93
Дуанбасының репликасы түпнұсқада алты сөзден тұрады.
Сөйлеушінің қобалжып, мазасы кетіп, өзін-өзі ұстай алмай
тұрғанын сөйлеп тұрғанында ентігіп, демін алғаны білдірсе,
жазбаша тілде көп нүкте білдіреді. Осындай эмоциялық халін
түпнұсқа да, аударма да, біріншіден, арнайы лексика арқылы,
екіншіден, сөйлемнің үзілуі мен сөздердің қалыптасқан белгілі
ретті бұзу арқылы жеткізеді. Түпнұсқадағы ‘
необыкновенные
’,
‘
неестественной величины
’ деген сөздердің бағалық семаларынан
гөрі көлем, өлшем семаларының басыңқы екені анық.
Аудармадағы бұл сөздер эквиваленттерінің бағалық семаларының
басыңқы екеніне көзіміз жетіп отыр: ‘
необыкновенные
’ – ‘
түрі
жаман
’, ‘
неестественной величины
’ –‘
добалдай
’. Осы бағалық
мағына эмоциялық семаларды тудырып, оқырманға (көрерменге)
аударманың эмоциялық әсері түпнұсқаға қарағанда әлдеқайда зор.
Осы тәсілді келесі сөздерді салыстырғанда да көреміз: түпнұсқада
нейтралды ‘
снились
’ болса, аудармада ‘
түсімнен кетсінші
’
деп сөйлеушінің мазасызданып тұрғанын білдіреді. Сонымен,
аударманың эмоционалды-экспрессивті реңінің күшеюінде күмән
жоқ. Нейтралды ‘
снились
’ сөзіне аудармада ‘
қайта-қайта
’,
‘
үнемі
’ сияқты ұзақ мерзім мен қайталану семалар қосылған
‘
түсімнен кетсінші
’ деген перифраза сәйкестендірілген. Әрине,
М.О.Әуезовтің аудармашы шеберлігін үңіліп зерттеу әлде де талай
нәтижелерге әкеліп, толғандырады, үлгі болып ой салады.
Қорыта келгенде, ілеспе аударма – аударма түрлерінің ішінде
ең күрделі екенін мойындай отырып, ол салада айтарлықтай
жетістіктерге жету жолында аударма ісінде жиі қолданылатын
тәсілдерді игеріп алудың қажет екені анық. Онсыз ілеспе аударма
емес, аударманың қайсысы болса да ұстатпайтын тоты құстай болуы
мәлім. Аударма дағдылары қалыптасып, екі тілдің сөз байлығы,
идиома мен паремияларының сәйкестіктері жадында шұғыл пайда
болып, екі тілде де шебер және жылдам шешім қабылдап сөйлейтін
маман ілеспе аудармада жетістіктерге жететініне әбден сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: