығының ғажайып көрінісі–суреті», - деп жазған А.В.Затаевич. Айтбаев қазақ ауылын советтендіруге белсене ат салысып, өзінің туған жерінде өмірінің соңына дейін ауыл совет председателі болып қызмет етті. Ғ.Айтбаев Қазыбек би селосында жерленген.

Әдебиеттер:

Айтбаев Ғаббас. // Қазақ ССР. 4 том қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- 98 б.



Ғаббас Айтбаев. //Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 159 б.

1892 - Халық ақыны Көшен Елеуовтің туғанына 115 жыл

Көшен Елеуов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында дүниеге келген. Әкесі аңшы, мерген, домбрашы, сауыққой болған. Бала кезінде Көшен моллада оқиды. 1916 жылы Көшен майданға алынып, Ресейдің батыс шекарасында қара жұмыс істейді. Алғашқы өлеңі – «Елге сәлем» осы жылда жазылған. Оны Семей қаласынан аттанып, окоп қазуға бара жатқан сапарында жазған. К.Елеуов олеңдерінде халытың ескі замандағы ауыр тұрмысын жырлады.

Майданнан босанысымен Көшен аға еліне келіп, әуелі ауылдық Совет председателінің орынбасары, кейін «Қызыл Ту» ауыл советінде председатель қызметін атқарады.

Көшен аға еңбек адамдарының жарқын істерін жырлады. Аттары аңызға айналған тарихи адамдарға, Ұлы Отан соғысының батырларына, Қарағандының атақты кеншілеріне арнап, «Баян», «Қорқыт», «Бозінген», «Екі дос», «Қарағанды», «Жылқышы», т.б. дастандарын шығарды. Ақын аудандық, облыстық, республикалық халық таланттарының жиындарына қатынасып, онда Шашубай Қошқарбаев, Ілияс Манкин, Қайып Айнабеков, Жолдыкей Нұрмағамбетов, т.б. тәрізді ақындарымен айтысты.

К.Елеуов қазақ халқының ауыз әдебиеті Әлгілерін жинау ісіне жемісті еңбек сіңірді.

Айтыстары мен топтама өлеңдері. «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3-т., 1966), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарында жарияланды.

Тамыздың 31-де 1971 жылы Бұқар жырау ауданы «Буденый» атындағы ауылында ақын Көшен 79 жасында дүние салды.


Әдебиеттер:
Елеуов К. Күй мініп, сәулет киіп… Орақ пен Бозаға: Өлеңдері. // Тарту. Өлеңдер жинағы.- Қарағанды, 1958.- 14-19 б.

Елеуов К. Жан сусынын Жосалыдан табасың: Өлеңі. Халық ақындарының тілегі: Ақынның сөзі. // Ақындар жыры.- Алматы, 1963.- 51-52, 122-124 б.

Елеуов К. Жалынды жастарға. Жыр. // Советтік Қарағанды.- 1962.- 28 наур.

Елеуов К. Ұлыстың Ұлы күні: /Жақа жылға арналған тақпақ/ // Орт.Қазақстан.- 1969.- 1 қаңтар

Елеуов К. Шыңыраудан шыңға: /Қазақстанның 50 ж-ғы қарсаңында шығарылған өлең/ // Орт.Қазақстан.- 1969.- 27 сәуір

Жолдыкей мен Көшеннің айтысы. // Қарағанды жұмысшыларының Әңгіме-жырлары.- Алматы, 1961.- 203-211 б.

Ілияс пен Көшеннің айтысы. // Қарағанды жұмысшыларының әңгіме-жырлары.- Алматы, 1961.- 203-211 б.

Ол туралы:
Ақын жырлары / Құр. М.Дүйсенов, Е.Ысмаилов.- Алматы: Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1958.

Ақын-жыраулар / Қазақ ССР Ғылым Академиясы.- Алматы: Ғылым, 1979.

Ақындар жыры: Қазіргі халық поэзиясы.- Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963.

Ақындар жыры: қазіргі халық поэзиясы.- Алматы: Қазақ ССР ғылым академиясы, 1963.- 234 б.

Елеуов Көшен //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 109 б.

Елеуов Көшен. // Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том.- Алматы, 1989.- 229 б.

Елеуов Көшен. // Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1997.- 199 б.

Орталық Қазақстанның жазушылары: Методикалық -библиографиялық материалдар.- Қарағанды, 1973.

Орынтаев О. Көшен көшелі ақын еді. // Орт.Қазақстан.- 1973. - 14 қаңтар.

Рахымжанов Ә. Уахатов Б. Кеңесіп көрсек дейміз. // Ақындар жыры.- Алматы, 1963.- 202-206 б.

Пернедегі термелер: Қазақ Совет халық ақындарының шығармалары / Жалпы бас ред.С.Мұқанов.- Алматы: Жазушы,1965.

Смағұлов Ғ. Отты жылдарда оққа айналған жырлар: Ұлы Отан соғысы жылдары ұйымдастырылған ақындар айтысының 60 жылдығына орай // Орт.Қазақстан.- 2004.- 13 қаңтар.-4 б.



Смағұлов Ғ. "Ырзамын бала бүркіт Көшеніме": Ақын Көшен Елеуовтің туғанына 110 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 30 қараша.-9 б.. Взгляд на события.- Қарағанды, 2004.- 14 қаңтар(N2).-17 б.
1922 – Кеңес Одағының батыры Петр Иосифович Теряевтің туғанына 85 жыл


Петр Иосифович Теряев 1922 жылы Қарқаралыда туды. 1940 жылдың желтоқсанында Армия қатарына шақырылып, Орынбор әскери ұшқыштар училищесіне қабыланды. Петр 1943 жылдан бастап соғысқа қатысты. Ержүрек ұшқыш Донбасты, Қырымды, Севастопольді, Белоруссияны, Балтық бойын азат ету соғыстарына қатысып, сан рет ерлік көрсетті. Ол тек Донбасс пен Қырым аспанында ғана жаудың тоғыз самолетін атып түсірді. Әуеден шабуылдап 14 танк, 19 зеңбірек, 23 бронетранспортертер, 43 автомашина, басқа да толып жатқан жау қауын қатардан шығарды. Ол 154 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтеріліп, дұшпанға соққы берді.

Майдандағы алғашқы екі жылдың өзінде ол төрт мәрте жауынгерлік Қызыл Ту, Александр Невский, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.

1945 жылғы ақпанның 15-де Кенигсбергке жойқын шабуыл басталады. Жиырма үш жастар командир, гвардия майоры Петр Теряевтің эскадрильясына ерекше тапсырма жүктелді. Осы жолы гитлершілер атқан оқ қаңғып келіп Петр Теряевтің самолетіне тиді. Ол өзінің даңқты әріптесі Николай Гастелло және жерлесі Нұркен Әбдіровтің ерлігін қайталап, фашист танктері иіріліп тұрған алаңға қарай жаңған самолетін бұрып әкелді. Сөйтіп, қаза болса да өшпес даңққа бөленді.

КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасы 1945 жылғы сәуірдің 19-да III Белорус майданы 1-әуе Армиясы, 1-гвардиялық әуе шабуылы дивизиясының 76–шабуыл полкіне қарасты звено командирі, гвардия майоры Петр Иосифович Теряевке қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық шығарды.

Батыр жерлесіміздің мүрдесі қазіргі Калининград қаласы ірегесінде «Жеңіс» деп аталатын ескерткіш кешенінде жерленген. 2-ші гвардиялық армияның 1200 солдаты мен офицері жерленген бұл бауырластар зиратының тақтасында Петр Теряевтің де есімі бар.

Герман жауынгерлерінің ұясы Кенигсбергті алуда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Петр Теряев тарихта мәңгі қалды. Оның есімі туған Қарқаралысының бір көшесіне берілген. Семей облысындағы Жарма ауылында Петрге мүсін тұрғызылған. Ол мұнда бозбала шағын өткізген еді. Литвадағы №97 мектепте қазақстандық Петр Иосифович Теряевтің мұражайы бар. Семейдегі автомеханика техникумы үйіне Батырдың есімі жазылған ескерткіш тақта қойылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет