Ішік
Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.
Кебіс мәсі
Мәсі – жұмсақ былғарыдан, ешкі терісінен өңделіп, қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Жарғақ шалбар
Иленіп, өңделген теріден тігіледі. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Шапан
Қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.
Кимешек
Егде әйелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.
Тақия
Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |