Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері



бет40/41
Дата07.02.2022
өлшемі270 Kb.
#87363
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
2 диплом Маханбет

Қорытынды

Сонымен, біз атыс дайындықтың деңгейі, ұрыс қимылдарында маңызды екенін біршама түсіндік. Қалай десек те соғыс табиғаты қатал, жеңіл-желпіге көнбейтін күрделі құбылыс емес пе? Онда жауынгерлердің дайындық, оқу- жаттығулар барысында жиған-терген, тер төгіп сіңірген білім тәжірибесі қаншалықты болғандығы айқындалады. Жоғарыда айтқанымыздай, сол оқу-жаттығулардың ішіндегі біріде-бірегейі ату өнер екенін, тағы да сіздерге, яғни оқушы курсанттарға айтқым келеді.


Атыс дайындығын меңгеруде орта және жоғары оқу орындарында оқулық қарулар арқылы меңгеру үлкен мәнге ие. Оларды есепке алу және сақтау жғары да айтылған тәртіптермен орындалады.
Бүгінгі күнгі әскери іс-қимылдар барлық әскери оқытушылардан (бөлімшелерді) әскери дайындықта жүрген, мейлі оқушы курсант болсын, мейлі жауынгер болсын қалай дегенде де, оларды басқаруда нақтылық пен біліктілікті талап етеді, ал бұл өз кезегінде тек, ең қиын жағдайларда күрделі тапсырмаларды шеше алатын, әскери қызметшілердің немесе болашақ отан қорғаушы оқушылардың жоғарғы ұйымшылдығы мен үйлесімділігі арқасында мүмкін бола алады. Дұрыс бекітілмеген саптық білім-тәжірибесіз жауынгерді ертеңгі ұрыс қимылдарды жақсы орындап шығуға дайындау мүмкін емес. Сондықтан, тұрақты түрде, ату біліктілікті жетілдіре түсу, бүгінгі күні барлық әскери оқытушылардың, бірінші кезектегі алға қойған мақсаты болуы тиіс. Тәжірибеге сүйенсек, ату тәсілдерді үйрену үшін жүргізілетін жаттығуларға арналған уақыт жеткілікті екен. Ендеше, әр әскери оқу орындарында, одан қалса, офицерлер дайындауға маңызды үлес қосып келе жатқан еліміздегі, санаулы жоғарғы оқу орындардың әскери кафедралары оқу жоспарларына, яғни, саптық дайындықты қамтамассыз ететін оқу-әдістемесіне баса назар аударса деймін. Дегенмен, барлығы былайша айтқанда басым көпшілігі әскери оқытушылардың бар мүмкіндікті пайдалана білуіне де байланысты. Барлық әскери қызметтің жағдайы, ондағы бүкіл күн тәртібі жауынгерлер мен курсанттарға өздеріне қажетті саптық тәсілдерді үйренуіне қолайлы негізделген деп ойлаймын. Тек қана, саптық тәсілдерді үйренуде әрдайым жоғарғы талап болу керек.
Жауынгерлік дана сөзі былай дейді:«Оқуда қиын болған – ұрыста мықты болады», ал бұл дегеніміз, егер әр жауынгердің оқушының саптық деңгейі жақсы болатын болса, кез-келген тапсырманы оңай орындап шығуына мүмкіндік береді деген сөз.
Жалпы, әскери дайындыққа тікелей байланысты көптеген пәндер бойынша жүргізілетін сабақтар жеке құрамның саптағы іс-әрекеттерімен үйлесімді болғанын қалаймын. Кез-келген сабақтың сапасы көбінесе, әскери оқытушылардың өздерінің саптық жарлық талаптарын орындауына байланысты екенін де ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет