Ауыз сыртылық аппараттарға жатады



бет3/49
Дата04.06.2024
өлшемі1,2 Mb.
#203143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
НЦНЭ ПОИСКОВИК ОБЩИЙ АНАС

15. Клиникаға 57 жастағыС. науқас 3.6 тістіңаймағындатұрақтыызыңдағанауырсынулар, солжақұртаймағыныңісінуішағымыменкелді. Науқастыңайтуыбойынша 5 тәулікмерзіміндеауырады. 2 типтіқантдиабетідиагнозыментіркеудетұр, созылмалыжайылмалыпародонтит. Қарағанда: солжақұртаймағыныңісінуіесебіненбеттіңасимметриясы. Ауыздыңашылуыауырсынулы. 3.4, 3.5, 3.6, 3.7 тістермойындарыныңжалаңаштануы, 3.6 тістіңтереңпародонтальдықалтасыбар, І-ІІдәрежелітістіңқозғалғыштығы, горизонтальдыперкуссияауырсынады. 3.6 тістіңаймағындақызылиеквестибулярлыжағынанқызарған, ісінген, флюктуацияанықталады. Алғашқыдиагноздықойыңызжәнедиагностикаәдісінанықтаңыз:

3.6 тістің аймағында жедел пародонтальды абсцесі, ортопантомография

жедел іріңді периостит, 3.6 тістің рентгенографиясы

жедел іріңді периодонтит, 3.6 тістің рентгенографиясы

созылмалы периодонтит, 3.6 тістің рентгенографиясы

созылмалы периодонтиттің өршуі, ортопантомография

16. Клиникаға 66 жастағы С. науқас тілдің арқасы аймағында «жара», тағамды шайнаудың қиындауы шағымымен келді. 10 жыл мерзімінде ауыз қуысында мерзімді пайда болатын жараларды атап өтеді. Қарағанда: беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі, «ершік тәрізді мұрын» мұрын арқасының төмен түсуі бар. Төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынбайды, қозғалмалы. Ауыз ашылуы еркін. Тілдің арқасында тығыз шығыңқы жиектері бар дөңгелек кратер тәрізді жара бар. Жұмсақ таңдай аймағында тыртықты өзгерістер, тілшік жоқ. Алғашқы диагнозды қойыңыз және маманды анықтаңыз:

туберкулезді жара, фтизиатрда емдеу

рак языка, лечение у онкологта емдеу

гуммозды сифилид, венерологта емдеу

созылмалы афта, стоматологта емдеу

жарақаттық жара, стоматологта емдеу

17. Клиникаға 68 жастағы А. науқас сол жақ альвеолярлы қырқаның артқы бөлігінде тұрақты ауырсынулар шағымымен келді. Ауырсынулар тағам қабылдағанда және сөйлегенде күшейеді, 1 ай мерзімінде мазалайды. Ауырсынудың пайда болуын науқас төменгі жаққа толық алмалы протезді дайындаумен байланыстырады. Анамнезінде: ІІ дәрежелі гипертониялық ауру. Қарағанда: сол жақ ретромолярлы аймағында кілегей қабық деңгейінде некроздалған қақпен жабылған түбі және тегіс емес жиектері бар 1,5*1,5 см ақау бар, пальпация кезінде ауырсынады. Төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы, қозғалмалы. Алғашқы диагнозды қойыңыз және маманды анықтаңыз:

туберкулезді жара, фтизиатрда емдеу

тілдің рагы, онкологта емдеу

гуммозды сифилид, венерологта емдеу

созылмалы афтозды стоматит, стоматологта емдеу

жарақаттық жара, стоматологта емдеу

18. Клиникаға 48 жастағы К. науқас жағымсыз сезімдер, күйдіру, ауыз қуысы кілегей қабығының қызаруы, ауызда металдың дәмі шағымымен келді. Науқастың айтуы бойынша осы симптомдар 2 жыл бұрын металды керамикадан алынбайтын протезді дайындағаннан кейін пайда болды. Қарағанда: әртүрлі материалдардан алынбайтын протездер бар, протездер айналасында ауыз қуысының кілегейі қызарған, ісінген және ақшыл қақпен жабылған. Алғашқы диагнозды қойыныз және емдеу тактикасын анықтаңыз:

жедел афтозды стоматит, кератопластиктермен емдеу

гальванизм, біртекті металдан протездерді ауыстыру

көптүрлі экссудативті эритема, антигистаминді терапия

контактты аллергиялық стоматит, антигистаминді терапия

вульгарлы күлдіреуік, гормональды терапия

19. 30 жастағы науқас тітіркендіргіш тағамдар қабылдағанда тілінде пайда болатын күйдіру және шымшу сезімдеріне шағымданып келді. Канцерофобиямен зардап шегеді. Объективті: тілдің ортаңғы сызығында- жіп тәрізді бүртіктердің болмауынан үңірейген, сопақша пішінді жеке ошақ анықталды. Диагноз қойыңыз:

Ромб тәрізді глоссит

Глоссалгия

қатпарлы тіл

Десквамативті глоссит

қара «түкті» тіл

20. 35 жастағы әйел оң жақ жоғарғы тісінің тістегенде күшейетін үнемі сыздап ауыратынына шағымданады. Анамнезінен: тіс бұрын емделген. Объективті: 17 тістің шайнау беткейінде тұрақты пломба. Перкуссияда ауырады. 17 тіс маңындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, пальпацияда ауырсынады. ЭОД-120 мкА. Рентгенограммада: ұрттық-медиальды түбір ұшы аймағында периодонтальды кеңістігінің кеңеюі. Қайсы болжамды диагноз болуы мүмкін?

созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы

созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы

созылмалы гранулематозды периодонтиттің асқынуы

созылмалы гранулирлеуші периодонтиттің асқынуы

созылмалы фиброзды периодонтиттің асқынуы

21. Науқас 32 жаста, жоғарғы жақсүйектің оң жағындағы тісте температуралық тітіркендіргіштерден болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 16 тістің медиальді-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Кіреукенің салбыраған жиектері көрінеді. Суыққа қысқа мерзімді ауырсынады. Тісжегі қуысының түбін зондтағанда ауырсынады. Перкуссия ауырсынбайды. ЭОД - 12 мкА. Диагноз қойыңыз.

орташа кариес

терең кариес

созылмалы фиброзды пульпит

жедел диффузды пульпит

жедел ошақты пульпит

22. Науқас 28 жаста. Жоғары жақсүйек тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Тістердің түсі балалық шақтан бері өзгерген. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарау барысында: 11, 12, 21, 22 тістерінің вестибулярлы беттерінде және 16, 26 тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәрізді дақтар бар. Дақтың беті тегіс, жылтыр, 2% метилен көгімен боялмайды. Диагноз қойыңыз.

флюороз, дақты түрі

бастапқы тісжегі

Флюороз, штрихті түрі

Гипоплазия, дақты түрі

Флюороз, борлы–секпілді түрі

23. Науқас 34 жаста төменгі жақсүйегінің оң жағындағы тісте ыстықтан пайда болатын сыздап ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: бұрын тісі қатты ауырған. Қарау барысында 47 тістің түсі өзгерген, кең ашылған тіс қуысымен жалғасқан терең кариозды қуыс анықталады. Түбір өзегі сағаларының аймағында зондтау ауырсыну тудырады. ЭОД- 80 мкА. Диагноз қойыңыз.

созылмалы фиброзды пульпит

созылмалы гипертрофиялық пульпит

созылмалы гангренозды пульпит

созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы

жедел диффузды пульпит

24. 52 жастағы науқас тістерінің қозғалғыштығына, қызылиектің қанағыштығына, ауызынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданып келді. Анамнезінен: бұрын дәрігерге қызылиек ауруларымен бармаған. Созылмалы холецистит бойынша дәрігерде тізімде тұрады. Объективті: қызылиектің шырышты қабаты ісінген, борпылдақ, пародонтальды қалталар тереңдігі 6-8 мм көп мөлшерде іріңді бөлініспен, төменгі жақтың фронтальды тістерінің және жоғары және төменгі азу тістерінің аймағында қызылиекастылық және қызылиекүстілік тіс тастарының шөгінділері бар, тістерінің қозғалғыштығы ІІ-ІІІ дәрежелі . Рентгенограммада: альвеолааралық қалқалар түбірінің 1/2-2/3 ұзындықта горизонтальды және вертикальды резорбциясы. Болжамды диагноз:

Пародонтолиз

ІІІ дәрежелі пародонтоз

ІІ дәрежелі созылмалы жайылған пародонтит

ІІІ дәрежелі созылмалы жайылған пародонтит

ІІ дәрежелі созылмалы жайылған пародонтиттің асқынуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет