Инсулинді енгізу. Мақсат: қанда глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулин дозасын нақты енгізу.
Қажетті заттар: 1 мл 40 ӘБ (80немесе 100ӘБ ) инсулині бар флакон, еріткіш, 70% спирт, стерильді: лоток, пинцет, мақталы шариктер, бір ретті қолданылатын инсулинді шприц.
Қарсы көрсеткіші:гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 (70%)
Аудиториялық жұмыс: тәжірибелік машықтарды машықтану
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер: 1. 1мл инсулин ерітіндісі құрайды:
а) 20 ӘБ
б) 40 ӘБ
в) 60 ӘБ
г) 200 ӘБ
2. Антибиотиктерді араластыру үшін қолданады?
а) 5% глюкоза ерітіндісі
б) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі
в) 10% натрий хлор ерітіндісі
г) 0,9% натрий хлор ерітіндісі
3. 500 000 ӘБ бензилпенициллинді араластыру үшін қандай ерітінді және қанша мөлшерде қолданады?
а) 5,0 мл физиологиялық ерітінді
б) 10,0 мл физиологиялық ерітінді
в) 3,0 мл физиологиялық ерітінді
г) 10 мл дистилденген су
4.Майлы ерітіндіні енгізеді:
а) тері ішіне
б) күре тамырға
в) тері астына
г) артерия ішіне
5. Құрғақ булы шкафта ине және шприцтерді залалсыздандыру тәртібі:
а) 180○C-та 60-мин
б) 200○C-та 45-мин
в) 2 атм (132○C)20-мин
г) 1,1 атм (120○C)45-мин
6.Инсулинді шприц жоқ болған кезде инсулинді қандай шприцпен енгізуге болады?
а) 0,1 мл
б) 1 мл
в) 2 мл
г) 0,02 мл
7.Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің басқа енгізуге қарағанда артықшылығы
а) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу
мүмкіншілігі
б) қолданудың қарапайымдылығы
в) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы
г) дәрілік заттың тез арада әсер етуі
8. Тері астына инъекцияны жасайды:
а) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне
б) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты
в) білектің ішкі беткейіне
г) алдыңғы сан бұлшықетіне
9. Бұлшықетке инъекцияны жасайды:
а) білектің ішкі беткейіне
б) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне
в) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты
г) бұлшық еттің төменгі сыртқы квадранты
Инъекция алдында 38°С-қа дейін қай ерітіндіні жылытады?
а) туберкулин
б) инсулин
в) майлы ерітінді
г) бензилпенициллин