Саптан шығу, қарумен бастыққа келу және одан кету. Саптын шығу, бастыққа келу, сапқа қайта оралу ережесін оқыту тәртібі қарусыз осы тәсілдерді орындау ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Қарумен бастыққа келу кезінде, қол бас киімде тұрмайды, бірақ қарудың «арқаға» күйін қоспағанда.
Саптын шығу, бастыққа келу және одан кетуде қарудың күйі өзгермейді, карабиннің «иыққа» күйін қоспағанда.
Бастықтан кету де карабин «аяққа» күйінен, қажет болса басқа күйге «ҚҰП БОЛАДЫ» жауабынан кейін алынады.
Сапқа қайта оралғаннан кейін, қару сапта тұрғандардың күйіндегідей алынады.
Бөлімшеде саптан шығу, бастыққа келу және одан кету ережелерін оқыту бойынша сабақтың жүргізу әдістемесі мен ұйымдастырылуы, жоғарыда айтқанымыздай осы тәсілдерді қарусыз орындау секілді жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |