Бөлімшелер жеке құрамының ұрыс кезінде жаяу тәртіпке әрекеттер жасаудағы қозғалысының тәсілдері мен әдістері. «ҰРЫСҚА», «ТҰР» әдістері. «ҰРЫСҚА», «ТҰР» пәрмені бойынша атқарылатын тәсілдерді, сондай-ақ жүгіру мен еңбектеуді алғашқыда, әдеттегі саптық алаңда үйренген дұрыс. Жаттығуды тактикалық алаңдарда орындаған жөн. Жеке құрамның міндетті түрде қару-жарағы мен тиісті формада (үлгіде) киім-кешегі болуы қажет. Тәсілдер Саптық жарғыда көрсетілгендей реттілікпен жүргізілген дұрыс. Тәсілдерді орындау жаттығулары басқа пәндер бойынша сабақтар барысында, әсіресе қару мен тактикалық дайындықтар бойынша жүзеге асырылуы керек. Сабақтар бөлімшелер құрамында жүргізіледі. Аталмыш сабақтардың ұйымдастырылуын, басқа саптық тәсілдер мен іс-қимылдардың үйретілуі секілді.
Сабақ орнына келісімен, оқытушы тәсілдердің практикалық мәнін қысқаша түсіндіреді, сонан соң оларды жаттықтыруға кіріседі. Бастапқыда «ұрысқа» және «тұр» тәсілдері үйретіледі.
Тәсілдерді оқыту оны үлгілі түрде көрсету арқылы басталады, сонан соң бөлім бойынша баяу жалғасады. Бөлімше командирі көрсетуді қысқаша түсіндірумен бірге атқарады.
Бірінші «ұрысқа» тәсілін үш есепке орындаған жөн. «Жаса-БІР» есебі бойынша оң қолға саптық тұрысты сақтай отырып, ыңғайлы болатындай автоматты немесе пулеметті алу қажет. Келесі «жаса-ЕКІ» есебі бойынша оң аяқпен алға адым жасап, бір мезгілде денені алға еңкейтіп, сол тізеге отыру керек және сол қолды өзінің алдына саусақтарды оңға қарай жерге қою қажет. «Жаса-ҮШ» есебі бойынша кезекпен сол аяқтың жамбасына және сол қолдың иығына сүйене отырып, сол бүйірге жату керек те жылдам ішке аунап түсу керек: аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып жан-жаққа жазып тастап, оқ атуға дайындалу қажет.
Егер, тәсіл «жат» пәрмені бойынша орындалса, қаруды бүгілген сол қолға ұңғы бөлігінен денеге таяу қойған жөн. Сондай-ақ оны сол мезетте сағағынан және ұңғы киігінен оң қолмен ұстап тұру керек. Егер осы тәсіл «Ұрысқа» пәрмені бойынша орындалса, онда автоматты жатқан күйде атуға дайындау ретінде иыққа қарудың дүмбесін тіреместен алған жөн. «ҰРЫСҚА» тәсілін көрсетуді аяқтай салысымен, «ТҰР» тәсілін орындауға көшу керек. Бұл тәсіл де, орнында үш есепке атқаруға болады. «Жаса-БІР» есебі бойынша оң қолмен қаруды ұстап, екі қолды кеуденің деңгейіне созып, бір мезгілде аяқты берге қою керек. Келесі «жаса-ЕКІ» есебіне сәйкес екі қолды шұғыл түзулей отырып кеудені жерден көтеріп, оң аяқты алға шығару тиіс. «Жаса-ҮШ» есебі айтылғанда жылдам тұрып сол (оң) аяқты қою керек және қарумен саптық тұрысты қабылдау қажет.
Тәсілдерді толық және бөлім бойынша көрсетісімен бөлімше командирі оларды 2-3 адымға жазып үйрете бастайды. Бастапқыда бөлімше командирі көрсету мен түсіндіруді қайталайды және өзімен бірге тәсілді орындауға оқушы курсанттарға бұйрық береді. Олар тәсілдің орындалуымен танысқаннан кейін бөлімше командирі тәсілді үйретуді, кеткен кемшіліктерді түзеп, бірте-бірте жылдамдықты арттыра отырып жалғастырады. Тәсілді бөлім бойынша қарастырғаннан кейін, бөлімше командирі мына пәрмендер бойынша оларды толық үйретуге кіріседі «Бөлімше - ЖАТ» («Ұрысқа») және «Бөлімше - Тұр».
Қол және рота пулеметтерінен «ҰРЫСҚА» пәрмені бойынша әдістерді орындау кезінде қаруды оң қолымен алып, сол қолымен сирақтарын жазу керек. Осымен бір мезгілде оң (сол аяқпен) алға қарай қалыпты адым жасау қажет және еңкейіп пулеметті оқ атудың бағытына қаратып сирақтарын қою керек; бүгілмей, екі қолмен жер тіреп, аяқты артқа тастап, ішпен жатып, аяқты ұштарын сыртқа қаратып жазып тастау қажет және оқ ату үшін дайындалу қажет.
Қарулар тобымен «ҰРЫСҚА» пәрмені бойынша әдістерді орындау кезінде оны ұрыс жағдайына келтіру керек, содан кейін оқ атуға арналған кейіпті қабылдау керек.
Тік тұрып пистолеттен оқ атуға арналған қалыпты қабылдау «ҰРЫСҚА» пәрмені бойынша жүргізіледі. Бұл ретте: сол жарты айналымда бұрылу керек және оң аяқты қоймай оны алға, көздеу бағытына қарай иықтың енімен, дененің салмағын екі аяққа тең сала отырып, алға шығару қажет, пистолетті ауыз бөлігін жоғары оң көзге қарап тіп-тік ұстау керек, бұл ретте қол білегінің иектің биіктігінде орналасуын сақтау керек; сол қол дененің бойында еркін түсіріледі немесе арқаға қойылады.
«ТҰР» пәрмені бойынша оң қолмен қаруды ұстап, екі қолды кеуденің деңгейіне созып, бір мезгілде аяқты бірге қою керек, ал содан кейін екі қолды шұғыл түзулей отырып кеудені жерден көтеріп, оң аяқты алға шығару қажет, жылдам тұрып сол (оң) аяқты қою керек және қарумен саптық тұрысты қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |