Ауыз сыртылық аппараттарға жатады



бет4/49
Дата04.06.2024
өлшемі1,2 Mb.
#203143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
НЦНЭ ПОИСКОВИК ОБЩИЙ АНАС

25. 28 жастағыәйеладамдәрігер-стоматологқабалакезіненбайқағантістертүсініңөзгеруінежәнетістерсауытыныңбұзылуынабайланыстыэстетикалықақауғашағымданыпкелді. Обьективтікөрінісі: 13,12,11,21,22,23 тістердіңсауыттарысыңғыш, сары-сабанреңді, тістерпішініөзгерген, сауыттардыңбиіктігісәлтөмендеген. Ең қолайлы емдеу әдісін таңдаңыз.

тіс шөгінділерін алу

тістерді реставрациялау

металлдан сауыттар дайындау

некроэктомия

реминералдаушы терапия

26. 40 жастағы науқас тістерін тазалағанда және қатты тағам тістегенде қызыл иегінің едәуір қанағыштығына, төменгі жақсүйектің алдыңғы тістерінің қозғалғыштығына шағымданады. Қарау барысында: тісаралық қызыл иек еміздікшілерінінің айқын цианозы, олардың конфигурацияларының өзгеруі, ісінуі, тістерге тығыз емес жанасуы, қанағыштығы байқалады. Пародонтальді қалталардың тереңдігі 4-5 мм. Диагноз қойыңыз.

жедел катаральды гингивит

гипертрофиялық гингивит

созылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесі

созылмалы пародонтиттің орташа дәрежесі

созылмалы пародонтиттің ауыр дәрежесі

27. Зақымдалған тісте мезгілдік өздігінен ұзақтығы 10-15 минутқа созылатын қысқауақытты ауырсынулар пайда болады. Кейін ұзақ уақытқа (2-3 сағатқа) басылады. Әртүрлі тітіркендіргіштер (температуралық, механикалық) кезектен тыс ауырсыну ұстамасын тудырады және болған ауырсыну сезімін күшейтеді. Берілген ауырсыну сезімі қай ауруға тән?

жедел іріңді пульпит

жедел жалпы пульпит

жедел ошақты пульпит

жедел жарақаттық пульпит

созылмалы қарапайым пульпит

28. Зақымдалған тісте 10-15 минутқа басылатын, мезгілдік өздігінен ұзақтығы 1-2 сағатқа созылатын ұзақ ауырсынулар пайда болады. Ауырсыну жүйке талшықтары бойымен таралады, түнгі уақытта және тітіркендіргіштерден күшейеді. Бұрын тіс алаңдатпаған. Берілген ауырсыну белгілері қай ауруға тән?

жедел іріңді пульпит

жедел диффузды пульпит

жедел жартылай пульпит

жедел жарақаттық пульпит

созылмалы қарапайым пульпиттің асқынуы

29. Ұлпа қабынуының қай түрінде түбір ұшы периодонттың және айналасындағы сүйек тіні аймағында рентгенологиялық өзгерістер байқалады?

жедел жалпы пульпит

созылмалы қарапайым пульпит

жедел жартылай пульпит

созылмалы гипертрофиялық пульпит

созылмалы гангренозды пульпит

30. Жедел ошақты пульпиттің клиникалық белгісі болып табылады?

ұзақ ауырсынуаралық аралықтармен ұстама тәрізді өздігінен пайда болатын ауырсыну

қысқа ауырсынуаралық аралықтармен ұстама тәрізді өздігінен пайда болатын ауырсыну

температуралық тітіркендіргіштерден болатын қысқа уақыттық ауырсыну

тіс-антагонистімен жанасқанда күшейетін ауырсыну

химиялық тітіркендіргіштерден болатын ұзаққа созылатын ауырсыну

31. Науқас 20 жаста, төменгі және жоғары жақтың фронтальды тістерінің сауыттарында ақауына шағымданып келді. Анамнезінен: ақауды бұрын байқаған, тістерінің шығып басталған кезеңінен. Обьективті: күрек тістердің вестибулярлы беткейінде және жоғары, төменгі жақтың ұры тістерінің төменгі мойындық бөлігінде эмальдың бір деңгейде орналасқан горизонтальды ақаулары анықталды. Зондтауда эамль тегіс, тығыз, температуралық тітіркендіргіштерге реакция ауырсынусыз. Ықтимал диагноз:

тістер эрозиясы

сына тәрізді ақау

жүйелік гипоплазия, жүлгелік түрі

тістердің қатты тіндерінің некрозы

тістер флюорозы, эрозивті түрі

Төменде айтылған клиникалық белгілердің қайсысы терең тісжегіге сәйкес келеді?

эмаль түсінің өзгеруі

эмаль деңгейіндегі қуыс

жабынды дентин деңгейіндегі қуыс

ұлпамаңылық дентиндегі қуыс

тіс қуысымен байланысы бар қуыс

32. 25 жастағы ер адам дәрігерге тістен жағымсыз иістің шығуына шағымданып келді. Анамнезінен: бұрын тісі қатты ауырған, ыстық тамақ ішкеннен кейін ұзақ уақыт ауырады. Қарау барысында: 2.6 тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуысы бар. Ұлпаны беткейлік зондтау ауырмайды, терең - ауырады. ЭОД-80 мкА. Берілген көріністер қай пульпиттің клиникасына сәйкес келеді?

созылмалы гангренозды пульпит

созылмалы фиброзды периодонтит

созылмалы фиброзды пульпит

созылмалы гранулденген периодонтит

созылмалы гранулематозды периодонтит

33. Науқас 50 жаста, жоғарғы сол жақ тісінде керу сезіміне және сыздап ауырсынуына шағымданады. Қарау барысында: 2.7 тісінің түсі өзгерген, медиальды-шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуыс. Тістің перкуссиясы ауырсынусыз, түбір ұшы аймағының шырышты қабаты цианоздалған, жыланкөзден тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбірі ұшы аймағында сүйек тінінің шекарасы анық емес, өлшемі 4 мм жететін ыдырау ошағы анықталды. Қайсысы диагноз болуы мүмкін?

созылмалы фиброзды периодонтит

созылмалы гранулематозды периодонтит

созылмалы гранулденген периодонтит

созылмалы гангренозды пульпит

созылмалы фиброзды пульпит

34. Орта тісжегіні емдеу барысында дәрігер-стоматолог тісжегілік қуысты егеп-тазалады, медикаментозды өңдеу жасады, тісжегілік қуыс түбіне аралық төсем қойды, эмаль мен дентинді кондиционермен өндеді, адгезив жағып, қуысты химиялық жолмен қатаятын тұрақты пломбамен толтырды, пломбаны жылтырату және тегістеу жүргізді. Емдеу барысында қандай қателік жіберілді?

тісжегілік қуыс қабырғаларына аралық төсем салынған жоқ

қуыс түбіне емдік төсем салынған жоқ

адгезив сәулелендірген жоқ

пломба сәулелендірген жоқ

адгезив және пломба қабаттарын сәулелендірген жоқ

35. Бұл патологияның бірінші қабылдауында жансыздандыру, тісжегі қуысын егеп тазалау, кептіру, емдік төсем және уақытша пломба қойылады. 5-7 күннен кейін емдік төсем ауыстырылып, аралық төсем салынып, уақытша пломба тұрақты пломбаға ауыстырылады. Қандай патологияда осындай емдеу ұсынылады:

тез дамитын терең тісжегі

беткей тісжегі

баяу дамитын терең тісжегі

тез дамитын орташа тісжегі

баяу дамитын орташа тісжегі

36. Науқас 20 жаста, жоғары жақтың сол жақ тісіндегі түнгі уақытта, ұстама тәрізді, өздігінен пайда болатын ауырсынуға, ауырсынудың тамақ қабылдағанда күшейетініне шағымданып келді. Ауырсыну бір күн бұрын кешкі уақытта пайда болды. Бұрын тамақ қабылдағанда ыңғайсыздық мазалаған. Ауыз қуысында: 2.4 тістің дистальды-шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуыс, зондтау және тітіркендіргіштерге ауырады, перкуссияда аздап ауырсынады, 2.4 түбір ұшы аймағындағы шырышты қабат өзгермеген. Мүмкін болатын болжамды диагноз:

жедел диффузды пульпит

созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы

жедел ошақтық пульпит

созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы

жедел ұштық периодонтит

37. Науқас 26 жаста, дәрігер-стоматологқа алдын ала қарау мақсатында келген. Объективті: 1.5, 1.4, 2.5 тістерінің вестибулярлы бетінің мойын аймағында деминерализация ошақтарының аясында зондтаған кезде беткейі бұдырлау, кіреуке және дентиннің беткей қабат деңгейінде орналасқан терең емес ақаулар анықталады. Термиялық тітіркендіргіштерге реакция қысқа уақытты. ЭОД-4 мкА. Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізу керек?

дақ сатысындағы тісжегі

сына тәрізді ақау

жүйелік гипоплазия

флюороз

тістің қатты тіндерінің жарақаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет