3. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ – МИФОЛОГИЯ,ДІНИ ДҮНИЕТАНУ,ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕ ТАНУ.
1. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілік, sоріа – данышпандық деген сөздер)данышпандыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.
Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда (б.з.д. VIII-VI ғғ.) бір уақытта пайда болды (Ясперс К. «Смысл и назначение истории». Бұл кее зңді Карл Ясперс «тарихтың осьтік уақыты» деп атады. Яғни К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Философия пәні. Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде, адам мен қоғам мәселелерін зерттейтін ғылым.
Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя (бізді қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен объектілер), сана, болмыс.
Платон 427-347 б.з.д.
2. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:
1. ДИАЛЕКТИКА
2. МЕТАФИЗИКА.
Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-
біріне айналады. Демек диалектикалық әдіс жалпы байланыс, даму қағидаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.
Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.
Диалектика мен метафизика әдістері ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғ. ортасында пайда болған диалектикалық материализмде нақтыкөрініс тапты.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕТАФИЗИКА ДИАЛЕКТИКА
3.ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ – МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
Философия Мифология Дін 2.ДІН ДҮНИЕТАНУ 3.ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕ ТАНУ 1.МИФОЛОГИЯ ДҮНИЕТАНЫМ ТҮРЛЕРІ Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.
Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, ғылыми Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан, жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
Ғылыми дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп, табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас ретінде пайда болады.
4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ – МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ҒЫЛЫМИ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ)
1. Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.
2. Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.
3. Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.
4. Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды.
5. Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.
6. Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.
7. Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.