Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары



бет36/50
Дата23.10.2020
өлшемі1,64 Mb.
#73333
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
А. Н. Молдағалиева, магистрант

Т. Н. Траисова, экон. ғылымдарының кандидаты, доцент, ғылыми жетекші
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада банктік қызмет көрсету және оны жетілдіру мәселелері қарастырылды. Қазіргі уақытта банктік несиелендіру, депозиттік шот ашу, ақшалай аударымдар, жеке тұлғаларға қызмет көрсету банк жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Көрсетіліп отырған банктік қызметтің жақсаруы, банкті рентабельді және Қазақстан Республикасының басқа банктермен салыстырғанда басым болады.
Основными проблемами, рассматриваемыми в статье являются оказание банковских услуг и их усовершенствование. В настоящее время банковское кредитование, открытие депозитных счетов и кассовые операции, то есть предоставление услуг физическим лицам являются неотъемлемой частью банковской сферы. Улучшение оказываемых услуг делает банк рентабельным и предпочтительным среди других банков Республики Казахстан.
The main problems considered in the article are the bank services and its perfection. At the present time, opening of deposit accounts and cash transactions i.e. services to natural persons are the integral part of bank sphere. The perfection of survices makes the bank profitable and preferable among the other banks of the Republic of Kazakhstan.
Елдегі барлық екінші деңгейлі банктер «Қазақстан Республикасының банктер мен банк қызметі туралы» заңына бағынып, реттеліп отырылады. Екінші деңгейлі банктердің басты қызметтері:

  • салымдар қабылдау;

  • ақшалай төлемдерді жүзеге асыру;

  • несие беру;

  • ақша айырбастау және т.б.

Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық түрлі өнімдер мен қызметтер көрсетуге дайын. Коммерциялық банктің негізгі қызметі – бұл қарыз беруші мен борышқор арасындағы ақша құралдардың қозғалысын қарастырады. Банктің басқа қаржылық мекемелерден екі айырмашылығы бар:

1. Банк ұзақ мерзімді міндеттемелердің алмасуын сипаттайды;

2. Банктер заңды және жеке тұлғалар алдында белгіленген қарыз соммасы мен өзіне алған шартсыз міндеттемелерді бөледі.

Коммерциялық банктің міндеттері:



  • несие делдалдылығы;

  • жинақтың ынталандырылуы;

  • ұлттық шаруашылықта есептің жүргізілуі;

  • төлем құралдардың құрылуы;

  • бағалы қағаздар операцияның делдалдылығы.

Коммерциялық банк қызметінің қағидалары мынадай:

    • біріншіден, қолда бар ресурстармен жұмыс жасайды;

    • екіншіден, толық экономикалық тәуекелділігі, соның ішінде өз қызметінің шешіміне экономикалық түрде жауапты болады;

    • үшіншіден, коммерциялық банктің өз клиенттерімен қарым-қатынасы толықтай нарықтық қатынас ретінде ұйымдастырылады;

    • төртіншіден, банк қызметінің реттелуі әкімшілік емес, жанама экономикалық тәсілдермен орындалады.

Банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. Жалпы кез-келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операциялардың атқаратын міндетін ескеріп қалыптасады. Мысалы, банктің қаражат тарту және жинақтау операцияларын депозиттік операциялар, есептеу-операциялық, несие және тағы сол сияқты басқармалары орындайды. Әрбір коммерциялық банк банкте шаруашылық есепті ұйымдастыруға, банктің рентабельділігіне және өтімділігіне көп көңіл бөлуі тиіс. Ол үшін банктің ағымдағы қызметімен шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық бөлімшелер кесте бойынша қалыптастырылады.

Банктің актив операцияларын жүзеге асыратын негізгі буыны – несие басқармасы. Банк кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа банктерге несие береді. Қарыз қорын қалыптастыру көздерінің ерекшеліктеріне, берілетін несиенің қамтамасыз етілуіне және несиелеу механизміне, несиені қолданатын жеріне және басқа жағдайларға байланысты несие басқармасының шеңберінде құрылады.

Депозиттік операциялар басқармасы – банктің өз капиталы мен тартылған қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданады.

Қор бөлімі банктің өз қаражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді.

Жеке тұлғаларға есептеу-кассалық қызмет көрсету мақсатында банкте есептеу-кассалық басқармасы құрылады. Оның негізгі қызметтері:


  • шоттарды ашу және есептесуді жүргізу;

  • кассалық операцияларды жүргізу.

Банктің есеп айырысу-касса бөлімі – банктің Ұлттық банк берген келісімі бойынша құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аймақтық оқшау бөлімшесі.

Талдау және статистика басқармасы төмендегідей жұмыстарды орындайды:



  • статистикалық хабарларды жинақтау және талдау;

  • клиенттерге хабарлама-анықтама қызметтерін көрсету;

  • банктің қызметі туралы есепті, жоспардың жобасын дайындау;

  • банктің балансын статистикалық тұрғыдан дайындау;

  • эксперттік зерттеуді, банкті бағалауды дайындау және орындау.

Кадрлар бөлімі:

  • қызметкерлердің санын және оларды қолдануды жоспарлайды;

  • кадрлардың мамандығын көтеруді және оқытуды ұйымдастырады;

  • еңбекақы қорын басқарады;

  • қызметкерлерді таңдаумен және орналастырумен шұғылданады.

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі банктің ғимаратын, құрал-жабдықтарын салумен, жоспарлаумен, сатып алумен, жөндеумен және сатумен айналысады. Электронды-есептегіш машиналар бөлімімен бірлесіп электрондық жүйені қосу, банктің мекемелерін электронды-есептегіш машиналар және оргтехникамен қамтамасыз етумен, сондай-ақ архив ісімен шұғылданады.

Заң бөлімі:



  • нормативтік құжаттарды дайындап, банктің жарғысына өзгерістер енгізеді;

  • жарғылық шарттардың орындалуын және банктік мәмлелердің дұрыс дайындалуын бақылайды;

  • шарттарды, кепілдік актісін және басқа іс қағаздарын толтырады;

  • банктің сот және әкімшілік мекемелеріндегі барлық ісін жүргізеді;

  • талап арыздарды, пікірлерді, шағымдарды және басқа әр түрлі актілерді толтырады;

  • банкте туындаған барлық құқықтық мәселелер бойынша қорытынды жасайды.

Тексеру бөлімі банктің және оның филиалдарының жұмысының банктің Кеңесі бекіткен ережелерге, нормаларға сәйкес болуын тексереді.

Электронды-есептегіш машиналарды енгізу және қолдану бөлімі:



  • банктің компьютерлік жүйесін ұйымдастырады;

  • есеп айырысу мен төлемнің электрондық орындалуын қамтамасыз етеді;

  • банктің басқармалары мен бөлімдері үшін бағдарлама дайындайды;

  • банкті электронды-есептегіш техникамен жабдықтаудың ағымдағы және болашақтағы бағдарламасын жүзеге асырады;

  • әкімшілік бөліммен бірігіп осы бағдарламаны жүзеге асырады.

Нарықтық экономика жағдайында банк қызметінің басты бағытының бірі – банктік қызметтің маркетингі.

Маркетинг басқармасы:



  • жаңа клиенттермен байланысты қамтамасыз етеді;

  • іскерлік байланыстың дамуына әсер етеді;

  • жаңа операциялар мен банктік қызметті және дайындауға әсер етеді;

  • нарықтық коньектураны зерттейді;

  • клиенттерге кеңес берумен көмектеседі.

Банктің клиенті – банкпен шарт жасасып банкте шот ашқан кез келген заңды және құқықты тұлға. Біздің елімізде Ұлттық банкпен, коммерциялық банктермен және олардың клиенттері арасындағы қатынас – шарт негізінде жүзеге асырылады. Шартта банк пен клиенттің қарым-қатынастарының негізгі тәртібі анықталады. Шартқа сай банк пен клиенттің арасындағы іскерлік қатынастар өзара сенімге негізделіп құралады. Шартта несие және салым бойынша проценттік мөлшер, банктік қызметтердің құны және олардың орындалу мерзімі, шарттың жағдайларын бұзғаны үшін екі жақтың мүліктік жауапкершілігі, сондай-ақ шартты бұзу және басқа да шарттың елеулі жағдайлары көрсетілуі тиіс. Шартта көрсетілген міндеттер мен құқықтар біржақты өзгертілмейді.

1. Несие операцияларын ұйымдастыратын жалпы бөлімі – ол:



  • нақты экономикалық жағдайларға байланысты банктің жалпы саясатын және оны орындау тәртібін анықтайды;

  • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу мен қаржыландырудың жалпы әдістемелерін, сондай-ақ, клиенттің несие қабілеттілігін анықтау және перспективалық қаржылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістемелерін дайындайды;

  • несиелік тәуекелді зерттеп, банктік несие операцияларын сақтандыру механизмін анықтайды.

2. Қысқа мерзімді несиелеу бөлімі – ол:

  • несие алудың қажеттілігін айқындап біледі;

  • несиені беруді ұйымдастырып, несие істерін жүргізеді;

  • несие шарттарын жасайды;

  • клиенттердің несие қабілеттілігін тексереді;

  • несие қабілеттілік картотекасын жүргізеді;

  • факторинг операцияларын ұйымдастырады.

3. Ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру бөлімі – ол:

  • банктің инвестициялық потенциалына қарай несиелеу мен қаржыландырудың негізгі бағыттарын айқындайды;

  • қаржыландыру мен несие операцияларын ұйымдастырады;

  • несие беру және қызмет көрсету шарттарын жасайды;

  • клиенттердің несие қабілеттілігін тексеріп, несие қабілеттілігін картотекасын жүргізеді;

  • клиенттің инновациялық ісіне байланысты несиелейді және клиенттің инновациялық қызметін қаржыландырады;

  • клиенттің тапсыруы бойынша қаржыландыруды ұйымдастырумен шұғылданады;

  • ұзақ мерзімді жобаларды ендіру үшін серіктер іздестіруде және оларды іске асыру үшін мердігерлер табуда делдалдық көмек көрсетеді.

4. Халықты несиелеу бөлімі – ол:

  • тұтыну тауарларын сатып алуды және тұрғын үй салуды тікелей және жанама несиелеуді ұйымдастырады;

  • несие карточкасын береді;

  • халыққа басқа да көптеген қызмет көрсетеді.

5. Банкаралық операциялар бөлімі Ұлттық банкпен, басқа да коммерциялық банктермен, сондай-ақ өзінің бөлімшелермен есеп жүргізуді және барлық банкаралық операцияларды талдауды ұйымдастырады.

6. Дәстүрлі емес банктік операциялар бөлімі несиелеумен, мысалы, лизинг операцияларын жүргізумен шұғылданады.



Коммерциялық банкте валюта басқармасы маңызды қызмет атқарады. Ол:

  • валюталық позицияны жүргізеді;

  • валюта шоттарын жүргізеді;

  • валюталарды сатып алып және сатады;

  • қаржыны салымдарға қабылдап, қарыз береді;

  • тәуекелді сақтандырады.



Каталог: 2014 -> elektronnaia bibl -> nauki i obrazavanie -> nauka i obrazavanie 2008
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары
nauki i obrazavanie -> Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары
nauki i obrazavanie -> Использование законов земледелия в разработке агротехники картофеля
nauki i obrazavanie -> Ауыл шаруашылық ғылымдары агрономия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет