Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері


Автоматты «белдікке» және «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау



бет35/41
Дата07.02.2022
өлшемі270 Kb.
#87363
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
2 диплом Маханбет

Автоматты «белдікке» және «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау. Бөлімше командирі қаруды «кеудеге» күйіне «арқаға» күйіне аудару кезінде қайта «белдікке» күйі алынатынын айтады.
Бұл «қару арқаға» күйінің тәсілін элементтері бойынша, кейін толық түрде бастап жалғастырған дұрыс. Бастапқыда бөлімше командирі «белдікке» күйінен тәсілдің орындалуын үлгілі ретінде жеке көрсетеді, кейін «белдікке» күйінен орындалуын қысқаша түсіндіреді. Осыдан кейін бөлімше командирі бөлімшені 2-3 адымға орналастырып, «Қару- арқаға» пәрменін береді.
Осы тәсілдерді үйрену үшін «арқаға, бөлім бойынша: жаса-БІР, жаса-ЕКІ» пәрмені беріледі.
Бастапқы «жаса-БІР» есебі бойынша сол қолмен оң иықтан біршама төмен белдіктен алып, ал екінші қолмен бір мезетте дүмбеден төменнен ұстау қажет.
Келесі «жаса-ЕКІ» есебі бойынша оң қолмен автоматты жоғары көтеріп, ал сол қолмен белдікті сол иыққа бастан асыра лақтырып тастау қажет, сондай-ақ автомат пен қолдарды тез арада түсіру керек.
Жиналмалы дүмбелі автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру үшін оң қолмен автоматты ұңғы бөлігінен ұстап «арқаға» күйіне ауыстыру қажет.
Тәсілді үйрену кезінде бөлім бойынша «жаса-БІР» есебі бойынша оң қолмен ұңғы бөлігінен ұстап оны сол иыққа қарай тартады, «жаса-ЕКІ» есебі бойынша автоматты «арқаға» күйіне ауыстырып, оң қолды жылдам түсіру керек.
Автомат «белдікке» және «кеудеге» күйіне «арқаға» күйінен ауыстыру тәсілдерін орындау.
Қаруды «арқаға» күйінен «белдікке» және «кеудеге» күйіне ауыстыруға оқытуды бастай келе, бөлімше командирі бұдан алдын қарастырылған «белдікке» және «кеудеге» күйіне «арқаға» күйіне ауыстыру қимылдарының керісінше тәсілі екенін түсіндіреді. Тәсілді үйрету, көрсету және қысқаша түсіндіру арқылы бөлім бойынша немесе толық басталады. Осыдан кейін бөлімше 2-3 адымға жайғасып, бөлімше командирі тәсілді үйретуге кіріседі.
Тәсіл «Қару белдік-КЕ» пәрмені бойынша орындалады. Автомат «арқаға» күйінен «белдікке» күйіне екі тәсілмен алынады.
Мұндағы «жаса - Бір» есебі бойынша сол қолмен сол иықтан біршама төменірек белдіктен алу керек, ал оң қолмен бір мезетте дүмбеден ұстау қажет.
Келесі «жаса - Екі» есебі бойынша оң қолмен автоматты көтеріп, ал сол қолмен белдікті оң иыққа бастан асыра лақтыру керек және автоматты түсіру қажет: белдікті оң қолмен алып, ал сол қолды тез түсіріп саптық тұрысты қабылдаған жөн [40].
Жиналмалы дүмбелі автоматты «кеудеге» күйіне «арқаға» күйінен ауыстыру үшін оң қолмен автоматты ұңғының бөлігінен алып, оны сол иыққа сол бөлігінен тартып «кеудеге» күйіне аудару қажет.
Тәсілді бөліммен «жаса - Бір» есебі бойынша оң қолмен автоматты ұңғы бөлігінен ұстап, «жаса - Екі» есебі бойынша, автоматты ұңғы бөлігімен сол иыққа тарта отырып, «кеудеге» күйіне оны ауыстыру қажет, осыдан кейін оң қолды белдіктегі ұңғы қорабына ауыстырған жөн.
Бөлімше командирі бастықтың орнында тұруы және әскери қызметшілердің келе жатқан бастыққа қарсы қозғалысы кезіндегі әскери сәлемдесу тәртібін көрсетеді.
Бөлімше командирі әскери сәлемдесу тәртібін түсіндіре отырып, курсанттардың саптан тысқары жерде қарумен әскери сәлемдесу қарусыз күйіндегідей орындалатынына назарларын аударуы; автомат «арқаға» күйінде оң қол бас киімге апарылады, ал автоматтың «белдікке» және «кеудеге» күйінде – оқушы курсанттар бастарын бұрады.
Саптан тысқары қозғалыста «белдікке» немесе «кеудеге» күйінде автоматпен әскери сәлемдесу, бастыққа дейін 5-6 адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бірдестен басты бастық жаққа бұрып, қолдардың еркін қозғалысын тоттатқан жөн. Бастықтан өткеннен кейін басты тік ұстап, қолдардың қозғалысын жалғастыруға болады.
Автоматтың «арқаға» күйінде бастыққа 5-6 адым қалған кезде бірдестен аяқты жерге қоюмен басты тиісті жаққа бұрып, оң қолды бас киімде ұстайды және сол қолды жамбаста қимылсыз ұстап тұрады. Бастықтан өткеннен кейін басты тік ұстап, оң қолды түсіреді және қолдармен қозғалысты жалғастырады.
Барлық тәсілдерді көрсетіп, түсіндіргеннен бөлімше командирі қарумен әскери мәлемдесуді жаттықтыруға кіріседі.
Әр тәсілді жеке қарастырғаннан кейін, бөлімше командирі алдын-ала бөлімшені біреу бойынша лекке тұрғызып бөлімше құрамында жаттығу жүргізеді және осыған орай, әр қайсысын өзінің жанынан өткізіп қимылдарын тексереді. Жаттығу уақытында оқушылар мен бастықтың күйі ауысып тұрады. Бастапқыда оқушы өз орнында тұрады, ал бастық қозғалыста болады, кейін керісінше, жалғасады. Осындай реттілікпен бөлімше командирі жаттықтыруды оқушылардың қарумен әскери сәлемдесу дұрыстылығына көзі жетпейінше жалғастыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет