Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары



бет16/50
Дата23.10.2020
өлшемі1,64 Mb.
#73333
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
2

3

4


1

1-Сурет – Ен бау және конусының негізгі артериальдық тамырлары (рентгенограмма)

1 – ішкі ен артериясы; 2 – ен қосалқасының артериясы; 3 – ұрық жолы артериясы;

4 – ішкі ен артериясынан тарайтын ен қосалқасының қосымша артериялары
Қошқарларды ішкі ен артериясы 4-5-ші бел омыртқалары деңгейінде аортадан шығып, іш перденің кішкене бүкпесімен қапталады да, шап каналына бағытталады. Бұл жерде ен баудан өтіп, иректеледі де, еннің жоғарғы полюсіне 8-10 см жетпей қан тамырлары конусқа жинақталады. Бұл конуста артерия ұзындығы 80-нен 135 см-ге жетіп, 60-тан 113-ке дейін тұзақ түзеді. Бұлар горизонтальды орналасқан. Жоғарғы бөліктегі тұзақтар кішкене, ал төменгі жағында тұзақтардың ішкі диаметрі 3-4 см-ге жетеді. Ішкі ен артериясы еннің жоғарғы бөлігінен дейін барып, дихотомикалық екі бұтаққа бөлінеді – алдыңғы және артқы. Олар еннің белокты қабығының қалыңдығына еніп, күшті иректеледі. Бір-бірінен анастомозданады және еннің төменгі бөлігіне өтеді. Белокты қабықшаның қалыңдығында жатқан артериядан ен қалыңдығына көптеген тамырлар таралады. Олар гайморов денесі аумағында бір-бірімен аностомозданады да, артериялық тор түзеді. Қан тамырлы конустан кішкене жоғары, ішкі ен артериясынан екі тамыр шығып, ен қосалқасына барады сурет 1.

Ен веналарының артериялардан ерекшелігі, оларда доға тәріздес иілмелері болмайды және олар еннің төменгі бөлігінен жоғарғы бөлігіне тура сызық бойымен, кейін еннің бос бетімен қиғаш қосалқы бетіне барады. Ірі веналар 17-28 сан көлемінде белок қабықшасының қалындығында жатады және еннің жоғарғы бөлігіне жақындау барысында көп мөлшерде ұсақ веналарға бөлінеді. Олар 3-18 қатардан тұратын қан тамырлы қаптама түзеді. Бұл қаптамадан көп қабатты венозды тор жоғары көтеріледі де, артериялдық конусты айнала қоршайды және оның тұзақтарынан өтеді.



Осыған орай, венозды өрім-жүзім сабағы тәрізді дене қалыптасады. Оның ұзындығы 5-8 см, овальды негізінің диаметрі 4,5-3,5 см. Қошқарларда венозды тамырлардың диаметрі 0,15-0,25 мм және бір сызық мм-де 7-8 тамыршалар болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет