49. Ауруханаға 39 жастағы науқас А., жоғарғы жақ аймағындағы ауырсынуға, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына шағымданып келді. Қойылған диагноз: 2.7 тістің созылмалы периодонтитінің асқынуы. 2.7 тісті жұлу операциясы көрсетілген. Жергілікті жансыздандыру әдісін анықтаңыз:
туберальды және күректістік
|
туберальды және таңдайлық
|
туберальды және күректістік
|
көзастылық және күректістік
|
күректістік және таңдайлық
|
50. Ауруханаға 29 жастағы науқас О., келді, қойылған диагноз: 4.8 тістің қиын шығуы. Ультракаинмен жергілікті жансыздандыру жүргізгеннен 5 минуттан кейін, науқас төменгі еріннің, иектің және тілдің жартысында ұюығандығын сезінді. Осы клиникалық көрініс сипаттайды:
|
төменгіұяшықтық және тілдік нервтің бұғатталғандығын
|
таңдайлық және күректістік нервтің бұғатталғандығын
|
жоғарғыұяшықтық және таңдайлық нервтің бұғатталғандығын
|
ұрттық және көзастылық нервтің бұғатталғандығын
|
бет нервісінің тармағының бұғатталғандығын
|
51. Ауруханаға 30 жастағы науқас Р., келді, қойылған диагноз: жоғарғы жақтың 2.7 тістен пайда болған жедел іріңді периостит. Периостотомия және 2.7 тісті жұлу операциясы жоспарлануда. Осы операцияны жүргізу үшін жергілікті жансыздандыру әдісін анықтаңыз:
|
күректістік және инфильтрационды
|
таңдайлық және инфильтрационды
|
таңдайлық және көзастылық
|
күректістік және таңдайлық
|
таңдайлық және туберальды
|
52. Ауруханаға 45 жастағы науқас К.,оң жақ жоғарғы жақ аймағындағы ісінуге және ауырсынуға, әлсіздікке, дене температурасының 37,5ºС дейін көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен: науқас айтуы бойынша 1.6 тістегі ауырсыну 3 тәулік бұрын пайда болған. 1 тәулік бұрын ісіну пайда болып, жалпы жағдайы нашарлаған. Тісі бұрын емделмеген. Обьективті: оң жақ жоғарғы жақ жұмсақ аймақтарының ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта диаметрі 2,0×2,0 см болатын инфильтрат анықталады, оның үстіндегі терісі қызарған. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 1.6 тіс сауытының 2/3 бұзылған, перкуссия кезінде ауырсынулы. 1.5,1.6,1.7 тістер деңгейінде өтпелі қатпар жазылған, қызарған, ісінген, қысымдалған, пальпацияда ауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық емнің әдісін анықтаңыз:
|
1.6 тістің жедел іріңді перикорониті, тісті жұлу
|
жоғарғы жақтың жедел іріңді периоститі, периостотомия, 1.6 тісті жұлу
|
1.6 тістің жедел іріңді периодонтиті, периостотомия, тісті жұлу
|
1.6 тістен пайда болған ұрт аймағының флегмонасы, іріңдікті дренаждау
|
1.6 тістен пайда болған бет аймағының абсцессі, іріңдікті дренаждау
|
53. Ауруханаға 39 жастағы науқас З., сол жақ төменгі жақ аймағындағы ісінуге және ауырсынуға, әлсіздікке, дене температурасының 37,3ºС дейін көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен: науқастың айтуы бойынша 3.6 тіс аймағындағы ауырсыну 4 тәулік бұрын басталған, 2 тәулік бұрын ісіну пайда болып, жағдайы нашарлаған. Тісі бұрын емделмеген. Обьективті: сол жақ төменгі жақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта диаметрі 2,0×1,5 см инфильтрат пальпацияланады, үстіндегі терісі қызарған. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 3.6 тіс сауытының ½ бұзылған, перкуссия ауырсынулы. 3.5, 3.6, 3.7 тістер деңгейіндегі өтпелі қатпар жазылған, қызарған, ісінген, қысымдалған, пальпацияда ауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық емнің әдісін анықтаңыз:
|
3.6 тістің жедел іріңді перикорониті, тісті жұлу
|
3.6 тістен болған иекасты аймағының абсцессі, іріңдікті дренаждау
|
3.6 тістің жедел іріңді периодонтиті, периостотомия, тісті жұлу
|
3.6 тістен болған төменгі жақасты аймағының флегмонасы, іріңдікті дренаждау
|
төменгі жақтың жедел іріңді периоститі, периостотомия, 3.6 тісті жұлу
|
54. Ауруханаға 30 жастағы науқас Л., келді. Дәрігер 4.7 тістің созылмалы периодонтиті диагнозын қойды. 4.7 тісті жұлу кезінде тіс сауытының сынуы орын алды, медиальды түбірі ұяшықта қалды. 4.7 тістің медиальды түбірін жұлу үшін қажет құрал:
|
тіке элеватор
|
бұрыштық «өзіңе» элеваторы
|
бұрыштық «өзіңнен» элеваторы
|
бізтәрізді элеватор
|
распатор
|
55. Ауруханаға 37 науқас У., келді. Дәрігер 4.6 тістің созылмалы периодонтитінің асқыну диагнозын қойды. Жергілікті жансыздандыру арқылы 4.6 тісті жұлу жоспарлануда. 4.6 тісті жұлуға арналған құралды және дәрігер қалпын анықтаңыз:
|
құстұмсықтәрізді басы біріккен қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы сол жағында
|
әмбебап қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы сол жағында
|
құстұмсықтәрізді басы бірікпеген қысқыш, дәрігер қалпы науқастың алдыңғы оң жағында
|
құстұмсықтәрізді басы бірікпеген қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы оң жағында
|
әмбебап қысқыш, дәрігер қалпы науқастың артқы оң жағында
|
56. Ауруханаға 22 жастағы науқас С., оң жақ төменгі жақтағы деформацияға шағымданып келді. 6 ай көлемінде мазалайды, 1 ай бұрын төменгі жақ аймағында жарақат алған, содан кейін деформация ұлғайған. Қарау кезінде: беті оң жақ төменгі жақтың бұрышының және тармағының тығыздалуына байланысты асимметриялы. Пальпацияда ауырсынбайды. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 36, 37 тістер аймағындағы өтпелі қатпар ашық – қызғылт түсті, пальпация кезінде «пергаменттік сықыр» симптомы анықталады. Р- граммада анық контурлы гомогенді, сүйектік перделермен бөлінген ошақты ағарулар анықталады. Ошақтық ағару ортасында ретинирленген 38 тіс орналасқан. Морфологиялық зерттеу эмальды орган құрылысына келеді. Клиникалық диагноз қойыңыз:
|
A)фиброма
|
одонтома
|
миксома
|
хондрома
|
амелобластома
|
57. Науқаста стационарлы ернінде болуында жоғарғы еріннің сол жақ аймағында тығыз, ауырснатын инфильтрат бар, ортасында іріңді өзек байқалады. Инфильтрат үстіндегі тері қызарған. Пальпациялауда бет көктамыры бойында тартпа анықталады. Диагноз қойыңыз
|
Жоғарғы еріннің іріңді шиқаны
|
Жоғарғы еріннің іріңді шиқаны, бет көктамырының флебиті.
|
Іріңді көршиқаны
|
Инфильтрация сатысындағы көршиқаны
|
Одонтогенді теріасты гранулемасы
|
58. Анестезия жасағанан кейін науқастың ұрт аймағының ісіңуі байқалады. Стоматолог-хирург жоғарғы ақыл тіс жұлынды, суық басуды кеңес өтті. 3 күнен кейін жоғарғы жақ аймағында ауырсыну пайда болды, ауырсыну құлақ және самайға таралады, дене температурасы көтерілді. Қарау кезіңде құм сағат симптомы бар. Ауыз ашылуы шектеулі, ІІІ ші дәрежелі контрактура. Жоғарғы жақ азу тістерінің өтпелі қатпарда жедел ауырсыну бар. Жоғарғы ақыл тіс ұяшығында қан ұйығы бар. Болжамды диагноз қойыныз.
|
Иньекциядан кейінгі самай аймағының гематомасы
|
Иньекциядан кейнгі ұрт аймағының гематомасы
|
Иньекциядан кейнгі қанат–таңдай аймақ шұңқырының іріңдеген гематомасы
|
Иньекциядан кейнгі самай асты шұңқыры аймағының гематомасы
|
Иньекциядан кейнгі қанат –таңдай шұңқыры гематомасы
|
59. Стоматологиялық емханада науқас төменгі жағының екінші моляр артында қатты тұрақты шайнағанда үдейтін ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысы ашылуы шектеулі. Ауырсыну құлақ самайға беріледі. 3.8 тістің медиальды бұдыры көрінген. Рентгенограммада 3.8 тіс вертикальды бағытта, 3.7 тіс және төменгі жақ бұтағының алдыңғы шеті арасындағы қашықтық 0,7 см құрайды. Ем тактикаңыз таңданыз
|
Новокаин-антибиотикті тежеу
|
Капюшонды кесу
|
Периостотомия
|
38 тісті жұлу
|
Аппликация метрогилмен
|
|