Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы


Тапсырма. 1.Мәтінді оқып, мазмұнын баянда; 2. Қазақ халқының қонақжайлығы туралы әңгімеле. Түсіндірме сөздік



бет14/67
Дата06.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#34034
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Тапсырма. 1.Мәтінді оқып, мазмұнын баянда;
2. Қазақ халқының қонақжайлығы туралы әңгімеле.
Түсіндірме сөздік
Бойжеткен – кәмелетке толған, ержеткен қыз;
Құт – береке, байлық;
Ырыс – 1. мол байлық, береке; 2. бақ, талай, несібе
Қонақ – 1. а) Жолаушылап келе жатып, үйге түскен адам; ә) Сый-сияпат көрсету үшін үйге, елге арнайы шақырылған адам; 2. бот – дәні тары тәрізді, бір жылдық шөптесін өсімдік
Құрмет – қадір, қастер, сый;
Сый-сияпат – 1. құрметтеген адамға берілетін тарту-таралғы; 2. біреуге көрсетілген зор қошемет, қадір-құрмет.
Бабы – 1. күтім, жай-күй; 2. Аспай-саспай, бипаздап, нәшініне келтірушілік; 3.ауысп. Шаруа реті, іс жағдайы.

АҢЫЗ

Иран жұртының даңқты патшасы Һарун Рашид бір күні түс көріп, түсінде аузындағы түстері түгелдей түсіп қалады. Ерте тұрып, түс жортушыны шақыртып, түсінің мазмұнын айтады. Жорушы: «Ей, әміршім, сенің ағайын-туыстарыңның бәрі өліп, өзіңнен басқа ешкімде қалмайды екен», – дейді. Һарун Рашид: «Менің бетіме баттитып қайғы толы қаралы сөз айтуыңа жол болсын? Егер менің барлық ағайын-туғаным қырылып қалса, мен күнімді қайтіп өткізбекпін?» – деп, түс жорушының жонына жүз дүре соғуға бұйырады. Содан кейін бір түс жорушыны шақыртып алып, көрген түсін айтып, түсімді жорып бер дейді.


Бұл түс жорушы: «Ей, әміршім, барлық ағайын-туысқандарыңнан сенің өмір жасың ұзақ болады екен»- дейді. Һарун Рашид: «Жалпы, ақылдың жолы біреу-ақ, екеуінің де жоруың парқы аспан мен жердей», – деп кейінгі түс жорушыға жүз ділда беруді бұйырады.
*************************************************************
Тапсырма. 1.Көне заманнан келе жатқан аңызды түсініп оқыңыз; 2.Қандай ой түйдіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет