Қазақ әдебиетінен тест жұмысы
Түсінік хат
Қазақ әдебиет пәнінен тест тапсырмаларының жиынтығы
5-сыныпқа арналған. Тестік тапсырма мұғалімге күнделікті сабақты пысықтауда және алған білімдерін тиянақтауда маңызы зор.
Қазақ әдебиет пәнінен тест тапсырмасын жазудағы мақсат –оқушылардың тоқсан сайын алған білімдерін тиянақтауға және өз беттерінше ізденуге баулу, сөздік қорларын молайтуға ықпал ету.
Қазақ әдебиетінің ақын-жазушылары туралы мағлұмат алғанда және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларының үлгілерімен танысқанда- осы тест жұмысы арқылы қорытындылайды.
Пәннің өзі қоғам өмірімен, байланыста болған соң кейбір тақырыптарға тереңірек тоқталған жөн. Оқушыларға арналған тест жұмысы тоқсан соңында оқушылардың алған білімдерін пысықтауда таптырмас құрал деген ойдамын.
Тест жұмысын құрғанда орта жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық пайдаланылды.
Әдебиет:Жалпы білім беретін мектептің 5- сыныбына арналған оқулық Ә.Дайыр,Қ.Айтқалиев,Ш.Беркімбаева,Г.Құрманбай
Жалпы алғанда,қазақ әдебиетінен 100 тест сұрақтары берілді.Әр тоқсанға 25 сұрақтан келеді.
Барлық тест сұрақтарының жауаптары кітапшаның соңгы бетінде берілген.Осылайша тест сұрақтарының жауаптарының дұрыс-бұрысын тексеруге болады.
I тоқсан
1.Берілген салттардың қайсысы баланың дүниеге келуімен байланысты емес?
А) тұсау кесу
Ә) шілдехана
Б) атқа мінгізу
В) бесік той
Г) тойбастар
2.Түйе атасын табыңыз.
А)Ойсылқара
Ә) Шопан ата
Б) Зеңгі баба
В) Қамбар ата
Г) Шекшек ата
3. Мәтелді табыңыз.
А)Балалы үй – базар.
Ә) Отан оттан да ыстық.
Б) Жері байдың - елі бай.
В) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
Г) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
4.Саққұлақ, Желаяқ,Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?
А) «Ер Төстік»
Ә) «Аяз би»
Б) «Толағай»
В) «Сырттандар»
Г) «Алтын сақа»
5. «Аяз би » ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
А)Зәрлі хан
Ә) Ақша хан
Б) Мадан
В) Жаман
Г) Шалқұйрық
6.Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойды?
А) Анасы
Ә) Әкесі
Б) Уәли бай
В) Бес ханның елі
Г) Нағашысы
7. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Ә) Ел үмітін ер ақтар.
Б) Айласыз батыр алдырар.
В) Ел – ырыстың кілті.
Г) Батыр елдің сәулеті.
8. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.
A) Жар - жар.
ә) Жоқтау.
Б) Сыңсу.
В) Той бастар.
Г) Беташар.
9. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.
A) «Түлкі мен бөдене»
Ә) «Күн астындағы Күнікей қыз»
Б) «Қырық өтірік»
В) «Аяз би»
Г) «Толағай»
10. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейді жар басындағы лашыққа шақырған қызды табыңыз.
A) Күнікей қыз.
Ә) Ай астындағы Айсұлу.
Б) Перінің қызы Бекторы.
В) Бозінген жетектеген қыз.
Г) Сиқырлы сұлу.
11. Үзіндіні керекті сөзбен толықтырыңыз.
Түйе сүйеді баласын «…» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
A) «қозым»
Ә) «құлыным»
Б) «бұзауым»
В) «лағым»
Г) «боташым»
12. Ертегідегі ’’Шалқұйрық’’ атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз.
A) Аламан мен Жоламан.
Ә) Ер Төстік.
Б) Құламерген.
В) Дүмше молда.
Г) Аяз би.
13 «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.
A) Шақпақ.
Ә) Садақ.
Б) Қауырсын.
В) Егеу.
Г) Пышақ.
14. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.
Ер бір рет өледі, …
A) Қорқақ мың рет өледі.
Ә) Ерді намыс өлтірер.
Б) Ер атағын ел сақтар.
В) Ел үшін өледі.
Г) Батыр майданда шынығады
15. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.
A) Шыншыл бейне.
Ә) Сиқырлы бейне.
Б) Қиялдан туған.
В) Типтік бейне.
Г) Аңыздан туған.
16. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін табыңыз.
A) Байбөрі
Ә) Сарыбай
Б) Қарабай
В) Қазанғап
Г) Ерназар
17. «Қырық өтірік» атты әңгіменің кейіпкерін көрсет.
A) Аяз би
Ә) Саққұлақ.
Б) Тазша бала
В) Кендебай
Г) Ер Тарғын
18.Керқұла кімнің аты.
A) Ер Төстік
Ә) Сарыбай
Б) Кендебай
В) Жаман
Г) Ер Тарғын
19.Белгілі бір адамның атына іс-әрекетіне байланысты туған шығарма қалай аталады?
A) айтыс
Ә) аңыз әңгіме
Б) ертегі
В) миф
Г) Фольклор
20. «Сырттандар» ертегісінде баланың мінгент тұлпарын табыңыз.
A) Кербесті
Ә) Шалқұйрық
Б) Қара қасқа
В) Тайбурыл
Г) Шұбар ат
21.Алдар көсе қай жанрдың кейіпкері?
A) Аңыз әңгіме
Ә) Әңгіме
Б) Айтыс
В) Ертегі
Г) Шешендік сөз
22.Кенжекей қай ертегінің кейіпкері?
A) «Ұшқыш кілем»
Ә) «Ер Төстік»
Б) «Керқұла аттыКендебай»
В) «Алтын сақа»
Г) «Аяз би»
23.Тұрмыс –салт жырларының түрлерін табыңыз.
A) Аңыз әңгіме,ертегі
Ә) әдет-ғұрыпқа байланысты, төрт түлікке байланысты
Б) батырлар жыры, лиро-эпостық жыр
В) шешендік сөз, нақыл сөз
Г) мақал-мәтел, жұмбақ
24.Төрт түлік пен олардың піріне қатысты қай қатар дұрыс емес?
A) қой –Шопан ата
Ә) сиыр-Зеңгі баба
Б) түйе-Ойсылқара
В) ат- Қамбар ата
Г) ешкі-Манат ата
25. «Ұлыс оң болсын!» деген бата –тілектің түрін табыңыз.
A) Жол батасы
Ә) Теріс бата
Б) Ас қайыру батасы
В) Рамазан батасы
Г) Наурыз батасы
II тоқсан
1.Жиреншенің ақыл айтушы жұбайы кім?
A) Алдар көсе
Ә) хан
Б) Қожанасыр
В) Қарашаш
Г) Уәзір
2.Аңыз әңгіменің басты ерекшелігі не?
A) Аңыз тек бір нұсқалы болады.
Ә) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.
Б) Аңыз тек қана қиял-ғажайыптан тұрады.
В) Аңыз шындыққа жақын тұрады.
Г) Аңызда қиял элементтері мүлде болмайды.
3.Аңыздағы «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?- деген кімнің сөзі
A) Алдар көсе
Ә) Жиренше
Б) Қожанасыр
В) Асан қайғы
Г) әз- Жәнібек хан
4.Шумақтың жалғасын табыңыз.
Бір дегеніміз бірлігі кеткен ел жаман
Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман
Үш дегеніміз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман
Төрт дегеніміз...
A) Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман
Ә) Білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман
Б) Аймағын билей алмаған хан жаман
В) Серкесіз бастаған қой жаман
Г) Өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз
5. «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең,ауылыңда ақылғөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең»- деген кімнің сөзі?
A) Малайсары
Ә) Қазыбек би
Б) Бұқар жырау
В) Жиренше
Г) Сырым
6.Құранда неше сүре бар?
A) 123
Ә) 114
Б) 141
В) 115
Г) 111
7.Адамата мен Хауаананы кім азғырды?
A) Алла
Ә) Жәбірейіл
Б) Мұхаммед Ғалайһсалам
В) Ібіліс
Г) Халиф Әбубәкір Сыдық
8.Толағайдың ата-анасының мекен еткен жерін табыңыз.
A) Жиделібайсын
Ә) Ақжайық
Б) Сыр бойы
В) Есіл бойы
Г) Ертіс жағасы
9.Толағайдың анасының аты кім?
A) Кежекей
Ә) Күңке
Б) Қарашаш
В) Меңді
Г) Айсұлу
10.Толағайдың әкесінің даңқы немен шыққан?
A) Ер жүрек батыр
Ә) Мерген
Б) Күйші
В) Әнші
Г) Айтыскер ақын
11. «Қырық мысал» жинағының авторы кім?
A) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ілияс Жансүгіров
В) Ахмет Байтұрсынов
Г) Шоқан Уәлиханов
12.Ахмет Байтұрсынұлы қай жерде дүниеге келді?
A) Торғай
Ә) Көкшетау
Б) Семей
В) Тарғабатай
Г) Қызылжар
13.М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» атты өлеңінде не туралы айтылған?
A) Елге, Отанға деген сүйіспеншілік
Ә) адам мен құстардың достастығы жайлы
Б) Құстардың ерекшелігі туралы
В) Ерлік,батырлық туралы
Г) Үстем тап өкілдерінің қорқақтығы жайлы
14. А. Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» әңгімесінен қандай қорытынды шығарды?
A) Басы иілген бидайдың ішінде дәні болады.
Ә) Бидай дән берген қожасына бас иеді
Б) Адамның кеудесін көтергені
В) Әкесі баласына егінді көрсетуі керек
Г) Бидайдың сыртқы көрінісіне алданбау керек
15,Махамбеттің әкесінің аты кім?
A) Майлықожа
Ә) Қожағұл
Б) Сұлтанқожа
В) Арон
Г) Өтеміс
16.«Дүние қалай етсең табылады?» әңгіменің авторы кім?
A) Абай Құнанбаев
Ә) Ілияс Жансүгіров
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Ахмет Байтұрсынов
Г) Әбділда Тәжібаев
17. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
A) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ілияс Жансүгіров
В) Әбділда Тәжібаев
Г) Ахмет Байтұрсынов
18.Төмендегі үзінді М.Өтемісұлының қай өлеңінен алынған?
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен айырылдым елімнен.
A) «Жалғыздық»
Ә) «Мен –құстан туған қумаймын»
Б) «Мұнар күн»
В) «Ереуіл атқа ер салмай»
Г) «Қызғыш құс»
19. «Өгіз бен бақа» мысал-өлеңін аударған кім?
A) Ілияс Жансүгіров
Ә) Ахмет Байтұрсынов
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Әбділда Тәжібаев
Г) Абай Құнанбаев
20. А Байтұрсынұлы қай жылы туды?
A) 1873
Ә) 1841
Б) 1845
В) 1877
Г) 1878
21.Ыбырай Алтынсарин тұңғыш мектепті қай жылы ашыты?
A) 1866
Ә) 1864
Б) 1865
В) 1860
Г) 1860
22.Әдеби ертегінің кейіпкерін табыңыз?
A) Алпамыс
Ә) Ерназар
Б) Әз Жәнібек
В) Толағай
Г) Ер Тарғын
23.Сымайылдың туған анасы кім?
A) Сара
Ә) Ажар
Б) Қарашаш
В) Құртқа
Г) Күнекей
24.Ы.Алтынсарин қай жерде дүниеге келді?
A) Торғай
Ә) Көкшетау
Б) Семей
В) Қостанай
Г) Қызылжар
25.Ы.Алтынсарин әкесі қайтыс болғаннан кейін кімнің тәрбиесінде өседі?
A) Ауыл молдасында
Ә) Қыпшақ Сейітқұл
Б) Балқожа би
В) Әз Жәнібек
Г) Төле би
III тоқсан
1.Абай «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр,мылқау, танымас тірі жанды...»деп нені суреттеп тұр?
A) қатыгез адам
Ә) кәрі құда
Б) қыс бейнесі
В) жарлы кедей
Г) қаһарлы жылдар
2.С Торайғыров қай жылдары өмір сүрген?
A)1893-1938
Ә) 1895-1922
Б) 1893-1922
В) 1893-1920
Г) 1892-1924
3. 18.Төмендегі үзінді А Құнанбаевтің қай өлеңінен алынған?
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуін ,өмірін алдында...
A) «Сабырсыз,арсыз,еріншек»
Ә) «Ғылым таппай мақтан ба»
Б) «Қартайдық, қайғы ойладық»
В) «Болыс болдым, мінеки»
Г) «Біреудің кісісі өлсе,қаралы ол»
4.Қайсысы М.Жұмабаевтің өлеңі емес?
A) «Қысқы жолда»
Ә) «Сағындым»
Б) «Балалық шақ»
В) «Болыс болдым, мінеки»
Г) «Түркістан»
5. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?
A) 1945
Ә) 1948
Б) 1947
В) 1944
Г) 1946
6.Сұраншы,Өтеген батырларға арнап дастан жазған ақынды табыңыз.
A) Н.Байғанин
Ә) Ж.Жабаев
Б) И.Байзақов
В) Қ. Әзірбаев
Г) Т.Жароков
7. «Аққудың айырылысуы». «Көкшетау» «Қызыл ат» поэмаларының авторы кім?
A) С. Сейфуллин
Ә) І. Жансүгіров
Б) М. Жұмабаев
В) Қ. Аманжолов
Г) М. Шаханов
8. С.Сейфуллин қайда туған?
A) Ақмола облысы ,Ақмола уезі, Нілді болысының 1-аулы
Ә) Қостанай облысы, Тобыл ауданы,Майлин кеңшары
Б) Павлодар облысы,Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабы
В) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
Г) Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауданы
9. «Күй», «Күйші» поэмалардың авторы кім?
A) М. Жұмабаев
Ә) І. Жансүгіров
Б) С. Сейфуллин
В) Қ. Аманжолов
Г) А. Құнанбаев
10.МӘуезов әкесі қайтыс болған соң кімнің тәрбиесінде болды?
A) Нағашысы
Ә) Аталас туысы
Б) Немере ағасы Қасымбек
В) Абай
Г) Атасы Әуез
11.С.Мұқанов қай жылдары өмір сүрді?
A) 1894-1938ж.ж.
Ә) 1893-1920 ж.ж.
Б) 1900-1973ж.ж.
В) 1845-1904ж.ж
Г) 1899-1937ж.ж.
12 Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» романында ауыл баласына жәрдем берген, өз орталарына қосқан кім?
А) Шеген
Ә) Қайырбек
Б) Анасы
В.Базар саудагерлері
Г. Балалар үйінің меңгерушісі
13. Төмендегі үзінді Иса Байзақовтың қай шығармасынан алынған?
Кеші еді жаздың сұлу нұр төгілген,
Жібектей жерге жасыл гүл себілген.
Көк шатыр, қызғылт теңбіл тақталанып,
Жерге кеп алыс аспан төңкерілген
А) «Жазғы кеш»
Ә) «Құралай сұлу»
Б) «Ақбөпе»
В. «Қойшының ертегісі»
Г. «Неге Алатау шаттанады?»
14. «Қажымұқан» хикаятының авторы кім?
A) М. Жұмабаев
Ә) І. Жансүгіров
Б) С. Сейфуллин
В) Қ. Аманжолов
Г) Қ. Әбдіқадыров
15. М.Мақатаевтің өлеңін табыңыз?
A) «Дауыл»
Ә) «Мен таулықпын»
Б) «Көзімнің қарасы»
В) «Ғылым таппай мақтан ба»
Г) «Мен-қазақпын»
16. «Ар-ұят туралы» өлеңінің авторы кім?
A) Ә.Сәрсенбаев
Ә) М.Мақатаев
Б) Ж.Молдағалиев
В) Ф.Оңғарсынова
Г) Қ. Мырзалиев
17.Қай ақын Қазақстан облысындағы Сайқұдық деген жерде туған?
A) Қ. Бұғыбаева
Ә) М.Мақатаев
Б) Қ.Баянбаев
В) Ж. Молдағалиев
Г) Т.Молдағалиев
18. «Менің Республикам » кімнің өлеңі?
A) Ж. Молдағалиев
Ә) Қ.Баянбаев
Б) С. Мәуленов
В) Қ. Бұғыбаева
Г) Т.Молдағалиев
19.Қуандық Шаңғытаевтің туған жылын көрсетіңіз?
A) 1925-2001ж.ж.
Ә) 1935-2001ж.ж.
Б) 1925-2003ж.ж.
В) 1920-1999ж.ж.
Г) 1922-1993ж.ж.
20.Ұлы Отан соғысына кеткен әкесін сағынып, өлеңдер жазған он жасар бала кім еді ?
А) М. Мақатаев
Ә) Ғ. Мүсірепов
Б) Қадыр Мырза Әли
В) Ә. Нұрпейісов
Е)О. Сүлейменов
21.Мұқағалидің өлеңін табыңыз.
A) «Портреттер»
Ә) «Мен-қазақпын»
Б) «Менің Республикам»
В) «Көзімнің қарасы»
Г) «Фантазия»
22. Қай ақын Алматы облысы,Райымбек ауданыда дүниеге келді?
A) Қ. Бұғыбаева
Ә) М. Мақатаев
Б) Қ.Баянбаев
В) Т. Айбергенов
Г) Т.Молдағалиев
23. Қ.Аманжоловтың шығармасын табыңыз.
A) «Жолама қулар маңайға»
Ә) «Ұшқан құс»
Б) «Сыр сандық»
В) «Көзімнің қарасы»
Г) «Дауыл»
24.Қуандық Шаңғытаевтің өлеңін көрсет.
A) «Ар-ұят туралы»
Ә) «Менің Республикам»
Б) «Жазғы кеш»
В) «Барлығы да сендердікі»
Г) «Сабалақ»
25.М.Мақатаевтің балалық шағы қай кезде өтті?
A) Тың игеру кезінде
Ә) Ұлы Отан соғысы кезінде
Б) Жоңғар шапқыншылығы кезінде
В) Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде
Г) Қазан көтерілісі кезінде
IV Тоқсан
1.«Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» романдарының авторы кім?
A) М.Мақатев
Ә) С.Мәуленов
Б) Ж. Молдағалиев
В) С. Жүнісов
Г) Т.Молдағалиев
2.Сәкен Жүнісов қай жылдары өмір сүрді?
A) 1925-2006ж.ж.
Ә) 1935-2001ж.ж.
Б) 1934-2003ж.ж.
В) 1920-1999ж.ж.
Г) 1934-2006ж.ж.
3. «Ақырғы бәйге» шығармасында сынды құлагерге кім айтты?
A) Қүреңбай
Ә) Ақан
Б) Мөңке.
В) Шашубай
Г) С. Жүнісов
4«Бауырлар» өлеңінің авторы кім?
A) Қ.Жұмаділов
Ә) С.Мәуленов
Б) Т.Молдағалиев
В) С. Жүнісов
Г ) Ж. Молдағалиев
5.Төмендегі қай шығарма Қ. Жұмаділовтікі емес?
A) «Соңғы кеш»
Ә) «Сәйгүліктер»
Б) «Тағдыр»
В) «Отырар»
Г) «Дарабоз»
6.Ф Оңғарсынованың тұңғыш жинағы қалай аталды?
A) «Бұлбұл»
Ә) «Оюлар»
Б) «Біздің Камшат»
В) «Сырласу»
Г) «Сенің махаббатың»
7. Даңқын қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау...
...Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,-деп Шыңғыс кімге ашу сөз айтып отыр.
A) Мұхтарға
Ә) Қайырханға
Б) Қарияға
В) Қарашоқыға
Г) Шағатайға
8.Шыңғысхан алдынаалып келген екі адамдар кімдер?
A) Шағатай, Қайырхан
Ә) Қайырхан, Қария
Б) Қария, Қарашоқы
В) Қарашоқы ,Шағатай
Г) Қайырхан, Қарашоқы
9.Мұхтар Шахановтың туған жерін көрсет?
А) Оңтүстік Қазақстан облысы ,Отырар өңірінде
Ә) Қостанай облысы, Тобыл ауданы,Майлин кеңшары
Б) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
В) Павлодар облысы,Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабы
Г) Ақмола облысы ,Ақмола уезі, Нілді болыссында
10.Ф Оңғарсынованың халқымыздың мәдени-ұлттық құндылықтарын қастерлеуге арналған өлеңі?
A) «Сенің махаббатың»
Ә) « Біздің Камшат»
Б) «Маңғыстау монологтары»
В) «Оюлар»
Г) «Бұлбұл»
11. Қайсысы Нәсіреддин Серәлиевтің шығармасы емес?
A) «Жаманыңды көрмесем»
Ә) « Ыстық күлше»
Б) «Аңсау»
В) «Ақбөпе»
Г) «Әңгелек»
12.Кімнің өлеңі Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранына айналды?
A) Қ.Жұмаділов
Ә) Ж.Нәжімеденов
Б) Т.Молдағалиев
В) С. Жүнісов
Г ) Ж. Молдағалиев
13. Күләш Ахметова қандай кітабы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығына ие болды?
A) «Наурыз нұры»
Ә) «Ақ гүлім менің»
Б) «Сен менің бақытымсың»
В) «Арғымақтар даласы»
Г ) «Мейірім»
14. Күләш Ахметованың тұңғыш кітабы қалай аталады?
A) «Мейірім»
Ә) «Бұлақтағы жұлдыздар»
Б) «Сен менің бақытымсың»
В) «Арғымақтар даласы»
Г ) «Ақ гүлім менің»
14.Атасын сағынған бала туралы жазушы Н.Сералиевтің қандай шығармасы бар?
A) «Ақ қайын»
Ә) « Ыстық күлше»
Б) «Аңсау»
В) «Ақбөпе»
Г) «Әңгелек»
15.Күнделік үлгісімен жазылған қандай шығарма?
A) «Отырар»
Ә) «Робинзон Крузо»
Б) «Аңсау»
В) «Абай жолы»
Г) «Қозыкүрең»
16.Шыңғыс Айтматовтың туған ауылының аты?
A) Боранды
Ә) Сарыөзек
Б) Бішкек
В) «Абай жолы»
Г) Шекер
17.Қай ақын Атырау облысы, Манаш ауылында туған?
A) Қ. Бұғыбаева
Ә) С. Мұратбеков
Б) Қ.Баянбаев
В) Ф.Оңғарсынова
Г) Ә.Кекілбайұлы
18. Қайсысы Жұмекен.Нәжімеденов шығармасы емес?
A) «Жаманыңды көрмесем»
Ә) « Сен ақылды болсаң екен...»
Б) «Аңсау»
В) «Менің Қазақстаным»
Г) «Кішкентай»
19.Іңкамал апай қандай шығарманың кейіпкері?
A) «Ерте келген тырналар»
Ә) «Жәмила»
Б) «Аңсау»
В) «Құс жолы»
Г) «Жан пида»
20.Іңкамал апай қандай пәннен сабақ береді?
A) тарих
Ә) математика
Б) әдебиет
В) география
Г) биология
21. «Аударып жұрттың назарын,
Бардың да көрген базарын.
Жоқтың да көрген азабын,
Даладай дана қазағым»,-деп жырлаған қай ақын еді
A) Сәкен Сейфуллин
Ә) Тұман Молдағалиев
Б) Күләш Ахметова
В) Шыңғыс Айтматов
Г) Мұқағали .Мақатаев
22. «Ақырғы бәйге» шығармасындағы Құлагер кімнің аты еді?
A) С.Сейфуллин
Ә) Т.Молдағалиев
Б) С.Жүнісов
В) І. Жансүгіров
Г) Ақан сері
23. «Менің Қазақстаным» өлеңін қай ақын жазды?
A) Төлеген Айбергенов
Ә) Тұман Молдағалиев
Б) Күләш Ахметова
В) Шыңғыс Айтматов
Г) Жұмекен Нәжімеденов
24.Ақын М.Шахановтың «Отырар» жырында Отанын сатқан кейіпкердің аты кім еді?
A) Қайырхан
Ә) Қарашоқы
Б) Жошы
В) Шыңғыс
Г) Шағатай
25. «Балықшы мен балық» мысал өлеңін А.Байтұрсынұлы орыстың қай жазушыснан аударды?
А)Пушкиннен
Ә) Лермонтовтан
Б) Крыловтан
В)Чеховтан
Г) Толстойдан
№
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
ІІ І
|
г
|
а
|
в
|
а
|
в
|
В
|
а
|
ә
|
ә
|
б
|
г
|
ә
|
в
|
а
|
а
|
в
|
б
|
б
|
ә
|
а
|
а
|
ә
|
ә
|
г
|
г
|
ІІ
|
в
|
ә
|
ә
|
а
|
г
|
Ә
|
в
|
г
|
г
|
ә
|
в
|
а
|
а
|
б
|
г
|
б
|
в
|
г
|
ә
|
а
|
ә
|
в
|
ә
|
в
|
б
|
ІІІ
|
б
|
в
|
ә
|
в
|
а
|
Ә
|
а
|
в
|
ә
|
г
|
б
|
а
|
а
|
г
|
ә
|
б
|
в
|
б
|
а
|
а
|
г
|
ә
|
г
|
г
|
ә
|
IV
|
в
|
г
|
а
|
б
|
в
|
а
|
г
|
г
|
а
|
в
|
а
|
ә
|
б
|
г
|
ә
|
г
|
в
|
б
|
а
|
в
|
б
|
г
|
г
|
ә
|
а
|
Достарыңызбен бөлісу: |