4 Жүргізушілерді сапар алдыңдағы тексеруден өткізу әдістері мен ұйымдастыру ерекшеліктеpі
4.1 Қыскаша теориялык мәліметтер
Автокөлік мекемелерінде сапар алдындағы байкау жүргізушінің хал жағдайын, демалыс мерзімі мен сапасын сұраудан басталады. Ішімдікке үйірлеу, демалыс мерзімін бұзушыларға және жиі ауыратын адамдарға ерекше назар бөлінеді. Сұраудан кейін журек-қантамыр жүйесінің кызметін зерттейді, кажетті болса дененің кызуын «өлшейді, ал алкогольдік интоксикацияға күдік туған жағдайда алкогольге зерттеу өткізіледі.
Жүргізушіні сапардан шеттетудің негізгі себептер: өзінің хал-жағдайына шай үнемі тексеріліп жүрген жүргізушінің тамыр лүпілінің жиілігі минутьша 20 жүрек кызметінің бұзылуы, жүргізушіде қалыптасқан мөлшеріне қарағанда артериялық қысымың 20 мм. сынап бағанасына төмндеуі не жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі (37 және одан жоғары), ішімдік ішкені анықталуы.
4.2 Жұмыстың орындалу тәртібі
4.2.1Алкогольдік улануға сараптау жүргізу
Реогентті түтіктер қолданылатын (хром андегидрінің күкірт кышкылындагы ерітіндісі) Мохово-Шинкореико әдістемесі карапайым әдістеме болып табылады. Ішімдіктін (этил спирт) реогентке әсері кезінде индикатордың сары бояуы жасыл не көк түске өзгереді, бұл оң таңбалы байланыс деп бағаланады. Реогенттің түсізденген кезінде реакция жағымдылыкы төмен деп саналады. Бұл сынама басқа да сынамалар сияқты метил спиртіне, эфирге, ацетонға, жағымды немесе жағымсыз реакцияларын киықтай алады. Сондықтан жүргізушінің зертгеу алдында құрамында эфир және спирт кіретін дәрілер колданғанын анықтау керек. Дем шығару ауада үздіксіз 20-25 с ішінде қайта ішке кіру қажет, сол үшін де зерттелуші реактивті үрлеген кезде терең дем алуы кажет.
Қазіргі уақьтта ауадағы этил спиртінің буын аңықтау үшін арнайы тасымалды аспап - газ қосылыстарының экспресс талдауышы «ПЭГАС» қолданылады. Аспап дем шығарған ауадағы алкоголь мөлшерін анықтайды.
4.2.2 Электромометрия әдісімен жүйке психикасының козуын анықтау
Бұл зерттеу арнайы ШҚМТУ-дағы жол қатынасын және автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру кафедрасында жасалған аспаптың кемегімен жүрпзіледі. Бұл аспап өлшемі 28x29 см. алдынғы металды қабырғасы домалақ, горизанталь, вертикаль лабиринтер түрінде орындаған үш ойығы бар планшет.
Әрбір лабиринттің басы мен аяғында орналасқан түймелері басу арқылы аспап тоққа қосылып өшіріледі, сонымен бірге уақыт пен қате санауыштары қосылады.
Зерттеуші қолына металл өзекшені (стержень) алып, Бастандар! Деген команда бойынша лабиринттің басында орналасқан түймені секунт өлшеуішті қосу керек. Сосын өзекшені лабиринт қабырғасына тигізбей, оның бойымен жүргізіп өтіп, лабиринт соңында орналасқан түймені басып уақыт санауышын өшіру керек. Қозғалысыты өзекшені неғұрлым тезірек жүретіндей етіп жүргізу керек. Мұнда ең бастысы өзекшені лабиринттің қабырғасына тигізбеу. Өзекшенің лабиринт қабырғасына жанасуы санауышпен тіркеліп отырады.
4.2.3 Жол алдыңғы дәрігерлік қараулар
Алкогольді мастық халда автокөлікті басқару жол - транспорттық оқиғаның басты себептерінің бірі болып табылады. Осы мақсатпен автокөлігі бар әрбір ұйымдарда автокөлік жүргізушілерді жолалдыңғы дәрігерлік қарауларды ұйымдастыру және міндетті түрде өткізу керек. Дәрігерлік қарауды дұрыс өткізу ЖТО-лық профилактиканың кілтті түйіндерінің бірі болып табылады. Жолалдыңғы қарулар арнайы білім алған (дәрігерлермен, фельдшерлермен, медбикелермен) медициналық қызметкерлермен өткізіле алады. Жолалдыңғы дәрігерлік қараулардың басты міндеті жүргізушілерден әр-түрлі аурулардың нышандарын, алкогольді, нашақорды, тыйым салынған дәрілік препараттарды қолдану, алкогольді интоксикаттану қалдықтарын (бас жазу синдромы), одан басқа физикалық шалдығу фактісін табу болып табылады. Көрсетілген факторлардың табылу жағдайында жүргізушілер транспорттық құралды басқаруға жіберілмейді.
Жолалдыңғы дәрігерлік қарау жүргізушілердің жұмыс ауысымының алдында өткізіледі. Ұйымның әкімшілігі соған арнайы ғимарат бөлуі қажет. Автотранспорттық құралдардың жүргізушілері жолалдыңғы қарауға тиісінше парақпен баруға міндетті. Олар жұмыстарына наразылықтар, аурудың белгілері, ағзаның функционалды жағдайының бұзылуы, алкогольді ішімдіктерді ішу, нашақорлық және басқа да қозбабелсенді заттар қолдану, және де жұмыс пен демалу тәртібінің бұзылу белгілері болмаған жағдайда жіберіле алады. Осы жағдайда медициналық қызметкер тиісінше параққа дәрігерлік қараудың датасы мен нақты уақыты көрсетілген штамп қояды және де өзінің жөнін инициалдарын және қолын қояды.
Штамп қойылмайды: - ауру белгілерінің табылған жағдайда; - жүргізушінің мас емес жағдайында.
Жолалдыңғы қараудың барлық нәтижелері қарау журналында жазылуы тиіс. Штампқа тапсырыс беру және журналды бастау қиын емес, алайда кімге жүргізушілердің дәрігерлік қарауын сеніп тапсыруға болады? Жолалдыңғы дәрігерлік қараулар тек-қана тиісінше сертификаты бар қызметкерлер құрамымен, және де лицензиясы бар дәрігерлік мекемемен өткізіледі.
4.2.4 Автотранспортты құрал жүргізушілерінің жолалдыңғы дәрігерлік қарауды ұйымдастыру туралы Типтік Ережесі
1 Жалпы ережелер
«Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» заңмен автотранспорттық құрал жүргізушелерінің жолалдыңғы қарауының өткізілуі алдын ала қаралған.
Автотранспорттық құрал жүргізушілерінің жолалдыңғы дәрігерлік қарауы ұйымның медициналық қызметкерімен және де ұйымдар мен денсаулық сақтау мекемелер арасындағы жасалған құжат негізіндегі денсаулық сақтау мекемесінің медициналық қызметкерлерімен өткізіледі.
Жүргізушілердің жолалдыңғы дәрігерлік қарауының мақсаты жүргізушілердің және жолаушылардың денсаулығын сақтау және де жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау қалпынан автокөлікті басқаруға медициналық көрсеткіштер себебінен жіберіле алмайтын адамдарды табу болып табылады.
Жолалдыңғы дәрігерлік қараулар тек – қана медицина қызметкерлерінің құрамымен - тиісінше сертификаты бар болса, ал медициналық мекеменің лицензиясы болса өткізіледі.
Жүргізушілердің жолалдыңғы дәрігерлік қарауы автокөлік транспорты бар түрлі меншіктік ұйымдарда жүргізіледі.
Жолалдыңғы дәрігерлік қараулар ұйым негізінде және медициналық мекеме шарттары негізінде медициналық қызметкермен өткізіледі.
Жолалдыңғы дәрігерлік қарауларды ұйымдастыру
2.1. Жолалдыңғы дәрігерлік қарауларда өткізіледі:
- анамнез жинау
- артериялық қысым мен тамыр соғуын анықтау
- алкоголь және басқа қозбабелсенді заттардың тыныс шығарғандағы ауада немесе биологиялықсубстратта бар болуын анықтау;
2.2.Гипертониялық аурулармен ауыратын жүргізушілерге он жолалдыңғы дәрігерлік қараудан кем емес өлшеу нәтижелері арқылы артериялық қысымның жеке нормасы анықталады.
2.3. Жүргізушіні автокөлікті басқаруға жіберу мүмкіндігінде жолалдыңғы дәрігерлік қарау өткізетін медициналық қызметкер жүргізушінің қауіп-қатерге тәуекел тобының біріне жататынын, жасын, мамандықта жұмыс істеу стажын, жұмыс жағдайын және өндіру факторларының мінезін ескереді.
2.4. Жүргізушілер автокөлік транспортын басқаруға келесі жағдайларда жіберілмейді:
- уақытша жұмыс істей алмаушылық белгілері табылған жағдайда;
- алкоголь, басқа қозбабелсенді заттар және нашақорлық тыныс шығарылған ауада немесе биологиялық субстракта табылған жағдайда.
- нашақорлы заттардың әсер етуі табылған жағдайда;
2.5. Жолға жіберілу жағдайында тиісінше параққа «жолалдыңғы дәрігерлік қарауды өтт» деген штамп қойылады және қарауды өткізген медициналық қызметкердің қолы қойылады,
2.6. Жолалдыңғы дәрігерлік қараудың нәтижелеріне сай емханалық аурудың бланк қолданылатын жұмыстан шығарылған жүргізушілердің түрлік есебі жүргізіледі (25 кейіп). Картаға куаландың нәтижелері (анамнез,қараудың объективті мәліметтері, шығарылу себебі) енгізіледі.
3. Жолалдыңғы қарауларды өткізетін емдеу – профилактикалық мекемелердің жетекшілері міндетті:
3.1. Жолалдыңғы қарауларды өткізетін медициналық қызметкерлердің жұмысын қадағалау және әдістемелік жетекшілікпен қамтамасызандыру.
3.2. Медициналық қызметкердің ұйымның жетекшісімен келіскен жұмыс уақытын бекіту.
3.3Жолалдыңғы дәрігерлік қарауды ұйымдастыру жөніндегі сұрақтармен мамандардың біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру.
3.4. Есептік құжаттаманың бланкілерімен қамтамасыз ету.
3.5. Жолалдыңғы дәрігерлік қарау нәтижелері бойынша құрастырылған тәртіпте есеп көрсету.
5 Күрделі шарттарда автомобильді баскарудың психофизиологиялық шарттары
5.1 Жүргізушінің жұмыс қабілеті және сенімділігі
Жүргізушінің еңбегі, әсіресе қарқынды қозғалыс кезінде, ең ауыр жұмыстың бірі болып табылады. Жүргізуші 4 сағат жүргізіп келгеннен кейін реакция уақыты, зейіні және жұмыстың орындалу дұрыстылығы сияқты параметрлерден жүргізушінің талу көрсеткіші төмендейтінің зерттеу барысында дәлелденді.
Қысқа уақыт ішінде, жүргізушінің талу дәрежесі автокөлікті басқаруы бойынша оперцияның көлеміне байланысты. Операция көлемі неғұрлым көп болса, жүргізуші соғұрлым шаршайды.
Бірақ бедерсіз бір түрлі шаршау дейтін, яғни қозғалмай бірқалыпты күйде болғандағы физикалық талу бар. Бедерсіз бір түрлі шаршауды белсенді қызметпен төмендетуге болады. Талудың екі түрі бар: қарапайым, яғни демалыстан кейін ешқандай белгі қалмайтын, және куммулятивті, яғни жұмыста мамандық дайындығы аз болғандықтан нәтижесінде күннен күнге жиналатын талу. Куммулятивті талу жүргізуші операцияны қарқынды орындау кезінде оның психофизиологиялық мүмкіндігінен асып кеткенсе байқалады. Және де ол шуылдың, дірілдеудің, кабинаға газ түскеннің әсерінен ұлғаяды.
Көбінің айтуынша, жолдағы көліктердің апаты аяқастынан және оларды алдың алуға болмайды деген. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Бір оқиғаны алсақ, сондағы жүргізушінің қателігін дәлелдеп беруге болады. Егер жүргізуші ықыласты және жолдағы апаттардың бәрін есептеп алса, онда ол дер кезінде шара қолдану керек болды. Бірақ, өкінішке орай, жүргізушілер өздерінің мүмкіндіктеріне өздері баға бере алмайды.
Тәжірибелі жүргізушілер автокөлікті басқарғанда көптеген операцияларды орындайды және қозғалыста қауіпсіз тәртібін ойланбастан таңдайды деген пікір бар. Бұл дұрыс емес. Тәжірибелі жүргізушілер стандартты оқиғаға көңіл бөлмейді, яғни қозғалыстағы элементарлы кезендерге ( басқа көлік кенеттен шыққан кезде тоқтатайынба әлде жоқпа, бұрылайынба әлде бұрылмайынба), ал есептеулерді бұрынғы стратегия бойынша есептейді. Бұл шахмат ойынына ұсас. Жаңадан келген ойыншы беріліп тұрған жүрісті ойласа, ал гроссмейстер ойынның бірнеше жүру жолдарын біліп отырады.
Бірақ жүргізушінің шеберлігі жолдағы барлық қиындатылған қозғалыс кезіндегі шарттарда да компенсацияланбайды. Қозғалыстың қиын дәрежесі жүргізушілердің шеберлігінен асып түсуде, сондықтан жолдағы ЖҚА-ның абсолюттік саны өсуде және бұрын ЖҚА жүргізушілердің білімі аз болғандықтан болса, ал қазір тәртіпсіздіктен болып отыр. Жүргізушілерге сенімділік оның жұмыс қабілетіне байланысты. Жоғарғы дәрежеде жұмысты орындау мен жоғарғы сапалы көрсеткіштер оның жоғарғы жұмыс қабілетін көрсетеді. Егер автокөлікті басқарғанда жұмыс қабілеті төмендесе, онда ол кей жағдайларда ЖҚА-ға алып келеді. Жүргізушілердің жұмыс қабілетінің төмендеуі талуға, ішімдік қолданғанға, ауырған жағдайда, темекі шеккенге байланысты.
Талу – бұл уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуінің заңды үдісі. Обьективті әдіс арқылы орнатуға болатын адам организмдегі өзгерістерді сипаттайдың объективті үрдіс болып табылады.
Талудағы адамның субъективті уайымдауы шаршау деп аталады.
Шаршау кезінде жүйкенің жасушаларындағы функциялардын бұзылуынан сақтап қалу үшін организмдегі сигнал беруді және жұмыс қарқындылығын тоқтату керек. Бірақта шаршау сезімі талу деңгейіне сәйкес келмейді. Көңіл – күйдің, қорқыныштың, орындалатын жұмысқа қызығушылықтың, қарыз сезімінің, жұмысқа жауапкершілігінің әсерінен адам талу күйінде шаршау сезімін сезбей қалуы да мүмкін. Сол себептен қасында отырған жолаушыға қарағанда жүргізуші аз шаршайды, бірақ автокөлікті басқару жүргізушінің талыуы отырған жолаушыға қарағанда жоғары.
Жүргізушінің психикасы келіп түскен ақпараттарға байланысты реттеледі. Психикалық үрдістін үйлесімді жүруі үшін ақпараттардың қабылдауға үйлесімді деңгейін қажет етеді. Ақпараттардың жетіспеушілігі немесе молдығы талудың дамуына әкеледі. Сонымен қатар ақпараттын мағынасы мен сипаттамасы әсер етеді. Автокөлікті басқару кезінде, дәлірек айтқанда, егер жолда басқа қозғалушылар болмаса және көрініс біртүрлі болғанда, жүргізуші қаладағы қарқылындыққа қарағанда тез шаршайды. Біқалыпты жағдайда, яғни ақпараттың жетіспеушілігі немесе ештене істемегеннен шаршау белсенді жұмыс істегенге қарағанда тез болады.
Қатты шаршаудың әсерінен бас миының жүйке жасушалары бұзылады, алдымен, психикалық үрдістің ағыны, яғни қабылдау, зейін, ес және ойлауың бұзылуы пайда болады. Сонымен бірге, көздің өткірлігі, көз айналасының кебуі, қозғалысты нақты және оның кординаттарын көру бұзылады, реакция уақыты көбейеді, автоматизация дағдысының дәрежесі төмендейді, тамыр жиі соғады, қан қысымы көтеріледі, жылдамдық сезімі жоғалады және т.б.
Еңбек еткендегі және демалу кезіндегі рационалды тәртіптің прафилактикалық және компенсивті емес талу маңыздын жүргізушілерге ескертетін – еңбек ұйымының саласы, және олар апта, ай және жыл бойы жұмыс қабілетінің жоғарлап қалуын қамтамасыз етеді. Тәулік бойы жұмыс істеу 7 сағат, бір аптаның ішінде 40 сағат жұмыс істеуі керек. Мейрамдарға, демалыстарға қарсы және түнде жұмыс істейтінердің уақыты 1 сағатқа кемуі керек. Түнде жұмыс істеу уақыты 22.00-ден 6.00 дейін.
5.2Автокөлікті жоғарғы жылдамдықпен басқару
Адамның қозғалу жылдамдығы техникалық прогреске байланысты үнемі өсіп отырады. Темір жолдарда, кейін автокөлік пен ұшақтағы қозғалу жылдамдығының жоғарылауы арқасында адам жердің тартылу күшін тауып, космос жылдамдығымен қозғалуды бастады.
Адам көтере алатын жылдамдық шегі жоқ десе де болады. Оған кері әсерін жылдамдық емес, үдеу білдіреді, яғни жылдамдықтың бағыты мен көлемінің өзгеруі. Осыдан кері бағытта әсер ететін жүктеме пайда болады. Егер де біз суы бар стақанды алып, оны тез басқа жерге ауыстырсақ, су стақаннан төгіліп қалады, себебі су молекулаларының әлсіз бекітілуі сынық стақан сияқты тез орын ауыстыруына жол бермейді. Дәл осындай жағдай адам денесіне үдеу әсер еткенде болады. Адамның төменнен жоғарыға тез орын ауыстыруы санның төменнен жоғарыға тез орын ауыстыруы салдарынан дене сұйықтары мен қозғалмалы органдар төменге ауыстырылады да, бас миынан қан бөлінеді, егер де жүктеме аз болған жағдайда адам есінен танып қалуы мүмкін.
Үдеу g саны бойынша өзгереді, g – бұл еркін түсу үдеуі, ол g = 9,81 м/с2 қа тең. Үлкен үдеу, яғни жүктеме автокөліктің қарсы соғылуы кезінде пайда болады және де автокөліктің қозғалмайтын кедергілермен соғылуында пайда болады.
Осы жағдайларда егер де соғылысу үлкен жылдамдықта болса үдеу 100g -ға дейін баруы мүмкін. Соның салдарынан автокөлік талқандалады, сол себепті ауыр жарақаттар салдарынан адамдар қайтыс болып жатады.
ЖКА-ның жиі болу себебі осы жылдамдықты жоғарлатқанға байланысты. Сондықтан жылдамдықты шектеу ЖКА-ның болуы төмендетеді.
1865 жылы Англияда жылдамдық алғашқы оң жақ рөльді автокөлік пайда болды. Жанармай двигателі бар автокөлік шыққаннан соң барлық елдерде жеңіл автокөліктердің жылдамдығы 50 км/сағ шектеле бастады.
Қала сыртындағы жолдарда жеңіл автокөліктерінің жоғарғы жылдамдығы 80-100 км/сағ, ал автомагистральдарда автокөлік жылдамдығы 20-30 км/сағ және одан да жоғары бола алады.
Автокөлік транспортының негізгі тапсырмасын шешу үшін – жүк көлемі үлкею, қозғалыс жылдамдығының жоғарылауы маңызды рөл атқарады.
Ғалымдардың айтуынша, біздің елімізде көліктер қозғалысының орташа жылдамдығы 21,1 км/сағ-тан бастап, 3-5 км/сағ-қа дейін өсетін болса, онда ол автокөлік парктерінің 250-300 мың бірлікке дейін өсуіне теңбе-тең болады. Бірақ та жылдамдықтың жоғарылауы жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендетпеуі керек.
Жылдамдықты өсіру әдетте қауіпсіздікке жиі қатер тигізуі мүмкін, ал уақыт арасындағы ұтыс әбден аса маңызды болмай қалады. Көлік ағымының орташа жылдамдығына қатысты жылдамдықты 40 км/сағ өсіретін болса, ЖКА-ның болу салдары 10 есеге көтеріледі. Американдықтардың мағлұматтары бойынша, 115 км/сағ жылдамдықпен соқтығысқан кезде, жүргізушінің аман қалуы екіталай.
Көлік ағымы кезде тек қана жылдамдықты өсіру ғана емес, оның төмен болуы да қауіпті. Ағымдағы жылдамдықтан аз жыдамдықпен келе жатқан автокөлікті айналып өту кезінде, жылдамдықты төмендету де кездейсоқ соқтығысуға әкеліп соғады.
Жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде, жүргізушіге оптималды эмоционалдық және информативтік жүктеме жасайтын қауіпсіз жылдамдықты ұйымдастыра білуі керек
Жылдамдықтың негізделмеген төмендетілуі жүргізілушілерде қатты шаршау, назар аудармаушылық, агрессияшылық сияқты тітіркенулерді тудырады да соның себебінен жүргізуші мүмкіндігі болғанға дейін жылдамдықты жоғарылатады. Көлік ағымында ең қауіпсіз жылдамдық орташа жылдамдық болып табылады.
Қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығы жолдың күйіне, көлік ағымының тығыздығына, оның ұйымдастырылуының дәрежесіне, басқарудың ыңғалылығы мен жеңілділігіне байланысты. Жоғарғы жылдамдықтағы жол қозғалысы жүгізушінің сенімділігімен анықталады. Егер де жүргізушілер көлікті тығыз автокөлік ағымы кезінде 50-60 км/сағ-нан жоғары жылдамдықта басқара алатын болса, онда жыдамдықты төмендетудің қажеті болмайды. Алайда, адамның шектелген психофизиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты бұл жағдай мүмкін емес.
Көлік ағымы кезінде көлікті жоғарғы жылдамдықпен басқарудың тағы да бір жағымсыз жағы, ол адамдардың кеңістіктегі қабыдаушылығының төмендетілгені мен еркін маневрының жоқтығы. Бұл жағдайларда өте мұқият және жинақы болу керек. Осы жағдайда жүйке шиеленісі жүргізушіні тез шаршатып жібереді, ал бұл жағдайда адамның психологиялық үрдіс жағдайы бұзылады.
Жүргізуші өзінің автокөлігінің жылдамдығын жиі теріс бағалайды. өткізілген сынақтарға көрсеткендей 55 жүргізушінің 33 % ғана көліктердің жылдамдықтарын дұрыс бағалайды. Басқа мағлұматтарда, ондай жүргізушілер 50 % -ды құрайды.
Жылдамдықты сезіну, көрушілік, буынды-бұлшықетті, салмақты, есту анализаторлары арқылы және де жүргізушілердің жағдайларына байланысты шешіледі. Жүргізушілердің ауру жағдайларында, шаршағанда, ішімдік пайдаланғанда және де есірткі қабылдағанда жылдамдықты қате бағалау жоғарылайды.
Үлкен жылдамдық жағдайын кейде «жылдамдықтан мас болу» деп те атайды.
6 Жүргізушінің жүмыс қабілеті және сенімділігі
Жүргізушінің еңбегі, әсіресе қарқынды қозғалыс кезінде, ең ауыр жұмыстың бірі болып табылады. Жүргізуші 4 сағат жүргізіп келгеннен кейін реакция уақыты, зейіні және жұмыстың орындалу дүрыстылығы сияқты параметрлерден жүргізушінің талу көрсеткіші төмендейтінің зерттеу барысында дәлелденді.
Қысқа уақыт ішінде, жүргізушінің талу дәрежесі автокөлікті басқаруы бойынша оперцияның көлеміне байланысты. Операция көлемі неғұрлым көп болса, жүргізуші соғұрлым шаршайды.
Бірақ бедерсіз бір түрлі шаршау дейтін, яғни козғалмай бірқалыпты күйде болғандагы физикалық талу бар. Бедерсіз бір түрлі шаршауды белсенді қызметпен төмендетуге болады. Талудың екі түрі бар: қарапайым, яғни демалыстан кейін ешқандай белгі калмайтын, және куммулятивті, яғни жұмыста мамандық дайындығы аз болгандықтан нәтижесінде күннен күнге жиналатын талу. Куммулятивті талу жүргізуші операциямы қарқынды орындау кезінде оның психофизиологиялық мүмкіндігінен асып кеткенее байқалады. Және де ол шуылдың, дірілдеудіц, кабинаға газ түскеннің әсерінен ұлғаяды.
Көбінің айтуынша, жолдағы көліктердің апаты аяқастынан және оларды алдың алуға болмайды деген. Бірақ бұл, пікір дүрыс емес. Бір оқиғаны алсақ, сондагы жүргізушінің қателігін дәлелдеп беруге болады. Егер жүргізуші ықыласты және жолдагы апаттардың бәрін есептеп алса, онда ол дер кезінде шара қолдану керек болды. Бірақ, өкінішке орай, жүргізушілер өздерінің мүмкіндіктеріне өздері бага бере алмайды.
Тәжірибелі жүргізушілер автокөлікті басқарганда көптеген операцияларды орындайды және қозғалыста қауіпсіз тәртібін ойланбастан таңдайды деген пікір бар. Бұл дүрыс емес. Тәжірибелі жүргізушілер стандартты оқиғаға көңіл бөлмейді, яғни қозгалыстагы элементарлы кезендерге ( басқа колік кенеттен шыккан кезде тоқтатайынба әлде жоқпа, бұрылайынба әлде бұрылмайынба), ал есептеулерді бұрынғы стратегия бойынша есептейді. Бүл шахмат ойынына ұсас. Жаңадан келген ойыншы беріліп тұрған жүрісті ойласа, ал гроссмейстер ойынның бірнеше жүру жолдарын біліп отырады.
Бірақ жүргізушінің шеберлігі жолдагы барлық қиындатылган қозғалыс кезіндегі шарттарда да компенсацияланбайды. Қозғалыстың қиын дәрежесі жүргізушілердің шеберлігінен асып түсуде, сондықтан жолдағы ЖҚА-ның абсолюттік саны осуде және бұрын ЖҚА жүргізушілердің білімі аз болғандықтан болса, ал казір тәртіпсіздіктен болып отыр. Жүргізушілерге сенімділік оның жүмыс қабілетіне байланысты. Жоғарғы дәрежеде жүмысты орындау мен жоғаргы сапалы корсеткіштер оның жоғарғы жұмыс қабілетін корсетеді. Егер автокөлікті баскарғанда жұмыс кабілеті томендесе, онда ол кей жағдайларда ЖҚЛ-ға алып келеді. Жүргізушілердің жұмыс қабілетінің томендеуі талуга, ішімдік колданганга, ауырган жағдайда, темекі шеккенге байланысты.
Талу - бүл уақытша жүмыс қабілетінің төмендеуінің заңды үдісі. Обьективті әдіс арқылы орнатуга болатын адам организмдегі өзгерістерді сипаттайдың объективті үрдіс болып табылады.
Талудағы адамның субъективті уайымдауы шаршау деп аталады.
Шаршау кезінде жүйкенің жасушаларындағы функциялардын бұзылуынан сақтап қалу үшін организмдегі сигнал беруді және жұмыс қарқындылығын тоқтату керек. Бірақта шаршау сезімі талу деңгейіне сәйкес келмейді. Көңіл - күйдің, қорқыныштың, орындалатын жұмысқа қызығушылықтың, карыз сезімінің, жұмыска жауапкершілігінің әсерінен адам талу күйінде шаршау сезімін сезбей калуы да мүмкін. Сол себептен касында отырған жолаушыға қарағанда жүргізуші аз шаршайды, бірак автокөлікті басқару жүргізушінің талыуы отырған жолаушыға Караганда жоғары.
Жүргізушінің психикасы келіп түскен ақпараттарға байланысты реттеледі. Психикалық үрдістін үйлесімді жүруі үшін ақпараттардың қабылдауға үйлесімді деңгейін қажет етеді. Ақпараттардың жетіспеушілігі немесе молдығы талудың дамуына әкеледі. Сонымен қатар ақпараттын мағынасы мен сипаттамасы әсер етеді. Автокөлікті бас кару кезінде, дәлірск айтқанда, егер жолда басқа козгалушылар болмаса және көрініс біртүрлі болғанда, жүргізуші каладағы қаркылындыкка Караганда тез шаршайды. Бікалыпты жағдайда, яғни акпараттың жетіспеушілігі немесе ештене істемегеннен шаршау белсенді жұмыс істегенге қарағанда тез болады.
Қатты шаршаудың әсерінен бас миының жүйке жасушалары бұзылады, алдымен, психикалық үрдістің ағыны, яғни қабылдау, зейін, ес және ойлауың бұзылуы пайда болады. Сонымен бірге көздің өткірлігі, көз айналасының кебуі, козғалысты накты және оның кординаттарын көру бұзылады, реакция уақыты көбейеді, автоматизация дағдысының дәрежесі төмендейді, тамыр жиі соғады, кан кысымы көтеріледі, жылдамдық сезімі жоғалады және т.б.
Еңбек еткендегі және демалу кезіндегі рационалды тәртіптің прафилактикалық және компенсивті емес талу маңыздын жүргізушілерге ескертетін — еңбек ұйымының саласы, және олар анта, ай және жыл бойы жұмыс қабілетінің жоғарлап қалуын камтамасыз етеді. Тәулік бойы жұмыс істеу 7 сағат, бір аптаның ішінде 40 сағат жұмыс істеуі керек. Мейрамдарга, демалыстарға қарсы және түнде жұмыс істейтінердің уақыты 1 сағатқа кемуі керек. Түнде жүмыс істеу уақыты 22.00-ден 6.00 дейін.
7 Жүргізушінің білімдері мен олардың қалыптасуы
Автокөлкікті жүргізудегі маманды білімдер – бұл жүргізушінің автокөлікпен қателіксіз жүргізуге және қажет болған жағдайда оның техникалық мүмкіндіктерін максималды пайдалануға мүмкіндік беретін дайындығы мен жүргізушінің критикалық жол-апаттық жағдайларды ез арада және дұрыс бағалап, оның ықтимал өзгерістерін болжау қабілеттілігі. Жол қозғалысының қауіпсіідігі үшін мамандық білімнің жоғары маңыздылығы жас тәжірибесі аз жүргізушілердің қателерінен пайда болатын жол апаттарының санымен расталады.
Жүргізушінің дайындығы туралы объективті көрсеткіш – автокөлікті әртүрлі жол жағдайларында жүргізу кезіндегі білімдердің автоматтылығы, олардың кеңділігі, толықтығы мен беріктігі. Тәжірибелі жүргізуші берілген істі орындауға қажетті бұлшықет топтарымен ғана жұмыс жасайды. Оның дене тұрпаты бос, қозғалысы нақты, үнемді болады. Жеке басқарушылық әрекеттер бір тұтас қозғалыс актісіне біріктірілген, бұл автокөлікті жүргізудегі күрделі маневрлерді тез және мерзімінде орындауға мүмкіндік береді. Күтпеген жол апаттық жағдайларда тәжірибелі жүргізуші тездікпен, нақтылықпен, және берілген нақты жағдайдағы қауіпсіздік талаптарына сайлығымен сипатталады.
Жүргізуші білімдерінің пайда болуы мен жақсаруына жалпы заңдылықтарды білу мен бұл заңдылықтардың жүргізуші әрекетінде пайда болуын білу көмектеседі.
Білім – бұл мақсатқа бағытталған әрекет кезінде жеке әрекеттерді арнайы бағытталған назар аударусыз, сананың бақылауынсыз орындау мүмкіндігі. Бұл бақылаудың негізі төмендегіде: Тәжірибелі жүргізушіге автокөлікті жүргізу кезінде өз әрекеттерін саналы бақылаудың қажеті жоқ, олар өздігінен орындалады. Алайда, егер жүргізуші қате жіберсе, немесе оның әрекеттері өзгерген жол жағдайларына сәйкес келмесе, сананы бақылау арқылы ол дер кезінде қатені тауып, өзгертеді.
Жүргізушінің әрекетінде білімдердің үш тобын бөлуге болады: сенсорлық, ой және қозғалыстық білімдер.
Сенсорлық білімдер – бұл басты мәнді сезім мүшелері атқаратын қабылдау білімдері. Ола тез арада және нақтылай өз автокөлігі мен жолдағы басқа объектілер арасындағы ара-қашықтықты анықтауға мүмкіндік береді және динамикалық өлшегіш негізінде жатыр. Сенсорлық білімдердің автокөліктің қозғалыс жылдамдығын анықтауда, қозғалтқыштың жұмысын есту арқылы бақылауда, автокөліктің қозғалыс бағытынан аздап ауытқуын анықтауда, және бүріннің жолмен үйкелісін анықтау кезінде маңыздылығы жоғары болады.
Ой білімдері, олар сәйкес шешімдерді қабылдау үшін, жол жағдайын бағалаудың жылдамдығын анықтайды. Олар қосымша ойлаусыз қолдағы бар білімдер мен тәжірибені озып түсу, қозғалыс жолағын ауыстыру, реттелмейтін жол қиылысын өту және т.б. маневрлерді орындау кезінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ой білімдерінің жол жағдайын болжауда да маңыздылығы зор. Өз әрекеті барысында жүргізуші кейбір жағдайлардың қайталануына тап болады, олардың даму барысы әртүрлі деңгейде зерттелген. Бұл жағдайлар жүргізуші үшін стандартты дерлік, ол осы жағдайды терең талдамай-ақ оның барысын біле алады. Осындай білімдер спектрінің жүргізушіде неғұрлым кең болса, оның жол барысы соғұрлым қауіпсіз болмақ.
Дұрыс және дер кезіндегі шешім қабылдау, бір жағынан, оның логикалық ойлау қабілеттілігіне, екінші жағынан, жол қозғалысы ережелерін, қозғалыс қауіпсіздігі негіздерін білу, сондай-ақ бұл білімдері тәжірибеде қолдану қабілеттілігіне байланысты.
Қозғалыстық білімдер жүргізуші әрекетінде өте маңызды. Осы білімдердің пайда болу үрдісі басқаларға қарағанда жақсы зерттелген. Әрекеттің автоматтылығына дейін жетілдірілген қозғалыстық білімдер жүргізушіге жұмыстың өте зор көлемін орындауға мүмкіндік береді. Жылдамдық неғұрлым жоғары болса, әрбір әрекетті орындауға арналған уақыт соғұрлым аз. Осындай зор көлемді жұмысты саналы орындау мүмкін емес дерлік. Білімдері әрекеттердің автоматтылығына дейін жетілдіру қажет. Олардың физиологиялық негізі динамикалық стереотип болып табылады. Бірі бірін заңдылықты ауыстыратын әрекеттерді көп қайталау арқылы жүйке үрдістері стереотипті сипатқа ие болады, яғни олар белгілі бір жүйеге ілігеді, ол динамикалық стереотип деп аталады.
Қозғалыс білімдерінің құрылуы кезінде 3 сатыны ажыратады.
Бірінші саты қозғалыстың жеке элементтерін зерттеу мен жеке әрекеттерді біртұтас әрекетке ұластарудан тұрады. Оқудың бірінші сатысының қиындылықтарын азайту үшін автокөлік тренажері пайдаланылуы мүмкін. Тренажердегі жағдай қалыпты, оқу ырғағын төмендету мүмкіндігі бар, түсініксіз сұрақтарға тоқталуға болады.
Екінші сатыда жаттығуларды қайталау барысымен артық қозғалыс жойылып, кернеулілік төмендейді. Әрекет нақты бола бастайды. Біртіндеп, қозғалыстарды орындаудың көзбен бақылауы төмендетіледі.
Үшінші сатыда қозғалыстардың көбі автоматты, яғни сананың қатысуынсыз орындалады. Бұл сатыда вариативтік білімді жетілдіру үшін түрлі қиындықтар енгізіледі. Оқушы нашар жолда, көлік құралдарының интенсивтілігі жағдайында, түнде жүруді жетілдіреді. Автокөлікті жүргізу кезіндегі қозғалыс нақты, назар негізінен сыртқы әсерлестіктерге бағытталып, кернеулілік төмендетіледі. Үшінші сатының соңына қарай динамикалық стереотип құрастырылып, автокөлікті жүргізу бойынша операциялардың көбі автоматты түрде орындалады.
Білімдер, сондай-ақ жаттығу - әрекет немесе қозғалыстарды орындау тәсілін жақсарту мақсатында қайта орындау арқылы да құрастырылады. Алайда әрбір қозғалыс қайтарылымы жаттығу деп аталмайды. Қайта әрекеттің жаттығу үшін бірнеше шарт орындалуы керек.
Бірінші шарт – оқушы құрастырылған білімнің мақсаты мен мәнін түсінуі керек.
Екінші шарт – оқушы әрбір әрекетті орындау нәтижесін, ондағы қателіктері мен кемшіліктерін білуі керек. Бұл әрекетті орындау барысында оның күші қателіктерді жоюға бағытталуы керек.
Бұдан бұрын пайда болған білімдердің әсері ауысу деп аталады. Ауысу оң немесе кері бола алады.
Оң ауысу екі немесе бірнеше білімдердің ұқсас элементтердің ұштасуы кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Кері ауысу – бұл ескі білімдердің болуы салдарынан жаңаларды игерудің қиындығы. Білімдердің кері ауысуының мысалы – Швециядағы оң бағытты қозғалысқа ауысу кезіндегі жол апаты санының күртартуы.
Достарыңызбен бөлісу: |