Автокөлік психологиясы



бет1/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,37 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Автокөлік психологиясы
Оқу құралы

Павлодар


Кереку

2010


УДК 159.9:656.13(075.8)

ББК 88.4Я73

А 18

Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті металлургия, машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесімен ұсынылды.
Пікір сарапшы:

техника ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ. Қарақаев



Құрастырушы: доцент Т.Қ. Құмаров
А 18 Автокөлік психологиясы. Оқу құралы./Құрастырушы: Құмаров Т.Қ. – Павлодар : Кереку, 2010. – 82 б

Оқу құралы аталмыш пән бойынша 050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығына оқитын студенттерге арналып, мамандықтың оқу жоспарымен пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалған.

Оқулық құралда автомобиль жүргізушілерінің психофизилогиялық сапаларын зерттеуге арналған, жүргізушінің функциялық жарамдылығын және жұмысты атқару қабілеттілігін анықтау, сондай-ақ басқа да психофизиологиялық бақылау мен сапар түрлерін оқып үйрену тақарыптары құрастырылған.
УДК 159.9:656.13(075.8)

ББК 88.4Я73


©Құмаров Т.Қ., 2010

©С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010



Кіріспе

Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы шарттар бойынша автомобиль көліктерімен жүктерді тасымалдау, автомобиль көлігінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл тапсырманың шешімі «Жүргізуші -автомобиль-жол-орта» (ЖАЖО) жүйесінің барлық бөліктерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, нақтылық мақсат түрінде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, бірінші деңгейлік мағынаға адамның факторлары ие болады. Статистикалық көрсеткіш бойынша, жол - көлік апаттарының (ЖКА) 70- 80 % жүргізушінің қателіктерінің нәтижесінде болған оқиғалар деп саналады. Қателік, бұл қате іс- әрекеттің нәтижесі, мақсатына жетпеген іс-әрекет. Жүргізушінің еңбекке дайындығы, қателігі, эмоционалдық тұрақтылығы, басқару әрекеттерінің жылдамдығы және нақтылығы жол- көлік апаттарының көрсеткіштерін өте төмендетеді.

Жүргізушілер еңбегін ғылыми үйымдастыру оның жағдайын және жұмыс атқару қабілетін, қоршаған ортаның ең аз мөлшерлі теріс әсер қауіпсіздігін сақтау адамның жан - жақты факторларын оқитын пән, автокөлік психологиясы болып табылады. Арнайы мамандыққа арналған бұл кітапты жүргізушілерге ЖАЖО жүйесі бойынша койылатын талаптар, оның психофизиологиялық сенімділік факторларының мазмұны, жүргізушілердің жұмыс орнына койылатын талаптар мамандарға арналған психофизиологиялық іріктеу тәсілдері және өте қиын жолдарда автомобильді басқару шарттары анықталған.

1 Автокөліктік психология пәні мен міндеттері

Автокөліктік психология - бұл жүргізүші – автомобиль – жол – орта (ЖАЖО) жүйесін жобалау, жасау және қолдану үрдісінде пайдалану мақсатында жүргізуші мен көлік арасындағы өзара ақпараттык эрекеттестіктің объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пэн.

Оның негізгі міндеттері:

-автокөлік пен еңбск жағдайларын жүргізушіге ұластыру;

-жүргізушінің психофизиологиялық мүмкіыдіктерін ескере отырып, жүргізуплні автокөлік пен оны колдану жағдайларына ұластыру;

-ЖАЖО бірегей жүйесінің қызмет етуінің жалпы зандылықтарын аныктау.

Автокөліктік психологияның соңғы мақсаты - жүргізуші мен автокөліктік техниканың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану негізінде ЖАЖО жоғары эффективті жүйесін жасау.

Инженерлік және автокөліктік психологияда зерттеудің негізгі эдістеріне бақылау, әңгіме және тәжірибе жатады. Әдістердің жоғарыдай бөлінуі шарт, себебі олар бірі бірімен байланысты, бірі бірін толықтырады және жалпы жағдайда бір мезетте түрлі қатынаса қолданылады.

Жүргізушінің әрекетін бақылау оның дайындыгы, еңбекке қабілеттігі, өзін үстауы, батылдығы, эмоционалдық тұрақтылығы, назар салуы, басқару әрекеттерінің жылдамдығы мен нақтылыгы туралы біршама толык түсінік алуга мүмкіндік береді. Бақылаушы жүргізуші әрекетінің негізін жақсы білуі, бұл әдістің психологиялық мәні туралы қажетті деңгейде хабардар болуы және бақылаудың негізгі міндетін нақты түсінуі (мысалы, жүргізушінің автоколікті түрлі жагдайларда - түнде, үлкен жылдамдықта, тауда және т.б. жүргізуге дайындыгын аныктау); жүргізушінің реттелмейтін жол қиылысын өту, асып өту, жүріс жолағын өзгерту кезіндегі әрекеті мен мінезін бақылауы, жүргізушінің жол ережелер (ЖЖЕ) білімін тексеруі керек.

Бақылау әдісіне, сондай ақ, еңбек әдісін де жатқызуға болады, мүнда зерттеуші оператор (жүргізуші) болады да, өз тәжірибесі негізінде қойылган міндет бойынша қорытынды шығарады.

Әңгіме жол қозғалысы апаттарының (ЖҚА) себептері мен оларга жағдай жасаушы шарітарды зерттеу кезінде, сонымен қатар, жүргізушілердің ЖЖЕ бұзу себептерін зері теу кезінде қолданылады. Зерпелушіге алдын ала дайындалған сұрақтар койылады, олардың реті мен түрі зерттелушілердің жеке ерекшеліктері мен әңгіменің барысына байланысты өзгертіліп отырады. Әңгімеге жақып эдіс - сауалнама болып табылады, ол қажетті акпаратты жүргізушілердің үлкен санынан алу мақсатында жүргізіледі.

Тәжірибе - бұл үрдістердлң жүру жағдайларын нақты ескеру, зерттелетін корсетікштерді тіркеу арқылы, оларды алдын ала дайындап, жоспарлы жүргізу. Тәжірибелердің зертханалық, табиғи жэне модельдік түрлері болады.

Зертханалық тәжірибе түрлі психофизиологиялық үрдістер (сенсомоторлық реакциялардың, қабылдаудың, назардың, ойлаудың, есте сақтаудың жылдамдығы мен нақтылығы, батылдық қасиеттер, эмоционалдық тұрақтылық, еңбекке қабілеттілік және т.б.), сондай-ақ жүргізушінің түрлі жағдайлардағы әрекеті мен мінезін зерттеу мақсатында жүргізіледі. Зертханалық тәжірибе үшін жүргізуші әрекетінің элементтерін модельдейтін түрлі құралдар, стенділер мен автотренажерлер қолданылады. Зертханалық тәжірибенің кемшілігіне оның қолдан жасалғанын жатқызуға болады. Зертахналық жағдайларда нағыз әрекет жағдайларын толық жасау мүмкін емес, сол себепті жүргізушінің еңбек әрекетіне сай эмоционалдық фон болмайды. Кейбір жүргізушілер мұндай тәжірибелерге қажетті назар аудармайды, ал бүл кейде алынатын мәліметтердің объективтілігі мен нақтылығын төмендетеді.

Табиғи тәжірибе нағыз әрекет жағдайларында жүргізіледі. Зерттелуші өзінің зерттеу объектісі екенін кейде білмейді, немесе тіпті ұмытып қалады, сол себепті табиғи тәжірибенің нәтижелері объективті болады және жоғары кұндылыққа ие. Зертханалық және табиғи тәжірибеде жүргізушіге келетін ақпаратты, оның қайтымды әрекеттері мен психофизиологиялық қызметтерін синхронды тіркеу үшін түрлі қүралдар қолдапылады.

Модельдік тәжірибе - бүл белгілі-бір зерттелетін құбылысқа аналог құбылысты қолдан жасау. Модельдік тәжірибе жүргізуші әрекетінің жеке элементтерін автотренажерлерде жасау арқылы көрініс алады. Алайда, егер де модельдік тәжірибе жүргізушілерді психофизиологиялык талдау үшін жүргізілсе, онда зерттелушінің тәжірибе кезіндегі әрекеттері автоколікті жүргізу кезіндегі әрекеттеріне нақ келуі міндетті емес. Бұл жағдайда зерттелетін әрекетке сырттай үқсастық емес, нақты әрекет кезіндегі талап етілетін психикалык үрдістерге, жоғары талап қою маңызды. Қазіргі кезде модельдік тәжірибені ЭВМ негізінде қолданады, оның көмегімен басқа зерттеу тәжірибелерінде жасалуы мүмкін емес дерлік жүргізуші әрекеттерімен жол жүру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді, мысалы автокөліктің күрт бұрылысқа критикалық нүктеден жоғары жылдымдықта кіруі немесе ЖҚА әртүрлі түрлерін модельдеу.
2 Адамның жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы. Талдауыштары туралы түсінік

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның бір тұтастығын қамтамасыз етеді. Ағзаның сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.

Адамның жүйке жүйесі негізгі үш бөліктен тұрады: орталық жүйке жуйесі, қиян жүйке жүйесі (перифериялық), қозғылы жүйке жүйесі (вегетативті)

Жүйке үлпасы жүйке жүйесінің негізгі компоненті болып келеді. Жүйке үлмасы жүйке жасушаларынан және өскіншелерінен тұрады. Өскіншелер арқылы олар басқа жүйке жасушаларымен және барлық ағзаның үлпаларымен байланысады.

Орталық жүйке жүйесінің кұрылысы өте күрделі болып келеді. Ол арқа және бас миынын тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметтерін орындайды. Ол бас миының бағаналы бөліктерінен (сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми), мишықтан, үлкен жарым шаларларынан және арқа миынан тұрады. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерін бас миының жарым шарлары (ми сыңарлары) құрайды. Үлкен жарым шарлар кұрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке жасушаларының тұтас жиынтығы кіреді. Үлкен ми сыңарларының үстіңгі бөлігінде жүйке жасушылар қабаты - бас ми қабығы көмкерілген. Бас ми қабығының бөліктерінің құрылысы мен атқаратың қызметі әртүрлі болғанымен ми қабығының әрекетінде олар өзара байланысқан өзара әрекеттес жүйесін кұрайды. Үлкен ми сыңарлары әр түрлі қызмет атқаратын 4 бөліктен (маңдай, төбе, самай және шүйде) тұрады. Үлкен ми сыңарлары қыртысынан мынадай сезім, қимыл, көру, есту, дәм және иіс сезу аймақтары байқалады. Мысалы, көру орталығы - шүйде бөлігілде, есту және вестибуляр аппараты самай бөлігінің иірімдерінің үстінде, ал қимыл аймағы төбе бөлігінде болады.

Бүкіл денемізге жайылған жүйке жүйесі қиян (перифериялық) жүйке жүйесін құрайды. Қиян жүйке жүйесіне - жұлыннан шыққан отыз бір жұп жүйкелер және мидан шыққан он екі жүп жүйкелер жатады. Қиян жүйкелер орталык жүйке жүйесін дененің сырткы аймағында орналасқан мүшелермен байланыстырып тұрады. Тері, бұлшық ет, буын - дененің аймағындағы мүшелер болып табылады. Қиян жүйке жүйесін дене жүйкесі деп атауға болады. Бірнеше жүйке талшықтары буда түзеді. Жүйке будалары қызметіне қарай сездіргіш және қозғалтқыш жүйкелерге бөлінеді. Жүйкелердің негізгі қасиеті - тітіркену және қозуды өз бойымен өткізу. Теріні, бұлшық етті тітіркендіретін тітіркендіргіштердің барлығы жүйкені де тітіркендіреді. Орталық жүйке жүйесінен келетін жүйкелік қозу жүйкенің ұшындағы сезім мүшелеріне (рецепторларға) әсер етеді. Қозу жүйкенің өзінде пайда болмайды. Сондықтан да жүйкенің екі ұшындагы мүшелерден пайда болған қозу, орталықтан алшақ жатқан мүшелерге қарай және алшақ жатқан сезім мүшелерінен орталыққа карай өткізіп тұрады.

Жүйке жүйесінің жоғарыда айтылып өткен қызметтерінен басқа тағы да бір қызметі - тітіркендіруге жауап беру. Орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның тітіркендіруге жауап беруі рефлекс деп аталады. Жүйкені қозғанда жүріп өтетін жолы рефлекс доғасы деп аталады. Рефлекс доғасының ең қарапайым сызба нұсқасы қозуды жұлынға қайтаратын жауабы болып есептеледі (1сурет ).

Жүйке қызметінің жоғары физиологиялық механизмдері рефлекстер болып табылады. Кез-келген мүшедегі әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайтын дене беліктерін қабылдағыштар немесе рецепторлар дейді. Барлық сезім мүшелерінде және буындарда рецепторлар болады.



Ағзаның рефлекстік жауабы үлкен екі топқа: шартты және шартсыз рефлекстерге бөлінеді.


Сурет 1- Рефлекторлық доғаның сызба нұсқасы
Шартсыз рефлекс деп, ешқандай алдына шарт коймай, туа біткен, тұқым қуалайтын биологиялық қажеттілікті айтады. Биологиялық туа пайда болған рефлекстерге: шөлдеу, ашығу, ауырсыну, дәрет сындыру, қорғану, жұтыну, т.б. жатады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде үнемі үздіксіз кездесіп, шартсыз рефлекстерге айналып отырады. Бұл екеуі де жоғары ми сыңарларының қатысуымен жүзеге асады.

Шартты рефлекстер деп жарықтың, дауыстың, иістің, дәмнің (тіл) қоздыруына ағзаның уақытында жауап қайғаруып айтады. Ламу нәтижесінде өте жетілген, айналадағы ортаны үнемі шексіз кең көлемде өзгеріп отыруына үйретіп, бейімделетін шартты рефлекстер пайда болған. Шартты рефлекстерге өте күрделі, тітіркендірудің үлкен жиынтығы қатысады.

Жүйке жүйесінің ішкі мүшелер мен бездердің, қан тамырларының жұмысын, зат алмасуын реттейтін бөлігі қозғылыс жүйке жүйесі деп аталады.

Тәнтанымның ерекшеліктеріне жөні атқаратын қызметіне қарай қозғылыс жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері болып бөлінеді. Бұл екі жүйке жүйесі ішкі мүшелерді торлайды. Олар қозуды орталық жүйке жүйесінен мүшелерге жеткізеді. Симпатикалық және парасимнатикалық жүйкелердің қызметі біріне-бірі қарама-қарсы бағытталған. Симпатикалық жүйке жүйесі кез-келген қозу мүшесінің жұмысын жылдамдатады. Мысалы, симпатикалық жүйкеден келген қозудың нәтижесінде жүректің қысымы күшейіп, жеделдесе, парасимпатикалық жүйке жүйесінен келген қозу жүректін жұмысын бәсеңдетіп, баяу соғуына әсер етеді.

Симпатикалық бөлік орталықтары арқа миының кеуде және бел аймақтарында орналасады, ал парасимпатикалық бөлік орталықтары бас миында және сегізкөз аймағында орналасады. Қозғалыс жүйке жүйесі сезім мүшелеріне әсер етеді. Оның әсері психикалық үрдістерден байқалады және де эмоциялық қобалжуларда үлкен роль атқарады.

Адамның тітіркендіруге талдау жасайтын жүйке мүшелерін және үш бөлімнен тұратын, бір бағыттағы жүйке жүйесінің қызметін талдауыштар (анализатор) деп атайды. Ол мынандай үш бөлімнен тұрады: рецепторлар, еткізуші сезімталдық жүйке, мидың белгілі бір әсерінен туған толқынды қабылдайтын аймағы. Сезім туу үшін талдауыштардың осы үш бөлігі болуы қажет.

Жүйке жасушалары өсінділерден тұрады (ұзын және қыска). Ұзын өсінді, әсер ететін мүшеге барып жіңішке тармақтарға бөлінеді де, рецепторға айналады. Ағза әсерді әр түрлі жүйкелердің ұштары рецепторлар арқылы қабылдайды. Өткізуші сезімталдық жүйке импульстарын бас ми қыртысына жібереді, онда ол белгілі бір өндеуден өтіп қайтадан рецепторға оралады. Осылай рецептор мен ми арасында тура ғана емес қайта оралу байланысы болады. Сезіну үрдісі белгілі рецепторда басталып қана қоймай сол рецепторда аяқталады.

Талдауыштар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы талдауыштар сыртқы ортадан келген ақпаратты қабылдап талдау жүргізеді. Оларға көру, есту, дәм, иіс және сипап сезу жатады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішкі ортасынан келген тітіркендіргіштерді қабылдап талдайды. Оларға бұлшық ет қимыл, тепе-теңдікті сақтау (вестибуляторлы), қан қысымының өзіеруіне әсерін білдіретін баростезиялық талдауыштар жатады.

Температуралық, ауырғанды сезіну, кіреберіс талдауыштары сыртқы және ішкі ортаның әсерінен де қозуы мүмкін.

Адамдарда кез-келген рецептордың тітіркендірі іш арқылы қозуы ми қыртысына жеткізіледі. Ол жерде ауырғанды, жылылықты, суықтықты, көргенді, т.б. ажыратады. Сондықтан біз санамыздан тыс дүниеде бар заттарды сезім мүшелеріміз арқылы кабылдап (көріп,естіп) талдауыштар арқылы туйсік аламыз. Сыртқы орта туралы барлық ақпаратты жүргізуші талдауыштар көмегімен қабылдайды. Жүргізушінің қабылдауында көру, есту, кіреберіс және бұлшық ет-қимыл талдауыштары ерекше маңызды болып келеді.


2.1 Көру талдауышы
Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады. Сыртқы ортаны қабылдайтын ақпараттың 80-90% көру мүшесі арқылы болады. Бұл көру сезім мүшесі маңызының аса ерекше екендігін дәлелдейді.

Көз сезім жүйесі рецептордан, көз жүйесінен өткізу жүйесінен және үлкен ми сынарлары қыртысының жүйке аймағында жатқан орталықтан тұрады.



Көз - шар тәрізді мүше (сурет 2). Ол бас сүйектегі көз шарасына орналасады. Көздің қосалкы мүшелері бар, олар көзді қозғалтып тұратын еттер, май жасаушылары, қабақ, кірпік, қас жас безі. Көз алмасы үш қабаттан тұрады: сыртқы-ақ кабықша (1), ортаңғы-тамырлы (2) және ішкі-торлы (3) қабықша, Ақ қабықшаның алдыңғы бөлігі қасаң қабықша деп аталады. Ол мөлдір қабыкша, жарықты еркін жақсы өткізеді. Тамырлы қабықша көптеген қан тамырларынан. тұрады. Бұл қан тамырлары көздің алмасын қанмен қоректендіріп отырады. Қабықшанын ішкі бетінде жарық сәулесін сіңіріп алатын бояғыш зат қабаты-пигмент бар. Көздің алдыңғы жағында ол калыңдап кірпіктің денесін құрайды. Мұнда кірпіктің бұлшық еті болады. Бұлшық еттің жиырылуы әсерінен көз бұршағының (7) түрі өзгеріп отырады. Кірпік денесі нұрлы қабыкшаға (5) жалғасады. Нұрлы қабықшанын аралығында бояу жасушалары болады. Осы бояу жасушаларынын санынан көздің әр түрлі түсті болып келуіне байланысты. Нұрлы қабықшаның ортасында жарық өтетін тесік орналасады. Оны көздің қарашығы (6) деп атайды. Қарашықты айнала сақиналы бұлшық еттер (12) орналасады. Бұлшық еттер жиырылған кезде қарашық тарылады. Нұрлы қабықтың бұлшық еттері созылғанда қарашықты кеңейтіледі. Қарашық рефлекстік жарық мол жерде тарылып, әлсіз жарық кезде кеңейелді. Көз алмасының ең негізігі қабықшасы торлы қабықша деп аталады. Торлы қабықшада көз рецепторлары таяқшалар мен құтықшалар орналасады. . Адамның көзінде шамамен 130 млн. таяқшалармен 7 млн. құтықшалар болады. Торлы қабықшаның ортасында құтықшалар, ал олардың шет жағына таяқшалар орналасады. Бұл рецепторлардан орта аралық нейрондар жалғасқан жүйке талшықтарынан көз жүйкесі (9) пайда болады. Кез жүйкесінің көзден шығатын. жерінде рецепторлар болмайды, сондықтан ол сезімталдық қасиетінен айырылады. Бұл жерді соқыр дақ деп атайды. Торлы қабыкшаның соқыр-дағынан сыртқа қарай құтықша ғана топтасып жинақталған. Торлы қабықшаның артқы бөлігі – көз алмасының түбі. Көздің ішкі бөлігін күлкілдеген зат- шыны тәрізді дене (8)толтырып тұрады.

Сурет 2 - Адам көзінің құрылысы мен оптикалық сызба нұсқасы


Көздің әртүрлі ара қашықтықтағы заттарды нақты, айқын көретін қабілетін аккомодация дейді. Адамның жасы үлғайған сайын бұл қабілет нашарлай түседі. Кейбір адамдар ашық-қоңыр түсті қарадан, ал күлгін түсті көк түстен, енді біреулері бояудың анық түсін айыра алмайды. Мүндай адамдар қызыл түсті көрмейді немесе жасыл мен көк түсті мүлде ажырата алмайды. Адамда заттың түсін айыра алмайтын ауру дальтонизм пайда болады. Ауру адамда тұқым қуалайды. Дальтонизммен ауыратын адамдар автомобильді жүргізуге жіберілмейді.
2.2 Есту талдауышы
Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды.естіп, сонымен байланыста болады. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелердің жүмысына әсерін тигізіп, оларды реттеуге қатысады. Адамды қауіптен сақтауда ақпараттың маңызы үлкен. Есту мүшесін дыбыс қоздырады. Дыбыс тербелістері есту мүшелері арқылы жүйке қозу толқындарына айналып, айналадағы ортада болып жатқан жағдайларды хабарлайды. Есту талдауыштарының есту мүшесі үш бөліктен құрылады: сыртқы, ортаңғы және ішкі қүлақ (Сурет 3).

Сыртқы құлак - құлак қалқанынан (I) және.сыртқы дыбыс жолынан (2) құралган. Құлақ қалканының екі жағы терімен қапталғак шеміршек болып келеді. Оның негізгі атқаратын қызметі ауадағы дыбыстарды қабылдап, дыбыс өткізу жолына бағыттайды. Сыртқы дыбыс өткізу жолының ұзындыгы 30 мм, ол терімен қапталған түтікше. Оның ішінде еріксіз бездер болады. Бұл бездердің әсерінен құлақтың ішінде құлық түзіледі. Құлық сыртқы дыбыс жолдарына айналадағы ортадан енстін шаң-тозандарды, микробтарды ұстап қалады.

Дыбыс өткізу жолынын-ішкі түбін сопақша пішінді жұқа дабыл жарғағы (4) қаптап жатады. Бұл дабыл жарғағы сыртқы құлақты орташы құлақтан бөліп турады. Жарғақ серпімді болатындықтан, дыбыс толқындарын кайталап отырады. Ортаңғы құлак жарғақ куысынан (3) түзілген. Ортаңғы құлақтың қуысы, дыбыс түтігі (6) арқылы қанқаға жалғасады. Бұл тәнтанымдық жол дабыл жарғағына ортанғы құлақ қуысынан келетін ауа қысымы мең атмосфера қысымының бірдей болуын қамтамасыз етеді. Ортаңғы құлақта бір-бірімен тізбектеле жатқан үш дыбыс сүйектері (5) бар. Олар үзеңгі, балғашық, төс сүйектері деп аталады. Үзеңгі сүйек балғашықты қимылдатып, іске қосады Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын қабақтың үстіңгі ортақ тегісінен, басқа жарғақ керілген дөңгелек тесік болады.

Ішкі құлак қуыстар мен иірімделген өзектер жүйесінен — сүйекті шытырманнан тұрады. Ол жарғакты шытырманды құндак (9) тәрізді қаптап жатады. Жарғакты шытырманға сүйықтық толып тұрады. Әдетте иірім өзегінің алдыңғы бөлігі кіреберіс (8) деп аталады Құлақтың негізгі есту мүшесі иірім, түтік (7), ал оның алдыңғы жағына доға қуыстары орналасады. Иірім түтік ортаңғы құлаққа төс сүйегі арқылы жанаса жалғасады.



Сурет 3 - Құлақтың кұрылысы

Иірім түтіктері өте жұқа жарғак қабықшамен бөлінеді, бұл - иірім түтігінін негізі.

Жарғақ фиброз ұлпасынан тұрады. Ұлпа құрамында 24000 ерекше талшықтар бар. Талшықтардың ұзыңдығы әр түрлі және олар иірім түтігінің бойымен көлденең орналасады. Бұл талшықтардың үстінде есту жасушалы рецепторлары бар, ал есту талдауышының шеткі бөлігі - кортиев мүшесі. Рецептор жасушасының иірім түтігінің ішіне эндолимфаға бұрылған, ал одан есту жүйкесі басталады. Иірім түтік қуысының қалған белін доға қуыстағы тепе-тендік мүшеге жатады.

Адамның құлағының дыбыстарды қабылдауда белгілі шектеулері бар: секундына 17 ден 20 мың тербеліске (гц.) дейін, 17 гц.-тен төмен механикалық тербеліс жиілігін инфродыбыс, ал 20 мың гц. жоғары тербеліс жиілігін -ультродыбыс дейді. Адам қартайған сайын құлақтың тербелістерді қабылдау қасиеті азаяды.

Дыбыстарды қабылдауда тербеліс жиілігі ғана емес, сонымен бірге дыбыс жиілігі де байқалады (қаттылығы). Дыбыс қысымының деңгейі тербеліс амплитудасына байланысты болып, шартты өлшем бірлік децибелмен өлшенеді. Кейбір дыбыс күштерінін салыстырмалы өлшемдері 1-ші кестеде берілген.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет