«Қаруды қой» «қаруға» тәсілдерін орындау. Бөлімше командирі сабақтың басында қару жерге қойылатынын, сондай-ақ пәрмен бойынша жерден алынатынын және бір өзі қарусыз қимыл атқару қажеті туындағанда өз алдына пәрменесіз орындау керектігін түсіндіреді. Осыған орай, бөлімше осы тәсілдерді, командирдің пәрмендері бойынша орындайды, мысалы, «Бөлімше, қаруды - қой», «Бөлімше - қаруға».
Тәсілдермен оқыту үшін мынадай пәрмен беріледі «Қаруды қой, бөлім бойынша: жаса –Бір, жаса –Екі, жаса-Үш».
Мұндағы «жаса -Бір» есебі бойынша оң қолға автоматты алу керек. Келесі «жаса -Екі» есебі бойынша, сол аяқпен алға адым жасап, қаруды жерге дүмбенің ту сыртын оң аяқтың ұшында болатындай етіп, сондай-ақ затворын (затвордың рамасын) төмен қаратып қояды.
Келесі «жаса -Үш» есебі бойынша тіктеліп, сол аяқты оң аяққа тақап, саптық тұрысты қабылдау керек.
Бөлімше командирі алдын-ала бөлімшені 2-3 адымға орналастырып, бөлімше құрамында жаттығуға кіріседі. Командирдің өзі жаттығу барысында бір курсанттан басқаға өтіп олардың қимыл әрекеттерінің дұрыстылығын тексереді.
Курсанттарды «қаруды қой» тәсілін орындауға жаттықтыра отырып, курсанттардың алдын-ала пәрмен бойынша оң қолға қаруды еңкейместен алуын, ал атқарушы пәрмен бойынша, оң аяқтың тізесін бүкпестен сол аяқпен алға толық адым жасауын және алға қарап тұруына ерекше назар аударады.
Осы тәсілді, яғни «қаруды қой» тәсілін үйренгеннен кейін, «қаруға» тәсіліне көшеді.
Мына «қаруға» пәрмені бойынша қарудан сол жақта тұрып, саптық тұрыс күйін қабылдайды, осыған сәйкес оң аяқтың ұшы дүмбенің ту сырты сызығында болуы керек. Өзінің мазмұны бойынша бұл тәсіл қарапайым және бөлім бойынша үйретуді талап етеді. Тек «қаруға» пәрмен бойынша курсанттар өз қаруларының орнында тез тұруын талап етіп отыру қажет.
Мына «қаруда» пәрменін орында бөлім бойынша үш есепке жүргізіледі. Мұнда «жаса -Бір» есебі бойынша сол аяқпен алға адым жасап, еңкейе отырып оң қолға қаруды алған жөн. Бұл орайда, оң аяқты тік ұстау қажет. Келесі «жаса -Екі» есебі бойынша тіктеліп, сол аяқты оң аяққа тақап, оң қолда қаруды ұстап тұру қажет.
Келесі «жаса -Үш» есебі бойынша қаруды «белдікке» күйіне алып, саптық тұрысты қабылдаған дұрыс.