1-Кесте – Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік
қолдау шаралары
«Көгілдір кәрзеңке» шаралары
(blue box policies)
|
«Жасыл кәрзеңке» шаралары
(green box policies)
|
«Сары кәрзеңке» шаралары
(amber box policies)
|
Өндіріс көлемін шектеу нәтижесінде тауар өндірушілердің жоғалтқан табыстарын мемлекет тарапынан өтеу
|
Тұқым шаруашылығын және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, ҒЗТКЖ, қоршаған ортаны қорғауға дотациялар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жұмысшыларын оқыту және біліктіліктерін арттыру, олардың зейнет ақымен қамтамасыздандырылуын жақсарту
|
Өнімділікті сақтандыру мұқтаждықтарына, жолдар құрылысына және ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның басқа да элементтеріне, сонымен қатар аймақты дамытуға дотациялар
|
Неғұрлым сезімтал елдер үшін «сары кәрзеңке» шаралары табылады.
Оның жеткіліксіз толуы құрамына Қазақстан Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы (нетто-импорттаушы) және басқа да елдер кіретін импорттаушы-мемлекеттердің ұлттық азық-түлік қауіпсіздік деңгейінің төмендеуінен тікелей байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін ауыл шаруашылық азық-түлік ұйымы ағымдағы 2008/2009 маркетингтік жылдағы бидай дәнінің өндірісі мен тұтынысының әлемдік балансының болжамын жариялады [2].
Болжам мәліметтерінен әлемде дән өндірісі рекордтық мөлшер – 2192 млн.тоннаға жететіні, яғни өткен 2007 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға артық болатыны белгілі.
Дәнді дақылдар арасында неғұрлым жоғары өсім бидай өндірісі бойынша күтілуде. Қазақстанда ағымдағы маусымдағы сатып алу және нарықтық бағалардың жоғары болуы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін егіс аудандарын кеңейтуге ынталандырғаны жалпыға аян.
Нарықта дән ұсынысының өсуі әлемдік бағаларды бәсеңдетеді, бірақ бағалардың өте төмендеуін күтпеген дұрыс.
Бидай өндірісі өткен 2007 жылғы рекордты басып озады және 658 млн.тоннаға жетеді (кесте 2).
Көріп отырғанымыздай, бидайды әлемдік тұтыну шамамен 17 млн.тоннаға артып, 634,8 млн.тоннаға жетеді.
Ол 2004/2005 маркетингтік жылдан бергі соңғы үш жылда алғаш рет шұғыл өсуді білдіреді.
Қазақстан үшін бидай стратегиялық тауар болып табылатындықтан, бидай өндірісінің өте тиімді екенін және отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау қажеттігін талап ететінін жүргізілген талдау мен болжам көрсетіп отыр.
Осыған байланысты, дән өндірісінің тиімділігін жоғарылату Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі алдында ауыл шаруашылығы үшін басты міндет болып табылады [3].
Мысалы, сала өнімділігінің маңызды көрсеткіші болып ауыл шаруашылығының жалпы өнімі табылады.
Ол республикада 2002 жылдан бері шамамен 2 есеге өсті, бұл әсіресе рекордтық көрсеткіш 22 миллион тоннаға жеткен жалпы дән өндірісінен ерекше байқалады.
Экономиканың аграрлық саласына салынған отандық және шетелдік инвестициялар 3 еседен артық көлемге көбейді.
Осылардың барлығы ауылдарды дамыту бағдарламасының (2003-2005 жылдар) нәтижесінде мүмкін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |