Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Мәшһүр - Жүсіп, Қошке Кемеңгеров, Пушкин, Лермонтов, Бунин шығармаларындағы үндестік



бет17/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31872
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
3.1 Мәшһүр - Жүсіп, Қошке Кемеңгеров, Пушкин, Лермонтов, Бунин шығармаларындағы үндестік
Бізді тағдыр «асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы» Қошке атамыздың немересі Ризабек Кемеңгеровті көруге жазды. Ол өте биязы, нағыз ақсүйек еді. Дауысы жұмсақ, ыңылдап ән салғанды, домбыра шертуді жақсы көретін. 1993 жылдары біз жатаханада тұратынбыз, үйге шай ішуге жиі келетін, сонда бізбен сөйлесіп, домбыра тартуды үйретіп отыратын. Ол кезде мен кішкене баламын. Сонда да бәрі есімде қалыпты. Мен Ризабектің кішіпейілдігіне таң қалып, ойға берілетінмін, сонда мен әкемнің жиі айтып отыратын, тіліме Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деген сөзі оралатын. Ризабек те текті, тұнығынан су ішетін асылдығын байқатып алатын. Ризабектің үй – іші Омбыда тұратын да, өзі салт басты сабау қамшылы жүрді, әңгімешіл, ара – тұра Қазақстанға көшіп келгісі барын да аңғартатын. Оған үй - күй болмады, бір жылдан соң қайта өз еліне кетіп қалды. Әкем ол - кезде академик З.Қабдоловтан тақырып алып «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының көркемдік ерекшелігін» зерттеуді бастаған-ды. Әкем маған Ризабек ағаның жақсылықтарын айтып отыратын. Соның бірін айта отырғанды жөн көрдім. Ризабек аға Омбыға бір барғанда «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының Омбы нұсқасын оқушы дәптеріне ерінбей маржандай тізілген жазуымен көшіріп алып келген екен. «Жақсының жақсылығын айт, ырысы тасысын» - деген осы-да дейтін Әкем. Сол аздаған жарқын жылдар артында мәңгілік өзінің жылы шуағын қалтырды. Кейіннен Ризабектің ұлы Қайырбекті Көкшетауда көріп қатты қуандым, әңгімелестім. Көп жайттар есте қалмапты.
Енді міне, тағдыр мені атасы Қошке туралы мақала жазуға бұйырды. Сондықтан да ең алдымен Ризабек ағаның алдындағы азаматтық міндетімді орындап алайын деп жазып жатқаным-да.
Асылы, мақала жазу оңай емес. Ал мен өзім жүрегіммен жақсы көрген адам жөнінде жазсам, шабыттанып отырып қалам сілтейтін әдетім бар. Қошке туралы да көп ойланып, көп толғанып жүрдім. Есіме, Қошке Кемеңгеров Пушкиннен аударған «Пайғамбар» өлеңі сап ете түсті. Жерден жеті қоян тапқандай, қатты қуандым.
Қошке Кемеңгеров:
Қаңғырдым, жан қинадым шындықты іздеп,
Елсіз жер, жапан түзде, жүрдім еңіреп
Тұр едім тоғыз жолдың торабында,
Көрінді жабырайыл алдыма кеп,
- деп аударады [34, б. 45].

А.С. Пушкин:


Духовной жаждою томим,
В пустыне мрачной я влачился.
И шестикрылый серафим
На перепутье мне явился - дейді [35, с 338].
Қошке Кемеңгеровтың дәл аудармасына сүйсінбеске лажың жоқ. Ең алдымен «Пайғамбар» тақырыбын таңдап алуының өзі ерлік. Кеңес дәуірі кезеңінде «Пайғамбар» түгіл өзінің туған ата – бабасының ата – тегінен безінген жұрт «Пайғамбарды» қайтсін. Бірақ, Қошке бұл – тақырыпқа саналы түрде жүрек әмірімен барды. Демек, Абай салған сара жол алла есімімен байланысты. Пайғамбар (Пророк) барлық ұлтқа тән ал оған барар жол, сенім әр түрлі. Мысалы, Кітаптардың кейбірі «Сахипалардан» тұрады. Бұларды: «Сұһұф» деп атайды. Кейбіреулері үлкен кітаптар. Сахипалар мына пайғамбарларға жіберілген:
10 сұһұф Адам (ғаләйһіссәлам) ға,
50 сұһұф Шіс (ғаләйһіссәлам) ға,
30 сұһұф Ідрис (ғаләйһіссәлам) ға,
10 сұһұф Ібраһим (ғаләйһіссәлам) ға,
Үлкен кітаптар:
1 – Тәурат: Мұса Пайғамбарға түскен.
2 - Зәбур: Дәуіт Пайғамбарға түскен.
3 - Інжіл: Ғайса Пайғамбарға түскен.
4 - Құран: Біздің Пайғамбарымыз Хазірет Мұхамметке (ғаләйһіссәләм) түскен [36, б. 5].
Джордж Гордон Байрон, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Бунин өздерін Пророк (пайғамбар) арқылы тапқан, өздерінен де жоғары күш иесіне табынған. Сондықтан да А.С.Пушкин, М.Ю. Лермонтов «Пророк», И.А. Бунин «Потомки пророка» өлеңдерін жазған. Біз тұңғыш Пайғамбарымыз Адам (ғаләйһіссәләм). Соңғысы Хазірет Мұхаммәд (ғаләйһіссәләмға) мінәжат етеміз. Алла: «әл Илаһ» деген атаудың арапша грамматика бойынша біріктіріліп айтылуы. Ұғымы: «Құлшылық істелуге лайықты зат». Түрікше – «Тәңір», Фарсыша – «Хұда», қазақша – «Құдай» [37]. Адам (ғаләйһіссәләм). Соңғысы Хазірет Мұхаммәд (ғаләйһіссәләмға) да Алла тарапынан бүкіл Адам баласына жіберілген (пайғамбар) екендігіне сенеміз. Сол сияқты христиан болсын, котолик болсын өздерінің құдайларына (Бог, Господь) пайғамбарларына: Иосиф, Моисею, Иисус, Давид, Соломон т.б. атайды. Мысалы: Библияда «И сказал фараон Иосифу: так как Бог открыл тебе все сие, то нет столь разумного и мудрого, как ты» - деп жазады [38, с. 45].
Сондықтан да А.С. Пушкин:
«Восстань, пророк, и виждь, и внемли,
Исполнись волею моей,
И, обходя моря и земли,
Глаголом жги сердца людей»

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет