Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет413/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
 
Инновация (ағылшынның «innovation» -«инновация», «жаңашылдық» сөзінен алынған) 
жүйенің ішкі жағдайын, құрылысын өзгерту. Ал педагогикалық жаңашылдық – инновация дегеніміз 
педагогикалық жүйедегі кейбір өзгерістердің нәтижесінде оқыту тәрбиелеу үрдісін жақсарту
жаңарту. Инновация- педагогикалық іс-әрекетті сапалы дамытуға әкелетін озық идея, озық үрдіс, 
үлгілі құрал, жақсы нәтиже. Соңғы жылдары білім беру үрдісінде, көптеген жаңа өзгерістер болуда. 
Жаңа парадигмалар мен тұжырымдамалар, оқыту стандарттары, оқыту жоспарлары жиі-жиі 
өзгеріске ұшырауда. Педагогикалық жүйе тұрақты элементтерден тьұрады. 
В.П.Бесполконның көзқарасы бойынша ол: оқушы-оқытушы, оқыту мақсаты, оқыту 
мазмұны, оқыту құралы, ұйымдастыру формаларынан, оқыту технологияларынан тұрады. 
«Инновация» термині бүгінгі күнде білім беруде теория- практикасында кеңінен 
қолданылуды, алайда бұл терминнің анықтамасы педагогикалық категория ретінде берілмеген. 
Көптеген ғылыми еңбектерде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап 
шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеттері деп сипаттайды. Атап айтсақ М.Құрманова өзінің 
«Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары» деген мақаласында бұл терминді 
педагогикалық категорияға жатқызады және ол: «мектептердегі құбылыстың жаңалық жаңа 
бағдарлама, оқу жоспары, әдіс тәсілді оқу және тәрбие жұмысына енгізу болып табылады» - деп 
көрсетеді. Т.И.Шамова, Г.И.Третьякованың еңбектерінде «инновация» деген жаңа мазмұнды 
ұйымдастыру, ал «жаңалық енгізу» деген – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация 
үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруда, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңалық» 
деп жаңаның мазмұнын, оны енгізудің әдіс-тәсілдері мен технологиясын қамтитын құбылыс.
Оқыту мақсаты оқыту нәтижесімен толық сәйкестенсе, онда педагогикалық үрдістің 
тиімділігін көрсетеді. Оқыту технологиясы педагогикалық жүйенің құрам бөліктерінің тиімділігін 
сапалық деңгейге көтеретін іс-әрекеттер. А:Кушнир әдістемеден технологияның айырмашылығы
оның нәтижесінің құндылығында деп көрсетеді. Оқыту әдістемесі белгілі- бір жинақталған 
тәжирибелер мен оқыту әдістерінің нәтижесінде білім беру. Ал, технология – нақты жағдайда 
жобаланған нәтижеге қол жеткізу. 
Оқыту-тәрбиелеу жұмысының өнімділігі педагогикалық жүйеніжетілдіруге тікелей 
байланысты.педагогикалық жүйені жетілдірудің екі жолы бар: интенсивті – ішкі сақтамаға
(резервке) сүйену арқылы, эктенсивті – қосымша енгізілінген күш-қуатқа, жаңа құрал-жабдықтарға, 
озық технологияларға, жаңа өзгерістерге т.б. жаңа енгізулерге бағытталған. Педагогикалық жүйеде 
осы екі жолды бірлестіру, үндестіру үлкен мүмкіндіктерге жол ашады және жоғары нәтижелерге 
жеткізеді. Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға 
көшуі және жаңалықты енгізу процесінде басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы
Н.В.Горбунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, 
В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Гамова, Г.О.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде 
қарастырылған. 
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу 
барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, 


341
(Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) 
талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады. 
Бірақта қазіргі мұғалімдер инновациялық іс-әрекет жалпы дәстүрлі іс-әрекеттен 
айырмашылығын, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді аны-айқын біле 
алмады. Сондықтан бұл мәселені шешу қажеттілігін көре отырып, біз ең алдымен педагогикалық 
инновация қалай дүниеге келіп, қалай дамыды? Оның қолданылу ерекшеліктері қандай? Деген 
сұрақтарға жауап іздегенді жөн көрдік.
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы он жылдыққа жатады. Ең 
алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол 
былай дейді: «инновация, иноовациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің 
жаңалықтарды эасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі». 
Осы тақырып төңірегіде жүргізілген зерттеулерді талдасақ, бүл терминнің шығу тегі 
жөнінен бір пікір қалыптаспағандығын көреміз. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, бұл термин 
қоғамдық ғылымға жаратылыстанудан енген болып есептелінеді, өйткені жаңалық бірінші кезекте 
өндірісте, медицинада көп пайдаланылады. Педагогикалық категория ретінде «инновация» 
салыстырмалы түрде жас, сондықтан бұл ұғымға анықтама беруде әр түрлі пікір-таластың
болғанымен керемет бір кереғар пікір немесе түсінбеушілік жоқ. Демек, «инновация» терминін 
анықтауда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтылық жоқ деседе болғандай. 
Олардың ойынша «инновация» - педагогикалық категориялар жатады және ол мектептегі құбылысқа 
тың жаңалық жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерін оқу және тәрбие жұмыстарына 
енгізу болып табылады. 
Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» немесе «жаңа құрал» ұғымдары бір-біріне синоним 
ретінде қарастырылады да, «инновация» «жаңа енгізілім» ұіымдары арқылы бір-бірінен 
ажыратылады. 
Жаңашылдық – нағыз құрал ( жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама және т.б.), ал 
инновация – осы құралды меңгеру процесі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша 
мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Алайда жаңашылдыққа 
әсер ететін басқа факторларды да атап өткен жөн: 
-
Жаңашылдықтың мақсаты; 
-
Жаңалықтың мотивациясы; 
-
Жаңалықты енгізу әдістемесі; 
-
Ұжымда жаңашылдықты қабылдау және бекіту; 
-
Қоғам талаптарын қанағаттандыру;
Оның жұмыс нәтижесін арттыратынына көз жеткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет