Автокөлік психологиясы


Жүргізуші білімдерін дамыту



бет8/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,37 Mb.
#38620
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

7.1 Жүргізуші білімдерін дамыту
Тіпті жақсы жетілдірілген білімдер қауіпті жағдайларды жақсы аяқталуына кепілдік бермейді. Түрлі қауіпті жағдайларда әрекеттер үшін арнайы білімдерді жетілдіру керек, олардың бар болуы жүргізушінің жоғары маманды шеберлігі үшін маңызды элемент болып табылады. Егер де жүргізуші оқу орнында осындай білімдерге ие болмаса, онда ол оларды нақты қауіпті жағдайларда игеруіне тура келеді. Мұндай білім алу көп жағдайда жүргізушіге де басқа да жол қозғалысына қатысушыларға да қымбат келеді. Сол себепті жүргізуші ең жиі кездесетін жол апаты жағдайларында жүргізу білімдерін автомектепте алуы қажет.

Психологиялық дайындықтың негізі бағыттарының бірі жол - апаты жағадайларында пайда болатын стресс жағдайында психиканың тұрақтылығын жоғарылату болып табылады. Мұндайда ойлау әрекеті тежеледі, соның салдарынан жағдайды дер кезінде бағалау мен дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі де тежеледі. Сонымен қатар, реакция уақыты да тежеледі де, тіпті дұрыс шешімдер де апатты алдын ала ламайды. Психикалық тұрақтылықты жоғарылату қажет шешімдерді жетілдіру мен оқу кезінде қажет әрекеттерді жаттықтыру арқылы жетілдіреді.

Жүргізушілерге критикалық жағдайларда әрекет жасауды нақты жол жағдайларында үйрету мүмкіндігінің жоқтығына байланысты, осындай жағдайларды түрлі техникалық құралдар арқылы модельдеу қажеттілігі туындайды. Осындай модельдеудегі негізгі талап – жүргізушінің автокөлікпен және жолмен өзара әрекеттесуі мен нақты жағдайдың ұқсастығы. Мысалы, нақты жағдайда автокөлік жолында кенет бөгде кедергінің пайда болуы мүмкіндігі бар. Автодромда мұндай жағдайды модельдеу кезінде кенеттілік сипаты сақталуы керек.

Жүргізушіге көп жағдайда жарықты ауыстыруға, төмен берілімге ауысуға, шыны тазартқыштарын қосуға тура келеді. Мұндайда тек осы ғана құралдарды іске қосу ғана емес, сондай-ақ жол жағдайын ескере отырып, осы әрекет кешенін қандай тәртіпте орындауды шешу қажет. Бірінші реттік қажетті әрекеттерді орындаудан кейін доңғалақтың сырғанауы сияқты екінші реттік қиындықтар тууы мүмкін. Осы жағдайда тәжірибесі аз, эмоциялық тұрақсыз жүргізушілерде қорқыныш сезімі пайда болуы мүмкін, соның нәтижесінде қажет басқарушылық әрекеттер орындалмайды, бұрыс орындалады немесе кешігіп орындалады. Кейде, қауіпті жағдайда бұдан бұрын алынған білімдерге сай келмейтін тәсілді орындау қажеттілігі туындайды. Бұл жүйке үрдістерінің жылдамдығына жоғары талап келтіреді. Мысалы тайғақ жол жазықтығында кедергінің пайда болуы жағдайында жүргізуші қалыпты жағдайдағыдай тоқтау әдісін емес, басқа басқару әдістерін қолдануы қажет. Қауіпті жол жағдайларында назардың шашыраңқылығы, ойлаудың тежелуі тек жеке қауіптілік сезімінен ғана емес, жағдайлардың күрт дамуына дайындықтың болмауы салдарынан пайда болады. Қауіпті жағдайды тез бағалау мүмкіндігі оперативті ойлау қасиеттерімен бірге пайда болады.

Осылайша, жүргізушінің шеберлігі оның психологиялық үнемі қажетті әрекеттерді орындауға дайындығында. Бұл жол жағдайын болжау қабілеттілігін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.

Автокөлікті жүргізу білімдерін құрастыру оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылуы керек. Жеке қарым-қатынас әрбір оқушыны білу мен әдістемені, жаттығуларды орындау тәртібін, жеке элементтерді орындауға қажетті уақытты өзгертуге негізделуі қажет.

Білімдерді қалыптастыру кезінде оқушының белсенділігі жоғары маңыздылыққа ие. Ол өзі немесе инструктордың көмегімен өзінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тез және сапалы білім алу үшін жолдар мен әдістерді іздестіруі керек. Адамның белсенділігінсіз оқу қиындайды және кейде тіпті мүмкін емес болуы мүмкін.

Автокөлікті жүргізу шеберлігі жүргізушінің барлық тұлға ерекшеліктеріне байланысты (оның қызығушылықтары, бағыттылығы, қабілеттіліктері, темпераменті, мінезі), оның психофизиологиялық ерекшеліктеріне (қабылдауы, назарлығы, еске сақтауы, ойлауы, эмоционалдық тұрақтылығы, сенсорлық моторлық реакциялары) байланысты болады және арнайы білімдердің, қабілеттердің болуымен анықталады.

Білімдер – бұл жүргізушімен автокөлікті жүргізу үшін қажетті мәліметтердің жиынтығы. Осылайша, бағдарлама мен оқу жоспарын сәйкес, жүргізуші автокөліктің негізгі механизмдері, құралдары мен бөлшектерінің мақсаты, құрылымы, өзара әрекеттесу мен жұмыс жасау ұстанымын білуі керек.

Алайда, тек қана теориялық білімдерге негізделе отырып, адам автокөлікті жүргізе алмайды. Ол үшін оған арнайы қабілеттіліктер, яғни өзінің арнайы білімдерін тәжірибелік әрекет кезінде пайдалану қабілеттілігін игеру керек.

Жүргізушілердің психологиялық дайындығы – бұл кез келген жол жағдайларында автокөлікті қауіпсіз жүргізу үшін қажетті психикалық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Психикалық дайындыққа жоғары моральдік қасиеттерді дамыту мен идеомоторлық және аутогендік жаттықтыру жатады.

Адамның өмір салты, оның еңбекке, басқа адамдарға, өзіне қарым-қатынасы көп мөлшерде оның моральдік қасиеттерімен сипатталады. Мораль – бұл адамдардың бір біріне және қоғамға міндеттілігін анықтайтын жалпы тіршілік ету ережелерінің жиынтығы. Моральдік қасиеттерге отансүйгіштік, жұмысқа, әріптестерге, әйел адамдарға, балаларға қарым-қатынасы жатады.

Жүргізушілердің сенімділігі үшін оларда қабылдағыштық, назарлылық, ойлау мен еске сақтаудың оперативтік қасиеттерін, сенсорлық моторлық реакциялардың жылдамдығы мен нақтылығы, эмоционалдық тұрақтылық сияқты психологиялық қасиеттерді жетілдіру арнайы маңыздылыққа ие.

Жүргізушінің сенімділігі үшін оның эмоционалдық тұрақтылығы мен өзін ұстау қабілеттілігі зор маңызға ие. Олар жүргізушіге критикалық жол жағдайларының пайда болуы кезінде автокөлікті қатесіз жүргізуге мүмкіндік береді. Жүргізушіде осындай қасиеттердің жоқтығы жағдайында кернеулілік пайда болуы мүмкін, ол өзіне сенімсіздіктен, қорқыныш сезімінен көрініс алады.

Психологиялық дайындыққа, сондай-ақ идеомоторлық жаттықтыру жатады. Жүргізуші үшін идеомоторика – бұл белгілі бір жол жағдайларында дәл осы жол кесіндісінде қажет әрекеттерді ойша орындау.

Жүргізуді үйрету кезінде оқушымен орындалу қажет әрекетті ойша орындау әдісін кеңінен қолдану керек. Негізі әрекеттерді ойша көру сабаққа дейін, яғни ол тренажердің немесе автокөліктің жұмыс орнына отыруына дейін жүргізу керек.


7.2 Жүргізу қабілеттерін дамыту үшін техникалық құралдарды пайдалану
Автокөлік тренажері деп жүргізушілерді дайындау мен жаттықтыруға арналған құралдар жиынтығын атайды. Олар жүргізушінің жұмыс орны мен жол жағдамын сипаттайды. Автокөлік тренажеріне шеберге арналған орын кіреді.

Автокөлік тренажерлері автокөліктермен қатар пайда болды. Бірінші есептен шығарылған автокөлік бірінші автокөлік тренажері болды. 20ғасыдың 20 жылдарында жүргізушілерді дайындау автокөлік тренажерлерінің көмегімен жүзеге асырылды, олар жолдағы қозғалысты елестетуге мүмкіндік беруі, ал бұл автокөлікті жүргізу қабілеттерінің тезірек дамытылуына мүмкіндік берді.

Автокөлік тренажерлерінің алғашқы жасалуын негізгі төмендегідей мақсаттары автокөлік иіндері мен баспаларын басқару қабілеттерін дамыту, автокөлікті жүргізуді стационар жағдайларда жетілдіру.

Одан кейін жол жағдайын келтіретін автокөлік тренажерлері пайда болды. Олардың көмегімен жүргізушілер белгілі бір жол көліктік жағдайларда дайындала алды.

Қазіргі кезде жүргізушілерді қиын және критикалық жағдайларда жаттықтыруға мүмкіндік беретін тренажерлер жасалуда. Осындай тренажерлердің нақты жол жағдайларында қолдан жасалуы жол апатын жасаудың үлкен мүмкіндігімен сипатталады.

Жүргізуді үйрену үрдісін шартты түрде үш сатыға бөлуге болады.

Бірінші сатыда басқару мүшелерімен әрекет етудің негізгі тәсілдерін зерттейді: рөлге отырыс, жолды артқы көрініс айнасы арқылы бақылау, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау, баспалар мен иіндермен әрекет ету әдістері, бұрылыс көрсеткіштерін қосу және ажырату, автокөліктің орнынан қозғалуы мен тоқтауына сәйкес әрекеттер.

Екінші сатыда автокөлікті төмендегідей жол жағдайларында жүргізу жүзеге асырылады. Тұрақ орнынан шығу, бір түзумен жүріс, төмен берілімдерден жоғарыларына ауысу және керісінще, оңға және солға бұрылыс, озып түсу, қарсы өту, бір қатардан екіншіге ауысу, көпірлердегі қозғалыс, тоннельдердегі қозғалыс, реттелетін және реттелмейтін жол қиылыстарындағы қозғалыс.

Үшінші, соңғы сатыны қауіпсіздік сұрақтарына байланысты тек автокөлік тренажерлерінің көмегімен жасаған дұрыс, себебі бұл сатыда жүргізушілердің жол апаты жағдайындағы әрекеттері зерттеледі.

Тренажердің маңызды артықшылығы белгілі бір қабілеттердің дамыту үшін сәйкес қабілеттілікті дамыту үшін қажет, жол жағдайы мен қабылданатын ақпаратты бөлу мүмкіндігі. Бұл оқушының нақты жол апаты жағдайындағы әрекеті туралы объективті пікір салуға мүмкіндік береді. Психофизиологиялық құралдармен жабдықталған тренажер тек жүргізушінің әрекет ету реакциясының жылдамдығын ғана емес, сондай-ақ автокөліктің түрлі маневрлері кезіндегі назарды таратуды үйретуге мүмкіндік береді.

Мақсаты бойынша барлық тренажерлерді екі топқа: функционалды және кешенді деп бөлуге болады. Функционалды тренажерлер жүргізудің жеке элементтерін үйренуге арналған. Бүгінгі таңда болашақ жүргізушілердің білім кешенін дамытуға бағытталған кешенді тренажерлер жиірек жасалуда.Бұл тренажерлер жүргізушінің белгілі бір жағдайдағы шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылысы бойынша жүргізушінің қозғалмалы және тұрақты орынды автокөлік тренажерлерін ажыратады.Сондай ақ бір орындық (жеке) және көп орынды тренажерлер бар. Жол жағдайын беру тәсілі бойынша тренажерлерді бес топқа бөлуге болады: қозғалмалы жол жазықтықты, көлеңкелі, кинофицирленген, телевизиондық және ЭЕМ негізіндегі тренажерлер.

Қозғалмалы жол жазықтықты тренажерлер. Қозғалмалы жазықтықты алғашқы тренажерлер АҚШ-та жасалған, кейін олар Европада кеңінен пайдаланылған. Бірақ олардың пайдаланылуы шектеулі болды және соңғы жылдары ғана осы типті тренажерлерді аттракцион немесе демонстрациялық мақсатта дайындаудың жаңа сатысы басталды. Олардың көмегімен жүргізушіерді автокөлікті ойын режимінде жүргізуге үйретеді.

Қалыпты орындалуды жолақты тренажер төмендегідей құрылымды: Жүргізушінің орны нақты автокөліктегідей пішімді, баспаларды ораналастыру күші, берілімдерді ауыстыру иіні класста орналасқан. Автокөлік алдында тік жазықтықта өлшемі оқу классының мөлшеріне байланысты «соңғысыз» жолақ орналасқан. Жолақта жол белгілері, жол белгіленуі, жанасатын қиылыстары бейнеленген жол жолағы бар. Жолақтың үстіне кронштейнге автокөлік ілулі тұрады. «Соңғысыз» жолақ электр қозғалтқышының көмегімен қозғалысқа келтіріледі.

Осы тренажердің көмегімен орнынан қозғалу, бір түзу арқылы қозғалу, автокөліктің берілімдерді ауыстыру арқылы жылдамдығын арттыруы, бір түзу бойымен жылдымдықты өзгерте қозғалу, автокөлікті берілген жерде тоқтату, қызметтік және күрт тоқтау сияқты элементтер жаттықтырылады.

Көлеңкелі тренажерлер. Оның жұмыс жасау ұстанымы төмендегідей. Жүргізушінің жұмыс орны барлық стандартты басқару мүшелері мен құралдарымен жабдықталған. Иіндер мен баспалардың күшін нақты автокөлік күшіне ұқсайтындай етіп таңдайны. Жол жағдайы экранда көлеңкелі проекцияның көмегімен беріледі. Ол үшін бетіне күңгірт бояулармен көрсетілген тұрғын массивтері мен жасыл бояумен көрсетілген газондары бар сфералы мөлдір диск қолданылады. Кронштейнге қозғалыссыз орналасқан нүктелі жарық көзі көлеңкелі проекцияны экранға береді. Баспалар реостаттар жүйесі арқылы электрқозғалтқышының валымен байланысқан. Көлеңкелі тренажерлер қозғалыстың біршама нақты көрінісін береді, олар өзін қала көшелері бойымен жалғыз жүру кезіндегі қозғалыс білімдерін дамыту кезінде жақсы көрсетті, оқушыларды жүргізудің алғашқы дайындығы кезінде жақсы оқу құралы болып табылады.

Кинофицирленген тренажерлер. Олар шет елдерде кеңінен таралған. Үлкен экранда жол жағдайын сипаттау, суретті түсті етіп беру мүмкіндігі нақтыға жақын жол жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді, бұл жолақты және көлеңкелі тренажерлерде мүмкін емес дерлік.

Алайда, кинотаспаға түсірілген жол жағдайы оқушымен өзгертілуі мүмкін емес.

Телефизиондық тренажерлер. Олар ұшқыштарды дайындау кезінде өзін жақсы көрсетке, әсіресе, біршама күрделі жағдайда жаттықтырады. Ал автокөлік жүргізушілерін осындай тренажерлер арқылы дайындау өте сирек жүргізілген. Телевизиондық тренажерлердің артықшылықтары анық: біріншіден, қозғалыс жылдамдығы бойынша да, басқарылатын доңғалақтардың бұрылыс бұрышы бойынша да нақты қайта байланыс; екіншіден, кедергілердің немесе басқа қозғалыс қатысушыларының бар болуы жағдайында жүргізуді үйрету мүмкіндігі; үшіншіден, жүргізуші әрекетін видеомагнитофонға жазып алып, олардың қателіктерін кейіннен талдау мүмкіндігінің болуы.

Телевизиондық тренажерлердің құрылымында негізі үш түйін кіреді:



  1. автокөлік жүргізушісінің жұмыс орнын сипаттайтын автокөлік моделі, оның алдында телеэкран орнатылған, оған жол жағдайы беріледі. Шулық ақпаратты жүргізуші құлақшындар арқылы алады. Осындай тренажер арқылы жүргізуші-автокөлік-жол жүйесінің зерттелуі жасалады.

  2. ЭЕМ, оның басты мақсаты жүргізушінің басқару әрекеттерін телекамераның қозғалысына оперативті беріп отыру.

  3. жер бедерінің макеті (тұрғын-әкімшілік ғимараттары бар 2-3 тұрғын квартал, жол қозғалысына қатысушылар, жол белгілері мен белгіленуі, светофор нысандары).

ЭЕМ негізіндегі тренажерлер. Бүгінгі таңда визуализация жүйесі дербес компьютердің көмегімен ұсынылатын тренажерлерді жасау белсенді жүргізілуде. Жұмыс орны кез келген автокөлік маркасы немесе моделін сипаттай алады. Жүргізуші алдына ЭЕМ мониторы (дисплейі) орналасқан . Бүгінгі таңдағы компьютерлер кез келген жол жағдайын көрсете алады. Жол жағдайларын жасау прогаммист квалификациясына байланысты.

ЭЕМ негізіндегі тренажерлердің артықшылықтары:



  1. ықшамдығы, жол жағдайларының кең диапазонында пайдалану мүмкіндігі.

  2. жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қатыстыру мүмкіндігі (жаяу адамдар, арнайы сигналды көлік, қоғамдық көлік, велосипедшілер және т.б.).

  3. функционалдық, берілген бір міндетті орындау мүмкіндігі.

  4. оқушының барлық басқару әрекеттері ЭЕМ жадында сақталып, кез келген сәтте талдау үшін алынуы мүмкін.

  5. ЖҚЕ өзгерісі барысында талаптар өзгертіліп, жаңалары енгізілуі мүмкін.

  6. мұндай тренажерлерді тек жүргізуді үйрету ғана емес, сондай-ақ білімдерін бақылау, қабілеттерді тексеру, жүргізушіні тестілеу үшін пайдалануға болады.


Әдебиеттер
1 Тәжібаев Т. Жалпы психология. – М.,1999. – 165 б.

2 Глушко О.В., Клюев Н.В. Труд и здоровье водителя. – М. : Транспорт, 1976. – 176 б.

3 Игнатов Н.А. Человек за рулем. – М. : Транспорт, 1976. –210 б.

4 Игнатов Н.А., Иларионов В.А., Мишурин В.М. «Инженерная психология», психофизиология труда и подготовка водителя автомобиля. – М. : МАДИ, 1977. – 310 б.

5 Ломов Б.Ф. и др. Основы инженерной психологии. – М. : Высшая школа, 1977. – 125 б.

6 Иванов В.П., Штейнгауз М.С. Автомобиль-дорога-человек. – Минск: Белорусь, 1978. – 287 б.

7 Методические указания к лабораторным работам по курсу «Автотранспортная психология». – Усть-Каменогорск : ВКТУ, 1999. – 80 б.

8 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения. – М. : Транспорт, 1990. – 195 б.

9 Мишурин В.М., Романов А.Н., Игнатов Н.А. Психофизиологические основы труда водителя автомобилей: учебное пособие. – М. : МАДИ, 1982. – 172 б.

10 Пушкин В.Н., Нерсесян Л.С. Психология водителей. – М. : Знание, 1969. – 210 б.

11 Романов А.Н. Транспортная психология. – М., 2000. – 145 б.

12 Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. – М., 2000. - 120 б.



Мазмұны



Кіріспе........................................................................................................

3

1

Автокөліктік психология пәні мен міндеттері..............................

4

2

Адамның жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы. Талдауыштары туралы түсінік........................................................

6

2.1

Көру талдауышы..............................................................................

9

2.2

Есту талдауышы...............................................................................

10

2.3

Кіреберіс талдауышы.......................................................................

12

2.4

Бұлшық ет-қимыл талдауышы........................................................

13

2.5

Автомобиль жүргізүшісінің сезінуі мен қабылдауы....................

14

3

Зейін мен ес жөнінде түсінік...........................................................

26

3.1

Зейін жөнінде түсінік.......................................................................

26

3.2

Ес жөнінде түсінік............................................................................

34

3.3

Ойлау мен қиялдың физиологиялық негіздері..............................

42

3.4

Еріктің және сезімнің физиологиялық негіздері...........................

48

4

Жүргізушілерді сапар алдыңдағы тексеруден өткізу әдістері мен ұйымдастыру ерекшеліктеpі....................................................

62

4.1

Қыскаша теориялык мәліметтер.....................................................

62

4.2

Жұмыстың орындалу тәртібі..........................................................

62

5

Күрделі шарттарда автомобильді баскарудың психофизиологиялық шарттары.....................................................

66

5.1

Жүргізушінің жұмыс қабілеті және сенімділігі............................

70

5.2

Автокөлікті жоғарғы жылдамдықпен басқару..............................

68

6

Жүргізушінің жүмыс қабілеті және сенімділігі............................

70

7

Жүргізушінің білімдері мен олардың қалыптасуы.......................

72

7.1

Жүргізуші білімдерін дамыту.........................................................

74

7.2

Жүргізу қабілеттерін дамыту үшін техникалық құралдарды пайдалану..........................................................................................

76




Әдебиеттер

81





Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет