ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ Бәйге Бәйге жарысының бірнеше түрі бар. Олар: тай жарыс, құнан жарыс, топ бәйге, аламан бәйге. Бәйге жарысы жазық жерлерде өткізіле береді. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.
Көкпар Атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін жарыс. Белгіленген межеден 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады. Көкпар тартуға бауыздалған лақ немесе серке беріледі. Жерде жатқан көкпарға бірінші жеткен шабандоз көкпарды іліп алып қашады, қалған көкпаршылар қуып жетіп, тартып алуға әрекеттенеді. Кім бұрын көкпарды көмбеге әкелсе, сол жеңімпаз атанып, көкпарды өзіне қалдырады.
Атқа мінгізу 4-5 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу рәсімі. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалады. Ашамай-ердің алды-арты биік сүйеніші болған. Жуас құнанды ерттеп, баланы мінгізіп, тізгінді бала ұстағаннан соң бір адам құнанды жетектеп жүреді. Әйелдер шашу шашқан. Үлкендер бата беріп, той жасалған.
Итеріспек Күш сынасу ойыны. Үлкен, кең шеңбер сызылады. Шеңбер неғұрлым кең болса, ойын қызығы арта түседі. Басты ойыншы ортадағы қарсыластарын шеңберден итеріп шығаруы қажет. Кімнің күші басым сол жеңімпаз. Итеріспек бір аяқта тұрып күш сынасатын ойын, екінші аяғың жерге тиіп кетсе, жеңілгенің.
Қызыл қоңыз Қызыл қоңыз немесе ел қайда көшеді? Ертеректегі қазақтың сүйікті ойыны болған. Балалардың топталып ойнайтын ойыны. Алақандағы қызыл қоңыз білектің бойымен алған бағытымен жорғалайды, екінші баланың қоңызы басқа бағытты таңдайды. Осы арқылы балалардың «Көш қай бағытқа көшеді?» дауы басталады. Ауыл көшкен сәтте дұрыс шешімін тапқан жеңімпаз анықталады
Домалақ-ағаш Тереңдігі 10-20 см шұңқыр қазылады. Қасында қолында таяғы бар қорғаушы бала, екіншісі домалақ-ағашты шұңқырға қарай беттей қуғыштайды. Қорғаушы оны шұңқырға түсуден қорғайды. Кішкене шар шұңқырға түскенше ойын жалғасы береді. Ойыншылар кезек алмасып ойнайды.
Жаяу тартыс Екі ойыншы бір-біріне арқасымен тұрады. Иықтарына жіп іліп оны қолтық астына өткізіп жіберуі тиіс. Жіптің шеті байланған, ортасынан түйілген. Белгі берілісімен ойыншылар бір-бірін бір мезгілде өз бағыттарына қарай тарта бастайды. Күші басым ойыншы елсіз қарсыласын өзіне тарта бастайды. Белгіленген межеден өткізіп тартып алса сол ойын жекімпазы!