Автокөлік психологиясы


Кесте 1 - Әртүрлі дыбыс күшінің деңгейі



бет2/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,37 Mb.
#38620
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Кесте 1 - Әртүрлі дыбыс күшінің деңгейі

Дыбыс тітіркендіргіштері

Өлшем бірліктері (децибелмен)

1

2

Кәдімгі сөйлеу

50-60

Қатты сөйлеу

60-80

Жүріп бара жатқан жүк автомобилінің шуы.

70-80

Автомобильдің дыбыс сигналы

90

Мотоцикл шуы

100

Естудің ең жоғары шегі

130

Дыбыстын қаттылығы есту мүшесінің бейімделуін (адаптациялануын) туғызады. Сондықтан кейбір адамдар дыбыстың жоғары қаттылығына үйренеді. Мұндай адамдар радио, телевизор, магнитофондарды өте қатты дыбысқа қойып, шу шығарып тындауға әуестеніп, оны әдет етеді. Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді.

Дыбысты сезіну арқылы жүргізуші қозғалтқыш (двигатель) жұмысы туралы, жол бойындағы қауіп туралы ақпарат алады. Жүргізуші дыбыстың күшін, шыққан бағытын бағалап, жол бойы нақты және тез бағдарлайды.
2.3 Кіреберіс талдауышы
Тепе-теңдік сезімі көру мушесінен кейін дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтайтын мүше - кіреберіс талдауышы. Жердің өзіне тарту күшінен дененің шынығуында, еңбек етуінде және дене жаттығуында кіреберіс талдауышының маңызы зор. Барлық рецепторлар ішінде кіреберіс мүшесі -адам ұрығында ең алғашкы өсіп жетілетін рецептор. Әр кіреберіс мүшесі өз

жағынаң бұлшық еттерінің тойыусын басқарып отырады. Мысалы, сол жақ құлақ кіреберіс мүшесі бұзылса, онда дененің екінші жағы басым болып, адам басы оң жаққа карай бұрылады. Кіреберіс мүшесі ұшқыштар жұмысында, ғарышқа ұшқанда салмақсыздық жағдайда, парашут және таудағы спортта, суда жүзгенде, трамплиннен секіргенде, гимнастикамен шүғылданғанда, велосипед, коньки тепкенде және кеңістікте бір бағытта болуды қажет ететін жұмыстарда (жоғары өрмелеу, құрылыс, арматура, бояушы және тағы басқа) өте манызды.

Кіреберіс мүшесі ішкі құлақта орналасқан өте күрделі құрылысы бар аппарат. Ол құлактың шыға беріс бөлімінен және үш доға қуысынан құрылған. Есту жүйкесі кіреберіс мүшесіне әсер етеді. Есту жүйкесі сопақша мимен байланысты болғандықтан, кіреберіс мүшесінің тым күшті қозуынан жүрек жылдам немесе жай соғады, тыныс алу жылдамдайды немесе баяулайды, қан тамыры тарылып және кеңейеді, қан қысымы жоғарылайды және төмендейді. Сонымен қатар адам құсады, өні бозарады, маңдайынан салқын тер шығады. Мұндай жағдайлар самолетпен ұшқанда, кеме шайқалғанда, алтыбақан тепкенде; автомобильмен және поезбен жүргендс, кейбір дене шынықтырумен жаттыққанда байқалады.

Автомобиль жүргізушісіне жылдамдық режімінің өзгеруінен және қозғалыс бағытынан найда болған үдеулер үнемі әсерін тигізіп отырады. Сонымен бірге ол автомобильдің кейбір бөліктерінің толқуына ұшырайды. (рессорлар, жүргізуші орындығының серіппесі, шиналардың созымдылығы). Көбіне бұл үдеулер кіреберіс мүшесінің тітіркену шегінен асып түседі (бірқалыпты үдеу-0,1 м/с2, радиаль үдеу-1 м/с2).

Кіреберіс мүшесінін реакцияларын және онымен байланысқан иллюзиялық қабылдауларды арнайы жаттығулар арқылы төмендетуге болады. Кіреберіс мүшесі қызметінің тұрақтылығының жоғары деңгейі жүргізушінің маңызды кәсіптік қасиеті болып табылады. Сондықтан адамдарды автомобиль жүргізуге жарамдығын анықтау медициналық тексеруінде кіреберіс мүшесінің қызметін зерттеу әдістері кіруі керек.
2.4 Бұлшық ет-қимыл талдауышы
Бұлшық ет сезімі. Адам үшін бұлшык ет, буын сезімі өте маңызды. Бұл сезім арқылы біз көзімізді жұмып денеміздің қандай қалыпта екенін айыра аламыз. Көзді жүмып, өзіміздің маңайымыздағы заттарды табамыз. Өйткені бұлшық етте, буында, буын калтасында, сіңірде арнаулы сезім рецепторлары болады. Қозу жүйке арқылы үлкен ми сыңарының қыртысындағы аймағына жеткізіледі. Бұл орталықта туған сезімнін нәтижесінде бүкіл дене, аяк-қол және бастың кеңістікте қандай жағдайда екені тура анықталады. Бұлшық еттегі сезім арқылы біз нәрсенің салмағын, көлемін анықтаймыз, оның үйлестік қимылына аса шеберлікпен талдау жасай аламыз. Адам бұлшық етгің дағдылы бағыты мен қимылдарын көбірек жасан отырса (гимнастика, түрлі еңбек кимылдары), онда дене қимылы жақсарады және жылдамдайды. Қимыл үйреншікті іске айналады, біз ойланбастан сол қимылды дұрыс және жылдам қайталаймыз. Оның себебі — адам денесі түрлі қимылдарды (автоматты орындалуын) орындауға жаттығады. Мысалы, біз көшеде жүргенде аяғымызды дұрыс басып үйренсек, онда аяқты қалай басу керектігіне уақыт кетірмей, ойланбастан сол қозғалысты үнемі кайталайтын боламыз. Бұл талдауыш қозғалысты үйлестіруде үлкен роль атқарады. Автомобиль жүргізуді үйреніп жүрген адам ең алдымен автомобильді басқару мүшелерімен әрекет етуді көзімен бакылап отырады. Қозғалыс дағдысын үйреніп, козғалыс үйлесімін меңгере, жол жағдайы туралы ақпаратты қабылдау үшін көру туындауын босатып, бұлшык ет қимыл талдауышына сенімін білдіре бастайды.
2.5 Автомобиль жүргізүшісінің сезінуі мен қабылдауы
Жүргізушінің психологиялык сенімділігінің бір элементі - онын жол бойын бағдарлауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына байланысты өз автокөлігінін орның анықтауга қажетті ақпаратты нақты және дер кезінде қабылдау қабілеті.

Сезім мүшелеріне әсер ететін заттардың және қүбылыстардың жеке касиеттерінің адам санасында байқалуын сезіну дейді. Сезіну адамның талдауыштарының әсерінең пайда болып, сезімтал жүйкелер арқылы қажетті акпаратты бас ми кабығындағыш орталықтарға жеткізеді.

Сезіну, көру, есту, дәм сезу, сипай сезу, тепе-тендікті сезу және т.б болып келеді. Сезінудің көмегімен жүргізушілер үнемі заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін, яғни пішінін, түсін, көлемін, козғалыстағы және қозғалмайтын объектілердің калпын, баскару мүшелерін, жылдамдық және қозғалыс бағытын, дыбыс сигналдарын бағалай алады.

Қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардын өз қасиеттерің және бөлшектерімен бірге сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің, нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі. Қабылдау аса көп талдап, біріктіру кызметің керек ететеін құрылымды әрі белсенді психикалык әрекет.

Жүргізушінің кабылдауының сапалы болуы оның уақыт пен кеңістікті дұрыс және жылдам кабылдауына байланысты. Кеністікті қабылдау кезінде (заттың пішіні, үлкендігі, көлемі және заттар арасындағы ара кашыктық) жүргізуші үшін маныздысы заттар арасындағы және өзімен сол заттарға дейінгі қашықтықты қабылдау.

Кеңістікті қабылдауға көру өрісі, көру өткірлігі, терен көру, көзөлшем және динамикалык көзөлшем жатады.

Көз алмасынын қозғалмаған күйіндегі көрінетін кеністік көру өрісі деп аталады. Орташа алғанда ақ түс үшін көру өрісі сыртқа қарай 90 -қа, ішке 65 -қа, жоғары 65°-қа, төменге 75 -қа таралады. Бұл монокулярлы көру өрісі, яғни бір көздің көру өрісі. Бинокулярлық көру өрісінде екі көзге түсетін кескін қосылып 12О°-13О° құрайды және іс жүзінде автомобиль алдыңдағы бүкіл кеністікті қамтиды. Көру өрісінің көлемі қарастырылатын заттың түсіне де байланысты. Түсті объектілерге көру өрісінің өлшемі белгілі мөлшерде кіші болады. Мысалы, көгілдір түс үшін көру өрісінің шекарасы ақ түске карағанда 10°-15° кіші, ал кызыл түс көгілдір түстен кіші. Жасыл түске көру өрісінің шекарасы ақ түске карағанда екі есе кіші болып келеді.

Бинокулярлы көру өрісі автомобиль жылдамдығың арттырғаң сайын кішірейеді. Көру өрісі белгілі мөлшерде кішірейгенде жүргізушілер автомобиль жүргізуде қателіктер жіберуі мүмкін, мәселен жол жағасында келе жатқан жаяу жүргізушіні байкамауы, объектіге дейінгі арақашықтықты дұрыс бағаламауы және т.б.

Көздің зат пішінің көріп және нақты оның көрінісін айыра білу қабілетін көру жітілігі (өткірлігі) дейміз. Қалыпты көрі жітілігінде ара қашықтығы бір бұрыштық минутқа бөлінген 2 нүктені айыра алды. Өте жақсы көз жітілігі – бұл 30 конусындағы орталық көру, жақсы көру жітілігі 5-60 конусындағы, қанағаттанарлық 120-140 конусында 140 бұрышының шегінен ары орналасқан заттар түсі мен бөлшектері айқын көрінбейді. Көз жітілігі қиянға (периферияға) қарай 4 есе азаяды, және бұл көру орталық көруге қарағанда қиян немесе қырлы деп аталады. Жол белгілері 100 конусының шегінде орталық көру өрісінде орналасуы керек.

Көздің әртүрлі объектілерге дейінгі ара қашықтықты және объектілер арасындағы арақашықтықты айыра білу қасиетін көру тереңдігі дейміз. Дұрыс кеңістікті қабылдау жолда үнемі кездесетін заттардың өлшемін білуімен жетіледі.

Ара қашықтықты анықтау үшін жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулар көзөлшемді жетілдіреді – бұл кәсіптік шеберліктің бір элементі болып келетін жүргізушілердің қасиетін дамытады. Жаңадан үйреніп жүрген жүргізуші жол енінің тарылуына байланысты оның жалпақтығын дұрыс бағалай алмай, негізделмеген дыбыс сигналдарын береді, жылдамдықты төмендетеді, тіпті автомобильді тоқтатуға дейін барады. Үлкен автомоблиьден кіші автомобильге немесе керісінше ауысқан кезде жол енін бағалауда тәжірибелі жүргізушілер де қателіктер жібереді. Мұны жүргізушінің көзінен жол жамылғысына дейінгі жәнеонда орналасқан жол объектілеріне дейінгі ара қашықтың өзгеруіне байланысты түсіндіруге болады. Жүргізуші жоғалтқан дағдысын қайта қалпына келтіру үшін 2-3 аптадан уақыт қажет. Бұл жағдайды жүргізушілерді қайтадан оқытқанда ескеру керек. Әсіресе, жүргізушіден қозғалысты объектіге дейінгі ара қашықтықты қабылдап бағалау қиындау болып келеді (автомобильдер, жаяу жүргіншілер). Қозғалыстар объектілерді қабылдау динамикалық көзөлшемінің көмегімен жүзеге асады. Динамикалық көзөлшемінің негізіне ара қашықтықпен уақытты қабылдау және жылдамдық пен қозғалыс бағытын қабылдау жатады.

Жақсы жетілген көзөлшем жүргізушіге ара қашықтық пен интервалды таңдауда, кедергіні айналып өтуде, басып озуда, қақпаға кіруде, реттелмейтін жол қиылысының айырылысуында (разъезінде) және жүріс жолақтарының ауысуында қажетті.

Ф.Гальтонмен ұсынылған. Зерттеу мақсаты - көзөлшем сызғышының пайдаланып орташа қателік әдістемесімен көзөлшемді бағалау.

Зерттеу тәртібі: Қарапайым сызғыштан оңай жасауға болатын көзөлшем сызғышы (1000 мм) тұғырға орнатылады (сурет 4). Студентке көрсетілген сызғыштың теріс жағының тура ортасына анық жіңішке сызық белгіленеді. Сызғышқа екі рейтор кигізіледі.




Сурет 4 - Көзөлшем сызғышы
Студент үстелде тұрған сызғыштан 0,5 м. қашықтықта отырады. Оқытушы: «Сіздердің алдарыңызда ортасында қара сызығы бар және 2 қозғалтқыш (движок) орналасқан ақ сызғыш берілген. Мен бір қозғалтқышты осы сызықтан белгілі бір арақашықтықта жылжытамын. (Қозғалтқыш сызғыштың зерттеушіге қараған жағында, мысалы, 120 мм.екені анық көрініп тұруы керек). Сіздің мақсатыңыз екінші қозғалтқышты жылжытып ортаңғы сызықтан екінші жағына сондай арақашықтыққа қою. 3-4 рет жаттығыңыздар». Бірнеше өлшем жасалғаннан кейін «Тағы осы тәртіппен, бірақ керісінше қозғалтқышты сызғыштың ортаңғы сызығына қарай жылжытыңыз» деген нұсқау беріледі. Нәтижелері 2-ші кестеде көрсетілген кестеде көрсетілген хаттамаға тіркеледі.
Кесте 2 - Сызықтағы көзөлшемді зерттеу хаттамасы

Өлшеу нөмірі, n

N= 120 мм. (өсіруге)

N= 120 мм. (азаюға)

Зерттелушінің көрсеткіштері

Жеке қателіктер, m1

Зерттелушінің көрсеткіштері

Жеке қателіктер, m2

1

2

3

4

5

1

118

-2

121

+1

2

122

+2

123

+3

3

123

+3

117

-3

...













10



















∑ 35




∑ 25

Орта қателік М әрбір өлшеу серияларына (М1 және М2) төменгі формула бойынша есептеледі (жеке қателіктер қосындысының өлшеулер санына қатынасы)


М ═ ∑ m0 / n (1)
Берілген мысалда
М1 ═ 35/10 ═ 3,5 мм және М2 ═ 25/10 ═ 2,5 мм.
Екі сериядағы қателік
М ═ (М1 + М2)/2 (2)
М ═ (3,5+2,5)/2═ 3,0 мм
Көзөлшем көрсеткіші
М/N ═ 3/120 ═ 1/40 ═ 0,025 (3)
Берілген мысалда алынған шама жеке көрсеткішті салыстыруға қажетті орташа көзөлшемге тең.
2.5.1 Түйсік пен қабылдау арақатынасы

Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыс тары. Бұлардың екеуі де біздің санамыздан тэелсіз жасап, түйсік мүшелеріміздің әсерленуінен туындайтын объектив шындықтың сезімдік бейнесі. Бұл тараптан түйсік пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау - нақты затты немесе құбылыс ты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз көз алдымызға белгілі мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыс тар элемін келтіреміз және олардың бәрін де өзара күрделі, әрқилы қатынастарға түскенін байқап білеміз. Осы қатынастар арқасында куэсі мен қатысушысы өзіміз болған мәнді де маңызды жағдайлар (ситуации) түзіледі. Ал түйсік болса - қоршаған орта әсерінен болатын бірақ толық жетілмеген, нақты заттық кейіпке келмеген жеке сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл турғыдан түйсік пен қабылдау сананың екі әр-түрлі формалары немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне ұқсамаған қатынастарын білдіреді. Осыдан, түйсік пен қабылдау өзара бірліктеде сондай-ақ өзіндік ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық бейнелеудің сезімдік - кабылдау (сенсорно-перцептивный) деңгейін құрайды Бұл деңгейде әңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінен пайда болатын бейнелер жөнінде болуы мүмкін.


2.5.2 Түйсік түсінігі

Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты ба-ғыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай,тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, керініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.

Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта керендік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
2.5.3 Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар

'Ғұйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің нышандарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасыңда адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған Мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді.

Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д.Юм, Э.Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г.Гельмгольц) "сезім мүшелерінін ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзінді» процестерді қоздырушы ықпалдарды гана қабылдайды декен пікір жатыр. Бұған идеалистердің қелтіретін дәлелі: көзге қандай да әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлаққа механикалық не электірлі әсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерін әрекетін бейнелейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізінде алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.

Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объектив бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қатушы тері рецепторларынын сондай-ақ белгілі диапазондағы электромагниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқа энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы мандандырылғанын", сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипатына тура келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын.

Әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелуі олар негізінде ерекше құрылым — "рецепторлардың" болуынан ғана емес, сондай-ақ шеткі сезім органдары қабылдаган сигналдарды орталық жүйке аппаратына жеткізуші жоғары дәрежеде "маманданып", жетілген нейрондарға да байланысты.
2.5.4 Түйсіктердің физиологиялық негізі

Сонымен, түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдерімізідің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыс тар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден ез кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқаңдай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.

Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш (анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі кажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркеңдіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мүңдай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, ал кей кездері көз аудару, мойын бұру қол қагыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.

Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың олардың белсеңділігі ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше жауап әрекетке келу (рефлекторлық) қасиетінен туындап отыр.


2.5.5 Түйсік түрлері

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәмтүйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялык және органикалык болып бірнеше тургу бөлінеді. Ежелден-ақ адам өзінің сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецептор бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бары белгілі А.Р.Лурияның пайымдауынша, түйсіктер негізгі екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық (қызметіне орай), б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.

Түйсіктердің ең ірі және маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған: интероцептік. проприоцепт экстероцептік.

Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайлі болу жағынан ең ежелгілерден әрі өте қарапайым турі. Интероцептік түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіңдіріп білу өте қиын, сонымен бірге нақты қозу нүктесіне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңіл-күй (эмоциональ) қалпына жақыңдау келеді. Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніңдегі ақпараттармен қатамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік (афференттік) негізін құрап, оларды реттеп отырады Бұл түйсіктер тобының шеткі (перифериялық) рецепторлары. бұлшық еттер мен буыңдарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (тельца Паччини). Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда буыңдар қалпы өзгергенде туыңдайтын түйсіктерді бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге, ерекше қасиеттерге ие теңдестік және тұрақтылық түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары ішкі құлақтыц (внутреннес ухо) шеңберлі сайларыңда жайласқан.

Экстероцептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаган ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсік-тер тобы шартты турде аралық (дистантные) және түйісу (контактные) түйсіктері деп аталған екі бөлікке жіктеледі.

Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.

Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту және көру түйсіктері.

Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалык - өте қарапайым, шарпулы (аффектті), толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б.); 2) эпикритикалық - жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім мүшелеріңде пайда болатын түйсіктер.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет