Сергіту сәті: қимыл биі биленеді.
Сағындым
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім -қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.
Тапал салқын, тым қараңғы үңгір тар.
Есігімде мықты қара құлып бар.
Кіп-кішкене терезелер темірлі,
Мұндай үйден кісіге естілер ащы зар!
Өлеңнің ішіндегі кілтті сөздерге сүйене отырып, тақырыбы мен идеясы ашылады. Тілдік көркемдегіш құралдары таптырылады.
Оқушылар лирика жанрымен таныстырылады (электронды оқулық).
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
1. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл -баға жетпес,
Бір сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деген үзіндісін
Сұлтанмахмұттың «Абайдың Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе» деген үзіндімен салыстырту.
2. Үйге:
Сыныпқа: Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ тілі» өлеңі.
1 оқушыға: Сәкен Сейфуллин өмірбаяны бойынша мәлімет дайындап кел.
3. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |