Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Вильям Блейк, Джордж Гордон Байрон, Гете және Мәшһүр - Жүсіп шығармаларындағы үндестік



бет15/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31872
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
3 Вильям Блейк, Джордж Гордон Байрон, Гете және Мәшһүр - Жүсіп шығармаларындағы үндестік

Бірі ағылшын, екіншісі қазақ қандай жағдай жақындастыруы мүмкін? Әрине, рухани үндестік болып табылады. Ол негізінен діни көзқарастарға әкеліп, тіреледі. Барлық жол Римге апарады дегендей, барлық жол дінге әкеледі. Ақын болсын, мейлі әкім болсын, құдайын ұмытып, арқырап тұрған шағында шайқап өтсе, түбінде өз дініне мойынсұнады. Алла оны мойындатпай және сындырмай қоймайды. Өзінің жіберген күнәләрі үшін міндетті түрде жауап береді. Құнанбай кәртайған шағында Меккеге барды, қажы атанды өз-өзінен оңашаланып, тек қана Мұхаммет пайғамбарды мансұқ етті. Барлық байлықтан безініп, жиреніп, тек қана мұсылман дінінен рахат, тыныштық, сүйеніш, метет іздегені шындық. Ал жас уақытында Құнанбай сол – мұсылман дініне қартайған шағындағыдай сенді ме екен?. Оған уақыты да болмады. Құнанбай заманы өте ауыр кезең болды. Орыс империясының қазақ жеріне ептеп дендеп ене бастаған уақыты. Билігін молынан сұғып, қазақты өзіне толығынан қаратқан шағы. Құнанбай, Шормандардың екі оттың ортасында қалған шағы. «Былай тартсаң, өгіз өледі, былай тартсаң, арба сынады» - деген мақал сол дәуірдің тынысына байланысты туған мақал. Әйтпесе, мақал белгілі бір үлкен тарихи оқиға болмаса, жай болмашы нәрсе үшін туа бермейді. (Қараңыз: Мақал – мәтелдің шығу тегі Мәшһүр – Жүсіп шығармаларын - Ә.А.). Осы – мақал Құнанбай, Абай, Шорман би, Мәшһүр Жүсіптерге байланысты айтылғанына күмән жоқ.


Алдыңғы ұлттары басқа Вильям, Джордж, Мәшһүр Жүсіп араларын мұхит бөліп жатса да рухани өмір талабы бір болды, заманы, дәуірі басқа болғанымен рухани тұтынған азықтары да бір болды. Бұл – ұқсастықтарға, үндестіккке олар қалай келді. Ол - әңгіме өз алдына бір басқа. Ұлты басқа Толстой мұсылман дінін мойындап өтті.
Шәкәрім:
Білсе егер Салтыков пен Толстойын.
Сезсе олардың айтылған терең ойын,
Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алса,
Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын,
Лермонтов, Некрасовтай ақындарын,
Өнеге етсе солардың мақұлдарын.
Өзімшіл, надандықтан көзі ашылып,
Аңғарар адал жола жақындарын [10, б. 211].
- деуі тегін бе еді? Ағылшын романтизмінің ең алғашқы өкілі де Вильям Блейк болды. Ол ұзақ өмір сүрді. Вильям - тарихшы, философ, әдебиетші, ақын. Мәшһүр Жүсіпте де осы қасиеттер бар. Вильям – романтикалық ағым өкілі. Мәшһүр Жүсіп ше? Әрине, ақынның реалистік шығармалары да бар. Бірақ, біздің ойымызша Мәшһүр Жүсіптің дін туралы дастандары, қиссалары асқақ романтикаға, мифтік – діни бейнелерге құрылған. Сондықтан Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын екі бағытта реалистік және романтикалық тұрғыда қарастырған жөн. Жалпы, кез келген ақын, қарапайым адам ең алдымен романтик болады, мысалды алыстан алмай-ақ Б. Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» кітабын алайық. Повесте дәуір тынысының көзақарасымен қарасақ – реалистік сарын. Себебі, Б.Соқпақбаев кеңес дәуірі ықпалынан шыға алмаған. Ал Қожаның ойы – айталық өзін өзі өлтіріп, класс жетекшісі, оқушылардың Қожаны мақтап айтқан пікірі, космоновт болуы т.б. – романтикалық сарын. Оқырмандар үшін ой тудыра ма, тудырады. Демек, Қожаның арыз – арманы миллиондаған жастардың қиялы, шіркін-ай мен де сондай болсам-ау дейтін романтикалық мазмұнның көрінісі. Осы бағыт ақындарды жақындатушы – негізгі фактор. Неміс, ағылшын, француз, американың ақын – жазушылары да Абай, Мәшһүр - Жүсіп сияқты қилы кезеңді бастарынан кешірді. Вильям Блейк ақынның жалынды жырлары ағылшын-америкалық Вильям Морис, Бернард Шоу, Уолт Уитман, Мередит, Т.Гарди, Лонгфелло, Э.Диккенсон, Р.Фрост, К.Сэндберг т.б. көптеген дарындарға үлгі өнеге бола білді. Блейктің төңкерістік (француз төкерісі әсер етпей қоймады) шығармаларымен қоса, діни өлеңдері болды. Блейк Байрон, Пушкин сияқты діни өлеңдер жазды. Ол уақыттағы адамдар діни мазмұндағы тәрбие алған еді. Сондықтан Блейк өлеңдері адамдардың көңілінен шықты. Блейктің шығармаларынан: «Пословицы Ада», «Брак Неба и Ада» т.б. афоризм мен мақал-мәтелдерді ұшыратамыз. Бұл әрине төңкерістің әсері еді. Блейк «Вечносущее Евангелие» - деген өлеңінде Христосты төңкерістік – пуритандік «ересья» енсе де дінінен кете алмады. Бергі жағы Христосты жек көргенімен арғы жағы жүрегі таза болды. Блейктің ұғымында екі Христос қатар таласта өмір сүрді. Ол – діни Христосты жақын тартты. Өзінің Христосына шаң жуытпады. Ал арақ ішетін, теріс жолдағы адамдардың өзінің Христосы барын, соған өзінің Христосын қарама – қарсылықта суреттеу арқылы жақсы қаситетін, имандылық жағына қатты көңіл бөлді.
Христос, которого я чту,
Враждебен твоему Христу
С горбатым носом твой Христос,
А мой, как я, слегка курнос.
Твое – друг всем людям без различий,
А мой слепым читает притчи.
Что ты считаешь райским садом –
Я назову кромешным адом.
Мы смотрим в библию весь день:
Я вижу свет – ты видишь тень...
- деп жазды. Кейбір оқулықта Блейктің бұл - өлеңін кеңес дәуірі идеологиясы тұрғысынан қарастырып талдады. В.Ленин бағытында зерттеді дейді. Қараңыз – көрсетілген әдебиетті [11, с. 81]. Зерттеушілер Блейктің «Вечносущее Евангелие» өлеңінде екі Хрсистос барын, сол екі Христос туралы ақынның өзінің көзқарасы барын көрмеді, көрсе де, қатаң бұрмалады.
Блейктің өлеңінде байдың құдайы, кедейдің құдайы деген жоқ. Бәрі бір құдай ол - Христос. Мысалы, бай адамдардан жасырын келіп, сырласпақшы болғанда Христос:
Когда богатый фарисей,
Явившись втайне от людей,
С Христом советоваться стал,
Христос железом начертал
На сердце у него совет
Родиться сызнова на свет.
Христос был горд, уверен, строг,
Никто купить его не мог.
Вот путь единственный на свете,
Чтоб не попасть корысти в сети,
Предать друзей, любя врагов?
Нет, не таков совет Христов.
Он проповедовал учтивость,
Почтенье, кротость, но не льстивость!
Он, торжествуя, крест свой нес.
За то и был казнен Христос...
Мінекей, өлеңнің мазмұны осындай, Христосты сатып алуға болмайды, ол тек қана шындықты сүйеді, өтірікке бармайды, өтірік үшін достарын сатпайды сол үшін де кресін жоғары ұстап, тәкәппар болды, сол үшін оны дарға асты. Ғылыми әдебиетте бұл – мәселе төңкеріс тұрғысынан жазылып, өзгеріске түсті [11, с. 82].
Вильям Блейктің айтқандары Библиядағы Христос бейнесімен сәйкес келеді: «14. Ибо любовь Христова объемлет нас, рассуждающих так: если один умер за всех, то все умерли. 15. А Христос за всех умер, чтобы живущие уже не для себя жили, но для умершего за них и воскресшего» - деп жазады [12, с. 82].
Демек, Блейк өлеңмен жазған:
Он, торжествуя, крест свой нес.
За то и был казнен Христос...
Блейктің Христосы барлық адал адамдар үшін асылды, жарқын мұрат үшін өлді, тірі қалғандар өз қара басының қарақан қамы үшін өмір сүрмек емес, болашақ үшін өлгендерге, олардың рухының мәңгілігіне деген ой айтылады.
Бұл – ой Құранда да көрініс тапқан: «Залымдар үшін бір дос та, ықбалды болушы да болмайды. Алла көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі. Алла туралық бойынша үкім береді. Олардың Алладан өзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды» - дейді [13, б. 470-469 арабша сан кері жүреді – Ә. А.]
Мәшһүр Жүсіп:
Әр кісі қарап тұрған иманына,
Сырына мойын сұнған қылса әр не?
Күнәкар маған ғасы болғаны дүр
Ғасы дүр һәм Алланың дәргаһына!
– дейді [14, б. 83].
Жалпы, Құран, Інжіл (Библия), Таурат, Зәбүр аспаннан түскен төрт кітапта да адамзатты сүй, оны сыйла ол – Алланың құлы сондықтан сүйікті құлы болу үшін адал өмір сүр, ұрлық қылма, өтірік айтпа, біреудің ала жібін аттама деген сияқты өсиеттері бірдей. Бірақ, әр кітаптың түсіндіру жолы, математиканың формуласы сияқты шығару жолы әр түрлі. Сондықтан да Блейк: «Защита Бибилии в настоящем 1794 г. Равнялась бы самоубиийству» - дейді. Блейк заманының ұлы суреткерлері – Боккаччо, Рабле, Шекспир, Вольтер, Дидро, Лессинг т.б. ізін жалғастырды, олардың идеясына өзінің жаңалығын қосты. Блейк, Бернс, Байрон, Шелли және Китс ағылшын өнерін өлі діни догмадан босатты деп жазды. Олар да Гетенің Германияда, Пушкиннің Ресейде сыншы реализмнің жаулап алуы үшін орта ғасырдың жолын аршыды дейді. Бұл – түбірінен қате ұғым еді. Ағылшындар, орыстар тарихи ғасырдағы ағымда мысалы: шіркеулерін өртеді, қоңырауларын балқытты, дін иелерін өлтірді т.б. Бұндай оқиға қазақ жерінде де өтті. Мәшһүр - Жүсіп, Шәкәрім солардың өкілі. Әсіресе, Мәшһүр - Жүсіптің зираты қиратылды, шығармаларын оқуға тыиым салынды, ұрпақтары қуғындалды. Жоғарыдағы Вильям Блейктің өлеңінде басты кейіпкер -Христос. Ол – романикалық бейне. Гректердің құдайы сияқты ойлайды. «Мифологиялық ойлау ежелгі гректер үшін табиғат сырын түсініп, игерудің бір құралы, сол «тәңірлердің» бәрін бірдей мінсіз, адамға дос еді демейді. Мысалы, адамға от тауып берген Прометейді Зевс тасқа шегелеп өлтіреді. Грек «тәңірлері» көп жайда адамға тәуелді. Аполлон адамзат қызы Дафнаға ғашық болады. Адамнан шығып «тәңірлермен» бой теңестірген антропологиялық мифтер де олардан көп» - деп жазды Ә. Қоңыратбаев Қазақ фольклорының тарихында [15, б. 18].
Қазақ әдебиетінде де антропологиялық мифтенген діни бейнелер бар, олар – жоғарыда айтылған пайғамбарлар мен періштелер т.б. Сол себепті, Ғ.Қайырбеков: «Қазақтың пайғамбары Мәшһүр Жүсіп» - деді. Біз Мәшһүр - Жүсіптің өлген күнінен қанша алыстасақ, оның рухына сонша жақындаймыз.
Джордж Гордон Ноэль Байрон. Ағылшын ақсүйегінің, Шотландия байының қызынан туған.
Шығыс (Восточные) поэмалар (1813-1816) циклына мына поэмалар: «Гяур», 1813; «Абидосская невеста», 1813; «Корсар», 1814; «Лара», 1814; «Осада Коринфа», 1816; «Паразина», 1816 жатты. Байронның поэмаларының кейіпкерлерінің бәрі – романтикалық ой үстіндегі, әрекет иелері: трагедиялық махаббат, батыл – ержүрек адам, өзгеше қызығушылық, қайғылы қызғаншақтық болды. В.Г.Белинский Байрон туралы: «Это личность человеческая, возмутившаяся против общего и, в гордом восстании своем, опершаяся на самое себя» - деп жазды [16, б. 713].
А.С.Пушкин «Евгении Онегинде» былай дейді: романтикалық бейненің индивидуализмі адамнан ерекшелігі сол - өзін өзі ерекше сүйетіндігінде, айталық:
Лорд Байрон прихотью удачной
Облек в унылый романтизм
И безнадежный эгоизм.
М.Ю. Лермонтов Байрон өлеңдеріне сыншыл көзқараспен келді ол:
Нет, я не Байрон, я другой,
Еще неведомый избранник,
Как он гонимый миром странник,
Но только с русскою душой [17, с. 26]
- дейді. «Гяур» поэмасының қысқаша сюжеті мынандай: Гяур өлер алдында молданы (монах) шақырып, дем салдырады. Оның әңгімесі бірімен бірі байланыспаған өлер алдындағы сандырақ еді. Тек қана қиыншылықпен ғана құлақ тосып, оның не айтқанын білуге болады. Гяур Ләйләні (Лейлу) керемет жақсы көреді. Ләйлә оны шын сүйеді. Екеуінің арасындағы қуаныш оларды шексіз бақытқа теңеді. Бірақ, Ләйләні күйеуі Ғасан қызғанышпен, іші күйгендіктен өлтіреді. Гяур Ғасаннан Ләйләнің кегін алады. Ғасан ақыры қиналып жан тапсырады. Бұл – сюжет қазақ лиро-эпосы «Қыз Жібек» және «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының мазмұнына ұқсас еді. Сол сияқты оқиғаның мазмұны шығыс поэмасы «Ләйлі – Мәжүнге» де өте жақын келді. Бірақ, осы жерде бір нәрсе ескерілуі қажет. Түріктерде күйеуі бар әйелге ғашық болу, өлтіру өте сирек болады. Көбіне, айттырылған қызға жігіттің ғашық болуы, тұрмысқа шықпай жатып, абройынан айрылуы тек кеңес дәуірі әдебиетінде бой алдырды: М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі», М. Әуезовтің «Кім кінәлі?», Ж.Аймауытов «Ақбілек» т.б. Махаббат тақырыбы да Мәшһүр Жүсіпті бей – жай қалтырмады. Мәшһүр Жүсіп ылғи діни тақырыпты жырлады десек жаңыламыз. Оның «Гүлшат Шеризат» дастаны, «Мәшһүр Жүсіп лала гүл және махаббат туралы» эллегиясы бар. Қазақ әдебиетінде орыс (еуропа) әдебиетіндегідей ода сияқты жанрдың бір түріне эллегияға тұңғыш барған да Мәшһүр - Жүсіп. Бұған сәл кейінірек оралармыз. Шығыс әдебиетінде «Гяур» поэмасы үлгі аларлықтай дастандар: «Бозжігіт», «Сейфулмәлік», «Таһир - Зуһра», «Мұңлық - Зарлық», «Жүсіп Зылиқа», «Мәлік Хасан», «Зияда - Шаһмұрат» т.б. бұлардың ішінде кейбірінің Мәшһүр - Жүсіп сияқты қазақ ұғымына лайықтап өңдегені де ұшырасады. Тұрмағамбет Ізтілеуов жырлаған «Шахнама» сондай жырдың бірі. Бастапқы ойымызды жалғастырайық. Мәшһүр Жүсіп «Гүлшат Шеризат» дастанын «Қыз Жібек» жырына үндестіріп әсіресе, Гүлшат бейнесін Қыз Жібектің сипатындай суреттегені белгілі [18, б. 217]. «Мәшһүр Жүсіп лала гүл және махаббат туралы» эллегиясында: «Егер де ерлі – байлы болғанмен, бірінің біріне ғашық уа махаббат болмаса, бір көрпенің ішінде болмақ түгіл, бір көйлектің ішінде бір денедей болып жатса да бірінен – бірі алыс есепті.
Хазірет сопы Аллаяр айтқан:
«Кел ай сәлік көзңі ғибрат Билан ша.
Махаббатсыз кісіден қош болып қаш.
Көңілде ғашық уа махаббаты жоқ адамнан қош болып қашу керек» - дейді [19, б. 18].
Мәшһүр Жүсіп шығармасындағы махаббат тақырыбы мен Байрон шығармасындағы махаббат тақырыбы бір ғана жастардың сүйіспеншілігіне, бір - бірінің ынта - зарына ынтығына құрылған. Сезім жоқ жерде махаббат та жоқ екендігін екеуі де мансұқ етеді. Жауызда да жүрек барын олар да ет пен сүйектен жаратылған адам екендігін, оларда да ғашық сезім болатынын, оларда ғашық болып, сүюге еркі барын жырлайды. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қозы мен Қодардың махаббатын еске түсіріңіз.
Джордж Гордон Ноэль Байронның өлеңіндегі Ләйлә - (лайлун) араб – парсы тілінде – түн, кеш (қадір түні) – деген мағынаны береді [20, б. 119]. Байрон «Гяур» поэмасының идеялық сюжетін Парсы ақыны Низамидің «Ләйлә - Мәжнүн» поэмасынан алғаны байқалады, Байронда қазақ ақындары сияқты ағылшын әдебиетіне лайықтап қайыра жырлаған. Мысалы, Низами поэмасында да Ләйлә (Лейла) Ибн Салам Ләйләнің күйеуі Гасан Лейланың күйеуі, Гяури Лейлаға ғашық болса, Мәжнүн Ләйләға ғашық болады. Арабтардың заңы бойынша әйел күйеуінің өлгеніне екі жыл толмай үйден шығуға рұқсат жоқ. Ләйлә соған қарамай, Мәжнүнмен кездеседі. Соңынан Ләйлә өледі оның артынан Мәжнүн де қаза табады. Зейд түсінде Ләйлә мен Мәжнүн о дүниеде жұмақта өмір сүріп жатады.
Низами:
Закрыв глаза, к гагой земле прильнув,
Он молвил, руки к небу протянув:
«Внемли, создатель всех земных созданий,
Освободи мне душу от старданий,
Соедини с любимою женой
И воскреси изгнаньем в мир иной».
Так он сказал, могилу обнял нежно,
Всем телом к ней прижался безмятежно ...[21, с. 393].
Байронда Гяури Гасаннан өшін алғанымен оның жаны Мәжнүн сияқты бұл фәни өмірден рахат таппады. Ішіндегі жалын – шер Гяуридің мазасын алды. Ол өзінің Гасанды өлтіргеніне жиркенеді. Өзінің жеке басының қорланғанына ыза болады. Гяуридің ішкі жан – дүниесі әлем – тапырық болады. Оның жаны құпия күштің алдында дәрменсіздік танытады. Мұндай күйді Мәжнүн де кешеді.
Байрон Гяуридің аузына былай деп сөз салады:
Мне прозябанье слизняка
В сырой темнице под землею
Милей, чем мертвая тоска
С ее бесплодною мечтою.
Байронның «Корсар» поэмасының да басты кейіпкері Конрат (Қоңырат) ол Медорды ұнатады. Медордың өлімі оған қайғы әкеледі, бұл өмірдің ол үшін қызығы болмайды. Поэманың тағы бір кейіпкері Корсар өте қатал, жауына мейірімсіз болады.
Ол туралы Байрон:
Обманут, избегаем все сильней,
Он с юных лет уж презирал людей.
И гнев избрав венцом своих утех,
Зло нескольких стал вымещать на всех
(Перевод Г.Шпета) дейді.
«Корсар» поэмасының кейіпкері Конрат әр уақытта өзінің ішкі әлеміне, терең мұңға сүңгіп жүреді. Ол өзінің жалғыздығын қызғыштай қорғайды. Өзінің тыныштығын ешкімге бұзғызбайды. Осының өзі-ақ Коныраттың жеке мінезінен хабар береді. Тіпті, ол өзін осы тұңғиық қара түнектен алып шыққан Гүлнара (Гюльнара) өзін қанша жақсы көрсе де, сезінуден қалады. Гүлнара да өмірінде бірінші рет махаббаттың не екенін біледі. Гүлнара құл Сейіттің қара пиғылына қарсы тұрады, оны өлтіріп тынады. Бұл – поэма да Фердоусидің «Шахнамасына», Навойдің «Фархат - Шырынына» ұқсайды. Коныраттың құпия өлімі, оның батырлығы сол уақытта Еуропаның қызығушылығын тудырды. А.С. Пушкин өзінің «О трагедии Олина «Корсар» (1828) деген мақаласында: «Байрон мало заботился о планах своих произведений или даже вовсе не думал о них. Несколько сцен слабо между собою связанных были ему достаточны для сей бездны мыслей, чувств и карин» - дейді [22, б. 1300]. Белинский сөзімен айтқанда Байрон лирикасында «есть небо, но им всегда проникнута земля» дегенін Мәшһүр Жүсіп поэмалары мен дастан, хикаялары туралы да айтуға болады.
Джордж Байронның «Стихи, вырезанные на мертвой голове, обращенной в чашу» өлеңі Омар Һәйамның рубаяттарынан алынғаны айдан анық.
Байрон:
И вспышки беглого огня!
Ах, если в голове покойной
Иссохнет мозг – каким добром,
Как не божественным вином
Нам заменить его достойно? [23, б. 87].
Омар һәйам:
Пиала жатыр міне бәсі кеткен,
Кім екен жолға тастап, басып өткен?
Енді тек сен баспашы: бұл байғұс та
Бір кезде құйылды ғой бас сүйектен [24, б. 72].
Хафиз:
Тюльпаном чаша предо мной полна вина:
Оно как плавленый рубин! Оно – рассвет!
Омар Һәйам, Хафиз шығармаларында көбінесе шарап ішу жөнінде жазылған деп санау, поэзияда «шарапты» тек қана ішімдік ретінде санау орын алғаны мәлім. Кейінгі зерттеушілер мұндай пікірдің солақай екендігіне көңіл аудара бастады. Қараңыз: Ертай Жүсіп. «Мәшһүр - Жүсіп және шығыс руханияты».-Алматы «Алаш» баспасы, 2005. –Б 112-113.
Мәселен, Мәшһүр Жүсіп:
Өзіңді іздеп бұ жолға түстім!- дейді,
Махаббаттың шарабын іштім! - дейді
-деген жолдарда нағыз шарап (арақ) емес, балама түрде ләззәті, қызуы алынғанын бірден байқауға болады. Ал, басқа қырынан қарасақ «махаббаттың шарабы» ретінде яғни махаббат құшағында күй кешкен сияқты, Аллаға мойын сұну, оған бір табан жақын болу, жанасу ұғымы жатқанын байқауға болады. Ақынның «Қаршыға мен бұлбұл» еңбегінде «қызыл гүл», «имани гүл» сияқты тіркестер орын алғаны кездейсоқ болмаса керек.
Мысалы:

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет