«атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы



бет6/6
Дата19.02.2017
өлшемі4,94 Mb.
#10783
1   2   3   4   5   6

«Жобалық оқыту» бағдарламасы

Жобалық оқыту бойынша оқытылғандардың ең көп саны – 30 - 49 жас аралығындағы қатысушылар – 507 адам немесе барлық қатысушылардың 51% (30-диаграмма).
37-диаграмма. «Жобалық оқыту» бағдарламасы бойынша қатысушылар саны

Екінші орында: 17 - 29 жастағылар – 287 адам немесе барлық қатысушылардың 29%-ы. Үшінші орында: 50 - 57 жастағылар – 88 немесе 15,5% және 57 жастан асқандар – 153 адам немесе барлық қатысушылардың 15%-ы.

Кәсіпкерлердің өңірлік бөліністегі жас құрылымы айтарлықтай біркелкі емес. Өңірлер бойынша жас мөлшері бөлінісінде ШОКС саны мен арақатынасы 19-кестеде көрсетілген.


28-кесте. «Жобалық оқыту» бағдарламасына қатысушылардың жас мөлшері мен өңірлер бөлінісіндегі саны


19-кестеден көрініп отырғандай, жастар мен орта жастағылардың ең көп саны Павлодар облысында, Қызылорда облысында және Ақтөбе облысында байқалды. Зейнеткерлік жас алдындағы және 57 жастан асқандардың жүгінулерінің саны Павлодар облысында, Қостанай облысы мен Жамбыл облыстарында басым.


    1. «Бизнес-Өсу» бағдарламасы

«Бизнес-Өсу» бағдарламасы бойынша оқытылғандар қатарынан 30 - 49 жастағы қатысушылар бірінші орында, олар –– 1027 адам немесе барлық қатысушылардың 51%-ы (38-диаграмма).
38-диаграмма. «Бизнес-Өсу» бағдарламасына қатысушылардың жас мөлшері бөлінісіндегі саны


Екінші орында: 17 - 29 жастағылар – 515 адам немесе барлық қатысушылардың 26%-ы. Үшінші орында: 50 - 57 жастағылар – 323 немесе 16% және 57 жастан асқандар – 140 адам немесе барлық қатысушылардың 7%-ы.

Кәсіпкерлердің өңірлік бөліністегі жас құрылымы былайша қалыптасқан (29-кесте).


29-кесте. «Бизнес-Өсу» бағдарламасына қатысушылардың жас мөлшері мен өңірлер бөлінісіндегі саны



  1. Жалпы санын талдау, оқытудың жүргізілуін бағалау, жобаның тиімділігін талдау


7.1. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы» (сауалнама жүргізу негізінде)

«Бизнес – Кеңесші» жобасы шеңберінде 2015 жылы жүргізілген оқытудың сапасын бағалау семинарлардың соңында алынған сауалнамаларды өңдеу арқылы жүзеге асырылды. Сауалнамаларды іріктеп өңдеу нәтижелері былайша қалыптасып отыр.



Сауалнама жүргізуге сәйкес тыңдаушылардың басым бөлігі тыңдалған курстың деңгейін жоғары бағалап отыр, оның ішінде 90,78% (10893 тыңдаушы) курсты «өте жоғары», 10,41% (1 249) тыңдаушы «жоғары деңгейдегідей» деп бағалады және 0,08% (10) тыңдаушы «төмен де емес, жоғары да емес деңгей» деп атап өтті. (39-диаграмма).
39-диаграмма. Тыңдалған «Бизнес-кеңесші» курсын бағалау


«Бизнес-кеңесші» жобасы шеңберінде жүргізілген сауалнама нәтижесінде сауалнамаларды өңдеу нәтижелері мынадай (40-диаграмма).




    1. «Жобалық оқыту» бағдарламасы (сауалнама жүргізу негізінде)

«Жобалық оқыту» жобасы шеңберінде 2015 жылы жүргізілген оқытудың сапасын бағалау семинарлардың соңында алынған сауалнамаларды өңдеу арқылы жүзеге асырылды.

Жобалық оқыту шеңберінде 954 респондент жоғары баға қойса, барлығы 46 қатысушы курсты «жақсы» деп бағалады (40-диаграмма).


40-диаграмма. Тыңдалған «Жобалық оқыту»курсын бағалау




    1. «Бизнес-Өсу» бағдарламасы (сауалнама жүргізу негізінде)

«Бизнес-өсу» бағдарламасы шеңберінде сауалнамаларды талдау нәтижелері бойынша тыңдаушылардың басым бөлігі (97%) оқытуды «өте жақсы», «жақсы» (3%) өткізген жаттықтырушы дәріс берушілердің жұмысын бағалады (41-диаграмма).
41-диаграмма. Тыңдалған «Бизнес-Өсу» курсын бағалау

Ауызша зерттеу (пікіртерім арқылы) негізінде 2015 жылы тыңдалған курс шеңберіндегі ақпараттың толықтығын тыңдаушылар жоғары бағалады: респонденттердің 75%-ы толық қанағаттанса, 20 % – қанағаттанарлықтай болды, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 4%.

Курстарды тыңдаушылардың басым бөлігі курстан өту барысында алынған ақпараттың түсінікті жеткізілгеніне толық қанағаттанушылық білдірді: ақпараттың түсінікті жеткізілгенін жоғары бағалаған респонденттердің үлесі – 70%, тыңдаушылардың 25%-ы «қанағаттанарлықтай» деген баға берді, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 2%.

«Ақпараттың практикалық маңыздылығын» жоғары бағалаған тыңдаушылардың үлесі 74%-ды, «қанағаттанарлықтай» деген баға бергендер үлесі – 22%, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 1%-ды құрады. Үш сипаттама бойынша респонденттердің 1 - 3%-ы сауалнама жүргізу кезінде бұл сұраққа жауап берген жоқ.


Жобаның тиімділігін талдау негізіндегі қорытынды

1. Өңірлер бөлінісінде «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқу курстары ШҚО, Қарағанды облысы және Қызылорда облыстарында өткізілді. Маңғыстау және Жамбыл облыстарында өтінім берушілер оқытудан аз өткен.

2. Салалық бөліністе «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-Өсу» бағдарламалары бойынша тыңдаушы-кәсіпкерлердің ең көп саны қызметтер көрсету мен көтерме және бөлшек сауда саласында қызметті жүзеге асырады. Өндіріспен және ауыл шаруашылығымен байланысты салаларда тыңдаушы-кәсіпкерлер саны аз екені байқалды. «Жобалық оқыту» бағдарламасы шеңберінде тыңдаушы-кәсіпкерлердің көбі өз қызметін ауыл шаруашылығы мен қызметтер көрсету салаларында жүзеге асырады. Ал өндіріспен байланысты және көтерме және бөлшек сауда салаларында олар өте аз.

3. «Жобалық оқыту» бағдарламасы бойынша өңірлер бөлінісінде Павлодар облысында, Қызылорда облысы мен Алматы қаласында тыңдаушылар саны көп екені байқалады. ОҚО, Ақмола облысы және БҚО-да тыңдаушылар саны аз.

4. «Бизнес-Өсу» жобасына қатысушылар Жамбыл облысында, Қызылорда облысында көп. СҚО мен Астана қаласында қатысушылар өте аз.

5. «Бизнес-кеңесші», «Жобалық оқыту» және «Бизнес-Өсу» бағдарламалары шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде қатысушылардың жалпы санын талдаудан ЖК меншік нысанындағы ШОБ субъектілерінің үлесі ЖШС мен ШҚ-лардан басым екені көрініп отыр. Бұл Статистика комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес Қазақстандағы жұмыс істеп жүрген ШОК субъектілерінің арасында аталған санаттың едәуір үлесті иеленіп отырғандығымен түсіндіріледі.



6. «Бизнес-мектеп» тыңдаушыларының басқа бағыттарға одан әрі қатысу көрсеткіштері мынаны анықтады: қатысушыларға сауалнама жүргізу нәтижесінде «Бизнестің бірыңғай жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық құралдарынан «Кредиттеуге кепілдік беру» құралы тыңдаушылар тарапынан аса қызығушылық тудырды.
«Кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау», «Сервистік қолдау» және «Гранттық қаржыландыру» құралдары тартымдылығы жағынан келесі құралдарға айналып отыр.

7. «Бизнес-кеңесші» жобасы тыңдаушыларының гендерлік бөліністегі құрамын талдау жобаға ер адамдар аса қызығушылық танытып отырғанын көрсетіп отыр. Әйелдер Алматы облысында, Астана қаласында және Атырау облысында оқу курсынан көп өткен. ОҚО, СҚО және Жамбыл облысында әйелдер оқу курсына аз қатысқан.

8. «Жобалық оқыту» бағдарламасы мен «Бизнес-Өсу» бағдарламасы бойынша жағдай да ерлерге қарағанда, әйелдердің аз екенін көрсетті. Жобалық оқыту бойынша Қызылорда облысында, Алматы қаласы мен Павлодар облысында қатысушылар көп екені байқалды. Жамбыл облысында, Ақмола облысы мен БҚО-да қатысушы әйелдер аз болған.

9. «Бизнес-Өсу» бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны гендерлік белгісі бойынша тең деп айтуға болады.

Өңірлік бөліністе қатысушы әйелдер саны былайша қалыптасқан: Ақтөбе облысында, Атырау облысы мен Алматы қаласында әйелдер оқу курстарынан көп өткен. Жамбыл мен Павлодар облыстарында аз.

10. Есепті кезеңде барлық бағдарламаларға қатысушылардың ең көп саны 30 - 49 жастағылар арасында байқалады. Екінші орында 17 - 29 жастағылар. 50 - 57 жастағылар мен 57 жастан асқандар санына қарай келесі қатысушылар болып табылады.

11. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша Астана қаласы мен Атырау облысында жастар мен орта жастағылардың көп жүгінгендері байқалды. Зейнеткерлік жас алдындағы және 57 жастан асқандардың жүгінулерінің саны Ақмола мен Алматы облыстарында басым.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы бойынша жастар мен орта жастағылар жүгінулерінің ең көп саны Павлодар облысында, Қызылорда облысында және Ақтөбе облысында байқалды. Зейнеткерлік жас алдындағы және 57 жастан асқандардың жүгінулерінің саны Павлодар облысында, Қостанай облысы мен Жамбыл облыстарында басым.

«Бизнес-Өсу» бағдарламасы бойынша жастар мен орта жастағылар жүгінулерінің ең көп саны Ақтөбе облысында, Ақмола облысында және Алматы қаласында байқалды. Зейнеткерлік жас алдындағы және 57 жастан асқандардың жүгінулерінің саны Қостанай облысы мен ШҚО-да басым.

12. Сауалнама жүргізуге сәйкес барлық оқыту бағдарламалары бойынша тыңдаушылардың басым бөлігі (90% астамы) тыңдалған курстың деңгейін жоғары бағалады.

13. Пікіртерімдерге сәйкес «Бизнес-мектеп» құрауышы бойынша оқығандар арасында 15 мың оқып шыққандардың 9 % немесе 1 350 адам өз бизнестерін ашты, 11%-ы немесе 1650-і бизнестерін кеңейтті, жобалық оқыту шеңберінде 1000 оқып шыққан респонденттің 289-ы немесе 28,9%-ы жалпы сомасы 1 114 908 000 (бір миллиард бір жүз он төрт миллион теңге тоғыз жүз сегіз мың) теңгеге жобаларды іске асырды.

Жалпы талдауға сәйкес тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып «Жобалық оқыту» жобасы бойынша оқуды аяқтаған соң, іске асырылған жобалардың саны: ең көп іске асырылған жобалар саны ШҚО-да – 47 жоба немесе жалпы сомасы 169 095 000 (бір жүз алпыс тоғыз миллион тоқсан бес мың) теңге және Алматы қаласында – 43 жоба немесе жалпы сомасы
204 096 000 (екі жүз төрт миллион тоқсан алты мың) теңге.

Астана қаласында іске асырылған жобалар саны аз – 4 жоба немесе жалпы сомасы 14 000 000 (он төрт миллион) теңге және Маңғыстау облысында аз – 6 жоба немесе жалпы сомасы 7 700 000 (жеті миллион жеті жүз мың) теңге.



Ақмола облысында жалпы сомасы 29 200 000 (жиырма тоғыз миллион екі жүз мың) теңге 10 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2 жоба жалпы сомасы 6 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алды және 8 жоба жалпы сомасы 23,2 млн. теңгеге «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кредит алды.

Ақтөбе облысында жалпы сомасы 99 130 000 (тоқсан тоғыз миллион бір жүз отыз мың) теңге 24 жоба іске асырылды. Олардың ішінде 20 жоба жалпы сомасы 24,63 млн. теңгеге «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кредит алса, 1 жоба жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, 1 жоба жалпы сомасы 52 млн теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша кредит алды және жалпы сомасы 14 млн теңге 2 жоба өз қаражаты есебінен іске қосылды.

Қарағанды облысында жалпы сомасы 108 870 000 (бір жүз сегіз миллион сегіз жүз жетпіс мың ) теңгеге 33 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 12,02 млн.теңгеге 5 жоба Гранттық қаржыландыру алса, 11 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 27 млн. теңгеге кредит алды, 1 жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 6 млн. теңгеге кредит алды, 2 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 13 млн теңгеге қаржыландыру алды және 14 жоба жалпы сомасы 50,85 млн теңгеге өз қаражаты есебінен іске қосылды.

Қызылорда облысында жалпы сомасы 126 300 000 (бір жүз жиырма алты миллион үш жүз мың) теңгеге 24 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2 жоба жалпы сомасы 4 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алды, 15 жоба жалпы сомасы 79,4 млн. теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кредит алса, 1 жоба «Лукойл» ААҚ «Ақ ниет» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 200 мың теңгеге қаржыландыру алды және 6 жоба жалпы сомасы 42,7 млн теңгеге «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы қаржыландыру алды.

Қостанай облысында жалпы сомасы 16 750 000 (он алты миллион жеті жүз елу мың) теңгеге 15 жоба іске асырылды. Олардың ішінде 13 жоба жалпы сомасы 15,75 млн. теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кредит алды, 1 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1 млн. теңгеге кредит алды.

Павлодар облысында жалпы сомасы 90 300 000 (тоқсан миллион үш жүз мың) теңгеге 35 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 13 жоба жалпы сомасы 39 млн.теңге Гранттық қаржыландыру алды, 6 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 12 млн. теңге кредит алды, 1 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 20 млн теңге қаржыландыру алса, жалпы сомасы 19,3 млн теңге 15 жоба өз қаражаты есебінен іске қосылды.

СҚО-да жалпы сомасы 25 790 000 (жиырма бес миллион жеті жүз тоқсан мың) теңгеге 13 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 8 жоба жалпы сомасы 12,79 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алса, 5 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 13 млн. теңге кредит алды.

ОҚО-да жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеге 6 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1 жоба жалпы сомасы 2,0 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алса, 2 жоба «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы жалпы сомасы 4 млн. теңге кредит алды және жалпы сомасы
9 млн.теңге 3 жоба өз қаражаты есебінен іске қосылды.

БҚО-да жалпы сомасы 75 700 000 (жетпіс бес миллион жеті жүз мың) теңге 9 жоба іске асырылды. Олардың ішінде 1 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 21 млн. теңге кредит алды. Қалғандары өз қаражаттары есебінен жобаны қаржыландыруды бастады, алайда жоспарланып отырған қуаттылыққа шығу үшін ЕДБ арқылы қаржыландыруды күтуде.

Жамбыл облысында жалпы сомасы 111 858 000 (бір жүз он бір миллион сегіз жүз елу сегіз миллион) теңгеге 16 жоба іске асырылды. Олардың ішінде
1 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 9 млн.теңге қаржыландыру алса,
15 жоба «ҚАҚ» АҚ, «АКК» АҚ, «ҚАМ» АҚ және «АШҚҚҚ» АҚ арқылы жалпы сомасы 102,858 млн теңге кредит алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет