Түсіндірме сөздік
Ауыс – 1. Орын өзгерту, алмасу; 2. Бір қызметтен екінші бір қызметке көшу; 3.Бір мәселеден екінші мәселеге көшу; 4. ауысп. Біреуден-біреуге тарау; 5.ауысп. Ақылынан алжасу, жындану;
Жақсы – 1. жаман емес, оңды, тәуір; 2. ақылды, тәрбиелі, саналы, адамгершілік қасиеті мол; 3. ауылдың белді, беделді азаматы; 4. иә, қош, мақұл деген сөздің орнына жүреді;
Жаман – 1. сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар; 2. жағымсыз, ұнамсыз, кейіпсіз; 3. өте, қатты; 4. ауысп. Сәби, нәресте, бала;
Миуалы – миуасы бар, жемісті;
Парқы – 1. бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы, айырмашылық, ерекшелік; 2. бір нәрсенің қадір-қасиеті, мән-жайы, жай-жапсары; 3. белгілі бір істің байыбы, пайымы;
Өтірікші – үнемі өтірік айтатын адам, алдампаз;
Өсек – біреуді сыртынан даттап, кінәлап айтқан жалған сөз;
Олақ – 1. Іске икемі жоқ, ебедейсіз, епсіз; 2. Малға (қойға) құлақтың ұшының алдыңғы жағынан орай кесіп алып салынатын ен;
Достарыңызбен бөлісу: |