Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
А/И2. Автор бейнесі
Б/С4.Әдеби сын
|
7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.
|
Қызығушылықты ояту
Б.Тілеуханның орындауындағы Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділім!»туындысын тыңдатып, талқылату арқылы «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауына
өту.
ЖЖ.
«Төрт сөйлем» тәсілі 1. Пікір. Тыңдаған мәтіндегі кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.
2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Өзара бағалау.
Ж/С.
«Сұрақ қоя білу» тәсілі
Негізгі сұрақ
« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп неліктен айтылған?
Жанама сұрақ
Жыраудың қайғыру себебі неде?
Неліктен Еділ, Жайық, Аштарханды қоныс етпеудің жайын жырлаған? Ойыңызды тарихи деректерге сүйене отырып баяндаңыз.
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!-деп жырлауының астарына пайымдау жасаңыз
...Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!-деп кейінгі ұрпағына нені аманаттайды?
Анықтауыш сұрақтар
Алдыңғы сұрақтардың жауаптарын жазып, одан тағы да сұрақ туындатып бірнеше сұрақ қояды.
Жауаптағы детальдар негізгі сұраққа жауап бере ала ма?
Сұрақтар мен жауаптар шынайы ма?
Әлде шындыққа жанаспай ма?
Өз жауаптарыңды негіздеу мақсатында толғау мазмұнында кездесетін сөздер мен сөйлемдерге сілтеме жасаңыз.
Оқушылар өз жауаптарын сыни хабарлама ретінде жазады. Қалыптастырушы бағалау.
|
Оқушылар:
• Өз оқуларын таспаға жаза алады;
• Мәдени іс-шараларда жатқа оқыған шығармаларын музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жыраулар мақамына салып орындай алады.
Осы жұмыс арқылы оқушылардың шығарманы мәнерлеп оқу дағдылары бағаланады.
Сыни хабарлама жетістік критерийіне сәйкес жазылады.Оқушының жас ерекшелігі ескеріледі.
|
Бекболат Тілеухан«Қайран менің Еділім!»
https://www.youtube.com/watch?v=hgzO7rD9kdI
|