Атауы Анықтамасы Түрлері



бет2/2
Дата11.05.2022
өлшемі36,23 Kb.
#142132
1   2
Байланысты:
Сөж психология

Қабылдау

Сезім органдарының рецепторлық беттеріне физикалық
тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар
мен оқиғалардың тұтас бейнесі.

1.Кеңістікте қабылдау
2.Уақытша қабылдау

Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.

Объектілерді қабылдаудың негізгі сипаттамасын құрайды. Олар сондай-ақ осы заттар, құбылыстар мен заттардың қасиеттері болып табылады.

Түйсік

Сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер

1.Көру түйсігі
2.Есту түйсігі
3.Иіс түйсігі
4.Дәм түйсігі
5.Тері түйсігі
6.Қозғалыс түйсігі

Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды

Идеалист философтар түйсікті біздің саналы емес, табиғаттан берілген , сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл ой қабілетіміз, - деп ойлаған.

Ес

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып,
қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.

1.Қысқа уақытты және ұзақ уақытты
2.Механикалық және ассоциативті

Бiр нәрсенi еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, Егер бұрын бiрнеше объектiнi бiр мезгiлде немесе бiрiнен соң бiрiн елестетсек, не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. 

Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.

Қиял

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән
психикалық процесс

1.Активті
2.Пассивті

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс

Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді.

Сөйлеу

Адамдардың ақпарттарды тарату және сақтау, өңдеудегі жазу
белгілері мен символдарын, дыбыс сигналдарын қолдану системасы және
адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда
қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас.

1.Ішкі сөйлеу
2.Сыртқы сөйлеу

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы

Сөйлеу қарым-қатынастағы әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес

Ойлау

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.

1.Практикалық ойлау
2.Теориялық ойлау

Сонымен ойлау дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. 

Ойлау процесі күрделі процесс әрі ақпараттарды өңдеудің қорытынды сатысын кезеңіне жақын келетіндіктен оны зерттеу біздің түсіну деңгейіміз бен техникалық мүмкіндіктеріміздің шегінен шығады деп жоғарыдағы айтылған ойларға қарсылық білдіруге. Мұндай мәлімет аздап шын да, аздап жалған да бола алады.























Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет