Атаулы күндер



бет3/3
Дата04.11.2016
өлшемі0,81 Mb.
#299
1   2   3

Әдебиеттер

Сағимұрат, Е. Билердің кесек-кесек сөздері мен ойларынан сөз өнеріне ғашық болдым // Семей таңы. - 2009. - 15 қазан.

Смағұлова, Е. Біржан сал Семей төрінде // Семей таңы. - 2009.-17 қыркүйек.


10 қазан Жазушы Ғазиз Сапаевтың туғанына 85 жыл /1926/
Ғазиз Сапаев 1926 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Қарасу совхозының Ақмектеп бөлімшесінде дүниеге келді. Жазушы тағдырдың жазуымен жеті жасында әке-шешесімен Қытайға өтті.

17 жасында атамекенін аңсаған жасөспірім жігіт қайтадан Қазақстанға келеді. Туған жеріне, туған өлкесіне Ғазиз Сапаев Ұлы Отан соғысының тұсында, ауыр шақта келді. Ол бірден еңбекке араласып, бір жағынан оқып орта білім алады.

Семейдегі мұғалімдер институтын бітірген болашақ жазушы он жылдан астам уақыт мектепте мұғалімдік қызмет атқарды. 1959 жылы тамыз айында облыстық «Семей таңы» газетіне қызметке ауысты. Содан табан аудармай 1981 жылға дейін істеп, зейнеткерлік демалысқа шықты.

Ғазиз Сапаев 1960 жылдан Журналистер, 1974 жылдан Жазушылар Одағының мүшесі. Баспадан жеті повесі мен екі драмасы жарық көрді. Екі пьесасы Семейдің Абай атындағы музыкалы драма театрында сахналанды. «Тойым-той», «Қиын екен, қыз дегенің» драмалық шығармалары мыңдаған көрерменге ұсынылды.

Жазушының жеке кітап болып шыққан «Жыл Жемісі», «Менің көгершінім», «Гүлдана», «Туған жерден алыста», «Сағыныш» повестері мен әңгімелер жинақтарының авторы. 2002 жылы кітап болып шыққан «Сағыныш» романы Шыңжаңда өткен он жылдық өмірін (1933-1943) шынайы баяндайды.
Әдебиеттер

Сапаев, Ғ. Ақын болуды аңсадым // Семей таңы. - 2001. - 31 тамыз.

Сапаев, Ғ. Гүлдана: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1977. -171 6.

Сапаев, Ғ. Жол үстінде. -Алматы: Жазушы, 1989.-216 б.

Сапаев, Ғ. Журналистік жолда // Семей таңы.-2004.-3 желтоқсан.

Сапаев, Ғ. Менің көгершінім.- Алматы: Жазушы, 1969.-68 6.

Сапаев, Ғ. Сағыныш.- Алматы: Фолиант, 2002.-344 б.

Сапаев, Ғ. Туған жерден алыста. - Алматы: Жалын, 1983.-208 6.

Сапаев, Ғ. Шорға соғысы // Семей таңы.-1991.-3 сәуір.

Сапаев, Ғ. Шығармашылық жолда // Семей таңы. - 2006.-13- 27 сәуір.

Есейген Есен ортамызға оралды // Семей таңы.- 2003.-13 маусым.

Қарт қаламгер // Семей таңы. - 2001. - 5 қазан.



Төлепберген, М. Шекара бұзушы // Егемен Қазақстан. - 2006.- 22 наурыз.

11 қазан Роллан Сейсенбаевтың туғанына 65 жыл /1946/
Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық атқару комитетінде қызметтер атқарған. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты бітірген.

Қазақ жазушысын өз жұрты ғана емес, өзге жұрт та таныды. Оның «Тау басында түйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. «Всего одна ночь», «Если хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.

Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп қойды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды.

Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.


Әдебиеттер

Сейсенбаев Р. Өмір қымбат, Отан одан да қымбат // Парасат.-1995. - №5.-13 б.

Сейсенбаев Р. Адамдарды ізгілік біріктіреді // Семей таңы.-1991.-12 сәуір.

Сейсенбаев, Р. Азамат жазушы // Өркен. -1993.-2 қаңтар.-10 б.

Сейсенбаев, Р. Ұлы мұралар ұрпаққа жетеді // Егемен Қазақстан.- 2002.-13 сәуір.

Зекенұлы, Қ. Жазушымен кездесу // Семей таңы. - 2001. - 9 ақпан.

Мағауина, З. Семейді кезінде қалай жырлаған? // Ертіс өңірі.-2008.-5 қараша.
5 қараша

Жазушы Тұрсынхан Әбдрахманованың туғанына 90 жыл /1921-2003/
Тұрсынхан Әбдрахманова 5 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты "Бөке" деген кеніште туған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1947-1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соң Алматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде ңұсқаушы, 1950-1954 жж. "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі, 1954-1956 жж. ҚазМУ-де студент, 1959-1963 жж. аспирант, 1966 жылға дейін Қазак КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте аға редактор, Қазақ КСР ҒА-сында (1967-1969) ғылыми хатшы, 1969 жылдан 1986 жылға дейін Қазак КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1964 жылы "Ілияс Жансүгіровтің лирикасы" атты тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы "Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1959 жылы "Ән" деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді. Содан бері қырыққа жуық жыр жинағы оқырманға ұсынылды. Олардың біразы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты, кейбір өлеңдері чех, неміс, ағылшын, испан, француз, араб, корей және басқа шетел тілдеріне аударылды.

Ол Евгений Юнганың "Даңқы өшпес кеме" повесін, М.Стельмахтың Лениндік сыйлық алған "Адам қаны -су емес" романын, А.С.Макаренконың, А.Маяковскаяның "Владимир Маяковскийдің балалық және жастық шағы" атты әңгімесін т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды.

Бірнеше орден-медальдармен марапатталған. 1984 жылы "Қазақ КСР Халық жазушысы" деген атаққа ие болды. 1985 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. ҚР Гуманитарлык ғылымдар академиясының толық мүшесі (1997). "Парасат" орденнің иегері.


Әдебиеттер

1. Ән: Өлеңдер. - Алматы: ҚМКӘБ, 1959.

2. Әннен әнг: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

3. Танисыз ба бұларды?: Өлеңдер.- Алматы, КМКӘБ, 1963.

4. Ақын сыры: Монография.- Алматы: Жазушы, 1964.

5. Шырқау: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1966.

6. Көгершін көңіл: Өлеңдер. - Алматы, Жазушы, 1968.

7. Песня: Стихи.- Алматы: Жазушы, 1968.

8. Белый луч: Стихи.- М.: Советский писатель, 1971.

9. Кілт: Өлеңдер.- Алматы, Жазушы, 1972.

10. Кемел. Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1974.

11. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. Монография.- Алматы, Ғылым, 1976.

12. Мерей. Таңдамалы.- Алматы: Жазушы , 1981.

13. Наз көңіл: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1984.

14. Избранные. - М.: Советский писатель, 1985.

15 Радость: Стихи.- Алматы, Жазушы, 1985.

16. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы, Жазушы, 1992.

17. Замана сазы. Өлеңдер, зерттеулер.-Алматы: Атамұра, 2001.

18. Сөйле, қалам. Өлеңдер, толғаулар.- Алматы: Мерей, 2001.
Нұршайықов, Ә. Төрт таланттың иесі еді // Семей таңы. - 2003. - 14 қараша.

20 қараша Актер Бекен Имахановтың туғанына 75 жыл /1936/
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған. Актер, Қазақстанның халық артисі (1981), Алматы консерваториясын бітірген (1959). 1959 жылдан Семей облыстық музыкалы драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Тұңғыш ойнаған ролі Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектакліндегі Қодар. Б.Имаханов сахнада Ақан, Бекежан (Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысы» мен «Қыз Жібегінде»), Абай (М.Әуезов пен Л.С.Соболевтің осы аттас трагедиясында), Қобыланды, Кебек (Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысы» мен «Еңлік-Кебегінде»), Б.Момышұлы (А.Бектің «Волоколам тас жолы» спетаклінде) т.б. ролдерді орындады. Актер 1971-72 жылы театр маусымында Қазақ академиялық драма театрына шақырылып, бірнеше спектакльге (Файзидің «Башмағымда» тыңшы ролі) т.б. қатысып ойнады. Б.Имаханов «Шәкәрімнің соңғы күзі» атты толық метражды фильмде Шәкәрім бейнесін сомдады.
Иманғали, М. Сахнадағы дүниелердің бәрі өмірден алынады //Дидар. - 2010. - 8 ақпан.
27 қараша Жазушы Сәду Машақовтың туғанына 105 жыл (1906-1995)
27 қарашада Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған. 1952 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Облыстық "Семей таңы" газетінде (1928-1960) бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Алматы қазақ телеграф агенттігінің аударма бөлімінде аға редактор, 1931-1932 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, қазақ телеграф агенттігінің аударма бөлімінде аға редактор, 1944-1945 жж. Совет Армиясы Жоғары саяси басқармасының аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

Алғашқы жыр жинағы "Колхоз жыры" деген атпен 1932 жылы жарық көрген. Одан кейін "Балға жыры" (1933), "Жартас" (1934), "Отан үшін" (1938), "Кезеңдер" (1959), "Жылдар мен жолдар" (1962), "Сапарда" (1972) т.б. кітаптары, 1986 жылы "Ақ көңіл" деген атпен таңдамалы өлеңдері мен поэмалар жинағы шыққан. А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Тютчевтің, Д.Бедныйдың, т.б. орыс классиктерінің, татар ақыны Х.Такташтың, башқұрт ақыны М.Кәрімнің өлеңдерін тәржімалаған.

"Қызыл Жұлдыз" орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
Әдебиеттер

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004. - 392 б.

Мағауина, З. Семейді кезінде қалай жырлаған? // Ертіс өңірі.- 2008. - 5 қараша.
16 желтоқсан Жазушы Талаптан Ахметжанның туғанына 50 жыл (1961)
1961 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында туған. 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. Құрылыста мастер, Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор, республикалык "Қазақ әдебиеті" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде бас маман, "Парасат" журналы бас редакторының орынбасары - жауапты хатшысы болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары. "Жігер" фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының Оралхан Бөкей атындағы сыйлығының иегері.

1996 жылы "Тұма" атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, 2002 жылы "О дүниенің қонағы" атты прозалық I жинағы үшін халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты атанды.

"Қараторғай" атты екі актілі трагедиясы Орал облыстық театрында, "Екі жүрек" атты екі актілі пьесасы Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық Жастар мен балалар театрында қойылды. "Тұма" (1995), "Сұлу мсн суретші" (1997), "О дүниенің қонағы" (2001), "Ақиқат жолы» (2003), "Мұң" (2003) атты прозалық кітаптары жарық көрген.
Әдебиет

Оразбек, М. Талаптанның антиқаһарманы // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 18 маусым.


23 желтоқсан Жазушы Есет Әукебаевтың туғанына 90 жыл /1921/

1921 жылы 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Теректі ауылында туған. 1940 жылы қазан айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. Забайкал майданының Халхын Гол (Монғол Халық Республикасы) аумағындағы кеңес әскерлерінің құрамында моторлы атқыштар полкының рота саяси жетекшісі, осы полктің комсоргі болған. 1944 жылы мамырда шекара әскеріне ауысқан. 1956 жылдың шілдесіне дейін Забайкал, Шығыс шекара округтерінін шекара отрядтарында қызмет атқарған. Әскери атағы - полковник. Әскерден босаған соң "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде (1956-1969) әдеби қызметкер, әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі, республикалық "Жазушы" баспасында Бас редактор (желтоқсан 1969-қараша 1984) болып істеген. 1963 жылы Қазақ мемлекетгік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы өлеңі 1937 жылы Зайсан аудандық "Социалды жол" газетінде жарияланған.

Алғашқы кітабы - "Сақшы сыры" (1954). Бұдан кейінгі кітаптары: "Таң шапағы" (1966), "Досыма хат" (орыс тілінде, 1968), "Асқар таулар" (1973); "Бірлік бәйтерегі" (орыс тілінде, 1977), "Кеңшілік" (1980), "Өмір - бақыт" (1983), "Күн мен көлеңке". Сонеттер (2000).

Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, "За боевые заслуги", "За безупречную службу", "За доблестный труд" медалімен, басқа да көптеген медальдармен, «Халхын Голдегі жеңіс" (Моңғол Халық Республикасы) медалімен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының енбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Әдебиет

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004. -

392 б.
30 желтоқсан Жазушы Николай Ановтың туғанына 120 жыл (1891-1980)

Петербургте туған. 1908-1951 жж. Ресей және Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алғашқы әңгімелері 1914 жылы "Путь правды" газетінде, тұңғыш повесі - "Сыйлық" 1927 жылы "Сибирские огни" журналында жарияланады. "Азия" романы (1979), "Днепрострой" очерктер жинағы (1931) басылды. "Жоғалған інім" (1941), XIX ғасырда "Ақмешіт" (1948), "Ән қанаты" (1956), "Менің жастық шағым" (1964, трилогияның 1-кіт.), "Мәртебелінің өлімі" (1961), "Қазына түбегі" (1965), "Кашира аңызы" (1968) атты повестері жарық көрді.

Драматургия саласында "Сауығу" (1925), "Серкенің елге оралуы" (1934, "Жүрек әмірімен" (1955, Я.С. Штейнмен бірге), "Орынбор өткендерінен" (1956), "Мұрагерлер" (1961), "Қаһармандарды іздеу" (1974) атты пьесалар жазды. Олардың көпшілігі республикалық театр сахналарында қойылды.

"Ширек ғасыр" (1945), "Қазақстан даласында" (1953), "Ән қанаты" (А.И.Витензонмен бірге, 1956) киносценарийлерінің және "Әдеби қиылыстарда" (1974) атты естеліктер жинағының авторы.

М.Әуезовтің "Абай жолы" романының 2-ші кітабын орыс тіліне аударуға қатысты. 1975 жылы шығармаларының екі томдығы шыққан. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970).
Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі баспасы, 2004-

392 б.
Айы мен күні белгісіз атаулы күндер


Кеңес Одағының батыры Бунтовских Василий Васильевичтің туғанына 90 жыл (1921-1943)
В.В.Бунтовских 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Дарствен ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты орыс. 1941 жылдан әскери қызмет атқарған.

Воронеж майданының 38 армиясының 33-бөлімшесінде взвод командирі қызметін аткарған. Киевтің Вышгород ауданының Сваромье селосында Днепрдің арғы бетіне өткізетін өткелде от-жалын астында батальондар мен дивизияларды арғы бетке өткізуде ерекше ерлігімен көзге түскен. 1943 жылдан КПСС мүшесі. 1940 жылы Семей педагогикалық училищесін тәмамдаған. 1942 жылы кіші лейтенант курсын бітірген.

1944 жылы 10 каңтарда В.В.Бунтовскихке Совет Одағының батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, түрлі медальдармен марапатталған 1943 жылдың 12 ақпанында аға лейтенант В.В.Бунтовских Будапешт үшін болған ұрыста қаза тапты. Будапешт қаласының орталық офицерлер зиратында жерленген.

Күршім және Дарствен ауылдарының көптеген көшелері мен мектептері Совет Одағының батыры Бунтовскихтың есімімен аталады.


Әдебиеттер

Боздақтар. Шығыс Қазақстан облысы / Бас ред. Р.Нұрғалиев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.-52 6.

Совет Одағының Қазақстандық Батырлары / Ред. коллегия М.О.Жанғалин. - Алматы, Қазақстан, 1969.- 476 6.
Сазгер Бекен Жамақаевтың туғанына 80 жыл (1931-1972)

Қазақ өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен жерлес сазгеріміздің бірі - Бекен Жамақаев. 1931 жылы Абай ауданының Саржал ауылынан елу шақырымдай Жанан деген жерде дүниеге келген. Балалық шағы Семей қаласында өтті. Осындағы он алтыншы мектептің жетінші класын бітірді. 1946-1948 жылдары Абай атындағы облыстық драма театрында әртістік қызмет атқарды.

Мұнан соң 1948 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге түсіп, оны 1950 жылы барлық пәннен үздік бітіріп шықты. 1951-1952 жылдары облыстық радиокомитетте әдеби қызметкер, 1952-1957 жылға дейін цензор болып істеді. Болашақ сазгердің атағын шығарған Н.Шәкеновтің әні "Махаббат вальсі".

1955 жылы 28 қазанда Қазақ радиосынан әнші Р.Бағланованың орындауында бұл әннің тұсауы кесілді. Бекеннің бағын ашқан, Нұтфолла ақынның дарынын танытқан, Роза әншінің репертуарын байытқан ән осылай дүниеге келген.

Кейіннен сазгер халқына тағы бір тамаша ән сыйлады. Ол "Ертіс вальсі" деген ән. Сазгердің шығармашылық өрлеу кезеңі елуінші-алпысыншы жыддар аралығы болды. Әндерінің басым көпшілігі вальс ырғағына жазылғаны мәлім. Соның ішінде әнсүйер қауымның құмарын қандыра шартарапқа кеңінен тараған "Сен ғана", "Гүлім қайда", "Мереке вальсі", "Қарағанды вальсі" және басқалары. Классикалық опералардың клавирларымен молынан танысқан сазгер, ешқандай композиторлық білім алмай-ақ, өзіндік іздену нәтижесінде өзіне тән колтаңбасын жасау бақытына қол жеткізді. 1972 жылы каңтар айында қырық бір жасында талантты сазгер дүниеден өтті.

Алматыда тұратын баласы Бақытжан әке мұрасын жинастырып түрлі-түсті "Махаббат вальсі» атты ән жинағын шығарған. Оған сазгердің отыз сегіз әні енгізілген.

Бекен Жамақаев пен Шәмші Қалдаяқов қазақтың ән өнерінде "Вальс корольдері" атанған хас таланттар. Екеуі де халқының жүрегінде мәңгі орнығып қалғандығы шындық. Алматы, Семей шаһарларында көшелерге жаңа атаулар берілді. Олар қазақ халқының даңқты ұлдары мен қыздарының киелі есімдерін иеленді. Солардың ішінде сазгер Б.Жамақаев есімі де сан жүректерден мәңгілік орын алды.
Әміренов, М. Әндерін ұлы Мұхаң ұнатқан сазгер // Дидар. - 2002. - 10 желтоқсан.

Ақын Ақылбай Абайұлы Құнанбаевтың туғанына 150 жыл (1861-1904)

Ақын Ақылбай Абайұлы Құнанбаев 1861 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау мекенінде туған. Абайдың тұңғыш баласы. Жас күнінен Құнанбайдың тәрбиесінде болған. Ауылда оқып, мұсылманша білім алған. Ақындығымен қоса ән-күй, музыка өнеріне жүйрік, белгілі домбырашы, скрипкашы атанған, композиторлық талантымен танылған. "Бір ән тауып Әлекең бер деген соң" деп басталатын әні қазір елге әйгілі. Орыс, Еуропа әдебиетін өз бетімен оқып танысқан. Абайдың кеңесі бойынша үш поэма жазған. "Зұлыс" поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Генри Райдер Хагарттың (1856-1925) «Сүлеймен патшаның кеніші» атты әйгілі романынан алынған. Бұл поэмасы толық сақталмаған. «Жаррах» поэмасы мүлде жоғалып кеткен. Толық сақталған "Дағыстан" поэмасының тақырыбы - әділет пен зұлымдық күресі, "Махаббат пен ғадауат майдандасқан" тартыс. Дастан Дағыстан елінде, Кавказда болған оқиғаны баян етеді. Ол қазақ тақырыбына жазылмағанымен, қазақ өмірі үшін зор мәні бар әлеуметтік мәселелер көтерген. "Бұл шығарма анық өмірлік романтика үлгісінде жазылған. Бұрын қазақ поэзиясында үлгісі болмаған өзгеше шығарма". (М.Әуезов). Ақылбайдың лирикасынан 4-5 өлеңі ғана сақталған.


Ибрагимов, Т. Абай мектебі // Семей таңы. - 2009. - 17 қыркүйек.

Қазақстан Республикасындағы мерейтой иелері

Қаңтар

1 қаңтар Қазақстанның халық әртісі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, домбырашы, күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл /1861-1955/

1 қаңтар Қазақстанның халық әртісі, әнші Байғали Досымжановтың туғанына 90 жыл /1921/

1 қаңтар Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусиннің туғанына 90 жыл /1921/

2 қаңтар Жазушы Медеу Сәрсекеевтің туғанына 75 жыл /1936/

2 қаңтар Жазушы Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері Әдібай Табылдының туғанына 85 жыл /1926/

5 қаңтар Жазушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 95 жыл /1916/

10 қаңтар Жазушы Әмина Шалабаеваның туғанына 95 жыл /1916/

17 қаңтар Жазушы, аудармашы, сатирик Жүсіпбек Алтайбаевтың туғанына 100 жыл /1911-1987/

29 қаңтар ҚР-ның Мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер, жазушы Мағзом Сүндетовтың туғанына 75 жыл /1936/

29 қаңтар Қазақстанның халық әртісі, актер Сәбит Оразбаевтың туғанына 75 жыл /1936/
Ақпан

9 ақпан Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл /1931-1976/

10 ақпан Композитор, дирижер Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 65 жыл /1946/

10 ақпан Жазушы Бек Тоғысбаевтың туғанына 75 жыл /1936/

13 ақпан Жазушы Жанайдар Мусиннің туғанына 75 жыл /1936-1991/

18 ақпан Жазушы Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 65 жыл /1946-2004/

22 ақпан Жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің туғанына 70 жыл /1941/

25 ақпан Қазақстанның халық әртісі, Кәукен Кенжетаевтың туғанына 95 жыл /1916/

28 ақпан Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 165 жыл /1846-1945/

28 ақпан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Исатай Исабаевтың туғанына 75 жыл /1936/



Наурыз

8 наурыз Қазақстанның халық әртісі, әнші, актер, композитор Манарбек Ержановтың туғанына 120 жыл /1901-1966/

12 наурыз Қазақстанның халық әртісі, әнші Е.В.Ивановтың туғанына 110 жыл /1901/

23 наурыз Көрнекті қазақ оқымыстысы және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 145 жыл /1866/

14 наурыз Қазақстанның халық әртісі В.Т.Архипенковтың туғанына 75 жыл /1936/

14 наурыз Қазақстанның халық әртісі, әнші Мүсілім Абдуллиннің туғанына 95 жыл /1916/

14 наурыз Қазақстанның халық әртісі, әнші Ришат Абдуллиннің туғанына 95 жыл / 1916/

25 наурыз ҚР-нің халық әртісі, күйші-домбырашы Қаршыға Ахмедиярұлының туғанына 65 жыл /1946/

30 наурыз Жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың туғанына 70 жыл /1941/
Сәуір

3 сәуір Ақын Бекділдә Алдамжаровтың туғанына 65 жыл /1946/

7 сәуір Классикалық күрестің шебері, қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 140 жыл /1871-1948/

15 сәуір Ақын Шөмішбай Сариевтің туғанына 65 жыл /1946/

15 сәуір Жазушы, ақын, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың туғанына 110 жыл /1901/

18 сәуір Жазушы, аудармашы Зейтін Ақышевтің туғанына 100 жыл /1911-1991/

25 сәуір Ақын Күләш Ахметованың туғанына 65 жыл /1946/

29 сәуір Музыкатанушы, жазушы-тарихшы, композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 105 жыл /1906-1968/


Мамыр

1 мамыр Тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты Сейіл Жиенбаевтың туғанына 115 жыл /1896/

1 мамыр Жазушы Нұрқасым Қазыбековтың туғанына 75 жыл /1936/

1 мамыр Композитор, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің туғанына 85 жыл /1916/

5 мамыр Қазақстанның халық әртісі, ұлттық кәсіби театры өнерінің негізін салушы, атақты актер Серке Қожамқұловтың туғанына 115 жыл /1896/

5 мамыр Республикалық ұлттық кітапхананың ашылғанына - 80 жыл (1931)

6 мамыр Жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ілия Жақановтың туғанына 75 жыл /1936/

10 мамыр Ақын Жақан Сыздықовтың туғанына 110 жыл /1901-1977/

12 мамыр Драматург Шахмет Құсайыновтың туғанына 105 жыл /1906/

13 мамыр Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Құмарованың туғанына 75 жыл /1936/

15 мамыр Қазақстанның халық әртісі, актер, Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына 80 жыл /1931/

16 мамыр Жазушы Мұхамеджан Етекбаевтың туғанына 75 жыл /1936-1998/

18 мамыр ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың туғанына 75 жыл /1936/

Маусым

1 маусым ҚР Ұлттық ғылыми академияның ашылғанына 65 жыл /1946/

5 маусым Ақын Есләм Зікібаевтың туғанына 75 жыл /1936-2002/

6 маусым Ақын Кеңшілік Мырзабековтың туғанына 65 жыл /1946-1989/

6 маусым Жазушы Шоқан Әлімбаевтың туғанына 70 жыл /1941-1990/

6 маусым Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, кескіндемеші Тұрсын Әбуовтың туғанына 75 жыл /1936/

14 маусым Жазушы Л.Макеевтің туғанына 100 жыл /1911-1993/

23 маусым Қазақстанның халық әртісі, режиссер Есмұқан Обаевтың туғанына 90 жыл /1921/


Шілде

1 шілде Жазушы Қапан Қамбарұлының туғанына 90 жыл /1921/

4 шілде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 85 жыл /1926/

7 шілде Қазақстанның халық суретшісі А.М.Черкасскийдің туғанына 125 жыл /1886/

14 шілде Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қ.Д.Кемеңгеровтың туғанына 115 жыл /1896/

16 шілде Қазақстанның халық әртісі, композитор, педагог Латиф Хамидидің туғанына 105 жыл /1906/

18 шілде Жазушы Маршал Әбдіхалықовтың туғанына 75 жыл /1936/

26 шілде Қазақстанның халық суретшісі, суретші-график Н.С.Гаевтің туғанына 90 жыл /1921/

27 шілде Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің туғанына 65 жыл /1946/

30 шілде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Әлібек Дінішевтің туғанына 60 жыл /1951/

31 шілде Жазушы Иван Шуховтың туғанына 105 жыл /1906/
Тамыз

25 тамыз Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, кино суретшісі, график, кескіндемеші Сахи Романовтың туғанына 85 жыл /1926/

31 тамыз Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туғанына 80 жыл

/1931/


Қыркүйек

1 қыркүйек Ақын Марфуға Айтхожинаның туғанына 75 жыл /1936/

6 қыркүйек Жазушы Сәйділ Талжановтың туғанына 105 жыл /1906-1972/

12 қыркүйек Жазушы Ғабдол Слановтың туғанына 100 жыл /1911-1969/

15 қыркүйек Жазушы Тынышбай Рақымның туғанына 65 жыл /1946-1999/

18 қыркүйек Мемлекет қайраткері, батыр, колбасшы, Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 435 жыл /1576/

24 қыркүйек Жазушы Сейтқан Әбілқасымұлының туғанына 85 жыл /1926-1999/
Қазан

2 қазан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ресейдің халық әртісі Наталья Арынбасарованың туғанына 65 жыл /1946/

4 қазан Жазушы Бақытжан Момышұлының туғанына 70 жыл /1941/

6 қазан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 85 жыл /1926/

15 қазан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген кайраткері Сайын Мұратбековтің туғанына 75 жыл /1936/

15 қазан Ақын Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 80 жыл /1931/

15 қазан Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 95 жыл /1916-1997/

25 қазан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актриса Рахия Қойшыбаеваның туғанына 95 жыл /1916/

25 қазан Ақын Әнуарбек Дүйсенбиевтің туғанына 80 жыл /1931-1979/
Қараша

2 қараша Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Базарбай Жұманиязовтың туғанына 75 жыл /1936/

2 қараша Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 170 жыл /1841/

5 қараша Қазақстанның халық суретшісі, кескіндемеші Н.И.Крутильниковтің туғанына 115 жыл /1896/

6 қараша Жазушы Айтбай Хангелдиннің туғанына 105 жыл /1906-1981/

7 қараша Жазушы Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына 90 жыл / 1921-2003/

12 қараша Қоғам қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш заң магистрі, заңгер Жақып Ақпаевтың туғанына 135 жыл /1876/

12 қараша Жазушы Қаржаубай Омарұлының туғанына 65 жыл /1946/

14 қараша Жазушы Мәди Айымбетовтың туғанына 65 жыл /1946/

15 қараша Ақын, Халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына 105 жыл / 1906-1995/

20 қараша Ақын Бекен Әбдіразақовтың туғанына 75 жыл /1936-2002/

22 қараша Қазақстанның халық әртісі, биші А.В.Селезневтің туғанына 105 жыл / 1906/

23 қараша Жазушы Жәрдем Тілековтің туғанына 100 жыл /1911-1980/

27 қараша Ақын Сәдуақас Машақовтың туғанына 105 жыл /1906-1995/

29 қараша Қазақстанның халық жазушысы Максим Зверевтің туғанына 115 жыл / 1896-1996/
Желтоқсан

5 желтоқсан Ақын Әбдікәрім Оңалбаевтың туғанына 110 жыл /1891-1964/

16 желтоқсан Қазақстанның халық әртісі, актриса Фарида Шәріпованың туғанына 75 жыл /1936/

17 желтоқсан Жазушы Темірбек Қожакеевтің туғанына 85 жыл /1926-2003/

20 желтоқсан Жазушы Мұқан Иманжановтың туғанына 95 жыл /1916-1958/

23 желтоқсан Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Есет Әукебаевтың туғанына 90 жыл /1921/

25 желтоқсан Жазушы-аудармашы Ғалым Ахмедовтың туғанына 105 жыл /1906- 2002/

27 желтоқсан Жазушы Қанапия Дәрібаевтың туғанына 80 жыл /1931/



ҚР-дағы айы мен күні белгісіз мерейтой иелері
Түркістан қаласында Абылайды үш жүздің ханы етіп, таққа отырғызғанына 300 жыл

/1711/


Айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі Сара мен Біржан айтысының дүниеге келгеніне 140 жыл /1871/

Бөкей Ордасының ханы, Бөкей ханның ұлы Жәңгір ханның туғанына 210 жыл /1801/

Жазушы Бұлқышев Баубектің туғанына 95 жыл (1916-1944)

XIX ғасырдың 30-жылдары Бөкей ордасында болған отаршылдыққа қарсы көтерілісті ұйымдастырушы Исатай Тайманұлының туғанына 220 жыл /1791/

Жәңгір ханның туғанына 210 жыл /1801/

Көрнекті физиолог Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Нәйлә Базанованың туғанына 100 жыл /1911/

Қазақ халқының атақты, батыры әрі биі Бәйдібек Қарашұлының туғанына 655 жыл /1356/

«Қазақфильм» киностудиясының құрылғанына 70 жыл /1941/

Мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтың туғанына 120 жыл /1891/

Үмбетай жыраудың туғанына 305 жыл /1706/

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 15 жыл /24.1.1996/.
Абыралы көтерілісіне 80 жыл /1931 ж. ақпан-наурыз/

Шұбартау көтерілісіне 80 жыл /1931жылы наурыз/



Семей асбест-цемент бұйымдары зауытының құрылғанына 40 жыл /1961/
Каталог: metod
metod -> Өмірбаяны Жазушы Жайық Кагенұлы Бектұров 1912 жылы 15- қазанда Ақмола облысының казіргі Алексеев ауданындағы Амангелді ауылында туған
metod -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма
metod -> Біз – Қазақ, ежелден еркіндік аңСАҒАН
metod -> Методические рекомендации по обеспечению и организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул на 2016 год
metod -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
metod -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
metod -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
metod -> Составители: доктор филос наук, проф
metod -> Гбук «Оренбургская областная полиэтническая детская библиотека»
metod -> Литература, искусство оренбург, 2016 год


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет