33
аударманы жүргізуші айтылғандарды жадында сақтап, ақпаратты
екінші тілде мүмкіндігінше толық қамтуға міндетті. Аударманың
бұл түрінде ықшамдау, функционалдық қызметі бәсең ақпаратты
түсіру, орнын ауыстыру тәсілдері игеріледі,
өйткені айтылған
ақпарат адам жадының оперативті мүмкіндігіне сыймауы мүмкін,
әрі түпнұсқада сөйлеушінің келесі сөзі басталып та кетуі мүмкін.
Ілеспе аударма және жалғас аударма – баяндамаларды,
қоғам қайраткерлерінің сөздерін, мәжілістер мен мәслихаттарда
мінберден айтылған, оқылған сөздерді тез арада ауызша жеткізу
үшін жүзеге асырылатын қызмет түрі.
Ескерте кетерлік жайт – қазіргі әдеби тілде
ілеспе аударма
және
қосарлас аударма
деген атаулар қолданылып жүр; олар
синхронный
перевод, последовательный перевод
деп аталатындардың
орнына әрқилы жұмсалады.
Ілеспе
және
қосарласа
деген сөз-
дердің семантикасы
қатар, ілесе жүретін процес
дегенді
білдіретіндіктен, ал орыс тіліндегі
последовательный перевод
атауы айқын түрде, түпнұсқа мәтіннен кейін жүзеге асырылатын,
түпнұсқа мәтінге жалғастырыла орындалатын тәржіме қызметін
нақты ұғындыратынына байланысты біз терминдер ұғымында
екіұдайылық болмауын көздеп, соңғысына
жалғас аударма
деген
аталымды ұсынып отырмыз.
Аударманың типтерін саралағанда,
қазақ мәдениетіндегі
аударма ісіне қатысты пікір-тұжырымдарда
сөзбе-сөз аударма,
дәл (дәлме-дәл), калька аударма, әріпқойлық
деген
ұғымдар жиі
ұшырасады. Көрсетілгендер кейде нақты терминдік ұғымға ие
аталымдар тәрізді болғанымен, ғылымның теориялық бағыттары
тұрғысынан олардың анықтамаларын нақтылай түсуге тура келеді.
Өйткені проблеманың осындай жақтарын барынша таратып
айтқан орыс тілші ғалымдарының тұжырымдары да кейде біркелкі
шықпай жатады. Оның да себептері жоқ емес: бір мәтіннің
ішінде аударма
бірліктерінің бірі сөзбе-
c
өз тәржімаланғанымен,
сөйлемнің өзі тұтастай алғанда, еркін аударма түрінде көрінетін
жайттар да болады.
Әріпқойлық –
түпнұсқа тіл мен аударма тілдегі формалды немесе
семантикалық құрылымды тұп-тура сәйкестендірудің нәтижесінен
туатын құбылыс. Бұл – дәлдік емес, бұл – түпнұсқадағы ақпараттың
мағынасын бұзатын, кері түсіндіретін және аударылатын тілдің
34
нормасына елеулі нұқсан келтіретін жайт; аудармашының қатесі
немесе аудармашының лингвомәдени құзыретінің төмендігін
көрсететін белгі. Әріпқойлық жеке
сөзден гөрі сөз тіркесінің,
фразалық тұтастықтың, сөйлемнің аудармасында айқын көрініс
береді. Оның себебі мынада: аудармашы жеке сөзді алғанда
оның сөздіктегі сәйкес баламасын игереді немесе контекстуалды,
функционалды баламаларын қолданады, бұл аудармадағы
заңдылық болып саналады. Ал сөз тіркесінен бастап былай қарай
күрделене беретін құрылымдар үшін сөздіктегі сәйкестіктердің
алынуы немесе калька баламаның
жасалуы әріпқойлыққа
ұрындырады. Әріпқойлық әсіресе көркем мәтіннің аудармасына
нұқсан келтіреді.
Мысалдарға назар аударалық:
Ракета ….
Ол – соңғы бес жыл бойы зымыран құрылысы
жүйесін басқаратын Мервин Уорреннің жеке көмекшісі («Із
қалмасын» романының аудармасынан).
Бұнда түпнұсқадағы сөз үшін алынған сөздіктегі сәйкестік
(
зымыран
) әріпқойлықтың белгісі емес. Аудармашы осындай
баламаны алуға құқылы; ол, керісінше, қазақ әдеби тілінде жаңа
қолданыс болып табылатын тілдік бірлікті көркем мәтіннің
айналымына түсіріп, тың сөздің жұмсалу өрісіне жол ашқан.
Полуприкрытие глаза ...
Оның
Достарыңызбен бөлісу: