Шортанды ауданы №3 қазақ орта мектебіндегі деңгейлік курс оқыған мұғалімдердің ұйымдастыруымен «СМАРТ критерий мақсат, тиімді сұрақ қою » тақырыбында семинар өтті.
Семинар қатысуға тиісті мектептер:Степной ОМ,Новоселовка ОМ,Күлшін ОМ,Дамса ОМ,Институт ОМ,Жолымбет №2 ОМ,Бозайғыр ОМ,Новокубанка ОМ,Төңкеріс НМ, Мықтыкөл БМ.
Қатысқандары: 1)Степной ОМ-5 мұғалім;
2)Новоселовка ОМ-1мұғалім;
3)Күлшін ОМ- 2 мұғалім;
4)Дамса ОМ- 3 мұғалім;
5)Институт ОМ-1 мұғалім;
6) Жолымбет №2 ОМ-12 мұғалім;
7) Бозайғыр ОМ -6 мұғалім;
8)Новокубанка ОМ - 0 ;
9)Төңкеріс НМ-1мұғалім;
10) Мықтыкөл БМ- 2 мұғалім;
11)Бектау ОМ-1мұғалім;
12)Раевка ОМ-1мұғалім;
13)Шортанды №1 ОМ-2 мұғалім;
14) Шортанды №3 ОМ-10 мұғалім.
Күн тәртібінде :
Ақмола облысы Шортанды ауданындағы деңгейлік курс оқыған мұғалімдердің жетекші үйлестірушісі Кабиева Жумакул Досанқызы 2016-2017 оқу жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыру және аудандық деңгейлік курс оқыған мұғалімдерінің қандай жұмыстар жасау керектігі жөнінде таныстыру.
Шортанды №3 қазақ орта мектебінің деңгейлік курс оқыған мұғалімдерінің көрсетуімен «СМАРТ критерий мақсат, тиімді сұрақ қою » тақырыбында шебер сынып өткізу.
Сөз алғандар:
Семинарды аудандық жетекші үйлестіруші Ж.Д. Кабиева 2016-2017 оқу жылы атқарылатын жұмыстарының жоспарымен таныстырды және барлық деңгейлік курс оқыған мұғалімдер жыл бойы ашық сабақтар беру, шебер сыныптар өткізу сияқты тынбай еңбек ету керектігін әрі оның нәтижесін аудан мұғалімдеріне таныстырып есеп беріп отыру керектігі айтылды.
Шортанды №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Ж Нұржанова жаңа оқу бағдарламасына сай бірінші сыныпта ОМЖ және ҚМЖ – ның СМАРТ мақсатпен құрылуы жайлы толық мағұлматтар беруін сұрады.
Келесі кезекте Шортанды №3 қазақ орта мектебінің деңгейлік курс оқыған мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «СМАРТ критерий мақсат, тиімді сұрақ қою » тақырыбында шебер сынып өтті.
Екінші деңгейлік курс оқыған мұғалім Г.Т.Батыргалиева сабақта негізгі СМАРТ мақсаттың дұрыс нақты қойылуы туралы түсіндіріп топта мұғалімдермен жұмыс жасау арқылы мақсаттың қалай қойылатынын көрсетті. Ал сабақ барысында әр оқушыға қойылатын сұрақтың тиімді болуы туралы екінші деңгейлік курс оқыған мұғалім Е.Тохтамурат топтарға сұрақ таратып беріп сол сұрақтың қойылуы тиімді, тиімсіз екенін дәлелдету арқылы оның маңызы зор екенін анықтап түсіндіріп берді.
Үшінші деңгейлік курс оқыған мұғалім Н.Зайтхан сабақтың әр кезеңдерінде кері байланыс алу түрлерін көрсетіп кері байланыс арқылы оқушымен мұғалім арасында нақты байланыс орнайтынын, кері байланысты алудың әртүрлі жолдары барын көрсетті.
Ал үшінші деңгейлік курс оқыған мұғалімдер А.Өнерхан, Ж.Асауй, Б.Рахаттар шебер сыныпқа қатысқан 3 топтағы 12 мұғалімнің сабақ барысында жасаған әрекеттері , белсенділігін, топпен жұмысқа қатысуы, ойын жеткізуін бақылап сабақ соңында таныстырып белсенділіктерін және кемістіктерін таныстырды. (топтар және мұғалімдердің аты аталған жоқ)
Үйлестіруші Ж.Д .Кабиева шебер сынып өткізудегі негізгі мақсатымыз бұрынғы ҚМЖ мен жаңа ҚМЖ- ның айырмашылығын ашып көрсету болатын. Басты ерекшелік төмендегі мақсаттарды дұрыс қоя білуді түсіндіріп өту.
САБАҚ БАРЫСЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ АЛАТЫН ОҚУ МАҚСАТЫ:
|
Қатысушылар шеберлік сыныпта СМАРТ критерий, мақсат қою, тиімді сұрақ және кері байланыс жасай алады және оны өз тәжірибесінде қолдана алады
|
САБАҚТЫҢ
МАҚСАТЫ:
|
Барлығы жасай алады: сабаққа мақсат қоя алады
| |
Көбі жасай алады: смарт мақсат қоя алады, сұрақтар бере алады
| |
Кейбірі жасай алады: тиімді сұрақтар қойып, кері байланыс жасай алады
| |
ТІЛДІК МАҚСАТ:
|
Қатысушылар жасай алады:
|
Негізгі терминдер мен сөзтіркестер:
|
|
Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл: Ғылыми тіл басым
|
|
Талқылау үшін сұрақтар: Тақырыптан кейінгі тапсырмалар мен сұрақтар
|
|
Неліктен екенін айта аласыз ба...?
|
|
Мұғалім әр өткізген сабақ соңында өзіне қалай рефлекция жасау керектігін нақты Ц.Айят өткізілген шеберлік сыныпқа рефлекция жасай отырып түсіндірді.
Шеберлік сынып қатысқан мұғалімдердің кері байланысы:
Достарыңызбен бөлісу: |