Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары


-Кесте – Бидай өндірісі мен тұтынысының әлемдік балансы, млн. тонна



бет41/50
Дата23.10.2020
өлшемі1,64 Mb.
#73333
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
2-Кесте – Бидай өндірісі мен тұтынысының әлемдік балансы, млн. тонна


Көрсеткіштер

2006/2007 маркетинг жылы

2007/2008 маркетинг жылы

2008/2009 маркетинг жылы

2008/2009 2007/2008 қатынасы, %


Өндіріс


596,7

605,1

658,0

8,7


Сауда


113,1

110,0

110,5

0,4


Тұтыну, соның ішінде:


620,6

618,1

634,8

2,7

- азық-түліктік мақсаттар үшін


442,3

445,5

452,1

1,5

- Жем-шөптік мақсаттар үшін


113,0

109,2

117,8

7,8


Басқалары


65,3

63,4

64,1

1,1


Түпкілікті қорлар


159,5

144,5

167,6

16,0

Бұл кезде аграрлық саланы мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы 150 млрд. теңгеден асты.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жүргізген 1993-2007 жылдар аралығындағы зерттеулер Қазақстан Республикасының ауылдық алқаптарында қазіргі заманғы агротехнологияларды қолдану арқасында өнімділіктің 5-8 ц/гектардан 14-16 ц/гектарға дейін жоғарылағанын, соған сәйкес дәнді-дақылдардың жалпы көлемі 4-6 млн.тоннадан 18-22 млн.тоннаға дейін көбейгенін көрсетті.

Қазіргі заманғы агротехнологиялар егіс өнімділігін жоғарылатудың және сәйкесінше ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады.

Олар жоғары өнімділікті аудандастырылған сорттарды қолдану, топырақты тиімді өңдеу, алдағы уақытта тұқымдарды дұрыс, дәл отырғызу, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арам шөптерден қорғау құралдарын салудан бастап және ауыл шаруашылығы дақылдарын уақытында жинағанға дейінгі барлық ғылыми-технологиялық операциялар спектрін қамтиды.

2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аграрлық саласында фермерлер мен басқа да ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қуаңшылық, өнімділік төмен жылдары да кепілдік берілген таза табыс алуға мүмкіндік беретін өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдардың өнімділігін міндетті түрде сақтандыруды енгізу туралы дұрыс басқарушылық шешім қабылданғаны баршаға белгілі [4].

Сондықтан, мемлекет экономикасының аграрлық саласын мемлекеттік қолдау бойынша қабылданған түпкілікті шаралар ауыл шаруашылығында жалпы тауар айналымының едәуір өсуіне мүмкіндік берді, ол бүгінгі таңда белгіленген мөлшерден 14 млрд. АҚШ долларына асып түсті.

Дән сапасының жоғарылығы шет елдерге (Ресей Федерациясы, Иран Ислам республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина, Түркіменстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы) сату үшін жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы дән өндірісі Қазақстан дәндерінің әлемдік нарықта бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін сала болып табылады.

Жүргізілген зерттеулер (1993-2007 жылдар) негізінде, ауыл шаруашылығында қалыптасқан әлемдік қарқынды ескере отырып, қолда бар отандық ресурстық әлеуетті біле отырып Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің алдағы уақытта экономиканың маңызды және жоғары табыс алып келетін салаларының бірі болатынын атап айтуға болады.

Көріп отырғанымыздай, соңғы жылдары әлемдік нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе дән өнімдерінің бағалары үнемі өсуде, сондықтан тұтастай алғанда бұл сала өндірісті дамытуды инвестициялау және бизнес тұрғысынан қарағанда өте пайдалы салаға айналуда.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін ауыл шаруашылығына және сәйкесінше жедел дамушы тағам өнеркәсібіне отандық және шетелдік инвестицияларды тартуды көбейту қажеттігін зерттеулер көрсетті.

Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасы көбінесе азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша жедел өсу үстіндегі өзінің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және маңызды экопорттық әлеуетке ие.

Осыған байланысты, аграрлық саланы мемлекеттік қолдауды жоспарлау кезінде елдің қажеттіліктері толық көлемде қанағаттандырылмайтын маңызды тағам өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аударуды талап етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының экспортқа дәстүрлі түрде өнім шығаратын салаларына, ал бұл ең алдымен азық-түліктік және жем-шөптік дән өндірісіне күш жұмсауды шоғырландыру ерекше маңызды.

Сондықтан, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында «дән экспортының арналарын Каспий мен Қара теңіз порттары арқылы, сонымен қатар Қытай Халық Республикасы бағытында кеңейту қажет» екендігі барынша әділ баяндалған.

Қазақстан Республикасы дәнді, әсіресе бидайды негізгі экспорттаушылар болып табылатын Америка Құрама Штаттары, Европалық Одақ, Канада, Австралия және басқа да ірі экономикалық дамыған мемлекеттермен қатар әлем елдерінің бірінші ондығына кіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Конкурентоспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения. Монография. / Под науч. ред. д.э.н., проф., академика НИА РК О. Сабдена – Алматы : Экономика. – 2007. – 175 с.

2. Прогноз мирового баланса производства и потребления зерна в текущем 2008/2009 маркетинговом году. Продовольственная и сельскохозяйственная организация – Информация ФАО, сайт в Интернете, www. FAO. marketing wheat crop. edu. com.

3. Программа первоочередных мер на 2006-2008 годы по реализации Концепции устойчивого развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2006-2010 гг. – Алматы: 2006. – 40 с.

4. Есполов, Т. И. Повышение эффективности сельского хозяйства Казахстана в условиях его интеграции с внешними рынками / Т. И. Есполов, Р. Ю. Куватов и др. – Алматы : Экономика. – 2004. – 598 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет