Ситуациялық есептер:
Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған. Науқас қолын манипуляцияға дайындау қажет. Науқастың қолын егуге қалай дайындайсыз?
Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған, манипулиция өткізуге медбике қолын қалай дайындауы керек?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
5 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу. Оксигенотерапия.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, оксигенотерапиямен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік жұмыс жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, оксигенотерапия жасау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
Достарыңызбен бөлісу: |